«Ата-аналарға қамқорлық жасау»
Ойын мақсаты: елгезектікке, ата-аналарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Балалар бірнеше қадам қашықтықта педагогке қарама-қарсы тұрады. Педагог кезекпен балаларға допты лақтырып, мынадай жағдайларда қалай
қамқорлық жасауға болатынын сұрайды:
анаңның шаруасы көп;
әкеңнің жұмысында қолайсыздықтар болды.
Ата-аналарға қалай көмектесуге болатынын ойлап тапқан бала алға бір қадам жасайды, бірінші болып тәрбиешіге жеткен бала жеңімпаз болады. Ойын соңында педагог балалардан өмірлік жағдайда өздері айтқандай әрекет етуді айтады.
«Қамқорлық гүлі»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке, ата-аналарға қамқорлық көрсетуге
тәрбиелеу.
Педагог балалардан анасы үшін жасай алатын бес істі атауды сұрайды.
Балаларға анасына бес жапырақшасы бар «Қамқорлық гүлін» салу ұсынылады.
Сурет салып болғаннан кейін педагог балаларға өздері ойлаған істерін жасап, анасына «Қамқорлық гүлін» сыйлауды ұсынады.
«Кім жауапкершілік танытты»
Ойынның мақсаты: жауапкершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Балалар бірнеше қадам қашықтықта тәрбиешіге қарама-қарсы тұрады.
66
Тәрбиеші балаларға кезек-кезек доп лақтырып, мына жағдайда адам жауапкершілік танытты ма деп сұрайды:
анасы шаршағанына қарамастан қызына қуыршақ театрына ойыншық тігуге көмектесті;
балалар саяжайға кетіп, мысыққа тамақ қалдыруды ұмытып кетті;
күн сайын қыз бала бөлмедегі өсімдіктерді суару үшін ерте тұрады;
теңізге барар алдында әкесі ұлына жүзуді үйретті.
Егер допты ұстап алған ойыншының пікірімен балалардың көпшілігі келіссе, ол алға бір қадам жасайды. Егер қалған қатысушылар оның пікірімен келіспесе, ойыншы орнында қалады және балаларға бұл мәселені талқылау ұсынылады.
«Диалог»
Ойынның мақсаты: жауапкершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Педагог балаларды жұптарға бөледі және оларға үй жануарлары бейнеленген карточкаларды таратады.
Балаларға үй жануарлары мен оның иесі арасындағы диалог-көріністі ойлап табу ұсынылады, онда иесі үй жануарына қалай қамқорлық жасайтынын және бұл кезде «үй жануарлары» қалай сезінетінін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |