ТӘРТІП САҚТАП ЖҮРЕМІН
Үйренуден тынбаймын, Білімімді шыңдаймын. Кішілерге қамқормын, Үлкендерді тыңдаймын.
Велосипед теппе деп,
Айтпаса да, еп керек.
Жүгірмеймін доп қуып
Көліктерге бетпе-бет.
Көше жаққа бармаймын, Таса жерде қалмаймын. Ойнау үшін арнайы Орындарды таңдаймын.
Өзенде де, тауда да,
Саябақта, аулада
Тәртіп сақтап жүреді
Шымыр, дені сау бала.
Қ.Шағыр
Бағдаршам
Тағдыр деген, шырағым, Қателікті кеше ме, Күтіп қана тұрамын, Қызыл жанса көшеде.
Зер саламын бар маңға, Сабырлымын, саспаймын. Ал сарысы жанғанда, Дайындала бастаймын.
Жабықпаймын жасықтай, Мектепке әлі жетемін. Жасыл жанса асықпай, Арғы бетке өтемін.
Зейін қойып бекемдеп,
Оқулықтан жаттағам...
Қағып кетпесе екен деп, Мәшинеден сақтанам.
О. Байбақұлы
113
Жол қауіпті Ойнамаймын отпенен
Ойынқұмар десе де, Ақылды үміт ақтайды,
Сақтық керек, құптаймын. Мақтамағын мақтағын,
Мәшинелі көшеге, Ойыншыққа жатпайды,
Велик мініп шықпаймын. Сіріңке мен шақпағың,
Бұған көңіл бөлмеген, Ойлағандар ұғады,
Ащы азабын тауыпты... Сақтық жақсы деп келем,
Өйткені үлкен жол деген, Өрт ұшқыннан шығады,
Қауіпті ғой қауіпті. Ойнамаймын отпенен.
О. Байбақұлы О. Байбақұлы
Бағдаршам
Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,
Қиылыста қарсы алады бағдаршам.
Менікіндей екеу емес, үш көзді,
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.
Қозғалысты қалт жібермей қырағы,
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады.
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:
– Қызыл түс – қимылдама, баспа алға, Қиылыста қарап тұрма аспанға.
С – Сары түс – сәл сабыр ет, дайындал, Ж – Жасыл түс, жүре бергін, жасқанба.
Қ.Шағыр
Достарыңызбен бөлісу: |