Құрылыс, мұнай, логистика, биология кафедрасы


ЛЕКЦИЯ №3 Тақырыбы: Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер



бет3/5
Дата01.04.2020
өлшемі115,17 Kb.
#61300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экологиялық мониторинг ЭК-17 Сатаева Д.К.
Документ

ЛЕКЦИЯ №3

Тақырыбы: Қоршаған ортаның сапасын бағалайтын нормативтер

Қоршаған ортаның сапасының нормативтері табиғат жүйелерін,өсімдіктер мен жануарлардың және басұа организмдердің табиғи жағдайын бағалауға белгіленеді.Оның құрамына табиғи ортаның химиялық және физикалық,радиоактивтік,биологиялық нормативтері кіреді.Нормативтер белгіленгенде жер ауданының,су айдынының,табиғи және табиғи-антропогендік нысандардың,ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың,табиғи ландшафтардың ерекшеліктері ескеріледі.Қоршаған ортаның тазалық нормативтері:санитарлық-гигиеналық,санитарлық қорғау,экологиялық жүйелеріне бөлінеді.



Санитарлық-гигиеналық нормативтер-ластаушы заттардың ауада, суда, топырақта,зиянды физикалық әсерлерінің-шуыл, тербеліс, электромагниттік және радиоактивті сәулелердің,микроорганизмдердің адам организміне қазірге кезде және болашақта зиянды әсер ерпейтін мөлшері,сондай-ақ улы заттардың дозалық шамасы.

Санитарлық қорғау нормативтері-адамның денсаулығын,ішетін судың,тағамдардың тазалығын қорғауға қорғауға арналады.

Экологиялық нормативтер-антропогендік әсерлердің табиғи ортаға залал келтірмейтін шегін,табиғат жүйелерін қорғау талаптарын белгілейді.Кейбір тірі организмдер табиғи ортаның тазалығына адамнан да сезімтал.Сондықтан экологиялық нормалар олардың қалыпты жағдайда тіршілік етуін ескеріп қабылданады.

Табиғи ортаның сапа нормативтері оның жұтаңдамауын,экологиялық байланыстардың бұзылмауын,табиғат ресурстарының қалпына келуін, молаюын көздейді.Бұл нормативтер белгілі табиғат кешеніне антропогендік әсерлердің ғылыми дәлелденген шегі болып табылады.

Табиғи ортаға әсерлердің жол берілетін нормативтері территориялар мен айдындардың табиғи ерекшеліктерін, оның сапасын бүлдірмеуге белгіленеді. Олардың қатарында:

-шығарылымдар мен тастаулардың және микроороганизмдердің риялды нормативтері;

-қндіріс және тұтыным қалдықтарын шығару және орналастыру нормативтері;

-физикалық әсерлердің (жылудың, шуылдың, тербелістің, йондаушы сәулелердің деңгейі, электромагниттік өрістің және өзге) риялды нормативтері;

-қоршаған ортаға антропогендік әсерлердің риялды нормативтері.

Шаруашылық және өзге әрекетердің салдарынан белгіленген риялды нормативтен артық қоршаған ортаға әсер еткендер келтірген зиянына байланысты заңдарға сәйкес жауап береді.

Шығарылымдар мен тастаулардың және макроорганизмдердің риялды нормативтері әсер етуші әрбір тұрақты,жылжымалы және басқа көздерге белгіленеді.

Өндірістік-шаруашылық нормативтері-кәсіпорындардың өндірістік және өзге әрекеттердің табиғи ортаға әсерлерінің шегін белгілейді.Бұл жүйеге технологиялық,қала құрылыстық,рекреациялық және т.б. шаруашылық нормативтері кіреді.

Технологиялық нормативтер-зиянды заттарды ауаға шығару,су нысандарына төгу,жерде орналастыру, отын жағуды жол берілетін шекті шамалары.Олар әрбір ластаушы көзге технология мен техникаға сүйеніп белгіленеді және өндіріс түрімен,ластаушы заттардың сипатымен байланысты болады.

Құрылыс және қала құрылысы нормативтері-қалаларды және басқа елді мекендерді жоспарлау,жобалау және салу кездерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

Рекреациялық нормативтер табиғат кешендерін пайдалану шектерін белгілейді.

