Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Етістіктің сөзжасамы. Салт және сабақты етістіктер. Есімше. Көсемше. Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері. Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; сөйлемдердің стилистикалық реңктері. Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Тыныс белгілері. Бақылау жұмысы: Коллоквиум (1сағат). Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлама элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлама элементтері арқылы сипаттау. Тақырыпқа қажетті грамматикалық құрылымдарды пайдалану: - тақырып бойынша субъект, оның қимыл-әрекетін сипаттау.
Қазақстан халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған жанашыры – Н.Ә.Назарбаевтың өмірі және еңбек жолымен танысу, мемлекет ісіне араласып жүрген жас көшбасшылар мен жаңа заман басшысының келбеті қандай болу керектігі туралы талқылап, өз пікірлерін тұжырымдау, мәтін мазмұнында берілген ойды толықтыру, басшыға тән қасиеттерге сипаттама жазу. Қазақ тіліндегі етістік категориясы жайлы теориялық білімдерін толықтырып бекіту, сөйлесім жағдайында дұрыс қолдана білу.
Бағалау параметрлері:
Білім алушылардың көреген басшы, оған тән қасиеттер, болашақ жас көшбасшылар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:
Достарыңызбен бөлісу: |