Рөлдік ойындар Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс



Pdf көрінісі
Дата28.01.2022
өлшемі404,96 Kb.
#115250
түріҚұрамы
Байланысты:
Рөлдік ойынның дамуына жағдай жасау



Рөлдік ойындар


Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-

əрекетінің жетекші түрі сюжеттік-рөлдік 

ойындар. Сюжеттік-рөлдік ойындар мектеп 

жасына дейінгі балаларға тəн ойындардың 

негізгі қорын құрайды. Оның құрамына 

құрылыс-конструктивтік, 

театрландырылған жəне басқа да 

ойындардың элементтері кіруі мүмкін.


Сюжеттік-рөлдік ойын арқылы бала неге үйренеді? 



Қисынды ой-қабілетін дамытады ; 



Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; 



Сөздік қоры баийды,тілі дамиды;



 Зейіні қалыптасады;



 Байқампаздығы артады; 



Өзара сыйластыққа үйренеді; 



Сабаққа қызығушылығы артады.


«Аурухана» сюжеттікрөлдік ойыны. 

Бағдарламалық мазмұны: Балалардың дəрігер 

мамандығы жайлы білімдерін кеңейту:. 

Медициналық терминдермен балалардың сөздік 

қорын кеңейту. Топтарда ойынды 

үйымдастыруға үйрету барысында достық 

қарымқатынасты нығайту. Рөлдерге өз 

қалауларымен бөлуді үйрету. Ұжымдық ойында 

басқарушылық іскерліктерін қалыптастыра 

отырып, бірлестікке, ынтымақтастыққа 

тəрбиелеу 






Күтілетін нəтиже Балалардың өзіндік өмірлік тəжірибесін, 

олардың ой-өрісін, əлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір 

жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттікрөлдік 

ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы жəне рөлдермен 

байыта отырып, жағдай жасалады. Ойын - бала əрекетінің 

бір түрі, адамзат мəдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, 

ғалымдар баланы тəрбиелеудегі ойын рөлін жоғары 

бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен

қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – 

түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады


Қорыта келгенде- оқу үрдісінде сюжеттік-

рөлдік ойындарды қолданудың маңызы өте зор. 

Сюжеттік-рөлдік ойынға тек ойын деп 

қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған 

асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша 

тəрбие құралы деп қарау керек. Оны тиімді 

пайдалану ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінде 

əсерлігін, тартымдығын күшейтеді, 

балалардың сабаққа ынтасы мен 

қызығушылығын арттырады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет