Рын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, та



Дата15.04.2020
өлшемі17,14 Kb.
#62581
Байланысты:
акробатика

1.Акробатика біздің заманымыздан бұрын шамамен 2300 жылы Ежелгі Мысырда, Грекияда, тағы басқа елдерде пайда болды. Акробатикалық жаттығулар алғаш қалалардың ашық алаңдарында, базарларында орындалды. Бертін келе цирк аренасына көшіп, жаттығулары күрделене бастады. Акробатика – қазір спорттың кең тараған бір түрі. Қазақстанда спорттық акробатика 1933 жылдан тарай бастады және одан тұңғыш чемпионат 1949 жылы өткізілді.[1]

2. Акробатика – баланың артық энергиясын жұмсауға таптырмас тәсіл. Бұл – басқа спорт түрлерімен салыстырғанда көп күш талап етеді. Қиын трюктерді орындау үшін біршама энергияны сыртқа шығаруға тура келмек. Бір сөзбен айтқанда, баланың басқа нәрсеге басын бұрып қарауға шамасы да болмайды. Сұрақ – бұл жақсы ма, әлде...?



Бір ай жаттығуға қатысқан балада мықты бұлшықет белбеуі мен әдемі мүсін пайда болады. Бұл әсіресе көп уақытын артық қимылсыз мектеп партасында өткізетін болашақ оқушыларға пайдалы.

Кішкентай акробаттың өмірде де іс-қимылы әдемі болады. Ол жаттығудан тыс ойнап жүріп, абайсызда құлап жатса, жарақат алмайтындай жермен жанаса біледі.

Акробатика басқа спорт түрлерімен салыстырғанда координацияны дамытып, ептілік пен шыдамдылыққа үйретеді.



Тіпті ебедейсіз баланың өзі бірнеше жаттығудан соң, дұрыс, тік жүретін болады. Сол сияқты бұл спорт вестублярлы аппаратты жаттықтыруға көп көмегін тигізеді.

3. Расында акробатика қауіпті спорт түрі, бірақ біз бала жарақат алып қалмас үшін барлығын жасаймыз. Ұзақ уақыт бойы денесін қыздырып, бұлшықет тонусымен айналысамыз. Бірден акробатикалық элементтерді жасауға көшпейміз, баланың физикалық денсаулығының мықты болғанына көп уақытымызды арнаймыз. Бала дайын болған кезде ғана күрделі жаттығулар жасауы керек. Қиын жаттығулар жасап, бірден жарақат алып қалғанша, физикалық дайындықта ұзағырақ тежеліп қалғанымыз жақсы. Жоғары разрядтарда жарақаттан қашып құтылу қиынның қиыны. Десе де, ол кезде балалар қауіп-қатерден құтылудың амалдарын біліп тұрады», –

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет