Қабыршақты балықтарды өңдеу. Тұтас күйінде пайдалану үшін балықты өңдеу. Балықты бұл әдіспен өңдеу процесі қабыршағынан тазалаудан, қанатшаларын, желбезегін, құрсақ қуысындағы ішкі мүшелерін жару арқылы алып тастаудан, жуудан тұрады.
Өңдеу шикі балықты тазалауға арналған таңбалы тақтайшасында жүргізіледі. Қабыршақтан тазарту құйрықтан басына қарай жүргізіледі.Алдымен бүйір қабықшасын, сосын құйрық қабыршағын тазалайды. Тазалау орташа аспаз пышағымен, үккіш тәрізді пышақпен қолмен немесе механикалық қырғышпен (РО-1), оның өнімділігі сағатына 50кг шамасында іске асырылады.
Балықты сыбаға кесектеріне бөлу. Терісімен омыртқа және қабырға сүйектерімен сыбаға кесектеріне балықты бөлу процесі: қабыршақты тазалау, қанатшаларын, басын, ішкі мүшелерін алып тастаудан, жуудан, тураудан тұрады.
Балықты жалпақтап сүбеге бөлу. Массасы 1,5 кг артық балықтарды сүбеге жалпақтау жолымен бөлшектейді. Содан соң сүбе кесектеріне турайды (1-сурет)
Жібіту
Қанатшаларын алу
Құрсақ тілігі арқылы ішкі мүшелерін алып тастау
Басын кесіп алып тастау
Жуу
Балықты жалпақтап тілу арқылы қабырға сүйегімен бірге жоғарғы сүбені түсіру
Омыртқа сүйегін алу
Сүбеден қабырға сүйектерін алу
Сүбеден терісін сыпыру
Сыбаға кесектеріне турау
1-сурет. Орташа және ірі балықтарды терісіз, сүйексіз сүбеге бөлшектеу сұлбасы.
Қабыршақсыз балықтарды өңдеу Қабыршақсыз балықтарды сырты сілекейлі, тығыз терілі, көбіне-көп қара түсті болады да дәмі жағымсыз келеді. Сондықтан балықты өңдеу кезінде одан терісін сыпырып алады. Кейбір қабыршақты балықтарды қабыршақсыз балықтар сияқты өңдейді. Сондықтан оларды қабыршақсыздар тобына қосады.
Бекіре балықтарды өңдеу Бекіре балықтардың басқа балықтардан айырмашылығы – сүйек қаңқасының болмайтындығында және денесінің сыртында бірнеше қатарда үлкенді-кішілі сүйекті жалпақша-қоңызшалардың болуында.Тамақтану кәсіпорындарына, көпшілік жағдайда, тоңазытылған күйде жеткізіледі. Олар ішкі мүшелерінсіз,өндірістік өңдеу кезінде уылдырығын алу процесімен бірге тоңазытылады. Бекіре балықтарын үстел үстінде не сөрелерде, пайда болған сөлдердің ағып кетпеуі үшін, құрсағын жоғары қаратып, балық цехтарында ауада жібітеді. Балықтың жібітіліп болғандығын олардың жұмсаруынан және тілінген жерлер арқылы қарағанда мұз кристалдарының болмауынан білуге болады.