Русский язык


- көрген және оқыған мәтіндерді бағалап, қажетті ақпараттар ала отырып, өз пікірлерін білдіре ; -



бет80/154
Дата12.10.2020
өлшемі1,63 Mb.
#66868
түріПояснительная записка
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   154
- көрген және оқыған мәтіндерді бағалап, қажетті ақпараттар ала отырып, өз пікірлерін білдіре ;

- оқу бағдарламасындағы қажетті тілдік материалды, грамматикамен жұмыс істеу барысында терминдердің мәнін, қолданысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп түсіндіріп айта алуы тиіс;
10-модуль. Заманауи технологиялар (10 сағат)

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар дәуірі

Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың дамуы. Ақпараттық сауаттылық – бүгінгі заман талабы. Ғаламтор – әлемдік желі.


Тақырып бойынша сөздік қорын байыту: Сөздердің мағыналық топтары. Сөздердің стилистикалық реңктері.

Грамматикалық материал: Құрылымдардың синонимдерін (1 ойды жеткізуге арналған сөйлемдер тобын) белсендіру; себеп бағыныңқылы сабақтас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас, шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді қолдану. Сөйлемдердің стилистикалық реңктері.

Орфографиялық және пунктуациялық материал: Үндестік заңының жазылу мен айтылудағы көрінісі. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.


Бақылау жұмысы: Шығарма (2сағат).

Күтілетін нәтижелер: Жазбаша монологтық сөйлесім (көлемі 200-250 сөз, 6-7 тақырыпшадан тұрады), сипаттау және хабарлау элементтері арқылы пайымдау, пайымдау және хабарлау элементтері арқылы сипаттау.

Бағалау параметрлері:

Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласының дамуы, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық сауаттылық, ғаламтор және әлеуметтік желілер, компьютердің зияны мен пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.

Алған білімдерін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу:

1. Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

1.1. Монологтық сөйлесімде:

- ақпараттық технологиялар туралы мәтіндер арқылы меңгерген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтіндегі ойды өз сөзімен, өз пікірі мен көзқарасын білдіре отырып баяндау.

- осы мәселеге қатысты қосымша ақпараттарды әзірлеп, жеткізе білу.

1.2. Диалогтық сөйлесім түрінде:

- екі немесе одан да көп адамдармен аталған тақырып аясында диалогқа түсуі, олардың пікіріне өз қарсылығын немесе құптауын білдіру, пікір сайысқа қатысып, өз ойының дұрыстығын дәлелдеу.

1.3. Мына салалар бойынша тілдің дұрыс қолданылуы:

а) лексика;

ә) грамматика;

б) орфоэпиялық дағдылардың сақталуы.

1.4. Жазбаша түрде:

- мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, күрделі жоспар құру, шағын эссе жазу.

Оқушы:

- жаңа сөздерді өзара қарым-қатынаста мағынасына қарай дұрыс қолдана алуы;

- тақырып төңірегінде және қатысым жағдайында өз ойын, пікірін айта білуі;

- тіл мәдениеті нормаларын (сөйлеу, тыңдау әдебі, әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік қолданыстар т.б.) сақтай отырып, сауатты да әсерлі жаза алуы;

- сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерінің жасалу жолын меңгеруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет