С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»



бет10/21
Дата13.04.2020
өлшемі1,88 Mb.
#62332
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Кажиахметов С.А. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері


Құба орман топырақтары.

Құба орман топырақтары сұр орман топырақтары сияқты жапырақты ормандар астында, бірақ ылғалды және жылы климатты аймақта түзіледі. Бұл топырақтар Батыс Еуропада кең таралған. Бұл топырақтарды алғаш зерттеген неміс ғалымы Э. Раманн. Құба орман топырақтары Карпатта, Таулы Қырымда, Кавказдың жылы және ылғалды аудандарында, Ресейдің Приморье жағында жақсы дамыған. Солтүстік Америкада жалпақ жапырақты ормандардың құба отпырақтары құрықтың Атлант мұхиты жағында таралған. Ол солтүстігінде шымды күлгін топырақтар мен оңтүстігінде қызыл-құба орман топырақтары мен қызыл топырақтармен шектеседі. Топырақ қабатының құрылысы төмендегідей:

А – гумусты горизонт, сұр құба түсті, құрылымы кесекті. Қабат қалыңдығы 20-25 см

В – жоғарғы бөлігінің түсі ашық қоңыр құба, сазды, құрылымы кесекті-жаңғақты. Төменгі бөлігінде құрылымы ірілене түседі. Қабат қалыңдығы 50-60 см.

С – топырақ түзуші қабат. Лесс тәрізді саздақты жыныстар. Карбонатты жаңа заттар кездеседі.

Құба орман топырақтарында гумус мөлшері 4-6%. Батыс Еуропада тыңайтқыштарды көп енгізсе бұл топырақтардан ауыл шаруашылық дақылдарынан көп өнім алуға болады. Германияның оңтүстік бөлігінде және Францияда құба орман топырақтарын жүзім егуге пайдаланады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Аралас орманды зонаның климаты мен өсімдік жамылғысы қандай?

  2. Аралас орманды зонада қандай топырақтар таралған?

  3. Сұр орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

  4. Құба орман топырақтарының ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
13 дәріс

Тақырып: Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалар топырақтары

Мақсаты: Шалғынды және шалғынды-алуаншөптесінді далалардың қара топырақтарының жер бетінде таралу және морфологиялық ерекшеліктеріне, топырақ құраушы жыныстарға тоқталып өту.

1. Қара топырақтардың таралуы. Ауа райы жағдайы. Жер бедері мен топырақтүзуші жыныстар.

2. Қара топырақ морфологиясы. Топырақ құраушы жыныстар. Жіктелуі.
Шалғынды және шалғынды-далалы ландшафттың автоморфты топырақтары қара топырақтар деп аталады. Қара топырақтар жолақ болып Шығыс-Еуропа жазығы, Оңтүстік Орал және Батыс Сібір арқылы Алтайға дейін созылып жатыр.

Полтава губерниясының егіншілеріне кара топырақ туралы оқыған лекциясында Докучаев «Топырак Ресейдің негізгі байлығы, ал оның ішінде қара топырақ — «топырақ патшасы» деген болатын.

Қара топыракты аймақ жазык келеді, онын ауа райы да жанлы. Бүл жерлердің жазы жылы, кысы суык. Түсетін ылғалдын мөлшер

Қара топыракты аймақтың көлемі, орманды-далалы зонаның ішіндегі қара топырактарды косканда 1905 мың шаршы километр немесе ТМД территориясының 9%-не жуык. Қара топырақтар морфологиялық ерекшеліктері бойынша жақсы дамыған қарашірікті-аккумулятивті қабаттардың болуымен ерекшеленеді. Қара топырақтардың құрылысы төмендегідей:

А0 – дала текеметі. Қабат қалыңдығы 1-3 см, шөптесін өсімдіктердің қалдықтарынан тұрады, тек тың жерлерде кездеседі.

А – гумусты қабат. Түсі ылғалды күйде қою қарқынды қара болады. Қабаит қалыңдығы 40-60 см. Құрылымы жоғарғы бөлігінде дәнді, ал төменгі бөлігіне қарай кесектіге ауысады. Өсімдік тамырларына бай.

В - өтпелі қабат. Түсі қара-құба, бірте-бірте топырақ түзуші жыныстар түсіне ауысады. А қабатынан В қабатына тіл тәрізді болып қарашірік жылжымалары кездеседі. Құрылымы жоғарғы бөлігінде кесекті, төменгі бөлігінде қысқа призмаға ауысады. Өсімдік тамырлары аз. Төменгі бөлігінде карбонатты жаңа заттар кездеседі. Қабат қалыңдығы 40-60 см.

С – топырақ түзуші қабат. Жоғарғы бөлігінде карбонатты жаңа заттар кездеседі. Кей ғалымдар бұл қабатты карбонатты-иллювиальды қабар ретінде қарастырады және Вк әрпімен белгілейді. Төменгі бөлігінің құрылымы - призмалы.

Гумусты горизонттардың қалыңдығына байланысты қара топырақтардың келесідей түрлері бар:


  • өте қуатты - 120 см жоғары

  • қуатты - 80-120 см

  • орташа қуатты - 40-80 см

  • әлсіз қуатты - 25-40 см

  • өте әлсіз қуатты - 25 см төмен

Кара топырақтар — карашірікке ең бай топырак. Қараішірік мөлшері бұл топырақтарда 4%-тен 12—13%-ке дейін жетеді. Топырақтағы қарашіріктің мөлшеріне карай қара топырактар үш зонашаға бөлінеді:

а-- карашірігі мол немесе терістік қара топырак;

б— карашірігі орташа немесе кәдімгі кара топырак;

в — карашірігі аз немесе оңтүстік кара топырағы.

Сондай-ақ гумусты горизонттағы гумус мөлшеріне байланысты түрлері:


  • көп гумусты - 9-дан жоғары

  • орташа гумусты - 6-9

  • аз гумусты - 4-6

  • әлсіз гумусты - 4-тен төмен

Қара топырақты зонаның солтүстігінде сілтіленген қара топырақтар дамыған. Бұл қара топырақтардың басқалардан ерекшелігі карбонаттты горизонттың төмен орналасуы. В қабат пен С абатының арасында сілтіленген карбонаттар бар қабат болады. Аталуы да соған байланысты. Сілтіленген қара топырақтармен бірге қара топырақты зонаның солтүстігінде күлгінденген қара топырақтар таралған. Белгілері бойынша сұр орман топырақтарына жақын Күлгінденген қара топырақтар орманды далада орман астында түзілген деген болжам бар. Гумусты қабат қалыңдығы 30-70 см. Тұз қышқылында қайнау тереңдігі 120-150 см. А қабатының гумус мөлшері 5-12% аралығында. Топырақ орта реакциясы лсіз қышқылды (рН 5,5-6,5). Бұл топырақтар Кавказ маңының батыс бөлігінде, Молдавияның орманды далаларында таралған.

Кәдімгі қара топырақтар Украина, Орыс жазығында, Батыс Сібірде, Солтүстік Қазақстанда таралған. Олар алуан шөптесінді – селеулі өсімдік жамылғысы астында түзілген. Қазіргі таңда түгелдей жыртылған. Гумусты горизонт орташа қуатты (40-80 см). Гумус мөлшері 6-8%.

Оңтүстік қара топырақтарда гумусты қабат қалыңдығы 25 см-ге дейін қысқарады, В қабаты карбонаттарға қаныққан. В қабатының төменгі бөлігінде ұсақ ипсті жаңа заттар болады. Молдавияда және Кавказ маңы жерлерінде климаттың жылы әрі ылғалдың мол болуына байланысты гумусты қабаттардың қалыңдығы жоғары болады. Бұл қара топырақтарда гипсті жаңа заттар болмайды. Бұл қара топырақтарда мицелийлі-крбанатты қара топырақтар деп аталады.

Еуразия құрлығындағы қара топырақтар жолағын үлкен 4 облысқа бөледі:



  • Оңтүстік Европа тобы ( Молдавия, Оңтүстік Украина, Кавказ маңы жерлері)

  • Шығыс-Европа тобы (Ресейдің еуропалық бөлігінің көп бөлігі)

  • Батыс және Орта Сібір тобы (Батыс сібір және Қазақстан, Орталық сібір жерлері)

  • Шығыс Сібір тобы (Байкал маңы далалары)

Бұл зонадағы, негізінен, даланын дәнді шөбі, бұршақ тұкымдастар, жусан тағы да баска өсімдіктер өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер бетіндегі вегетативтік орган-дарынан көп артык болып келеді. Аймакты жел жаксы қағады, күннің көзі де жаксы жылытады. Жазда жанбыр аз түсіп, өсімдік калдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап шіриді. Сондыктан топырактын бағалы бөлігі —қарашірік мол жиналады. Топырақтыц қара түсті болатындығы да осыдан. Қарашірік топырақ бөлшектерін бірікі фіп, жаксы кұрылым структура құрайды. Топырак реакциясы бейтарап, топырақтың сіңіру-алмастыру кешепі сіңірілген кальций катионына бай.

Қара топырақтар өсімдіктерге қажетті қоректік заттарга бай келеді. Қоректік заттар жауын-шашын көп болгапдыктан және ауа райының жылылығынан жуылымның көптігі , топырақ қабаттарында, өсімдік тамырларына керекті жерлерде жатады.

Қара топырақтың химиялық кұрамы бай, сондыктан жоғаргы кұнарлылығымен көзге туседі. Қара топыракты Докучаев «Топырак патшасы» деп тегін айтпаса керек. Бұл зонаның 70—75%-не жуығы жыртылған жерлер. Ауыл шаруашылығынын барлык дақылдары. әсіресе бидай, жүгері, қант қызылшасы тараған ай­мак.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қара топырақтар жер бетінде қалай таралған?

  2. Қара топырақтар қалай бөлінеді?

  3. Қара топырақтардың ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
14 дәріс

Тақырып: Құрғақ дала мен шөлейт зоналарының топырақтары.

Мақсаты: Құрғақ дала зонасының қара қоңыр топырақтарына, топырақ құраушы жағдайларға, жіктелуіне тоқталып өту.

1. Құрғақ дала зонасының қара қоңыр топырақтары. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі.

2. Қара қоныр және құба топырақтар.
Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары. Кара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтана бастайды. Бұл ал-каптарда ауа райы жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану анағұрлым мол. Ылғал мөлшері жылына 200—350 мм-дей-ақ. Осыған орай өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-жусанды құрғак дала басады. Міне, осындай жағдайлардың әсерінен өсімдіктердің топыракқа түсетін қалдықтары да азайып, карашірік мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қызғылт-кара коңырға өзгереді.

Құрғақ және экстраконтинентальды жағдайда құрғақ және шөлейт далалы жерлерде қара-қоңыр (каштан) және құба шөлейт топырақтар дамиды. Олар әсіресе Азия территориясында көптеп таралған. Қара-қоңыр топырақтар жолақ болып Қара және Азов теңіздерінің жағалауында орналасқан. Қазақстан территориясында кеңінен таралған. Шығыс бөлігі Оңтүстік шығыс Байкал маңы далаларында таралған. Ал шөлейт-құба топырақтары негізінен Қазақстанның шөлейт аймақтарында таралған.

Бүкіл жер шары бойынша қара-қоңыр топырақтар 262,2 млн. га жерді алып жатыр. ТМД территориясында қара-қоңыр топырақтар 107 млн.га жерді алып жатыр, яғни бүкіл территориясының 4,8%-ы. Құрғақ және шөлейт далалардың климаты қатаң континентальды. Орташа жылдық температура еуропалық бөлігінде 5-90С , ал азиялық бөлігінде 3-40С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300-350 мм-ден 200 мм-ге дейін азаяды. Өсімдік дүниесі негізінен далалық астық тұқымдас өсімдіктер мен жусан. Жусанды-бетегелі және жусанды-бозды-бетегелі далаларды бөліп көрсетуге болады. Өсімдік биомассасы 100 ц/га. Топырақ түзуші жыныстар лесс тәрізді саздақтар.

Қара-қоңыр топырақ қабаттарының құрылысы төмендегідей:

А – сұр қара-қоңыр түсті гумусты қабат. Өсімдік тамырлары өте көп таралған. Құрылымы кесекті. Қабат қалыңдығы 15-25 см.

В – қоңыр-құба түсті өтпелі қабат. Тығыздалған. Құрылымы жоғары бөлігінде ірі кесеті, ал төменгі бөлігінде қысқа призмалы. Қабат қалыңдығы 20-30 см. Төменгі бөлігінде ақ көзшелер (белоглазка) түріндегі карбонатты жаңа заттар кездеседі.

С – сары құба түсті аналық жыныс қабаты. Жоғары бөлігінде карбонатты жаңа заттар, ал 1-1,5 м тереңдікте гипті жаңа заттар кездеседі.

Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаныц қиыр солтүстік шетінде күңгірт қызғылт-кара қоңыр то­пырак кездессе, орталырында жай кызғылт-кара коңыр топырак, ал оңтүстігінде ашық қызғылт-кара коңыр топырактар кездеседі.

Бұл зонаның көлемі үлкен емес. ТМД территориясының 3—4%-тейін алып жатыр, оның басым көпшілігі Қазакстан жерінде, біразы Ресейде. Ауа райы кұрғақ болғандыктан зонаның басым жері жайылым. Дегенмен күңгірт, қызғылт-қара қоңыр, жай кызғылт-кара коңыр топырактар зонашаларында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардыц 30—40%-не жуық. Ал ашык қызғылт-кара коңырлы топырақты зонашада егістен өнімді суар-майынша алу қиын. Онда тәлімі егістер тіпті аз.

Қара-қоңыр топырақтарды 3 тип тармағына бөлуге болады:



  • Күңгірт қара-қоңыр

  • Қара-қоңыр

  • Ашық қара-қоңыр

Гумусты қабаттың қалыңдығына байланысты қара-қоңыр топырақтардың келесідей түрлері бар:

  • Қуатты – 50 см жоғары

  • Орташа қуатты – 30-50 см

  • Аз қуатты – 20-30 см

  • Өте аз қуатты – 20 см төмен

Сондай-ақ құрамындағы алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр

топырақтардың келесідей түрлері бар:



  • әлсіз сортаңды – 3-5%

  • орташа сортаңды – 5-10%

  • күшті сортаңды – 10-15%

Құба-шөлейт топырақтардың алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр топырақтардың келесідей түрлері бар:

А – құба түсті гумусты қабат. Құрылымы кесекті. Төменгі бөлігі бірікпеген

үгілмелі болып келеді.

В – қоңыр-құба түсті, тығыз қабат. Құрылымы кесекті-қысқа призмалы. Қабат қалыңдығы 20 см дейін.

С – аналық жыныс қабаты. Құрылымы призмалы. Гипсті жаңа заттар кездеседі.

Құрғақ және шөлейт далалы зона топырақтарындағы гумус мөлшері онша үлкен емес - 2-5%. Күңгірт қара-қоңыр топырақтың гмусты горизонтындағы гумус мөлшері - 3,5-5%, қара-қоңыр топырақтарда – 3-4%, ашық қара-қоңыр топырақта – 2-3%, ал құба шөлейт топырақтарда - 2% шамасында. Гумус мөлшерінің қабат бойынша өзгеруі – біртіндеп. Қара топырақтан ерекшелігі қара-қоңыр топырақта гумин қышқылының мөлшері төмен болып келеді.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қара-қоңыр топырақ қабаттарының құрылысы қандай?

  2. Қара-қоңыр топырақ түрлерін атаңыз?

  3. Алмасты натрий катионының мөлшеріне қарай қара-қоңыр топырақтардың қандай түрлері бар:

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
15 дәріс

Тақырып: Даланың гидроморфты топырақтары. Шөл топырақтары.

Мақсаты: Зонааралық (сорланған, сортаң, солодтар) және зонасыз (құм және т.б.) топырақтардың морфологиялық және химиялық ерекшеліктеріне, топырақ құраушы жағдайларына тоқталып өту.

1. Зонааралық (сорланған, сортаң, солодтар) және зонасыз (құм және т.б.) топырақтар.

2. Шөл топырақтары

Сор және сортаң топырақтар

Жер үстінде топырақтар белгілі бір тәртіппен алқап түрінде орналасқанмен олардық ішінде айналадағы то-пырақтарга ұқсамайтын, аумағы түрліше болып келген басқа топырақтардьщ кездесетіндігін жогарыда айтып кеткенбіз. Мұндай топырақтар жоғарыда көрсетілгендей түрлі себептерден пайда болады. Олардың ішінде сортан, батпақ, скелетті және басқа топырақтарды атап көрсетуге болады. Бұлардың ішінде ең жиі кездесетін (орманды дала, дала, шел аймақтарында) топырақтарды, атап айтқанда сор және сортаң топырақтарды сипаттай кетелік.

Шалғын сор топырақтары климаты құрғақ, қоңыр-салқын, жылы не ыстық жерлерде, көбінесе ерігіш түздарға бай аналық жыныстарда пайда болады. Бірақ олар жауын суларына аз шайылатын жағдайларда тұзы жоқ жыныстарда да құрала алады. Бұл ыза сулары қылтүтіктер арқылы топырақтың беткі қабаттарына дейін көтеріле алатын ойпаңдау жерлердің топырақтары. Ыза суларының қайсысы болмасын топыраққа азды-көпті ерігіш тұздар алып келеді. Күн сәулесінің копырық ыстығынан су буланып ұшып кетеді, ал тұздар, егер олар-ды жаңбыр сулары шайып кетпейтін болса, ақ қабыршақ болып топырақтың бетінде қалып отырады.

Ыза суында тұз неғұрлым көп болып, топырақ бетінен оның буланып ұшуы неғұрлым күшті болса, сор топырақ солғұрлым тез пайда болады.

Сор топырақтар құрғап кеткен ащы көлдер мен ызаның ащы сулары жақын жатқан теңіз жағалауларында да құрала алады.

Сор топырақтарды олардық құрамындағы тұздарға карай: гипсті, сульфатты, хлорид-сульфатты, сульфат-хлоридты, нитратты, содалы, известі және басқа түрлер-ге бөледі. Орта Азияда қақ, сор деп аталатын тұзды батпақтар кеп жерлерді алып жатады.

Топырақта жинақталатын кейбір тұздар, мысалы хлорлы кальций, ауадағы су буларын күшті жұтады. Сор топырақтың қүрамында мұндай тұз көп болса, оның жо-ғарғы қабаттары дымкыл болып тұрады, сондықтан оны «сулы» сор топырак деп атайды.

Сор топыракта оны борпас, шашылғыш, «мамықтай» жұмсақ ететін күкірт қышқыл натрий сияқты тұздар да бар. Сор топырақтарда, оларға бейімделген, шамалы шөп-тер — сорақ ғана өседі.

Жаксарту жұмыстары тыңғылықты жүргізілмейінше сор топырақтар мәдени өсімдіктер егуге жарамайды.

Сор топыракты жақсарту үшін оны сумей жуады, су топырақтағы зиянды, артық түздарды ерітіп алып кетеді. Күкірт қышқыл натрий, хлорлы натрий және сода сияқты тұздары бар сор топырақтарды жуғанда топыраққа гипс қосу (егер топырақта және оны жуатын суда гипс пен известь аз болса) керек, немесе сордың орнына өзініц қасиеттері жөнінде қолайсыз басқа топырақ-сортаң топы­рак пайда болады.

Жуған сор топыракты құрғағаннан кейін өңдеп, өсімдіктерге керекті коректік заттармен тыңайтып, мұнан кейін мәдени өсімдіктрр егуге болады.

Сортақ топы.рақтар сор топырақтар сияқты, сортаңдар да көбінесе кара топыракты аудандардан бастап кездеседі, бірақ олар коңыр және кұба топырақ алқаптарында ерекше көп. Жаппай қаптап жатқан сор-таңдардың ішінде құба топырақтар жеке тақба ретінде ғана кездесетін жерлер жиі ұшырайды.

Сортаңдар көлбеу баурайлардың етектерінде, өзендер-дің екінші террасаларында, даланың шамалы ойпаңдарында («тостағаншаларында») орналасады.

Шалғын сортақдары. Көпшілік жагдайларда сортаңдар жоғары қабаттары суға үзақ уақыг бойы жуылған cop топырақтардан пайда болады деп болжауға болады. Сордың жоғарғы қабатынан оңай еритін түз, известь, соқынан қарашірік, темір мен алюминийдің сулы тотықтары шайылып кетеді. Қең ойпаңдар мен өзен тер­расаларында сор топырақтың жауын-шашын суларына мұндай жуылуы олардың жерасты сулары қылтүтікше-лер арқылы топырақтың беткі қабатына жете алмайтын-дай тереңдіктерге дейін темен түскен жағдайларда ғана жүруі мүмкін. Жуылған заттар — натрийға қаныққан қа рашірік, темір мен алюминийдін, сулы тотығы және басқалар сумен бірге топырақтың төменгі қабаттарына тү-сіп, бір бөлімі шөгіп қалады да, екінші бөлімі онан әрі қарай төменге кетеді. Тозақдық бөлшектер жинактала-тын топталу горизонты күшті тығыздалады, ал кепкен кезде жарғышақталып жеке ұзын бағанашаларға, ірі кесектерге не ірі «жаңғақтарға» бөлінеді.

Демек, сортақда айқын көрінетін бірнеше қабатты байқауға болады. Бұл сортаңнын, (кара-топырақ аймағындагы) ең жоғарғы кабаты сұр коңыр түске боялып, ірі кесектерге бөлінеді. Оньщ қалыңдыгы өте түрліше: 1—10—20 см және оданда артық болады. Егер бұл қабат 6 сантиметрден қалын, болмаса, қабыр-шацты сортаң деп атайды; ал калыңдығы 6—12 см болса, орташа сортақ, егер АІ 12 сантиметрден 20 сантиметрге дейін болса терец сортаң деп аталады. Ақырында, егер АІ 20 санти­метрден қалың болса, өте терец сортақ деп аталады. Сортаңның тұздардан жуылғандық (сілтісізденгендік) дәрежесі әдетте гумус горизонтының (АІ) қалыңдығы артқан сайьш өсе береді. Бұл төрт түрлі сортаңдардьң агрономиялық қасиеттері әртүрлі болады. Олардың ең сапасызы — қабыршақты сортаң. Табиғи жағдайларда онда өсімдік нашар өседі, ол малға жақсы жайылымда бола алмайды.

Әуе райы ылғалды болса орташа сортац әдетте қанағаттанарлықтай жайылым, ал терең сортақ жайылым ра­на емес, шабындық та бола алады.

Өте терең сортаңдар жыртуға толық жарайтын топырақтар.

Кейде сортаннық жоғарғы қабатын екі бөлімге: жоғарғы коңыр түсті (А) және онан төменірек сұр түсті, суға шайылған (А2) горизонтқа белуге болады. Осындай ақшыл сұр горизонты бар сортаңды тұзға айналып келе жатқан сортаң деп атайды.

Сортаңның келесі, екінші қабатында жогарғы гори-зонттардан жуылған ылай, қарашірік темір және басқа заттары бар минералдар жинақталады. Ол көбінесе күқгірт-қошқыл түске боялған болады.

Бұл қабаттың структурасы біркелкі бола бермейтін-дігін жоғарыда айтып өткенбіз. Кейде ол көлемі әртүрлі келген бағанашаларға бөлінеді, екінші бір жағдайларда жаңғақтай не онан үлкенірек кесектерге бөлінеді. ВІ горизонттың структурасына қарай бағаналы, кесекті не жаңғақты сортаңдар болады. Бағаналардың немесе «жаңғақтардың» беті әдетте қарашірікке қапталғандықтан лак жағып қойған сияқты жылтылдап тұрады.

Қүрғақ күйінде бұл қабат өте тығыз болады. Шұңқыр қазған кезде оны ломмен тесуге тура келеді. Ылғал кезінде ол ісініп, жарғышақтары бітеліп қалады да, суды өткізбейді деуге болады. Сондықтан жаңбырдан кейін сортақның үстінде тостағанша сияқты су жиналып түрады.

Сортаңдарды мелиорациялаудың түрлі тәсілдерін ұштастыра жүргізу керек —сонда ғана оларды мәдени топыраққа тез айналдыруға болады.

Көрсетілген жақсарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін сортаңдарда, әсіресе олар суарылатын болса, дәнді, майлы және басқа дақылдардан мол өнім алуға болады.

АІ горизонтының қалыңдығы 20 сантиметрден артық болатын өте терең сортаңдарды алдын ала жақсарту жұмыстарын жүргізбей-ақ жырта беруге болады.



Шөлді зонаның топырақтары. Кең-байтақ ТМД ел-дерінін онтүстігінде түсетін ылғал мөлшері өте аз, сон-дыктан мүнда биологиялык тіршілік аз дамыған — шөлді зона кездеседі.

Шелді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің 8—10%-тейін алып жатыр, оның басым көпшілігі Казакстан мен Орта Азия республикаларының территорияларында, аздаған көлемдері Ресей мен Кавказ республика үлестеріне тиеді.

Бұл зонада күннің сәулесі өте мол, вегетациялык уакыт ұзак, коректік минералдык заттар жеткілікті, ал жеткіліксізі тек ылгал ғана. Ауадан түсетін ылғал мөл-шері жылына 80—180 мм дей-ақ. Бұл өсімдіктердін, калыпты өсуіне жеткіліксіз. Мұнда шөлге бейімделген кей-бір сирек өсетін бұта, сор шөптер шығады, ал кейбір жерлері кылтанақ шыкпас таздың басындай тақыр.

Шөлдің өсімдік жамылғысы негізінен сорлы-бұталы эфемерлі өсіидіктер. Эфемерлі өсімдіктер сексеуіл бұталары өскен құмды жерлерде таралған. Шөл топырақтарында, әсіресе тақыр жерлерде балдырлар көптеп кездеседі. Жартылай бұталы шөлді алқаптарда биомасса бар болғаны 43 ц/га құрайды. Топырақ түзуші жыныстар негізінен лесс тәрізді және ерте аллювиальды шөгінділер. Ерте аллювиальды шөгінділер әсіресе Тұран ойпатында кеңінен таралған.

Сұр-құба топырақ қабаттарының құрылысы төмендегідей:

А – гумусты қабат, сұр-құба түстес. Қалыңдығы 10-15 см.

В – тығыздалған, сұр-құба түсті қабат. Құрылымы призмалы. Қабат қалыңдығы 10-15 см.

С – үгілмелі лесс тәрізді саздақ. Гипс кристалдары көптеп кездеседі.

Топырағында карашірік өте аз—0,5—1,5%, сондык-тан оның түсі акшыл, бозгылт болып келеді. Суарып, тынайтқыштар енгізген кезде қанған егістіктер күн сәу-лесінің ыстырын, үсіксіз уакыттың ұзақтырын пайдаланып тамаша өнімдер береді. Міне, сондыктан бұл аймактарда екі ландшафт, шел мен жазира (оазис) алма-кезек кезектесіп отырады. Орта Азия, Қазакстан, Қавказдың оңтүстігі жазираларында ТМД-ның негізгі бағалы дакылдары — мақта, бау-бакша, жүзімдер, көкөністер, кант кызылшасы, темекі, күріш т. б. дакылдар егіліп, тамаша өнімдер береді.

Бұл аймақтын көп жерлері жайылымды жерлер. Бұл аймақта тақыр мен кұм басып жатқан жерлер де жет-кілікті.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сортаңдардың қандай түрлері бар?

  2. Сортаңдарды қандай жолмен мәдени топырақтарға айналдыруға болады?

  3. Шөлді зона ТМД елдерінің барлық жер көлемінің қанша пайызын алып жатыр?

  4. Сұр-құба топырақ қабаттарының құрылысы қандай?

  5. Шөлді зонаның климаты қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
16 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет