Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения


Күз Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау Күзде



бет67/116
Дата11.03.2023
өлшемі10,78 Mb.
#171939
түріРуководство
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116
Байланысты:
rukovodstvo kz 131222
2 7 тапсырма Бекенова С маг 1 5
Күз

Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық-ау




Күзде
Сап-сары ала теректер,

Сап-сары ала атырап.


Сәл тербесе самал жел,


Түсіп жатыр жапырақ.

Қ.Ыдырысов

О.Асқар






Күз келді
Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.


Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.


Күз

Қарашы, күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді. Құс біткен керуен түзеді, Көңілсіз неліктен күз енді.



114

Айнала жым-жырт, Көк аспан сұрғылт. Жер жыртқан таңда, Трактор қырда.
Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде.


Күз

Шаттандырып біздерді, Шат-шадыман күз келді. Шатыр тікті сары алтын, Шартараптың бәрі алтын.



М.Әлімбаев


Ә.Табылдиев
Қара бұлт қабағын түйеді, Бұталар боз қырау киеді. Осы ма, осы ма күз деген, Мектепке баратын бізбенен.
Н.Жанаев



Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтар

Көктемде
Ақ гүлге оранады,


Күзде

Қолға доп болып оралады. (Алма)

Желілері жайылып,


Жол-жол болып жатады,


Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Түр көп маржан тасындай,

Мойыл моншақ тізіліп. (Жүзім)


Ортасында қазығы, Бұтағында азығы (Алма)


Тіл үйірген дәмі бар, Сары алтын-түс сәні бар, Шақсаң егер кептіріп, Сүйегінің дәні бар, Баққа тұрар сән беріп, Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)

Іші аумаған жүгері,


Түрі-түсі алмадай,
Ойымның жоқ бүгері,

Жесең бал деп қалмағай.(Анар)


Бұйра тұлымы,


Желмен ойнайды,


Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (Сәбіз)

Шертсең көк жолақ сыртынан, Піссе үн шықпас ұртына. Шикі болса, сампылдап,


«Тиме» дейді-таңқылдап. (Қарбыз)


Бақшадан жер қазып,


Жиып алдым жез қазып. (Сәбіз)


Түбі толған құмалақ. (Картоп)



115

Тігіп алып көк шатыр, Қызылкүрең доп жатыр.(Қызылша)

Аласа тал,


Тамаша тал,
Самсап тұр алмасы,
Ол - алқызыл,

Ол - қанқызыл,


Боялғанша алмашы. (Қызанақ)

Көрсең өскен желісін,


Жапырағы қазтабан.
Мөлдір қара жемісі,

Қыста емес, жаз табам. (Қарақат)


Күн нұрымен піседі,


Уылжып қолға түседі. (Жеміс)
Доптар жатыр желісі бар, Қабат-қабат терісі бар.
(Қырық қабат)

Күнді аңдып шалқалап,


Гүлмен жапқан қалқалап,
Бақшада өскен теректің
Дәндерінен май тамар,

Шағып жеген нәр табар. (Күнбағыс)


Бұтаға ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл,


Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)


Қар астында қыстады,


Ақпен бөркін тыстады. (Бәйшешек)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет