Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Сайын Мұратбековтың «Ананың арманы»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата28.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#177875
  1   2
Байланысты:
Ананың арманы С.Мұратбеков



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Сайын Мұратбековтың «Ананың арманы» әңгімесінің осы электронды 
нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris 
ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Мен әжемді дүниедегі ең бақытты ананың бірі санайтынмын. Ӛз 
құрсағынан шыққан үш ұл, бір қыздан ӛніп-ӛскен ӛркеннің ӛзі кішігірім бір 
ауыл дерліктей боп қалдық. Ең үлкені менің әкем Кӛсембай — колхоздың бас 
бухгалтері, дүниені қалай шайқап жүремін десе де қолынан да, тілінен де 
келеді; ортаншысы Әсембай — колхоздың маңдай алды шопандарының бірі. 
Москва, Алматыдағы мәжіліс, кӛрмелерге жылына үш-тӛрт барып қайтады; 
кіші ұлы Еселбай — жоғары оқу орнын, одан кейін аспирантураны бітірген, 
ғалым деген атақ алуға сүйем қарыс жүрген адам, қазір аудандағы беделді 
қызметкер; ал кенжесі Мәржәпия — үш ағасының арқасында маңдайынан 
ешкім қақпай бұла боп ӛскен, адуын қыз, жуырда ғана ауылдағы ең кӛрікті 
жігітке ұзатылды. 
Міне, әжемнің барар ӛрістері осындай. Ендігі бір аңсайтыны шӛбере 
сүю, тек әттең немерелері кәмелетке толмай жатыр. Немерелерінің ең үлкені 
— мен он алтыға биыл ғана толдым. Әрине, он сегізге тола қалған күнде де 
үйлене қояйын деп жүрген мен жоқ. Бірақ әжемнің жатса-тұрса 
армандайтыны менің тезірек ӛсуім. 
— Жеңісбегімді аяқтандырып, осының бір шүйкебасын кӛрсем, — деп 
тілейді. Мен оның сӛзін естімеген адамша қызараңдай күліп үнсіз 


құтыламын. Былай шыға бере ойға қаламын да, іштей: «әже-ау, кӛресің ғой 
әлі бәрін. Тіпті мені қойып, биыл ғана мектепке барған Есеттің де 
шүйкебасын кӛрерсің әлі» деймін. Шынында да менің әжем әлі жас — 
алпыстың үшеуінде ғана, кәрілікке жеңдірмеген, жүріс-тұрысы жинақы, 
пысық. Алайда, қарадай жүріп ӛлімге даярланғанына біраз жыл болды. 
— Асқазанымның түбінде бір пәле бар. Қанша жүргізер дейсің, алып 
тынады ғой, — деп қояды. 
Ӛзінің еншісіндегі үлкен кебеже қара сандықта: үш баласы әперген үш 
қамзол бар — кӛк барқыт, жасыл барқыт, қоңыр барқыттан тігілген, бірде-
бірін иығына ілген емес, әдемілеп қаттап бүктеп, қалампырлап салып қойған. 
Ол аздай әнеу бір кезде Мәржәпия қара плюштен тағы бір камзол тігіп әкеп 
берді. Сонда, әжемнің қазір, сүйегіме салынады деген тӛрт су жаңа камзолы 
бар, ал тазадан тігілген, атлас, шәйі, жібек кӛйлек дегендер бүкіл бір 
ауылдың кемпірлеріне үлестіруге жетерліктей шығар. 
Амал не, әжем соның бірін кимейді. Ылғи бір арзан бұлдан тігілген 
кӛйлектер мен әкемнің етек-жеңі қырқылған ескі пиджагін киіп алып, 
ертеден қара кешке дейін салп-сұлп етіп шаруасынан қолы босамай жүргені. 
Бейнетқор-ақ адам. Қай баласының үйіне барса да басынан асқан үй 
шаруасына тап болады. 
Әкем колхоздың бас бухгалтері бола тұра біздің үй қысы-жазы отынға 
бір жарыған емес. Ағаш отындар арбалап келіп те жатады, бірақ жылан 
жұтқандай еш шақ келмейді. Бірер жетіден кейін сирағымызды жаққандай 
боп отырып қаламыз. Сондайда әжем маған бір арбаны жеккізеді де, мал 
жайылған ӛріске барып күні бойы тезек тереміз, қурай орамыз, ал кейде 
кетпенмен тобылғы шабамыз. 
Әсембайдың үйіне барса, кӛзі сығыраңдай жасаурап күндіз-түні ескі 
қара іс машинасының құлағынан түспейді. Соның үпір-шүпір болған қара 
сирақ балаларына киім тігіп, ескі-құсқысын жамап-жасқап, кір-қоңдарын 
жуып беріп тақа болдырады. 
Ал, Еселбайдікіне барды дегенше, әжемді кебежедей қара сӛмкені 
арқалап, аяғынан таусылып күніне бір рет аудан орталығындағы дүкен 
атаулыларды адақтап шықты дей бер. Қай дүкеннің алдында кезекте тұрған 
жұрт болса, әжем солардың ішінде. 
Қысқасы, бір баласының үйінде жаны жай тауып, рақаттанып отырған 
емес. Енді соңғы кезде Мәржәпия да қыңқылдап, мазасын алып жүр. 
Аяғының ауырлай бастағанын, жақында сәбилі бола қалса, әжемнің ӛз 
қолына барып тұруын жиі айтады. 


Мүмкін соның бәрі де ана үшін бақыт шығар. Ӛле-ӛлгенінше қолынан 
келгенінше балаларының отымен кіріп, күлімен шыққанды әрбір ананың ӛзі-
ақ тілейтін шығар. Ӛйткені әжемнің кӛрші-кӛлең кемпірлерге: 
— Е, алла, осылардың бейнеті маған зейнет емес пе. Осылардың 
алдында ӛлсем арманым бар ма, — деп айтқанын талай рет естігем. 
Сондықтан да мен әжемді дүниедегі бақытты ананың бірі санайтынмын. 
Кей-кейде біз ағайынды балалар ӛзара дүрдараз боп, шаң-шұң 
шығарып тӛбелесіп қалғанымызда, әжем жанұшыра кеп арамызға түсетін, 
бірімізге ұрысып, бірімізді жұбататын. Ал ара түскеніне бой бермей қызыл 
шеке бола бастасақ, әжем бар даусымен налып, айқай салушы еді. 
— Құдай, құдай... Осы ит жыны бірікпеген иттердің ортасында азапқа 
салғаныңша алсаң етті мені! — дейтін. Мұндайда жүзіндегі әжімі қалыңдап, 
ӛзі бір уыс боп бүрісіп, қасірет шеккен күйге енетін. Әжемнің осы сӛздерін 
естіп, осы күйін кӛргенде тұла бойым шымырлап кетуші еді. Ұшып түсіп, 
аяғына жығылып, бас ұрып, жалбарына кешірім сұрағым келетін. Бірақ осы 
сәтіне қарап оның бақытты екеніне шек келтіруден мүлдем аулақпын. 
Әжем менімен кішкене күнімнен сырлас. Екеуміз оңаша қалғанымызда 
ӛткен-кеткенін айтып, ерінен жастай жесір қалып, үш ұл, бір қызды қалай 
адам ғып ӛсіргенін әңгімелейтін. Мен әжемнің кӛрген бейнетіне, кереметтей 
тӛзімділігіне жаным аши отырып сүйсінемін. Сондайда қолымнан келсе 
әжемді үлде мен бүлдеге орап, тырп еткізбестен тӛрге тӛрт қабат кӛрпенің 
үстіне отырғызып қойсам деп арман етуші едім. Менің осы ойымды жақсы 
ұғатын әжем: 
— Қозым, қозым... Сенің осы айтқаныңның ӛзі-ақ маған үлде мен 
бүлде емес пе. Айналдым сенен! Басқа күшіктер тегіс жиналып бір тӛбе 
болғанда, сен ӛзің бір тӛбе емессің бе, маған, — деп еміренетін. 
Сол әжем биыл менімен бұрынғыдан да гӛрі етене сырласатын болды. 
Жазға салым бір айдай Әсембайдың үйінде жатып қайтқаннан кейін, кӛзі 
кіртиіп жүдеу тарта бастады. Ешкімге байқатпай жиі-жиі күрсініп уһілейтінді 
шығарды. Балалар ӛзара тӛбелесе қалса бұрынғысынан да қатты қапаланып, 
«құдайды», «қу» да, «шұнақ» та деп әбден даттап, ащы-ащы қарғанатын. 
— Қу құдай, шұнақ құдай, осылардың күйігіне күйдіргенше, алсаң етті 
мені, — дейтін күйініп. Ал кейде оңаша қап жүн түткен боп отырып, ешкімге 
кӛрсетпей ӛзінен-ӛзі кӛзінің жасын іркіп алатын. 
Бір күні екі кештің арасында біздің үйге Мәржәпия келді. Үйіндегі 
шаруасын істеп жүріп шығып кеткен беті болса керек: жеңін түріп алған, 
білегі қамыр-қамыр, алшалғышы ұн. Аузы сылпылдап сағыз шайнап жүр. 
Әдетінше шолжаңдап келіп: 


— Тәтемнің (менің шешемді «тәте» дейтін) не тәттісі бар екен, жеп 
кетейінші, — деп, ас тұратын жерлерді тінтіне бастады. Онан қолына 
іліккендерді қомағайлана асай жүріп, тӛр бӛлмеге кірді де, шифоньер, 
чемодандарды ақтарды. Әлден уақытта сықылықтай күліп, қолтығына 
әлденені қыстыра шықты да: 
— Тәтем іздемесін, міне біреуін мен алдым, — деп жүгіре басып кетіп 
қалды. 
— Мынау неғып жүр ей, екі кештің арасында ербиіп, тағы несін 
әкеттің, — деп бажылдаған әжемнің сӛзін құлағына да ілген жоқ. 
Біраздан соң жұмысынан қайтқан шешем, (балалар бақшасында 
істейтін) кешкі асты әзірлеп, оны ішіп болғаннан кейін әжеммен 
ақылдасқандай: 
— Бүгін ӛзіме бір кӛйлектік зат алып едім, соны қалай тіксем екен, — 
деп қойып, тӛргі бӛлмеге барып шифоньерді ашты. Ашты да астан-кестең 
ақтарыстырып, ас бӛлмеге қайта шықты. 
— Сіз ашып бір жерге қойған жоқсыз ба, әже? — деді. 
— Жоқ, кӛрмедім, — деді бір пәленің боларын сезген әжем аянышты 
үнмен. Осы сәттегі ұрты суланып, қуарған қалың әжімді әжемнің жүзіне адам 
қарарлықтай емес еді. 
— Ибай-ау, қайда кетті онда? 
Күрсілдетіп алма жеп отырған кішкентай қарындасым мұрнын бір 
тартып қойып: 
— Жаңа Мәжия тәтем бірдеңені ұрлап алып кетті, — дегені. Сол сол-ақ 
екен, шешем тас-талқан болды. Кӛзі шатынап, кӛкпеңбек боп долданып, 
Мәржәпияны кӛктен алып, жерге салды. Айтпаған сӛзі қалмады. Тісін шұқып 
отырған әкем жайлап қана: 
— Жә, болды ғой енді со бір тӛрт метр зат әкеңнің құны емес шығар, — 
деп еді, шешем одан әрмен тулап түсті. «Осы сенің тұқымдарыңнан-ақ 
құтыла алмадым, не асқа жарытпайды, аузыңнан жырып, не киім кигізбейді», 
— деп ӛзіне тарпа бассалды. Ақыры: 
— Кірсінші енді, сол қатын осы үйге, тура аяғын сындырамын, — деп 
барып тынды. 
Әжем ләм деген жоқ. Бір-ақ уыс боп шӛгіп, бүрісті де отырды. Тӛсекке 
де со бойын жазбаған күйде бір уыс қана боп жатты. Түні бойы ұйықтаған 
жоқ, әлсін-әлсін естілер-естілмес күрсінумен, уһілеумен болды. Түннің бір 
уағында оның үнсіз жылап жатқанын да сездім. 
Бірақ ертеңіне, сол күндегі әдетінше түк болмағандай, қора маңындағы 
кепкен тезектерді жинап, түске дейін таба нан жапты. Онан соң маған: 


— Бүгін түстен кейін бір тобылғы шауып әкелейікші, арба жекші, — 
деді. 
Әжем екеуміздің ең бір жақсы кӛретін сәтіміз — арбаға отырып отынға 
баратын кез. Атты жай аяңға салып қойып, әжелі немерелі екеуміз нағыз тең 
тұстас сырластардай-ақ ананы-мынаны сӛз етіп, қызу әңгімеге кірісеміз. 
Әжем мені еш уақыт жассынып, кемсітпейді, қайта мені медеу тұтқандай 
кӛңілінде кірбіңі, назы болса айтып, шерін тарқатады. 
Жаздың ми қайнатқан ыстық күні. Түс ауа аптабы сәл қайта бастаған. 
Бірақ тӛңіректің бәрі аңызаққа соғылып, зеңіп тұр. Шыбындап мазасы кеткен 
ат жай жүрсе де қара тер боп келеді. Әжем екеуміз арба үстінде қол шатырды 
кӛлеңкелеп отырмыз. Алған бетіміз — Терең сайдағы тобылғылы қия. Әжем 
сол Терең сайда жасырақ кезінде қалай тобылғы шапқанын әңгімелейді. 
— Ол кезде әнеу бір тұмсықта әктас қайнататын, — деп, Терең сайдың 
тӛменгі тұсындағы найзаша шаншылған кӛк тасты нұсқап қойды. — Соған 
жағу үшін тобылғы шабатынбыз. Балалардың бәрі жас, осы Кӛсембай сонда 
он бірде де, Әсембай сегізде, Еселбай апыл-тапыл ғана жүретін. Үйге 
қалдырып кетейін десем, сеніп тапсыратын адамым жоқ, сонан үшеуін де 
күнде ӛзіммен бірге тобылғы шабатын жерге алып барамын. Сонда күніне бір 
арба тобылғы шабатынмын. Жігіттің жігіті ғана ілесуші еді маған. Кешкісін 
бір күнде шапқан тобылғымды таудай етіп арбаға тиегенде (ондағы арба 
қандай?!), әлгі жігіттер: «Апыр-ай, Бәзила-ай, тобылғы шабу үшін, 
жаралғансың ғой, сірә», — деп қайран қалатын... 
Терең сайға да жеттік. Атты сайдың табанына доғарып, кетпендерімізді 
алып, тобылғылы қияға да шықтық. Мен екі кетпенді иығыма салып алдына 
түстім де, әжем екі қолын артына қайыра ұстап жайымен дем ала-дем ала 
кӛтерілді. Ентіге жүріп сӛйлеп келеді. 
— Шіркін-ай, ӛсіп кетіпті-ау... сол жылдары тып-типыл ғып-ақ тастап 
ек, — деп қалың ӛскен тобылғыға сүйсінді. 
Қияның тобылғысы шынында да бітік екен. Шетінен қамшыға сап 
болардай қызыл күрең тобылғылар адамның бойымен бірдей, әр түбі бір арқа 
отын. Арасынан ӛтіп жүру қиын. 
— Жеңісжан, міне, мына бір жерден бастайық. Баяғыда осы арадан 
мен, әнеу бір тұстан Зарқом марқұм, онан әріректен қазіргі мына сиыршы 
Исабай шал түсіп жарысушы ек... Біссміллә... Ӛйбүй, Жеңісжан, мынау 
түскірің жеп-жеңіл ғой, алдыңдағы ауыр кетпенді маған бер... Иә.. ым-м, 
ӛстімесе іс ӛне ме, балам-ау... 
Әжемнің ӛңі жасарғандай, ӛзгеше бір гүл жайнап шыға келді. 
Ала-құла, бірі бар, бірі жоқ тістерін кӛрсетіп күлді. Онан соң 
алақанына түкіріп қойып, кетпенді құлаштай кӛтеріп сілтей жӛнелді. 


Кетпенді әр сілтеген сайын екі иінінен ыңқылдай шыққан «уһілеу» естіледі. 
Бірақ сол «уһілеудің» ӛзі әжемнің әр қимылына екпінді салмақ қосып 
тұратын сияқты кӛрінді. Әп-сәтте бір ӛзі үлкен арқа тобылғыны қопарып та 
тастады. Шаңытқан әжімді жүзінен айғыз-айғыз боп тер ағып, алқына кеп 
демалуға отырды. 
— Деміңді ал, балам. Аса зорланба, — деді маған. 
Екеуміз енді қатарласа отырып, солығымызды басып, үйден алып 
шыққан айран толы торсықтың аузын шештік. Әжем қышқылтым, салқын 
айранды тамсана отырып асықпай жұтады. Шӛлі қанған соң кимешегінің 
етегімен аузын, маңдайының терін сүртіп, маған мейірлене қарады. 
— Қуатым менің, қозым, — деп кекілімнен сипап қойды. 
Тобылғыны тағы да біраз ӛндіре шауып, демалуға екінші рет 
отырғанымызда әжем маған сыр қылғандай іште жатқан бір әңгімесін 
бастады. 
— Әлгі Әсембай сенің әкеңнің бетін кӛрмеймін деп ренжіп жүр, — деді 
торыққан үнмен. — Кӛсембай да оңбайды, сол иттің алашағына тиіп қайтеді 
екен десеңші. Осы жазда жүнді жақсы қырыққаны үшін колхоз сыйлық 
жазған екен, сонысын мынау осы жақта сыртынан қол қойып алып қойыпты 
ғой. Соны, анада мен үйінде жатқанда естіп, бұлан-талан боп: «Біз мұнда 
қысы-жазы мал соңында телім-телім боп жүреді екенбіз де сыйлықты жаны 
тыныш жүрген сол сыртымыздан қол қойып алады екен ғой. Мен барып 
басқармаға арыз етем», — деп қиғылықты салды ғой. Мен де ұрыстым ӛзіне: 
«Ауысқаның сол ма еді, ит. Біріңді-бірің сүйеудің, жебеп-қолдаудың орнына, 
қит етсе: арыз айтам, ойбай сӛйтем, ойбай бүйтем, деп жауығуға әзірсіңдер, 
түге», — деп. Кӛсембайдан сұрасам: «Алғаным рас еді, ӛйтіп ренжитінін 
қайдан білейін», — дейді... Керегі не еді десеңші соныкін алып. Ол иттің 
мінезі де мінез емес, дойыр ғой. Бір күні болмаса, бір күні үлкен деп 
сыйламай, тік келіп айтып тастаса кӛңілін қалдырады... Кӛңіл деген бір қалса 
жаман ғой. Беу-у, құдай-ай, осылардың арасына дәнекер болам деп-ақ ӛлетін 
болдым... Бәрінің емгені бір ананың ғана — бір менің ғана ақ сүтім еді... — 
Әжем ауыр күрсініп, маңдайының терін сүртті. Қабағы кіртиіп, ұрты 
бұрынғысынан да ортайып, әбден діңкелеп шаршаған кейіпте отырып қалды. 
— Мәржәпия да оңбайды, түнде ғой, әне, сенің шешеңді қан қақсатып 
кетті. Қанша айтамын сол қызға: «Енді үйің бӛлек, күйің бӛлек жансың, 
жеңгелеріңе абайлап еркеле, екі ортада бауырларыңды ренжітіп аласың», — 
деп. Құлағына кірмейді ғой, неғылған кеще екенін. Тіпті әрі-беріден кейін 
қақсай-қақсай заржақ атанады екенсің. Түнде, әне, сенің шешең де 
ішіндегісін тегіс ақтарды, ал сол жақсы ма?! Ең болмаса, менің кӛзім тірі 
тұрғанда тату болса екен де, мен ӛлген соң не болса о болсын... Құдай ғой, 


мені де осылардың тозағына күйдіріп қойған... Ел қайдан білсін: «Ойбай, 
анау пәленшені қарашы жетім-жесір боп ӛсіп еді, енді, әне, балаларының 
түздегісі түзде, ойдағысы ойда шетінен жетілген, болған-толған, бақыты 
жанған кемпір екен», — дейді. Ал мен сорлы осылардың иттігін білдірмеймін 
деп түздегісіне түзде, ойдағысына ойда тыраштанам. Қайсысының үйіне 
барсам да: «Келіндерім ренжімесе екен», — деп отымен кіріп, күлімен 
шығам. Мен оларға ене емеспін, жалдап алған бір күңмін. Баяғыда бай 
ауылдарының жалдап алатын сондай бір күңдері болушы еді. 
Әжем иегі дір-дір етіп кемсеңдеп, кӛзіне іркілген ыстық жасты тӛгіп-
тӛгіп алды. Мен сай-сүйегім сырқырап, енді аз болса ӛкіре жылап әжемді бас 
салуға шақ отырмын. Тамағыма жас тығылғандай боп сӛйлей алатын 
емеспін... 
Сӛйтіп, әжем екеуміз тобылғыны дәу бір арба ғып шауып қойып, терең 
сайдың ішінде шер тарқатысып, күн ұясына қонғанша отырдық. Үйге кешкі 
салқынмен қайттық. 
Есік алдына әкеп, тобылғыны түсіріп, үйге кірсек — Еселбайдың он 
үш-он тӛрт жасар үлкен баласы келген екен. Әжем оны мекірене иіскеп 
маңдайынан сүйді. 
— Қара пұшығым-ау, жігіт боп ӛсіп қапсың ғой. Әлгі жаман әкең 
қайда? Со кітаптарын кеміріп жатыр ма? Неге келмейді? — деп үсті-үстіне 
бастырмалата сұрады. Сірә, бір ай кӛрмегенге кіші ұлын сағынып қалған 
сияқты. 
— Қолы тимейді, — деді бала. 
— Қолы тимейді, — деп оның сӛзін кекете қайталады әжем. 
— Бір күнгі демалысында осы тұрған жерге машинасымен сыр еткізіп 
келіп-кетуіне болар еді ғой. 
Осы кезде тӛргі бӛлмеден шыққан менің шешем: 
— Әлгі кіші келініңіз, апам дәметеді-ау деп, ең болмаса, бір-екі кәмпит 
те бермепті, — деп сӛзге киліге кетті. 
— Жә, кәмпиті бар болсын, дәметпеймін. Ӛздері аман болсыншы, — 
дейді әжем шешемнің сӛзіне мән бермей. 
Менің шешем мысқылдағандай кекете күлді. 
— Келініңіздің қолының қатты екенін білесіз, әрине, дәметпейсіз. 
Әжем жаратпай оқты кӛзімен бір қарады да, бұрылып әрі қарай ӛтіп 
кетті. 
— Сондай да сӛз бола ма екен, — дедім мен ыза болып. 
— Ибай, енді қалжың айтуға да болмай ма, — деп күлген болды 
шешем. «Қалжың», осы «қалжыңның әжеме шаншудай қадалатынын ұқсаң 


етті, апа-ау! Жоқ, әлде ӛз басыңа келмей ұқпаспысың...» Күйіп кеттім, бірақ 
ӛз анама не дей қояйын. 
Бұрындар отыннан қайтқанда бір самаурын шайды бір ӛзі тӛңкеретін 
әжем, бұл күні екі-үш шыны-аяқтан әрі іше алмады. 
— Жүрегім лоблып, батпай отырғаны, — деді. 
Бүгін күндегіден ерте жатты. Ертеңіне таңертең шошып оянып: 
— Бұ, шекілдеуік шаққан қайсың? Менің тамағыма қабы кетіп тұрып 
қалды ғой, — деп басын кӛтерді. Бірақ шекілдеуік шақпақ түгілі, біздің үйде 
шекілдеуіктің тұқымы да жоқ еді. 
Тӛсегінің үстінде отырып, қақырынып-жӛткірініп, жұтынып әлекке 
түсті де қалды. Жұтып жіберсін — деп су да әкелдік, бірақ еш кӛмегі 
болмады. Ертеңгі шайға әжем ел қатарлы отыра алмады. Дереу дәрігер 
шақырттық. Әжемнің аузын ашып, тамағының ішінен де, сыртынан да басып 
қараған дәрігер, әкем мен шешемді оңашалап ап, науқастың ӛте ауыр науқас 
— қылтамақ екенін айтты. Осыдан кейін әжем ауруханаға жатып та, үйде 
жатып та ұзақ емделді. Бірақ айығудың орнына науқасы күн санап күшейе 
түсті. Әжем тамағынан мүлдем ас ӛтпейтін халге жетіп, әбден жүдеді. 
Салдырап құр сүйегі ғана қалды. Ендігі жерде аузына қара суды тек бал 
қасықпен ғана тамызып отыратын болдық. 
Біртіндеп әжемнің тіршілігінен күдер үзе бастадық. Түн баласына 
күзетіп отыруға тура келді. Әбден әлсіреп, күні жеткенін сезді-ау деймін, бір 
күні Әсембай мен Еселбайға хабар беріңдер, арыздасып қалайын деді. Дереу 
ауданға да, таудағы Әсембайға да адам шаптырдық. Түске жақын бір машина 
боп үйіліп-тӛгіліп бар семьясымен Еселбай, бірер сағаттан кейін бір машина 
боп Әсембайлар келді. Бәрі кеп жылап-сықтап, әжемнің қолынан сүйіп, 
маңдайынан иіскеп, бала-шағаларымен қоршалай отырды. Әрқайсысы 
ӛздерінің арыз-армандарын айтып, ақтық демі қалған аяулы аналарына 
жаудырай қарайды. Бәрінен де Әсембай бостау екен. 
Анашым-ау, анашым-ау... Арманда кетіп барасың-ау, Арманың не, 
арманың?.. — деп бір-екі рет тӛніп барып, жылап-жылап алды. Әжем оған 
бозара қараған күйі «жылама» дегендей ернін қыбырлатты. Сірә, қысылып 
жатқан болуы керек. Сол қысылудан тек күн батар сәтте ғана айықты. — Су, 
— деді. 
Мен аузына бір-екі тамшы су тамыздым. Әлденгендей болды. 
Сыбырлап қана: 
— Сыртқа шығаршы, — деді. 
Бәріміз қаумажаулап сыртқа алып шықтық. Жаздың маужыраған желсіз 
тымық кеші. Күн ұясына қонуға таяпты. Аспан кӛк мӛлдір. Әжем дәл үйдің 
іргесіне отырғыз дегендей ишарат кӛрсетті. Екі-үш қабат киіз тӛселген іргеге 


отырып, әлсіз қолымен кӛзін күннен кӛлегейлеп тӛңірекке қарады. Кең 
дүниені соңғы рет бір армансыз қарап қалайын деген сияқты, әр нәрсеге 
шұқшия кадалады. 
— Арманыңды айтшы, апа? — деді Әсембай. 
— Арманым... бар ғой, — деді әжем әлсіз үнмен. — Арманым... — 
сендердің татулықтарың... 
Осы мезетте әлдеқайдан алыстан аңырата шырқаған ескі бір әуен 
естілді. Бәріміз де селт етіп құлақ тостық. Жасӛспірім жігіттің ауқымды кең 
даусы: 
Талдан таяқ жас бала таянбайды, 
Бала бүркіт түлкіден аянбайды... — деп жаңғырықтыра созады. Әжем 
дір ете түсіп, қолын кӛлегейлеген күйі алысқа тесірейе тесілді де қалды. 
— Мынау бір ескі әуен ғой, біздің жас кезімізде шығып еді, — дейді 
дегбірсіздене сыбырлап. — Айтып келе жатқан Нәбиден-ау, шамасы. Даусы 
қандай жақсы еді. 
Енді кӛрдік, ауылдың тӛменгі жағындағы жалғыз аяқ жолмен екі-үш 
адам келе жатыр, әнді айтып келе жатқан солардың бірі. Әжем қалтқысыз 
танып отыр. Мынау — кӛшеде ылғи ӛлең айтып жүретін Нәбиденнің даусы. 
Жаңа байқадым, иегі дір-дір етіп, ӛксік қысып, әжемнің кӛзінен шыққан бір-
екі моншақ жас жүзіндегі әжім сайларын қуалай бастады. Мұны кӛріп тұрып 
бәріміз де егіліп кӛзімізге жас алдық. 
— Анашым, анашым... — деді Әсембай кӛз жасын жұта демігіп. 
Күн ұясына қонған кезде әжемді үйге қайта алып кірдік. Тағы қысыла 
бастады. Әне жүріп кетеді, міне жүріп кетеді деп, минутын санаумен 
отырмыз. Түн жарымынан ауды. Менің әкем екі інісін алып ас бӛлмеге 
кеткен. Әлден уақытта Еселбайдың: 
«Ӛтеуге борышым, анашым, жан сырым... — деп жылай әндеткен жуан 
қоңыр даусы шықты. Менің шешем жүгіріп шығып: 
— Ӛй, әдепсіздер, тыныш! — деп жекірді. Ән бір сәтке басыла қалды 
да, сәлден соң тағы естілді. Менің әкем мен Әсембай бір кез кӛздері қып-
қызыл былаудай боп кеп, әжемнің бас жағынан отырды. Ауыздарынан арақ 
иісі бұрқырайды. Ал Еселбай сол еңіреп әндете жылаған күйі ас бӛлмеден 
шыққан жоқ. 
Әжемнің тыныс алуы сиреп, ауыр бір алқынысқа айналды. Оң қолының 
білегінен ұстап отырған Әсембайдың әйелі: «Әжетайым-моу!»... — деп 
булығып еңіреп жіберді. Еңіреп отырып қайта-қайта еңкейіп қолынан 
сүйгендей болды. Сӛйтіп отырғанда оның ар жағында отырған Мәржәпия 
кенет аяғын біреу басып кеткендей баж ете түсті. 
— Аулақ әрі, әпкел шешемнің жүзігін, ӛзім алам, — деді. 


— Ей-й, қыз-зоу, жәй-иің-ңә от-тыр-саң-шоу, — деп жылай сӛйлеген 
күйінде Әсембайдың әйелі әжемнің қолына тағы еңкейген. Мәржәпия оны 
қағып жіберді. Ұмтылып кеп әжемнің қолына ӛзі жармасты. Бұл тағы да 
еңкейіп, әжемнің саусағын тілімен жалап, жүзікті ары тартты, бері тартты, 
бірақ шығара алмады. 
Мына екеуінің қылығы бәрінен де қатты батты. Әжем болса ықылық 
атып ақтық демін алып жатыр. Дереу ұшып тұрып бардым да, егеу алып 
келдім. Әуре боп отырған Мәржәпияны да ұрысқанына қарамастан итеріп 
тастап, жүзіктің бір шетінен ептеп егей бастадым. Жіңішке жүзік біраз егеген 
соң қиылып кетті. Майыстырып әжемнің қолынан шығарып алдым да 
әйелдердің: 
— Маған бер! 
— Маған бер!.. — дескендеріне қарамастан ашық терезеден сыртқа 
лақтырып жібердім. 
Біреу желкемнен нұқып қалды. Әкем екен. 
— Ақымақ, ол алтын жүзік, неге лақтырасың, — деп ызғарлы зекірді. 
Осы кезде әжемнің қолы сылқ етіп жерге түсіп кетті. 
— Анашым-ау, анашым-ау!.. — деген Әсембайдың ащы үні шықты. 
Үйдің іші азан-қазан, у да шу боп, бірімен-бірі кӛрісіп, ілезде басты 
айналдырып, құлақты тұндырып жіберді. Есік жақта отырған кӛрші шал кеп 
әжемнің қол-аяғын уқалап, кӛзін жапты. Зарлатып құран оқыды. 
Ӛксігімді баса алмай, жүрегім қысылып далаға шықтым. Жұлдыздар 
шым-шытырық, орын ауыстырып алғандай бірі тӛмен, бірі жоғары шығып 
айқыш-ұйқыш боп кетіпті. Тек Темірқазық қана қаққан шегедей сол бір 
орнында бедірейіп тұр. Жарқырап Шолпан туды. Құлан иектеніп таң білінді. 
Үйдегілер тысқа шыға бастады. Әсембайдың әйелі мен Мәржәпия жарыса 
шығып, терезенің тұсына кеп жүзікті іздеуге кірісті. 
— Жеңісжан, қалай лақтырып едің? — деп сұрайды менен. Мен жауап 
қатпай теріс айналып кеттім. Ту сыртымнан әлдекім: 
— Жарықтық, тӛрт түлігі сай, үрім-бұтағының алдында жақсы аттанды, 
— деді. Қарасам, әлгі кӛрші шал екен. 
Әжемді кӛргім келді. Үйге кірсем, шымылдық құрып, оң жаққа салып 
қойыпты. Әлгіндегі кісі құжынап отырған бӛлмеде жан қалмаған, далаға 
шыққандары далаға шығып, қалғандары ас бӛлмеге кеткен. 
Мен ақырын басып шымылдықтың тұсына келдім. Енді ашуға оқтала 
бергенімде, ар жағынан әжемнің «уһ» деп күрсінгені естілгендей болды. 
Зәре-құтым қалмай атып тысқа шықтым. 
— Қорқып кетіпсің ғой, қарағым, не болды? Не болды? — деді қарсы 
келген кӛрші шал. 


— Әжем күрсініп жатыр... 
— Қой, олай бола қоймас, — деп кӛрші шал үйге кірді, тағы да 
зарлатып аят оқыды. Онан соң шымылдықты ашты. 
— Міне, әжең ұйықтап жатыр, қарағым, — деді. Әжем шынында да 
аппақ боп созылып ұйықтаған адамша жатыр. Ұрты суалған, қабағында 
жалғыз мен ғана танитын кейістік бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет