Әдістеме №4 «Кім білгір?» А.Қ.Айтпаеваның әдістемелік нұсқауы бойынша.
Нұсқау:Бұл әдіс бойынша балаға суреттер беріледі. Бала суретте берілген ұлттық ойынның атын атауы қажет. Зерттеуді жүргізуші баланың тапсырманы орындауға жұмсалған уақытын секундомер көмегімен қадағалап, белгілеп отырады. Тапсырманы орындау уақыты ұпаймен саналады, соның нәтижесінде баланың қабылдауының даму деңгейі жайында қорытынды шығарылады.
Бағалау критерийі: 10-9 ұпай-бала тапсырманы 20 сек. кем уақытта орындап, осы уақыт ішінде берілген суреттердегі барлық ойындарды атап шықты.
8-9 ұпай-берілген тапсырманы орындау үшін балаға 25 сек. қажет болды.
6-7 ұпай-берілген тапсырманы орындау үшін балаға 30сек. қажет болды.
4-5 ұпай-берілген тапсырманы орындау үшін балаға 35-37 сек. қажет болды.
2-3 ұпай-берілген тапсырманы орындау үшін балаға 38-40 сек. қажет болды.
0-1 ұпай берілген тапсырманы орындау үшін балаға 40 сек. Артық уақыт қажет болады.