Өндіріс және тұтыным қалдықтарының нормативтері табиғи ортаға зиянды әсерлерді болдырмау үшін белгіленеді.

Табиғат ресурстарын табиғи ортадан алу нормативтері олардың шектеулігіне байланысты табиғат нысандарын сақтау,сарқылтпай пайдалану,экологиялық жүйелердің тұрақтылығын сақтау мақсатында белгіленеді.Табиғат ресурстарын реалды пайдалану нормативтері арнайы заңдарға (жер,су,орман,өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау,жер қойнауын қорғау,атмосфера ауасын қорғау,қоршаған ортаны қорғау және т.б) анықталады.

ЛЕКЦИЯ № 4

Тақырыбы: Ауадағы, судағы, топырақтағы, өсімдіктердегі зиянды заттектерді нормалау

Жинақтап айтқанда қазіргі белгіленген нормативтер:

1.Ауаны,суды,топырақты ластаушы зиянды заттардың,шоғырлануының жол берілетін шамалары.Бұл нормативтер қоршаған ортаның тазалығын бағалау үшін қолданылады.

2.Атмосфера ауасын,суда,топырақты ластаушы зиянды заттарды шығарудың және тастаудың жол берілетін шамаларының нормативтері.Олар әрбір ластаушы көздерге белгіленеді және ауада,суда,топырақта жинақталуы халыққа өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қауіпті тудырмайтын шоғырлану деңгейінде болуы керек.Егер шығарылымдар зиянды заттардың жол берілетін шоғырлану деңгейінен асатын болса және объективті себептермен бірден қысқартуға болмаса,біртіндеп қысқарту үшін уақытша келісілген нормативтер белгіленеді.Сонымен қатар,тұрақты нормативтер деңгейіне жетудің техникалық-ұйымдастыру жоспарлары бекітіледі.

3.Дыбыстың,тербелістің,электромагниттік өрістің және өзге зиянды физикалық әсерлердің жол берілетін деңгейінің нормативтері адамдардың денсаулығын,өсімдіктер мен жануарларды қорғауға,табиғи ортаның тіршілікке қолайлылығын қорғауға белгіленеді.

4.Радиоактивті заттардың табиғи ортада,тағамдарда қауіпсіз деңгейінің,радиоактивті сәулелердің нормативтері адамдардың денсаулығына,тұқым қорларына қауіп төндірмейтін шамада белгіленеді.

5.Минералдық тыңайтқыштар,өсімдіктерді қорғау өсімін тездету және басқа агрохимикаттар нормативтері өсімдіктерде химиялық заттардың жинақталуы денсаулыққа,тұқым қорларына қауіпсіз деңгейден аспайтын шамаларын белгілейді.

6.Химиялық қоспалардың тағамдардағы жол берілетін нормативтері адамдардың денсаулығына қауіпсіз деңгейде әрбір затіа және олардың жиынтық әсерлерінде белгіленеді.

7.Өнімдерге экологиялық талаптар қоршаған ортаға,адамдардың денсаулығына зиян болдырмау үшін белгіленеді.Ондай талаптар өнім қндіру,сақтау,тасымалдау және пайдалану кездерінде сақталуы тиіс.

8.Қоршаған ортаға жол берілетін жүктеме нормалары қолайлы тіршілік жағдайын,экологиялық жүйелердің бүлінбеуін,оларда теріс өзгерістер болмауын қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

9.Санитарлық және қорғаныс аймақтар нормативтері-су көздерін,курорттық,емделу,сауықтыру аймақтарын,елді мекендерді және басқа территорияларды ластанудан және өзге әрекеттерден қорғау үшін белгіленеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтерді сұрыптау:

1.Қолдану деңгейі масштабы бойынша: халықаралық, ұлттық, аймақтық, жергілікті;

2.Әсер етуі бойынша:тура және жанама;

3.Қолдану мақсаты бойынша:экожүйелерді қорғау;халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау;өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғау;тұқым қорларын қорғау;

4.Реттеу нысандары бойынша;экожүйелер,жеке табиғи компоненттер,техногендік әсерлер түрлері және олардың жиынтық әсерлері,шешім қабылдау тәртібі;

5.Мағынасы бойынша: 1) қоршаған ортада зиянды заттардың шоғырлануының,зиянды заттар шығарудың (тастаудың); шуылдың, тербелістің,электромагниттік өрістердің және өзге физикалық әсерлердің; қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың қауіпсіз деңгейінің; минералдық тыңайтқыштар және басқа агрохимикаттарды қолдану шамасының; тағамдардағы химиялық заттар қалдығының;табиғи ортаға жүктеменің жол берілетін шекті нормативтері; 2)өнімдерге экологиялық талаптар; 3)санитарлық және қорғаныс аймақтар нормативтері.

Қазіргі кезде атмосфера ауасындағы 1500-ден астам,судағы 2000-нан астам,топырақтағы 50-ден астам зиянды заттардың жол берілетін шекті шамалары нормаланады.

ЛЕКЦИЯ №5

Тақырыбы: Ақаба суларды төгуді нормалау

Су нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы нормалау:

-су пайдалану (тұтыну және су төгу)шектерін белгілеу

-су нысандарын қорғау және пайдалану стандарттарын,нормативтерін және ережелерін әзірлеу және қабылдау болып табылады.

Су төгуді нормалау - ақаба суларды төгу шектерін белгілеу болып табылады.

Су төгуді нормалау мақсаты-су нысандарының ақаба сулармен ластануын болдырмау.Нормативтер су нысандарының зиянды заттармен,олардың өзгерістерімен және қызметін бүлдіруді,су пайдалану жағдайының бұзылмауын болдырмау мақсатында белгіленеді.

Су нысандарын ластаушы көздер суға ластаушы немесе өзге зиянды заттарды төгетін,жер асты және жер бетіндегі сулардың сапасын нашарлататын,су пайдалануды шектейтін,сондай-ақ жағалаулар мен су түбіне теріс әсер ететін нысандар мен әрекеттер.

Су қорғау суды ластаушы көздерді реттеу арқылы жүзеге асырылады.

Су беру шектерін белгілі мерзімге су пайдаланушыларға мемлекеттік арнайы өкілетті орган су қорғау және баіылау органдарының келісімімен беріледі.Жер бетіндегі суларға табиғат қорғау органдарымен,жер астындағы суларға-жер қойнауын қорғау органдарымен келісіледі.

Су пайдалану шектері су нысандарының жағдайы өзгергенде қайта қаралуы мүмкін.

Су төгу шектері жол берілетін риялды шамалар (ПДС) негізінде белгіленеді.Жол берілетін риялды шамалар кәсіпорынның экологиялық паспортының құрамды бөлігі болып табылады.Ол төгетін судың құрамындағызиянды заттардың шоғырлану шегін нормалары шамадан арттырмайтын массасы ретінде анықталады.Жол берілетін шамалар экологиялық-ғылыми дәлелденген болуы керек.Тікелей төгілетін судағы зиянды заттармен қатар,суға ауадан,жауын-шашын мен шайындылардан,көрші аудандардан түсетін зиянды заттар ескеріледі.Сондай-ақ,судың сіңіру қасиеті және зиянды заттардың өзгерілуі ескерілуі тиіс.

Осы сияқты ауаға шығарылатын зиянды заттардың шектері де жол берілетін рауалды шамалар (ПДВ) негізінде есептеледі.



ЛЕКЦИЯ № 6

Тақырыбы: Топырақтың ластануын нормалау және бақылау

1.Химиялық көрсеткіштер

Топырақтың химиялық ластануы деп антропогендік ісерлер салдарынан топырақтың сапасын нашарлататын топырақтың химиялық құрамының өзгерістерін айтамыз.

Топырақтың ластануын бақылау принципі-оның құрамында ластаушы заттардың шоғырлануының бекітілген нормативтер мен талаптарға сәйкес болуын тексеру.

Топырақта зиянды заттардың шоғырлануының жол берілетін шамасы (ПДК)-олардың ең көп мөлшерінде адамның денсаулығына тура және жанама теріс әсер етпейтін,топырақтың өздігінен тазару мүмкіндігіне зиян келтірмейтін шама.

Жол берілетін шекті шамадан басқа,уақытша шамалар белгіленеді.Олар әр үш жылда қайта қаралады,немесе ЖШШ (ПДК) ауыстыралады.

Мұнда төмендегідей көрсеткіштер қолданылады:

1.Жалпы санитарлық қауіптілік көрсеткіші.Топырақтың өздігінен тазаруы және топырақ микробиоценоз санының ол процессті бұзбайтын санымен сипатталады.

2.Қауіптіліктің транслокациялық (басқаға өту)көрсеткңшң зиянды заттардың топырақтан өсімдікке және оның жемісіне өтіп шоғырлануына жол берілетін шекті шамасы.

3.Қауіптіліктің ауада көшіп-қону көрсеткіші.Зиянды заттарды топырақтан ауаға,суға көшуінің жол берілетін шекті шамасы.

Қазіргі кезде топырақтың пестицидтермен ластануын бақылау өте маңызды.

Пестицидтер (лат.pestis-Жұқпалы ауру, cide- өлтіру)-зиянды организмдерді,жануарларды,өсімдіктерді,бактерияларды,ауру тудыратын уақ саңырауқұлақтарды жою үшін қолданатын улы химикаттар.Неге қарсы қолданылатынына байланысты пестицидтерді бірнеше топқа бөледі:инсектицидтер (зиянды құрт-құмырсқаларға қарсы); фунгицидтер (ауру тудыратын уақ саңырауқұлақтарға қарсы) ; зооцидтер (омыртқалыларға қарсы);бактерицидтер;гербицидтер (арам шөптерге қарсы);акарациды (кенеге қарсы);дефолианттар (жапыраққа қарсы).

Пестицидке көптеген химиялық заттар кіреді.Әлемде жыл сайын 1 млн т гербицидтердің 300 түрі қолданылады,оның 90 %–ы топыраққа қонады.

Пестицидтерді қолданудың пайдасымен қатар,зияндары да бар,Оның уақытының 1-2%-ы зиянкестерге қарсы жұмсалады,қалған 98 %–ы табиғатқа зиян келтіреді.Жинақтала келе олар топырақты,суды,ауаны уландырады.

2.Санитарлық көрсеткіштер

Топырақтың санитарлық көрсеткіші деп эпидемиологиялық,гигиеналық қауіпсіздікті анықтайтын физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерін түсінеміз.

Бақылаудың мақсаты-топырақтың қалдықтармен және а.ш.,орман.ш. үолданатын химиялық заттармен ластануын болдырмау.

Бақылау көрсеткіштері-санитарлық-бактериологиялық-санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштер.Олар-санитарлық сан,белокты азоттың жалпы органикалық азотқа қатынасы; аммонийлі және нитратты азоттың жинақталуы, хлоридтер, пестицидтер және т,б, ластаушы заттардың қалдық саны;концерогендер,радиоактивті заттар;бактериялар,ішек құрттары,ауру тудыратын микроорганизмдер.

Әр түрлі мақсатта пайдаланатын жерлерде бақылау көрсеткіштер ұқрамы әр түрлі болады.Таза топырақта аталған көрсеткіштер болмайды.Олардың бар болуы топырақтың ластанғанын көрсетеді.

3.Биологиялық көрсеткіштер

Топырақтың ластану дәрежесі тек қана антропогендік әсерлерден болмайды,сондай-ақ ол топырақтың өздігінен тазаруына,ондағы зиянды заттардың ыдырауына,басқа денелерге өтуіне байланысты.Топырақтың өздігінен тазаруы топырақтағы микро-флораның,жәндіктердің белсенділігіне,физикалық-химиялық жағдайларға,топырақтың қасиетіне байланысты.Химиялық заттардың топырақты ыдыратуға ондағы әр түрлі организмдер,бактериялар,уақ саңырауқұлақтар,өсімдіктер қатысады.



ЛЕКЦИЯ № 7

Тақырыбы: Экожүйелер жағдайын экологиялық нормалау

1.Экожүйе жағдайы нормасының түсінігі.

Экожүйе жағдайының нормасы-жеке сипаттар көрсеткіштерінен күрделілірек.Экожүйенің қалыпты жағдайын және ауытқушылығын бағалау әдістері:

1)мүмкіндігінше толық және дәл сандық шамалар жинау,өңдеу және модельдерін жасау;

2)аз ғана,негізгі сипаттаушы көрсеткіштер қолдану.

Экожүйенің қай жағын сипаттау керек екенін аңдап алғаннан кейін,экожүйенің “жақсы” жағдайын қандай көрсеткіштер айқындайтынын анықтайды, “жақсы”,”нашар” баға беру белгісін әзірлейді.

Нормалауға тарихи көзқарас жүйе туралы бұрынғы мәліметтерді талдауға негізделеді.Мысалы,құбылыстың қайталану жиілігі.

Статистикалық норманың мағынасы-экожүйенің кейбір кезеңдерін қалыпты-нормалы жағдай деп есептеу,кейін бағаланатын жағдай сонымен салыстырылады.

Келесі норма түрі-эмипирикалық норма.Ол биологиялық экспериментте қолданылады.Бақылаудағы жағдайдың біреуі қалыпты жағдай деп алынады да екіншісі сонымен салыстырылады.

Теориялық тұжырымдарға сүйенетін территиориялық норма және эксперттік нормалар ажыратылады.

Кез-келген көрсеткіштің нормативі-сан;жағдайдың нормасы-жүйенің жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің функциясы ретінде есептелген сан.Кез келген жағдайға белгілі сан сәйкес болады.Сандар арасында тәуелділік те норма бола алады.Одан ауытқушылық аномалия деп есептеледі.

Табиғат пайдалану саласында экожүйе жағдайы нормасының негізінде экожүйе әсер етудің шекті шамасы жатыр және экожүйеге жол берілетін жүктемені және жол берілетін әсерді нақтылауды талап етеді.

2.Табиғат экожүйелеріне жол берілетін әсерер шегі.

Табиғи экожүйелерге,табиғи ортаға және биосфераға рауалды антропогендік әсерлер және рауалды антропогендік жүктемелер.

Кез келген әсерлердің салдарынан табиғи ортаға жүктеме оны қалпына жағдайдан шығаруы мүмкін болса, экологиялық жүктеме болады. Егер экологиялық жүктеме теріс салдарға, оның ішінде адамдарға, организмдерге, табиғи ортаның сапасына зиян келтірмейтіндей болса, жол беруге болады деп есептеледі.

Рауалды антропогендік әсер деп табиғи ортаның бұзбайтын, оның сапасын нашарлатпайтын, адамның денсаулығына зиян келтірмейтін жеке әсерлер жиынтығын атайды.

Рауалды әсерлер:

-табиғи ортаның сапасымен;

-экожүйенің сезімталдығына, белгілі шектегі жағдайына:

-рауалды өзгерістерге, таралымға, қауымдастыққа, экожүйеге, бүкіл биосфераға жол берілетін шекті жүктемеге байланысты.

Зиянды факторлардың табиғат жүйелеріне әсерінен екі деңгейі болатынын ескеру керек.

-Әсердің шекті деңгейі /одан әрі жойылуы немесе қалпына келмес өзгерістер болады\

-Әсердің рауалды деңгейінің /ол шамада елеулі өзгерістер болмайды\, қалыпты жағдайларға күшті әсері болмайды.

Экологиялық қолайлы жағдайды сақтау үшін жол берілетін әсерлер жол берілетін жүктемеге сәйкес болуы керек. Қандай шекті шамаға жол беруге болатыны мақсатқа байланысты болады.

Рауалды әсерлер және т.б. экологиялық нормалармен әр түрлі экожүйеге, әр түрлі климаттық аймақтау экологиялық нормалармен, экотоксикологиямен, тәуекелділікті бағалаумен тығыз байланысы.



ЛЕКЦИЯ № 8

Тақырыбы: Экологиялық қолайлылық және экожүйенің тұрақтылығы.

Экологиялық қолайлық – негізгі құраушы бөліктері жаңғырып отырумен сипатталатын экожүйе жағдайы. Осы жағдайды су экожүйесінде қарастырып көрейік.

Су нысандары - ағын сулар және су қоймалары көп жылдар бойы климаттық, геологиялық - географиялық факторлардың әсерлерімен өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер қай бағытта, қауіпті емес пе? Сұрақтарға жауап беру үшін су нысандарын сипаттайтын талаптарды белгілеп алу керек. Адамдарға керекті талаптар қойылмаса кез келген су нысанын өзі қалыптасқан ортаға қолайлы деп бағалауға болады. Қойылатын талаптарға сәйкес су нысаны әр түрлі бағаланады. Мақсатсыз сипаттау ештеңе бермейді. Мақсатқа сәйкес талаптар экологиялық нормалардың негізгі болады. Судың сапасын су пайдаланудың әр түрлі ауыз суға, тұрмыстық мақсаттарға байланысты анықталады. Егер қойған талаптарға судың сапасың сәйкес келсе, қолайлы деп есептеледі, сәйкес келмесе, қолайсыз болғаны.

Судың сапасының қалпына келуі, басқа экожүйелер сияқты, организмдердің үш тобының: 1) продуценттердің; 2)консументтердің; 3)редуценттердің қызметімен байланысты. Олар су экожүйелерінде зат, қуат ағымы айналымын қамтамасыз етеді. Әсіресе,редуценттер судың өздігінен тазаруын қамтамасыз етеді. Суға сырттан ластаушы заттар түскенде теңдестіктің, процестердің өту қарқыны бұзылады, организмдер арақатынасы өзгереді. Нәтижесінде судың сапасы өзгереді. Су қорғау міндеттері -организмдер топтарының судың қажетті сапасын қамтамасыз ететін гидробиологилық процестердің қалыпты жағдайын сақтау. Бұл міндеттер төмендегідей принциптермен жүзеге асырылады.

1.Ауыз су және балық шаруашылығының басымдылығы. Бұл принцип бақылау пунктерінің категорияларын белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

2.Жеткілікті өздігінен тазару принципі. Әр су көздерінде су пайдалану мақсатына байланысты өздігінен тазаруы сипаттайтын көрсеткіштер анықталады:

ОБТ(БПХ)- оттегіні биохимиялық тұтыну;

ОХТ(ХПК)- оттегіні химиялық тұтыну;

Судағы еріген оттегінің шамасы:

Суды биотестілеу көрсеткіштері және т.б.

3.Судан ауланатын нысандардың тіршілік жағдайын сақтау принципі. Олардың есімі, саны, түрі, сапасы нашарламау үшін тіршілік ортасын сақтау.

4.Судың ауыз суға жарамдылық принципі 2,3,4, принциптердің орындалуы, экологиялық қолайлығы белгілі болады.

Буферлік сыйымдылығы бұзылған су көздері экологиялық қолайсыз(патологиялық) деп есептеледі.

Буферлік сыйымдылық - өздерінің қасиеттерін нашарлатпай, теріс салдар туғызбайтын шамада зиянды су экожүйелерінің қабылдау мүмкіндігі.

Су нысанының ассимиляциялық мүмкіншілігінің термині де қолданылады.

Қазір суды экологиялық қолайлығы тұрғысынан нормалау қажеттілігі туып отыр. Су нысандарының қазіргі жағдайы,сапасы, аймақтық ерекшелігі сапасының қалыптасуы, климаттық жағдайлары, ауыз су үшін маңыздылығы, құнды былықтар, жануарлар өсетін орын ретінде бағалаулар

нормалауға жатады.

Экологиялық қолайлылық мәселесі экожүйенің тұрақтылығымен байланысты. Тұрақтылық жүйенің қалыпты жағдайдан ауытқу шамасымен жер шамасына қатынасы. Тұрақтылықты анықтау үшін экожүйенің әсері болғанға дейінгі жағдайын, яғни қалыпты жағдайының параметрлерін білу керек.

Сонымен, экологиялық қолайлық белгілері аңықтау өте күрделі, арнайы зерттеулерді қажет етеді.

ЛЕКЦИЯ № 9

Тақырыбы: Территориялардың жағдайлардың экологиялық нормалау

1.Экологиялық қолайсыздық белгілері.

Ұлттық экологиялық қауіпсіздік бағдарламаларын жасау үшін экожүйелерді,ондағы рауалды өзгерістерді бағалау белгілерін,параметрлерін нақты сандармен аңықтау керек.Мұндай белгілер нормативтік құжаттардың қажетті бөлігі болып табылады.Олардың негізгі халықтың денсаулығын территориямен байланысты зерттеу, индикаторын анықтау.Тұрғындардың денсаулығына,экожүйелердің жағдайына,өсімдіктер мен жануарлардың тұқым қорларына қауіпті төндіретін тұрақты теріс өзгерістер орын алған аймақтар төтенше экологиялық жағдайдағы зоналар деп жарияланады.

Адамдардың денсаулығын нашарлатқан, табиғи теңдестік бұзылған, экожүйелер бүлінген, флора және азған территориялар экологиялық апат зоналары деп жарияланады.

2.Қолайлайсыз жағдайлардың қарап экологиялық жағдайларды сұрыптау

Көрсеткіштер

Экологиялық қолайсыздық дәрежесі

Экологиялық апат

Экологиялық кризис

Қоршаған табиғи орта

Терең қалпына келмес өзгерістер.Тұрғындардың денсаулығының нашарлауы

Тұрақты теріс өзгерістер.

Тұрғындардың денсаулығына қауіп.



Табиғи экожүйелер

Табиғи экожүйелердің бұзылуы(табиғи теңдестіктің бүлінуі,флора,фаунаның нашарлау,фондтың жойылуы)

Экожүйелердің тұрақты теріс өзгерістері(түрлердің азаюы,жеке түрлердің жоғалуы,генофондтың бұзылуы)

Бағалау қалапты қолайлы экологиялық жағдаймен салыстырылып анықталады.Екі тұрғыдан бағаланады:

-табиғи ортаның сапасын және халықтық денсаулығы;

-табиғи экожүйелердің жағдайы.

Бағалай белгісі - табиғи ортаның сапасын,халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.

Көрсеткіштер – параметрі,шектері,интервалы берілген сандық шамалар.

2.Табиғи ортаның өзгерістерін бағалау белгілері атмосфера ауасы үшін – зиянды заттардың шекті деңгейі ( шоғырлану шегі) параметрлері өсімдіктерге,орман және су экожүйелеріне және заттарға ( азот, күкірт диоксиді, фторлы сутек,озон,күкірт,азот қосындылары, сутек иондары және т.б.) белгіленеді.

Су нысандары үшін - ластануы, сарқылуы, химиялық және биологиялық

көрсеткіштерінің өзгеруі;

Топырақ үшін – физикалық бұзылуы, химиялық және биологиялық ластануы;

Геологиялық орта үшін өзгерістердің масштабы және қарқынды;

Жердегі экожүйелер үшін – құрылымындағы,қызметтеріндегі теріс өзгерістер;

Өсімдіктер жағдайын бағалау белгілері – биотүрлердің азаю, таралым тығыздығы , ормандылық, негізгі ағаш түрлерінің қоры,өртке,зиянкестерге ұшырауы,жайылымның өнімділігі;

Жануарлар әлемін бағалау - жеке түрлерді, таралымдарды, қауымдастықты бағалау,саны, тығыздығы өнімділігі және т.б.

1. Гигиена нормалау(токсинометрия).

Ластаушы факторлардың ішінде ең қауіптісі – химиялық ластаушылар.Ғылыми негізделген нормалар халықтың санитарлық - эпидемологиялық қауіпсіздігін,қоршаған ортаның адамның денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз етеді .Басты міндет - санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер белгілеу.Олардың орындалуы міндетті болуға тиіс.

Токсикология әдістерін қолданып рауалды нормативтерді аңықтау токсикометрия деп аталады. Токсикология – адамға,жануарларға және өсімдіктерге химиялық заттардың зиянды әсерлер туралы ғылым.

Гигиеналық нормалаудың ең негізгі мақсаты - әсер етпейтін ең жоғарғы дозаны және әсер ететін ең төменгі дозаның аңықтау.

2.Ауыз судың сапасын нормалау немесе өңделмеген,құбырдағы ауыз су гигиеналық талаптарға сай болуы керек:эпидемиологиялық, паразитологиялы тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз, және қолайлы органолептикалық сапасы болуы керек.

Осы талаптарға сай болуы белгіленген нормативтермен анықтайды. Нормативтер микробиологиялық, паразитологиялық, токсикологиялық, оргонолептикалық радиоактивтік көрсеткіштерді қамтиды.

Микробиология (бактериологиялық) көсеткіштер - жалпы бактериологиялық ластану дәрежесі, ішек құрттары бактерияларының бар болуы, олардың қоздырушылардың болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет