С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»


Тақырып: Субтропикалық белдеу топырақтары. Таулы аудандардың топырақтары. Мақсаты



бет11/21
Дата13.04.2020
өлшемі1,88 Mb.
#62332
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Кажиахметов С.А. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері


Тақырып: Субтропикалық белдеу топырақтары. Таулы аудандардың топырақтары.

Мақсаты: Ылғал субтропикалық ормандардың қызыл және сары топырақтарына, таулы аудандардың топырақтарына, олардың топырақ құраушы жағдайларына, жіктелуіне, морфологиялық және химиялық белгілеріне тоқталу.

1. Ылғал субтропикалық ормандардың қызыл және сары топырақтары. Топырақ құраушы жағдайлар. Жіктелуі.

2. Таулы аудан топырақтары
Мол ылғалды әрі жылы субтропиктердің қызыл және басқа топырақтары. ТМД-ның оңтүстік субтропикалык кейбір аудандарында Грузияның батыс жағы мен Қара теніз жағалауларында ерекше топырақтар ұшырасады. Оның себебі бұл аймақтын табиғи жағдайының өзгеше-лігінен. Мұнда жылу мен ылғал мол. Түсетін ылғал мөлшері жылына 1500—3000 мм-ге дейін барады. Ауаның жылдық орташа температурасы 12—16° болса, қыстын ең суык айы каңтарда да 3°. Осындай колайлы жағдай биологиялық тіршіліктің жыл бойына үзіліссіз дамуын қамтамасыз етеді. Ағаш пен шөп түрлері де мол әрі олар баска аймакка қарағанда мұнда жылдам өседі. Өсімдік қалдыктары микроорганизмдердің көптігінен тез ыдырайды. Ауа райы жылы болғандықтан, өсімдіктер, тірі жәндіктер микроорганизмдер жыл бойы өмір сүруін тоқ-татпайды. Тіпті өсімдіктер кыста да гул ашады.

Күннің жылылығы жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныстары мейлінше үгіліп, суға катты шайылған. Мұндағы тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті катты лауалы тау жыныстарын кейде пышакпен кесуге бола­ды. Жыныстардың күрамында фосфор, күкірт, кремний кышкылдары, кальций, магний, калий, натрий толык шайылып кеткен, топырақ қабатында марганец, темір, алюминий тотыктары мол. Міне, осылар топырақтарға ашык қызғылт түс беріп тұрады. Бұл топырақтарды қызыл топырақтар немесе латериттер деп атайды. Өсімдік калдықтары тез шірігендіктен пайда болған қарашірік, топырақ құрамындағы темірмен қосылып, берік қосылыс құрайды да жауынға шайылмай, топырақта үсталынып қалады, сондықтан да қарашірік мөлшері бұ топырақ-тарда едәуір, оның құнарлылығы да жаксы.

Бұл аймақ ТМД еліміздегі негізгі субтропикалық дақылдар шай, лимон, апельсин, мандарин өсірілетін бірден-бір аудан болып отыр.

Жартылай шөлді зонаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр-құба топырақтар. Сонымен қатара екі зонашада да тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптеп кездеседі.

Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып, батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді далалы зона жатыр. Жазықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді далалы зонаға қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары құрғақ болады

Тау етегі шөлді далалы зонасынан биігірек алқапта аласа таулы-дала зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Латериттер дегеніміз не?

  2. Ылғал субтропик ормандарды аймақтардың климаты қандай?

  3. Тау етегіндегі шөлді дала зонасындағы ылғал мөлшері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)

Дәріс №17

Тақырып: Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері

Мақсаты: Жер шаруашылығындағы факторлармен таныстыру.

1. Жер шаруашылығындағы факторлар.

2. Жарық, жылу, су, қорек элементтері, ауа.

3. Жер шаруашылығының негізгі заңдары.


Ауыл шаруашылық дақылдары қоршаған орта жағдайларына белгілі бір талаптар қояды, оларды орындау өсімдіктердің қалыпты өсуі мен дамуына, нәтижесінде максимальды өнім беруін қамтамасыз етеді. Бұл талаптардың белгілі бір кезеңдерде арнайы агротехникалық шаралар жүйесінің көмегімен толығымен қанағаттандыруға болады. К.А. Тимирязев ғылыми жер шаруашылығының негізгі басты міндеті – мәдени дақылдардың талаптарын зерттеу мен оларды қанағаттандыру жолдарын іздестіріп қарастыру болып табылады деген болатын. Өсімдіктер сыртқы қоршаған орта жағдайларына толық тәуелділікте өсіп дамиды.

Жер шаруашылығында тіршілік факторлары космостық – жарық, жылу және жерлік – су, қорек элементтері, ауа болып бөлінеді.



Жарық. Оның көмегімен фотосинтез және басқа да маңызды биохимиялық процестер жүзеге асады. Әртүрлі өсімдіктер жарықты – оның қарқындылығы мен жарық күнінің ұзақтығына байланысты әртүрлі қажет етеді. Күн сәулесінің жарықтандыруы әртүрлі географиялық ендіктерде әртүрлі болып келеді. Осының барлығы ауыл шаруашылық дақылдарының жарықтандыру жағдайларына қатынасын анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жер шаруашылығындағы факторларды атаңыз?

2. Жер шаруашылығының негізгі заңдары қандай?

Әдебиеттер:


  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Окулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.


Дәріс №18

Тақырып: Топырақ режимдерін реттеу тәсілдері

Мақсаты: Су режимімен, ауа режимімен, жылу режимі және қоректік режимдермен таныстыру. Ауа мен қоректік заттардың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғындыру. Жер шаруашылығында оларды реттеудің принциптерімен таныстыру.

1. Су режимі, ауа режимі, жылу режимі, қоректік режим.

2. Ауа және қоректік заттардың өсімдік тіршілгіндегі маңызы.

3. Жер шаруашылығында оларды реттеудің принциптері.


Мәдени дақылдар үшін тіршілік жағдайларымен қамтамасыз ету үшін жер шаруашылығында жоғары өнім алу үшін топырақтың су, ауа, жылу және қорек режимдері реттеледі. Бұл реттеу кешенді сипатқа ие және жер шаруашылығының негізгі заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Су режимі. Су режимін реттеу – жер шаруашылығындағы маңызды міндеттердің бірі, себебі біздің еліміздің көпшілік аудандарында су ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін шектейтін фактор болып табылады. Бұл аудандарда қолдан суару жүйесінің маңызы зор, ол өсудің барлық кезеңдерінде оптимальды су режимін қамамысз етеді және жоғары өнім алу үшін тыңайтқыштар, басқа да заттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Суару жаңбырлату, жиектерге су толтыру, құбырлар арқылы топырақтың астыңғы қабаттарынан су жіберу түрінде жүзеге асырылады.

Алайда егістік жерлердің 90%-ы суарылмайды, сондықтан су қоры жеткіліктсіз бұл жерлерде су режимін реттеудің маңызды әрі басты міндеттері топырақ ылғалын жинақтау, сақтау, тиімді пайдалану, топырақты тұзданудан сақтай отырып, судың табиғи ағыс жолдарын реттеу болып табылады. Бұл міндеттер агротехникалық, мелиоративті және басқа да шаралар кешенін пайдалану нәтижесінде шешімін тауып келеді.



Бақылау сұрақтары:

1. Ауа және қоректік заттардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы қандай?

2. Жер шаруашылығында оларды реттеудің принциптері.

Әдебиеттер:


  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Окулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

19 дәріс



Тақырыбы: Топырақты өңдеу және өңдеу жүйелері

Мақсаты: Топырақты өңдеуге, өңдеу жүйелеріне сипаттама беру

1. Топырақты өңдеу.

2. Топырақты өңдеу жүйелеріне сипаттама.

3. Топырақты өңдеудің міндеттері


Егістік танаптарының топырақтарын ойдағыдай өңдеу-егшіншілік мәдениетін көтерудің басты шартының бірі болып саналады.

Сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайлардың бәрі жасалады. Дұрыс бапталған топырақ қабатында ылғал мол жиналып, ұзақ сақталады, сонымен қатар қар мен жауын суы және ауа тез сіңеді.

Топырақты өңделген құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның қабаттарына ылғал, ауа және қажетті заттардың қорын молайтуға болады.

Топырақты өңдеудің мақсаты. Егілетін дақылға қолайлы жағдай туғызу үшін машиналар мен өңдегіш құралдары арқылы топырақта механикалық әсер етуді топырақты өңдеу деп атайды.

Топырақты өңдеуде органикалық және минералды тыңайтқыштарды ендіруге, көпжылдық шөп пен сабан түптерін, сондай-ақ топырақтың жоғарғы қабатында, аңызда, арамшөптерде болатын зиянкестер мен өсімдік ауруларының тұқымдарын жауып, әрі тұншықтырады.

Егіншіліктің ұзақ жылғы тарихында өңдеу тәсілдері мен құралдары қарапайым түрінен бастап, осы заманғы топырақты өңдейтін құралдар мен машиналарға дейін үлкен өзгерістерден өтті.

Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің жоғары қарқынды жүруіне әсер етеді және олардың топырақтағы өзгерістері мәдени өсімдіктер үшін қолайлы жағдайларды жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді.

Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды кемітуге, ал құрғақшылық аудандарда ылғалды жинауға болады. Армшөптермен күресуде топырақты өңдеудің роліне баға жетпейді.

Танапқа себілетін тұқымдық дән топырақтағы барлық керекті факторларды тиімді түрде бойына сіңіре отырып, көктеп шығатындай жәнетолысып өсетіндей етіп өңдеу қажет.



Топырақты өңдеудің міндеттері. Топырақты өңдеуде мынадай міндеттерді орындайды:

  1. Мәдени өсімдіктерге қолайлы факторлдармен қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатына оптималды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.

  2. Арамшөптерді жою.

  3. Танап топырағына органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттардың, улы химикаттарды енгізу.

  4. Ылғалды тапшы жағдайда жинап әрі сақтау, ылғалы мол жағдайда танап топырағынан артық ылғалды оптималды түрге келтіру.

  5. Топырақ қабатындағы микробиологиялық процестерге қарқынды әсер етумен қоректік заттардың жиналуын, сақталуын жақсарту.

  6. Өсімдік шаруашылығындағы дақылдарды зақымдайтын зиянкестер мен ауру қоздырғыштарды жою.

  7. Танап топырағының оптималды тереңдігіне мәдени дақылдардың тұқымдарын себу.

  8. Топырақтың су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру.

  9. Шымтопырақты, тың, тыңайтылған танаптағы болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тіршілігін жою.

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақты өңдеу дегеніміз не?

2. Топырақты өңдеу жүйелеріне сипаттама беріңіз?

3. Топырақты өңдеудің міндеттері қандай?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Окулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

20 дәріс



Тақырыбы:Арамшөптер

Мақсаты: Арамшөптерге, олардың биологиялық ерекшеліктеріне, жіктелуіне тоқталу.

1. Арамшөптер туралы түсінік.

2. Арамшөптердің жіктелуі.

3. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері


Арамшөп - егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиындатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.

ССРО-да арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Республикамызда жиі ұшырасатын арамшөптер: қара сұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт қалуен, сары қалуен т.б.

Егіс танабының арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Арамшөптермен күрес-егісті күтіп баптаудағы аса маңызды агротехникалық шаралардың бірі.

Арамшөптер келтіретін зиян. Жергілікті жағдайға барынша бейімделіп алған арамшөптер мәдени өсімдіктердің қоректік заттары мен ылғалдың асыл қорын алып, олардан гөрі тезірек өсіп жетіледі. Олардың ірі жапырақтары мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп жарық түсірмейді. Арамшөптер топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды пайдаланады да, мысалы, оларды күріш өсімдігіне аз қалдырады, нәтижесінде олардың өнімін 15...20 процент кемітеді. Ал егістік қалуен көген тамырлары арқылы 1 гшектар жерден 67 кг азот, фосфор және 160 кг калий, ал шайқурай 1 ц құрғақ зат құрау үшін 623 ц су пайдаланады.

Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, тіпті бір жылдық жалпақ жапырақты арамшөптер, егер олар шаршы метр жерге 100...200 түптен келетін болса, топырақтан әр гектарға шаққанда 60...140 кг мөлшерінде азт, 20...30 кг фосфор мен 100...140 кг калийді сіңіреді. Бұл шама сол жерге егілетін бидайдыңгектарынан 30 центнерден астам түсім беруіне жеткілікті болар еді.

мәдени өсімдіктер топырақ бетіндегі әр грамм жасыл масса үшін 3,20 гр су жұмсаса, ал арамшөптер-6,57 грамм немесе екі есе көп жұмсайды екен.

Арамшөптердің дақылдарға көлеңке түсіруі оның өсіп-жетілуініңең соңғы кезеңінде де зиянды. Күн сәулесі түспеген өсімдіктердің дәні нашар толысады, ол әлжуазданып, өсімдік пен оның тұқымындағы қоректік заттардың мөлшері азаяды. Арамшөптер тамыр жүйесінің күшті дамуына байланысты топырақтың терең қабатындағы су қорын мәдени өсімдіктерден әлдеқайда бұрын, әрі көп мөлшерде алып, оларға өте қолайсыз жағдай туғызады.

Міне сондықтан да арамшөптермен күрес-ол ылғал үшін күрес.

Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени дақылдың қорегін, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.



Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.

Арамшөптердің барлық жерге тарауы және олармен қарсы күресудің қиыншылығы, олардың тірі қалуы мен таралуына мүмкіндік беретін биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Арамшөптерге тән қасиет олардың жоғарғы өсімталдығы. Мысалы, жусанжапырақ тұқымдары бір өсімдіктен 5000 дана, алабұта 200 мың, қызылша гүлтәжі 500 мың, сарықурай 730 мың тұқым бере алады. Астық тұқымдас ауылшаруашылық дақылдардың бір өсімдігі әрі кетсе 2000 дана дән береді. Яғни арамшөптердің олармен салыстарғанда 2,5 еседен 37 есеге дейін өсімталдығы анықталған.

Көптеген арамшөптер тұқымдарын жан-жаққа тез тарата алатын қабілеті бар. Мысалы, күрделі гүлді арамшөптердің ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыздың, тікенді сарысояудың-тікендері мен ілгешектері. Қарасұлының бұратылған иінді қылтанағы дымқылданғанда жазылады да, құрғағанда бұралып шиырланады, сонымен дәннің орын ауыстыруына, жылжуына жағдай туады. Мұндай елеусіз орын ауыстыру тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді. Арамшөптердің басты ерекшелігі тұқымдардың біркелкі еместігі, шұбалаңқы көктеуі. Сондықтан да егісті себу алдында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөп көктері толығынан жойылмайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Арамшөптер қандай өсімдіктер?

2. Арамшөптердің негізгі ерекшеліктері қандай?

3. Арамшөптердің қандай түрлері бар?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Окулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

21 дәріс



Тақырып: Ауыспалы егістік.

Мақсаты: Ауыспалы егіс туралы түсінік қалыптастыру. Дақылдардың кезектесу себептерімен және ауыспалы егістіктің жіктелуімен таныстыру.

1. Ауыспалы егіс туралы түсінік.

2. Дақылдардың кезектесу себептері.

3. Ауыспалы егістіктің жіктелуі.


Ауыспалы егіс деп ауыл шаруашылығында қабылданған дақылдарды агротехникалық шараларды қолданып жыл сайын кезектестіріп егуді айтады. Оны құрып, енгізуде шаруашылықтың табиғи-экономикалық жағдайын, мамандануын, мемлекетке ауыл шаруашылық өнімдерін сату, оның жоспарын орындау, шаруашылықтың өзін жем-шөппен және басқа қажетті өнімдермен қамтамасыз етуі, алынатын өнімнің өзіндік құнын төмендету жағы қарастырылады. Ауыспалы егістік шаруашылықтың мақсатына сай далалық, жем-шөптік және арнайы болып бөлінеді. Далалық ауыспалы егісте сол шаруашылықты дамыту жоспарында қарастырылған барлық дақылдар енгізіледі. Егер шаруашылық жоғары маманданған ауыспалы егістікке техникалық, азық-түліктік дақылдарды енгізе алмаса арнайы ауыспалы егісті жасайды, мысалы, көкөніс, қарасора, күріш, т.б. дақылдар бойынша ауыспалы егістік біреу немесе бірнеше болуы мүмкін.

Танаптардың санына байланысты ауыспалы егістік 5, 6, 7 және одан да көп танапты болып бөлінеді.

Далалық ауыспалы егістік негізгі дақылдарға байланысты астықты, картопты-астықты, қызылшалы, күрішті, мақталы және басқа болып бөлінеді. Кеәйбір жағдайда ауыспалы егістіктегі танаптың саны шаруашылықтағы дақылдардың санына байланысты болады, мұндай жағдайда әрбір танапта бір дақыл егіледі, егер дақылдың саны танаптан аз болса, онда бір дақыл екі немесе одан да көп танапта егіледі. Көп жағдайда дақылдың саны ауыспалы егістің танабынан көп болады, сондықтан бір танапқа екі немесе одан да көп дақылдарды егеді. Мұндай танапты құрама деп атайды. Құрама танапқа бір топқа жататын дақылдарды егеді, мысалы, күздік қара бидай және күздік бидай.

Жемшөптік ауыспалы егістік шабындық, жайылымдық және ферма жанындағы ауыспалы егістік деп бөлінеді. Бұл ауыспалы егістіктің негізгі мақсаты малға арнап жем-шөп қорын жасақтау, төлдер мен сауын малдарына жыл бойы шырынды, витаминді азықтармен қамтамасыз ету.



Бақылау сұрақтары:

1. Ауыспалы егіс дегеніміз не?

2. Дақылдардың кезектесу себептері неде?

3. Ауыспалы егістік қалай жіктеледі?



Әдебиеттер:

  1. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егің шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұскау. Алматы.1987.

  2. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Прикладная биология с основами почвоведения Астана, 2001

  3. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др.Практикум по основам сельского хозяйства Астана, 1991

  4. Ващенко И.М., Ланге К. П. и др., Основы сельского хозяйства. Москва, 1991

  5. Ващенко И.М., Ланн К. Л., и др., Практикум по основам сельского хозяйства. 1991

  6. Илюхин Г.П..,Ашимов Т. А. Програмирование обучение студентов по некоторым разделам основ сельского хозяйства. Алматы.,1990.

  7. Илюхин Г.П. Прикладная биология с основами почвоведения. Астана, 2006

  8. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе құралы./ Окулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.

22 дәріс



Тақырып: Агрохимия негіздері

Мақсаты: Өсімдіктердің химиялық құрамымен, қоректік элементтердің өсімдіктерге түсу теориясымен, сыртқы орта жағдайларының өсімдіктер қоректенуіне әсерімен таныстыру.

1. Өсімдіктердің химиялық құрамы. Қоректік элементтердің өсімдіктерге түсу теориясы.

2. Сыртқы орта жағдайларының өсімдіктер қоректенуіне әсері.
Өсімдіктердің қоректенуі – бұл өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы зат алмасу. Фотосинтез арқылы өсімдіктердің ауалы қоректену тамыр арқылы қоректенуге қарағанда қарқынды жүреді. Фотосинтез температураға, ылғалдылыққа, өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, егу қоюлығына, топырақтағы қоректік элементтердің мөлшері мен қатынасына тәуелді келеді. Тамыр арқылы қоректену температураға, ылғалдылыққа, өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, фотосинтезге, рН, микрофлораға, топырақтағы қоректік элементтердің мөлшері мен қатынасына байланысты болады.

Өсімдіктер өз ағзаларын қоршаған ортада болатын белгілі бір химиялық элементтерден құрайды. Ол құрғақ заттардан тұрады және көп мөлшерде су болады: вегетативті мүшелерде – 95%-ға, тұқымда - 15%-ға дейін су болады. Құрғақ заттарда 95% С, О, Н, N және 5% шамасында күл элементтері болады. Әдебиеттердегі мәліметтерге қарағанда өсімдіктерге 20 элемент қажет, ал 12 элемент шартты түрде қажет болады.

Ақуыз, майлар, крахмал, қант, жасунық өсімдіктер құрамына кіретін негізгі органикалық заттар болып табылады. Бұршақ өсімдіктердің құрамында ақуыздар бидай, сұлыға қарағанда 3 есе көп болады. Күнбағыс, зығыр, қарасора, мак тұқымдарының құрамында көп мөлшерде майлар болады. Астықты өсімдіктер мен картопта крахмал көптеп жинақталады. Жеміс-жидектер құрамында көп мөлшерде қанттар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет