Тарихи салыстыру мектебі яки компаративизм ағымының Ресейде туын көтерген адамдар – А.Веселовский мен В.Миллер. Мұндағы негізгі принцип – салыстыру. Дүние жүзінде капитализмнің дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, бір ел мен екінші ел, бір халық пен екінші халық жақындай түсті, жерге, байлыққа қызығумен қатар, әдебиет нұсқаларына да назар аударылды.
Компаративистер әр түрлі халықтар әдебиетіндегі жанрларды салыстыра қарап, форма мәселесіне, сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Әдебиеттің әлеуметтік маңызына, эстетикалық сипатына бұл әдіс те терең бойлай алған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |