Рк билет 1 Тапсырма
№1-3 РК ФАРМАКОЛОГИЯ
Билет №7 1 тапсырма Препарат тиазидті диуретиктерге жатады, дистальді түтікшелердің бастапқы бөлігінде натрий және хлор иондарының реабсорбциясын тежейді. 1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. 2. Препараттың негізгі әсерлерін сипаттаңыз. 3. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз. Препарат : Гидрохлортиазид (дихлотиазид ) Фармакологиялық тобы : Бүйрек өзекшелері эпителийінің қызметіне тікелей әсер етуші , тиазидті диуретик Препараттың негізгі әсерлері : Зәр айдаушы қасиеті бар. Бұл препарат негізінен натрий , хлор иондарының және судың артық көлемінің азаюымен көрінеді. Яғни дистальды түтікшелердің бастапқы бөлігінде натрий , хлор иондарының реабсорбциясын тежейді. Және де калий ионының секрециясын арттырады. Магний ионының экссекрециясын бұзады. Осының бәрі зәрмен натрий , хлор , калий , магний иондарының бөлінуін жоғарлатады. Жанама әсерлері: гипомагниемия , гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремиялық алкалоз, гиперурикемия, гиперкальциемия, гипергликемия, кейде лоқсу, құсу, диарея , әлсіздік және әр түрлі аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін . 2 тапсырма Препарат өсімдік тектес, тоқ ішек рецепторларын ынталандырады, оның перистальтикасын күшейтеді, әсері баяу жүреді. 1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. 2. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз. Препарат: Сенаде Фармакологиялық тобы : Өсімдіктен алынатын іш жүргізетін препарат Жанама әсері : Ас қорыту жүйесі тарапынан : іштің колик тәрізді ауруы, метеоризм болуы мүмкін , ұзақ уақыт қолданғанда , әсіресе жоғары дозаларда , ішектің шырышты қабығында меланиннің тұнбасы , жүрек айнуы , құсу , диарея болуы мүмкін Зат алмасу тарапынан : ұзақ қолданғанда , әсіресе жоғары дозада , су – электролиттік алмасуының бұзылуы Зәр шығару жүйесі тарапынан : альбуминурия , гематурия , зәрдің түссізденуі мүмкін 3. Терминдерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз: кальций каналдарының блокаторы, антиангиналды препарат Кальций каналдарының блокаторлары –(L – типті кальций каналдарын тежейтіндер) әсер ету механизмі бірдей дәрілік заттардың гетерогенді тобы Блокаторы кальциевых каналов –(блокирующие кальциевые каналыL – типа ) гетерогенная группа лекарственных средств , имеющих одинаковый механизм дейтсвия Calcium channel blockers – (L-type calcium channel blockers )are a heterogeneous group of drugs that have the same mechanism of action Антиангиналды препарат – бұл стенокардияны , жүректің ишемиялық ауруының симптомын емдеуде қолданылатын препарат Антиангинальные препараты – это препарат, используемый при лечении стенокардии, симптома ишемической болезни сердца An antianginal is a drug used in the treatment of angina pectoris , a symptom of ischaemic heart disease жүктеу/скачать 204,21 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |