С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Қолданбал ы биология және топырақтану негіздері»


Тақырып: Топырақтың жылулық қасиеттері. Мақсаты



бет8/21
Дата13.04.2020
өлшемі1,88 Mb.
#62332
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Кажиахметов С.А. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері


Тақырып: Топырақтың жылулық қасиеттері.

Мақсаты: Студенттерді топырақтың жылулық қасиеттерімен, ондағы жылу көздерімен, жылусыйымдылықпен таныстыру.

1. Топырақтығы жылу көздері. Күн радиациясы.

2. Топырақтың жылулық қасиеттері. Топырақтың жылу сыйымдылығы.

3. Топырақтың жылу өткізгіштігі.


Топырақ атмосферамен тұрақты қатынасып, климаттық жағдайлар ықпалында болады. Климат ықпалының негізі-топырақ бетіне келетін күн сәулесінің куаты. Күн қуатының белгілі бөлігі кұрлыкқа келіп топырақты жылытады, оның бетінен шағылысып. Қайта атмосфераға тарайды. Жылудың топыраққа енуі мен атмосфераға қайтуы құбылмалы болғандықтан, топырактың, жылу жағдайы тектік жиектер температурасымен сипатталады. Ал температура топырақтың жылу күйін сипаттайды. Топыраққа еніп жылжитын, онда жыйналатын және одан қайтып шығатын жылулық құбылыстар жыйнағы жылу құбылымы (режимі) деп аталады.

Жылу мен су режимдері топырақ кұралу процесі бағыты жылдамдығын, топырактағы физика-химиялык, химиялық, биохимиялық және биологиялык процестер жағдайын анықтайды. Себебі, топырақтың құрамындағы қосындылардың еруі және тұнуы, кіші жандылар мен фауна тікелей температурамен байланысты жүреді. онішіндегі негізгі фактор жылу, олардың өнімі де жылуға бағынышты, соңдықтан топырақтың жылу кұбылымы зандылықтарын және оны реттеудің тәсілерін білу қажет. Топырақтың жылу қасиетері мен жылу құбылымын зертеуге А. Воейков, А. Чудповский, М. Будыко, А. Шульгин, В. Димо және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосқан.

Топырақтағы жылудың негізгі көзі-күн сәулесінің қуаты. Сонымен қатар, аздаған мөлшерде жылу топыраққа құрлық тереңдігінен химиялық, биологиялық және радибелсенді процестер арқылы келеді. Топыраққа енген күн сәулесінің қуаты жылуға айналып, оның төменті қабаттарына жылжиды, аздау бөлігі топыраққа сіңбей бетінен шағылысады. Топырақтың беткі қабатының температурасы құрлыкка таяу ауа кабаты температурасынан төмен болған жағдайда, топырақ өзінің бойына жинаған жылуды қайтып береді. Топырақка сіңген күн сәулесінің қуаты мен қайтарылған жылудың мөлшеріне байланысты, оның беткі және теменгі кабаттарының температуралық айырмашылығы артқан сайын, одан жылу шығу да өседі. Сондықган беткі топырақ кабатының ішінде жылы жағдай калыптасыуна тигізетін әсері зор. Топыраққа енген немесе шағылысқан жылудың мөлшері оның түсіне, ылғалдылығына, түйіртпектілітіне, өсімдікттер жамылғысына байланысты. Топырак бетіне келетін күн сәулесі куатының мөлшері географиялық аймаққа және кұрлық бедеріне, жыл маусымы мен ауа райына тәуелді. Солтүстік жарты шарда күн сәулесінің қуаты тұракты оңтүстік бағытта өседі. Қоңыр салқын аймақта түс кезінде минутына 1 шаршы сантиметрге келетін күн радиациясы, (қуаты) 0,8-1,5 калорийге тең.

Топырықтың жылу қасиеттеріне жылуену, жылу сыйымы және жылу өткізу жатады. Топырактың- жылыну қабілетіне күн сөулесінің қуатын кабылдай алуы жатады, ол альбедомен сыйпатталады. Альбедо деп-жер бетіне жеткен жалпы қүн радиациясынын (сәулеттік куаттын) проценттік мөшерінен шағылысқан қысқа толқынды белігіні айтады. Альбедо көрсеткіші азайса-топырақ күн энергиясы көп жұтқанының белгісі. Ол топырақ түсіне, ылғалдылығына, түйіртпектік құрамына, топырақ бетінің тегістігіне және өсімдік жамылғысына карай өзгереді. А, Чудиновскийдің (1959) деректерінше құрғақ қара топырактың альбедосы І4, ал ылғал қара топырақтікі 8 процент болса, құрғак бос топырақтікі 25-30, ал ылғалдысында 10-12 продент болады яғни қара түс пен ылғалдылык, албедоны төмендетеді. Әсіресе, қара түсті, гумусқа бай топырақ, ақшыл түсті топырақтарға қарағанда, күн сәулесін өзіне көп тартады.

Жылусыйымы деп-топырактың жылуды қабылдау касиетін айтады. Ол 1 г топырақ массасын немесс 1 см3 келемін жылытатын калориямен өлшенеді. Сол себепті топырақтың екі — үдестік және көлемдік жылу сыйымы түрлерін ажыратады.

Топырақтың жылу сыйымы оның минералдык жәие механикалық құрамына, органикалык заттар мөлшеріне, ылғалдылығына, куыстылығы және ондағы ауаның мөлшеріне байланысты болды. Кварц құмының үлестік жылу сыйымы 0,196, ал көлемдік жылу сыйымы 0,517-ге, балшықгікі сәйкес- 0,233 және 0,577-ге , ал судың үлестік және көлемдік жылу сыйымы 1,0-ге тең.

Судың жылу сыйымы, топырақтан басқа минералдык. және компоненттерге карағанда, жоғары болғандықтан, ылғал топырақтың температурасын көтеруге, күрғақ топырақпен салыстырғанда, жылу көбірек кетеді, Сондай-ақ ылғал топырақ баяу жылынып, баяу суыса кұрғақ топырактар керісінше-тез жылынып, тез суиды. Болашақ. топырақтар көктемде ылғал күйінде жылуды көп сиғызуынан, кұмдарға қарағанда, баяу жылынады. Ал күзде олар баяу суып құмдарға қарағанда, көп уақыт жылы күйінде қалады Топырақты суару және өндеу, ылғалдылығы мен саңылаулығын-өзгерту арқилы оның температурасын белгілі мөлшерде ықшамдап реттейді.

Жылу өткізу деп, топырктың өз массасынан жылу өткізу каблетін айтады. Бұл топырқтың басты және маңызды қасиегтерінің біріне жатады, себебі оның бір қабатынан екінші қабатына жылу беруінің жылдамдылығы жылу өткізгіштітіне байланысты. Топырақ алабы 1 см2 қалындылығы 1 -сантиметрлік қабатынан бір секундта өтетін жылу мөлшері калорямен белгіленеді. Топырақтың қатты фазасындағы саңылауларды ауа немесе су жайлайтындықтан, оның жылу шығару құбылымы_минералдық және органикалық бөлшектер мен оларды қоршап тұрған су және ауа арқылы жүзеге асуы мүмкін. Топырақтын аталған негізгі бөлшектерінін жылу өткізгіштігі бірдей емес. Мысалы, ауанікі- 0,00006, судікі-0,00136, кварцтікі - 0,0024, граниттікі -0,0082 калоря. Топырақтың минералды бөлігінің жылу өткізгіштігі ауаға (100), суға қарағанда 28 есе артық. Сол себепті топырақтың ылғалдылығы артқан сайын, жылу өткізгіштігі де жоғарылайды, ол төмен деген сайын, бұл қаблет нашарлайды. Жазда топырақтын беткі кабаты кеуіп кетеді де, жылу өткізгіштігі нашарлай, төменгі қабаттарға оның өтуі бәсендейді. Күзті маусымда топырақ ылғалдана бастасымен онда жылу жиналады да, күздік дақылдар үсімеуіне қолайлы жағдай туады.

Топырақтың жылу құбылымы климат пен кұрлык бедері, өсімдік жамылғысы және қар қалындылығына орай қалыптасады. Топырақтың жылу жағдайын сыпаттайтын жылу құбылымының негізгі көрсеткіші — топырақ температурасы. Ол күн радиациясы және топырақтың жылу қасиеттерімен анықталады. Температура да, климаттан басқа, құрлык бедеріне, топырак қасиеттеріне, өсімдік жамылғысына және қар калындылығына тәуелді. Күн сәулесі көтеріңкі, ойпаң, жазык жерлерге және беткейлерге әр мөлшерде түседі. Мысалы, беткейлердің ең жылысы — оңтүстікке, жылысы — батыс және шығысқа ең суығы — солтүстікке караған жағы. Сондай-ақ, әртүрлі бедер жағдайында қалыптасқан топырактар суықтылығы мен ылғалдылығы әр мөлшерде болады. Қар қабаты топырақты жылу жоғалтудан және төменгі температура әсерінен сақтайды.

Өсімдік жамылғысы топырақ бетіне келетін күн радиациясының мөлшерін азайтып, жазда оның температурасын төмендетеді, ал қыста қар тоқталуына және топырақта жылу сақталуына есбептеседі. Топырақтың механикалык, құрамы да температураға тікелей әсерін тигізеді: жеңіл топырақ тез жылынып тез суйды , керісінше, ауыр топырақ бәсең жылынып, суйды .

Температураға топырақ өңі де әсерін тигізеді: ақшыл топырақ, қараға қарағанда, тез жылыйды да, онын температурасы жоғары болады, Беткі топырақ қабатынын ең жоғары температуралық көрсеткіші күндіз сағат 13-те, ең төменгісі ымыртта байқалады. Күндіз топырақтың беткі. қабаты қызып, температурасы жоғарласа, төменгі кабаттар терендігі ұлғайған сайын температурасы төмендейді. Түнде топырақтын беткі қабаттары тез суйтын болса, терен қабаттары онша суымайды. Сондыктан температура ауытқуы көбінесе беткі кабаттарға келеді де, тәулік температура 35-100 см терендікте аса ауытқымайды. Тәулік температураның ауытқуы топырақтың қасиеттеріне, ауа райына, өсімдік жамылғысына және қар қалындығына тәуелді.

Топырақ температурасының жылдык құбылымы екі кезеңдік айқындылығымен сыпатталады: жазғы кезенде жылу топырақтың жоғарғы қабаттарынан төмен тісіне карай жылжыса, қыста жылу төменгі қабаттардан суыған жоғары қабаттарға көтеріледі. Коңыр салқын белдеуде орта тәулік ең жоғары топырақ температурасы шілде-тамыз айларына да, ал ең төменгі қаңтар-ақпанда калыптасады. Жаз айларында ең жоғары температура топырақтың беткі қабатында болса, кескін терендеген сайын ол төмендейді, керісінше кыста ең суық температура беткі қабаттарда болса, топырақ кескіні тереңдеген сайын температура жоғарлайды. Температураның жылдық ауытқуы топырақтың беткі қабаттарында жүреді де, оның кескіні теренденген сайын, температураның ауытқуы бәсеңдейді. Топырақтың 0-20 см тереңдіктегі орта жылдық температурасына қарағанда біршама жоғары (ондық бөліктен бес градусқа дейін, кейде одан да жоғары) болады. Өсімдік жамылғысы топырақтың беткі қабатының температурасын ауытқудан сақтайды. Еріген заттарына байланысты топырақ ерітіндісі 0° С-тан төмен температурада қатады. Солармен қатар, топырақ тондануына ондағы ылғал түрлері де үлкен әсерін тигізеді. Мәселен, еркін су теріс -0,5°С та қататын болса, байланысты су теріс — 1,5-4,0°С -та қатады. Сонда-ақ топырақтың тондануына қар мен өсімдіктер жамылғысы, жер бедері, топырақ қасиеттері мен ылғалдылығы және өндеу әдістері әсерін тигізеді.

Қардың қалындығы мен тығыздығы өскен сайын, топырақ жақсы жылып, терең тоңданудан сақталады. Соңдықтан, қар тоқтату және сақтау арқылы күздік астық, көп жылдық шөпті және жеміс-жидек дақылдарын үсіктен сақтауға болады. Өсімдік жамылғысы мен орман жолақтары қарды тоқтатып, жинап, топырақты терен тонданудан қорғап қалады. Құрлық бедері де бетіне күн сәулесі түсуіне, қар жыйңауына және топырақтың ылғалдануына асерін тигізеді. Сол себепті көтерінкі, қары желмен ұйғырылып кететін беткейлер топырағы терең тонданады. Керісінше ойпат жерлерде қар жақсы жыйналып, топырақ аз тонданады. Топырақ тонданған кезде, ондаға ылғал мен бу төменнен жоғары суыған кабатына карай жылжыйды. Толырақтың тоңдануы қар түскеннен басталыл, каңтар-ақпан айларына дейін өтеді, содан кейін топырақгың төменгі қабаттары астынан келетін жылу әсерінен жіби бастайды.

Топырақ тондануына адамның тигізетін өндірістікі ықпалы мәдени өсімдікгерді өсіру, топырақты өндеу арқылы; аймақтың ылғалдылығын өзгертуге негізделген.

Топырақ тондануынын екі бағыты болады: біріншісі-'" жібуі тереңнен басталып, қар кеткенше аяқталады. Бұл жағдайда топырақтың беткі қабатының тоңы тез жібіп, ерігеш қар суы топыраққа жеңіл сіңеді. Екіншісі-төменгі және беткі қабаттар тоңы бірден жіби бастайды. Бұл жағдайда кейбір терендікте тонданған қабат сақталады да, судың темен қарай сіңуі киындайды.

Температуралық құбылым топырақтың беткі 0-20 см қабатындағы белсенді температуралық (>10ӘС) кезең ұзақтылығымен сыпатталады. Бұл қабатта негізінен ауьшшаруашылык, дақылдары мен табиғи өсімдіктер тамырлары тарағандықтан, оңдағы белсенді температура қосындысы топырақтың жылумен қамтамасыздалған көрсеткіші болып саналады. Топырақтың жылумен қамтамасыздануы негізгі топырақ-климаттық аймақтарда батыстан шығысқа қарай нашарлайды, керісінше, солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда жақсарады.

Бұл көрсеткіш тайғалы ормандык ауылшаруашлық аймағында орташа-төмен (шығыста 1200-1600) сатыдан орташа-жоғары (онтүстікте 2100-2700) деңгейіне, орманды-далалық аймакта орташа-төмен сатыдан жақсыға (2700-3400), дала аймағында орташа деңгейден (шығыста 1600-2100) өте жақсыға, батыста (3400-4400) құрғақ далада-жақсыдан өте жаксыға (2700-3400°С) дейін ауытқиды. Ең жаксы жылумен қамтамасыз етілген жылы ылғалды субтропикалық қызыл және сары топырақтар саналады. Топырақгың жылулық жағдайы қыс қатаңдылығымен бағаланады. Оның негізіне 0,2 м терендіктегі теріс температура қосындысы мен топырақ бетіндеті абсолюттік теріс температураның орташа көрсеткіші алынған. Аталған көрсеткішке сүйеніп жылы, салқындау-жылы, салқын, салқын-суықтау, суык, тонды және ұзақ тонды топырақтар бөлінеді. Топырақтарды бұлай бөлу ауылшаруашылык дақылдары өніп-өсуін бағалауға және өнімін болжауға мүмкіндік береді.

Топырактың жылумен қамтамасыздану және қыстың


катаңдық көрсеткіштері-ауылшаруашылы дақылдары сорттарын аудандастыру, агротехникалық және мелиоративтік шаралар жоспарлау негізі.Топырақ бетіне келген күн сәулесі қуатының біраз мөлшері оған енетін болса, біразы атмосфераға шағылысады. