Миракль. Фабула библиядан, әр түрлі діни аңыздардан алынған, кейде дін жолынан қате басқан адамдар әрекеті, олардың баз кешуі, өкінуі, қайта оралуы көрсетіледі. Көлемі шағын. Кейде халықтық сарындар ұшырасқанмен, негізінде миракльде мистикалық, діни символдық мотивтер мол.
Мистерия. Шығу уақыты жөнінен қалалардың дамуымен, бюргерліктің аренаға келуімен мезгілдес. Бұ дүниелік қарапайым қатардағы пенде басындағы халдер көрсетіледі. Ойын ашық алаңдарда, жұрт көп жиналған жерлерде қойылған. Мистерияда адам характері айқын бейнеленіп, гуманистік, адамгершілік идеялар айтыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |