«Мақтау сөздер айту»
Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа, әр адамның жақсы қасиетін көре білуге тәрбиелеу.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, ал бір бала шеңбердің ортасына отырады. Балалар оның мінез-құлқындағы жағымды қасиеттерін, қабілетін, сыртқы келбетінің тартымдылығын айтып, мақтайды.
«Сиқырлы дүрбі»
Ойынның мақсаты: топтың әр мүшесінің жақсы жақтарын көре білу қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиеші балаларға «сиқырлы дүрбіні» көрсетеді және балаларға дүрбімен біреуге қараған кезде тек оның жақсы жақтары ғана көрінетінін түсіндіреді. Алдымен тәрбиеші дүрбімен қарап, топтағы бір баланың жағымды қасиеттерін атай отырып, үлгі көрсетеді. Содан кейін балалар дүрбімен құрдасына қарайды да, оның жақсы жақтарын көріп тұрғанын және ол қандай қасиеттер (мейірімді, әдепті, қамқор және т.б.) екенін айтады.
«Дос болайық бәріміз»
Ойынның мақсаты: ұжымда бірлікті қалыптастыру.
Балалар бір-бірінің артына тұрады да, алдында тұрған баланың иығынан ұстайды. Осы қалыпта олар әртүрлі кедергілерді еңсереді:
59
«көлді» айналып өту»;
«ну орман» арқылы өту»;
«жабайы жануарлардан» жасырыну.
Ойын барысында балалар өз серіктесінен қалып қоймауы керек.
«Паровоз»
Ойынның мақсаты: ұжымда үйлесімділікті, бірлікті қалыптастыру. Тәрбиеші балаларға өз тобының балалары тату, мейірімді, адал болуын
тілейтінін айта отырып, паровоз ойынын ойнауды ұсынады, онда «вагондар» бір-бірін шынтағынан ұстайтынын көрсетеді. Паровоз әртүрлі қарқынмен, ырғақпен, кедергілер арқылы жүреді. Балалардың ырғақты ән айтуларына болады. Ойынның шарты қолдарынан жібермей, біртұтас команда ретінде әрекет ету.
Достарыңызбен бөлісу: |