Рөлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева



бет1/2
Дата25.06.2020
өлшемі32,91 Kb.
#74538
  1   2
Байланысты:
Туйебаева-maкala бейвербалд


РӨЛДІК ҰСТАНЫМДАРДАҒЫ БЕЙВЕРБАЛДЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Г.Ү. Түйебаева

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлеттік университеті, Талдықорған қаласы., guks.nur@bk.ru

Ғылыми жетекші: К.Н.Ахмедиева


Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді. Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. «para» - жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. Бұл терминді алғаш ұсынған американ ғалымы А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу аясын белгілеген зерттеуші Дж.Трейгер [1].

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

Бейвербалды қарым-қатынас – бұл сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.

Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді. Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген. Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған [2].

Бейвербалды қатынас мәдениетіне жыныс ерекшелігі, мамандық, әлеуметтік ортадағы дәреже, жас айырмашылығы, қоршаған орта әсер етеді. Бейвербалды қатынастың басты мақсаты – тұлғааралық синхрондылыққа жету. Холлдың айтуынша, тұлғааралық синхрондылық екі адам арасындағы вербалды және бейвербалды қатынас кезіндегі дене мүшелерінің қозғалыс сәйкестігі.

Кез келген халықтың бейвербалды амалдары екінші бір халықтың бейвербалды амалдарына ұқсауы да, араларында айырмашылықтар болуы да мүмкін. Бұл жөнінде  Г.В.Колшанский: “Әр халықта кездесетін ым-ишаралар өз алдына бөлек мағыналарымен түсіндіріледі. Мысалы, орыс халқында бас шұлғу – мақұлдау белгісі болса, болгар ұлтында бұл кинема келіспеушілік белгісі”,- деп тұжырымдайды. Мәселен, ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарына айтып кеткен әрбір тыйымында терең мағына, мол тағылым жатыр. Қазақ халқында тізені құшақтау – жалғыз қалудың, бетін басу – жаман  хабар естігеннің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі болып табылса, ал бұндай бейвербалды амалдар (тізені құшақтау, қолды төбеге қою, бетін басу т.б.) өзге халықтарда басқа мағына беруі де мүмкін. Сондықтан әрбір ұлт кинемасы этнос ерекшеліктерінің белгісі болып табылады [3].

Американдық ғалымдар қарым-қатынас барысында вербальды, сөздік ақпарат 1/6, қимыл-қозғалыс тілі, тыныс алу мен ырғақ – бейвербальды ақпарат 5/6 құрайтынын дәлелдеген. Дауыс ырғағын өзгерте отырып, өз хабарыңыздың жалпы мағынасын түбегейлі өзгерте аласыз.

Серігіңіздің вербальды емес хабарын интерпретациялау барысында келесі факторларды ескеру қажет:

1. Ұлтына байланысты (себебі, бір ғана ым-ишара әр халықта түрліше мағына беруі мүмкін);

2. Денсаулық жағдайы (адамның ауырып отырған жағдайда көзқарасы, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалысы өзгереді);

3. Адамның мамандығы;

4. Мәдени деңгейі;

5. Әлеуметтік статусы;

6. Актерлық шеберлігі;

7. Жасыс;

8. Вербальды емес белгілердің сәйкестігі;

9. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көрінуі мен қабылдануы.

        Вербальды емес коммуникацияның ішінен оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым–ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.

Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор,    көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет