Атап айтқанда: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік, эстетикалық, дене, еңбек және өнер т.б. тәрбиелер. Бұлардың мектепке дейінгі мекемелердегі тұтас педагогикалық үрдісті, жеке дара тұлғаны, салауатты өмір салтына бағыттайтын, жастар бойына білім, білік, дағды, іскерлік қасиеттерді дарытатын оқу орындарындағы басқа да дидактикалық құралдармен астасып, ұштасып негізгі мақсатқа жетуге зор ықпал ететіні анық [46, б.12].
Модель ретінде, сандарды зерттегенде, сандардың бастапқы тұжырымдама- ларын қатаң игеру үшін алғышарттар жасайды және күрделі ұғымдарды түсінуге негіз қалайтын санамдык (санау) ойынына сілтеме жасауға болады. Бұл балаларға қызығушылық тудырады, ойлауды, есте сақтауды, көңіл бөлуді ынталандырады. «Қуыр-Қуыр, Қуырмаш», «Санап ал» және басқа да көптеген ойын түрлері балаларды табиғатта болып жатқан құбылыстарды игеруге көмектеседі. Осылайша, белгілі орыс фольклористы Г.А.Виноградовтың анықтамасы бойынша ойын бастауышқа ұқсайтын ойыншыларды жылдам ұйымдастыруға, оларды жетекші баланың объективті таңдауы үшін орнатуға, ережелерді сөзсіз және нақты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бастамалар деген болатын. Бұл ырғақ, әуезділік пен ойынның алдындағы санамақ (санау) тән шумақтарымен жеңілдетіледі:
Қуыр-қуыр,қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шүлдір шүмек,
Сен тұр – қойына бар!
Сен тұр – қозына бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар ...
Мына жерде қатық бар ...
Мына жерде қытық бар ...
Қытық , қытық.....
Сонымен бірге, қазақ халқының ұлттық ойындары мектеп жасына дейінгі балалардың даралық тұлға ретінде қалыптасуына, олардың жеке басының жан-жақты өсіп-өркендеуіне де айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді. Біздің мектепке дейінгі мекемелерде жүргізген бақылау, эксперименттік жұмыстарымыз ұлт ойындары қатынасқан ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне және олардың оқта-текте ғана емес, әрдайым үзбей жүргізілуі мектепке дейінгі балаларының біртіндеп мүлде басқа моральдық, адамгершілік және дене дамуы жағынан оңды өзгерістерге ұшырайтындықтары анықтады. Ол үшін біз қатар топтарды алып оның бәрін бақылауға алдық та, екіншісіне эксперимент жүргіздік. Жүргізген жұмыстың нәтижесінде үнемі сабақта ойын элементтерін пайдаланған сыныптарда оқушылардың тәртібі, сабаққа қатынасы, сабаққа деген қызығушылығын, ынта-ықыласы үлгеру белсенділігі өсе түсті [47, б.92].
Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл-қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.
Бағдарламадағы ойынға бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек. Ол үшін тәрбиеші бағдарламада ұсынылған ойындарды іріктеп алып, оның мазмұнымен, ережесімен жете танысады. Тәрбиеші өз тобында ойынға қажетті құралдарды реттеп қоя отырып, ойынға тартады, ойын ойнау кезінде балалар өзара пікір алысып, жақындаса түседі. Тәрбиеші топтағы әр баланың мінез-құлқын ойын ойнау барысында әр қырынан көріп, білетін болады. Балалар достарында іріктеп алады, әр бала өз қалауымен достасады [48, б.75].
Сәбилер тобымен салыстырғанда, ересектер тобы балаларының ойынын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Сәбилер тобының балалары үшін ең қажеттісі – түрлі ойыншықтар. Ал ересекетер тобында ойын әрекетін ұйымдастыру ойыншықтардың аз-көптігіне қарамайды. Қайта ересектер тобының балалары ойынды өздігінен ұйымдастыру барысында қандай ойыншықтар керек екенін өздері келісіп, анықтайды. Олар өздерінің өмірден көрген-білгендерін, азды-көпті жинақтаған тәжірибелерін ойын кезінде әрі қарай өрбітіп, дамыта түседі. Ұжымдық ойын балалардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп, ұнамды мінез - құлық машықтарын қалыптастырады. Ересектер тобында ойыншықтардың тым көп болуы балалардың ойлауын, қиял қабілетін тежейді. Бұл топтың балаларына тән қасиет олар өздерінің ұшқыр қиялдарын іске жегіп, жаңа ойын түрлерін ойлап тауып,оларға қажетті атрубуттардың өзі болмағанымен, соларға ұқсас заттарды алмастырып пайдаланады. Тәрбиеші балалардың осындай шығармашылық бастамаларын дер кезінде қолдап, бағыт беріп отырған игі. Тәрбиешінің балаларға әсерлі әңгіме, ертегілерді оқып- айтуы, рөлдерге бөліп сахналатуы, сабаққа мәдени орындарға, т.б. көрікті жерлерге серуенге жиі апарып отыруы олардың білімін, танымын жан-жақты кеңейтеді [49, б.198].
Ұлттық ойындары мектеп дейінгі балалардың психикалық дамуы міндеттерін жүзеге асыруға ықпал ететін эмоционалды, танымдық және білім беру кешендерінің негізін қалайтын ұлттық және ойын фольклорының үлгісі ретінде танымал даналықтың бөлігі ретінде әрекет етеді.
Ұлттық ойындар ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық [50].
2 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Анықтау кезеңінің барысы мен нәтижесі
Зерттеу жұмысына байланысты жүргізілген тәжірибелік – эксперименттік жұмыс «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 61 бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мектепке дейінгі «Ақерке» және «Қызғалдақ» топтарында жүргізіліп, тәжірибелік – эксперименттік жұмысымызға 24 бала қатысты. Жүргізілген тәжірибелік – эксперимент жұмыстарымыздың мақсаты: қазіргі кездегі балабақшаларының және мектепке дейінгі топтардың қазақ халқының ұлттық ойындар арқылы балалардың дене тәрбиесін дамытудың үлгісін жасап, оны оқу үрдісіне пайдалану, ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесі дамыған белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстың міндеттері:
мектепке дейінігі 5-6 жастағы балалардың ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
балалардың ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың мазмұнын жүйелеу, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;
мектепке дейінгі 5-6 жастағы балалардың дене шынықтыру сабағында дене тәрбиесін дамытудың әдістемелік жүйесін көрсету.
Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты үш кезеңге бөліп қарастырдым.
I. Анықтау кезеңі;
II. Қалыптастыру кезеңі;
III. Қорытынды кезеңі.
Тәжірибелік – эксперименттік жұмысымның анықтаушы эксперимент кезеңінде экспермент және бақылау топтары алынды. Бақылаушы топ ретінде «Ақерке» тобының балалары 12 баласы, ал эксперименттік топқа «Қызғалдақ» тобының 12 баласы алынды. Мектепке дейінгі топта балаларының білім деңгейін анықтауға арналған әдістемелік диагностикалар, дене шынықтыру сабағы бойынша тапсырмалар беріліп, балалардың дене тәрбиесі анықталады.
Мектепке дейінгі топтың балаларының ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың оқу іс-әрекетінің білім деңгейінің анықтау мақсатында бақылау және эксперименттік топтарына әдістемелер жүргізілді. Осы тақырып аясында көптеген зерттеулер жүргізген А.Қ.Айтпаева мен С.Б. Адамбекованың әдістемелік нұсқаулықтарын пайдаландым.
№1 әдістеме «Кім білгір?»
Достарыңызбен бөлісу: |