Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет11/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Формализм мектебі өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеп бірінші орынға шығады. Формалистердің ден қойған мәселелері: өлең құрылысы, әуезділік заңдары, ұйқас, ырғақ мәселелері, сюжеттің құрамдас бөліктері. Бұл салада Жирмунский, Якобсон, Эйхенбаум, Тынянов, Лотман еңбектері ерекше.

Әдебиеттегі түбірлі проблемаларға – идея, дүниетаным, әлеуметтік, қоғамдық салмақ мәселелерін қарастыруға бұлар салқын қарайды.



Социологиялық мектеп әдебиеттану ғылымында ХХ ғасырдың басында ерекше бет алды. Екінші сөзбен айтқанда, дөрекі социологизм. Мұның өкілдері қоғам заңдарын әдебиетке механикалық түрде қолданып, метафизикалық жолға түсті. Бұлар ең алдымен жазушы шығармасын оның таптық тегімен байланыстыра қараған. 20-жылдары Мирский – Пушкинді, Кравченко – Гогольді, Нусинов – Успенскийді орыс әдебиетінің тарихынан сызып тастады. Қазақта Абай, Мағжан қараланды.

Жаңа іргесі қаланып келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымына осы ағымның жаман салқыны тиді. Проза жауһары саналатын “Қаралы сұлу”, “Қараш-Қараш”, “Қыр суреттері”, “Қилы заман” сынды туындылардың кезінде әділ бағаланбай, бұрмаланып түсіндірілуін эстетикалық талғамның саяздығынан деп білеміз.

Әуезовтің “киіз үйлер жұмыртқадай аппақ” деген тіркесіне жабысып, содан қайшылық тапқан дүмше оқымыстыға күлгеннен басқа лаж жоқ.

Әдебиеттану ғылымында аталмыш мектептер, бағыттар бірін-бірі ауыстырып, кейде қатар, қабат өмір сүрген. Оларда шашырандылық, әр нәрсенің басын шалу, эклекцизм, түрлі идеялар бар.

Әдебиеттану ғылымының басты құралы, негізгі арқауы – эстетиканың айқын тұжырымдары мен принциптері болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет