Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

Демеуші.
Конкурсқа қатысу жарнасын төлейді, одан соң өзінің 
оқырмандары мен стастисткасының өсуін бақылап отырады. Ол 
ұйымдастырушыдан конкурсқа қатысты барлық ақпаратты алуға, 
есепті талап етуге толықтай құқылы.
Танымал тұлғалар бұл гифтерге жарнама жасап, өз оқырмандарын 
конкурсқа қатысуға шақырады. Бұл жағдайда аталмыш тұлға алдын ала 
келісілген сомасын алады немесе өзі де конкурс демеушісінің барлық 
құқықтарын иеленіп, бартерге өз қызметін ұсынады. Яғни, конкурс 
демеушісі болып саналады, гиф парақшасының «подписки» бөлімінде 
тұрады.
Бұндай гифтерде әдетте өте көп демеуші болады (50-70, кейде 
одан да көп). Бірақ, адамдардың басым бөлігі қазір бұндай гифтерге 
қызығушылық танытпайды. Себебі, сен білмейтін елуден астам 
брендтерге немесе тұлғаларға жазылу, лентада білмейтін адамдардың 
посттарын оқу, көпшілікке қиындық тудырады. Оған қоса, бұл гиф 
аяқталғаннан кейін, ақылды адамдар «подписки» бөліміндегі өздері 
жазылған демеушілерден қайтадан «отписка» жасайды. Яғни, сіздің 
стастистикаңыз бір мезетте қалай жоғарыласа, тура солай уақыт өте 
төмендеп кетуі де мүмкін.
ФОТОСАЙЫС.
Сайыстың бұл түрі Instagram желісіне 
арналғандай. Бұл сайысты өткізгенде, барлық қатысушыларға 
ортақ хештег ойластырасыз. Мысалы: #ЕкіншіБолмаКітапСайыс, 
#ӨзІсімніңШеберіБолмаын. Хештегтің бірегей (уникальный) болғаны 
абзал. Себебі, #ХочуПодарок немесе #СайысқаҚатысамын 
деген хештегтер көп қолданылуы мүмкін. Сондықтан да, сіз 
өзге тұлғалар өткізген басқа конкурстардың қатысушыларымен 
өз қатысушыларыңызды шатастырып алуыңыз мүмкін. Тағыда 
қайталаймын, олай болмас үшін, өзіңіз УНИКАЛЬНЫЙ хештег ойлап 
табыңыз.
Фотосайыс жариялағанда, хештегті қоюды ғана емес, 
оқырмандардың парақшаларының ашық болуы міндетті дегенді де, 
сайыс ережелеріне қосып қойыңыз. Себебі, сіз олардың жұмыстарын, 
яғни посты мен суретін хештег арқылы көре алмайсыз.
Инстаграм желісінде өткізілетін тағы бір ең оңай сайыстың түрі: 
біздің парақшаға жазыл және досыңды белгіле. Бұл максималды 
түрде аз іс-әрекеттер жиынтығын талап ететін конкурс. Сондықтан 


да, қатысушылар саны да көбірек болады. Мысалы, біз «Versus» 
академиясының парақшасында осындай бірнеше конкурс және 
академия директоры Мейірбек Бердібайұлының парақшасында 
«Мастер» курсына тегін қатысу мүмкіндігін ойнатқан конкурс өткізген 
едік. Суреттерге назар аударып, «охват» пен пікірлер(комментарийлер) 
санына көңіл бөліңіз.
Нәтижесінде, бұл конкурстар сіздің стастистикаңызды жақсы 
көтереді және сізді/брендіңізді жаңа аудиторияға танымал етеді. 
Бастысы, сайыс барысында және сайыстан кейін де, парақшаңыздың 
активтілігін төмендетпеңіз, яғни, «мен осындамын» деп белгі беретіндей
пайдалы посттар жазып, сурет пен видеолар салып отырыңыз. 
Жоғарыда айтылған ақпараты қолданып, ережеге сай барлығын 
жасайтын болсаңыз, сіздің конкурстарыңыз қызықты және жарқын 
болады, ал қаралымыңыз жоғарылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет