С. А. Шмаков Психологтар: Д. Б. Эльконин Е. А. Покровский Л. С. Выготский Е. А. Аркин Өндірілген мекен-жайы



Дата21.04.2024
өлшемі0,94 Mb.
#201105
Байланысты:
картотека 5алымдар


Дидактикалық ойынды зерттеген педагог-психологтар
Педагогтар:
К. Д. Ушинский
Н. Құлжанова
С. Т. Шацкий
А. С. Макаренко
Н.К.Крупская
М.Горький
В.Сухомлинский
С.А.Шмаков
Психологтар:
Д.Б.Эльконин
Е.А. Покровский
Л.С. Выготский
Е.А.Аркин
Өндірілген мекен-жайы:
Алматы қаласы,Талғар ауданы
Байланыс құралдары:
+7 747 279 71 90
gmail: dilnazbaktiarova.2003@gmail.com
Меншік иесі:
Бақтиярова Д.А.
К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».
Д.Б.Эльконин өзінің «Психология ойыны» атты кітабында «ойын» сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т.б.
С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек».
А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».
Н.К.Крупская «балалар үшін ойын - оқу , олар үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы» - дейді, ата-аналарына арналған лекцияларында
М.Горький «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болса, соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойынның үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады» , дегені мәлім.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ойын бала үшін — нағыз өмір.
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты – бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.
Белгілі психолог Л.С. Выготский: «Қандай да бір оқыту үшін тиімді, яғни өте бір қолайлы мерзімдер болады. Олардан жоғары, не төмен талапты ауытқу, яғни тым ерте, не болмаса тым кеш оқыту мерзімдері баланың ақыл-ойының даму барысында қолайсыз әсерін тигізеді» деген. Осы орайда, «Балаларды мектепке дайындау – оларды оқытып, санатып, әйтеуір білім беріп шығару» – деп, білімдік, тәрбиелік үрдістердің дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізу ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі сөзсіз. Мектепке дейінгі балалардың жасы мен мен психофизилогиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу жұмыстарында түрлі әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданып, ойын түрінде ұйыдастыру нәтижелі болмақ. Ал, осы талаптағы жұмысты іске асыру әр тәрбиешінің шығармашылық ізденістері мен шеберлігін қажет етеді.Ойын ешқашан өзінің қызығушылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны сипаты өзгереді. Балалардың психикалық ерекшеліктерін негізге ала отырып ой танымын, қиялын, тілін, ой өрісін дамыту мақсат етілген. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет