31-апта. «Қазақстандағы IT саласының дамуы» тақырыбы бойынша мәліметтер дайындау.
32-апта. «Компьютер» тақырыбына сөзжұмбақ әзірлеу.
33-апта. «Ғаламтор желісі» тақырыбында пікірсайыс өткізу.
34-апта. ІV-тоқсанда өткен лексикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмаларына жауап беру.
ОӨЖ-дің мазмұны мынандай талаптарға сай болуы қажет:
- өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;
- өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы;
- тапсырма мазмұны тіл үйренушілердің ерекшеліктерін ескере отырып жасалуы;
- өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрылуы;
-берілген тапсырмалар жүйелі, түсінікті, мазмұны қызығушылық туғызатындай болуы;
- тапсырма дидактикалық принциптерге сай болуы;
- әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |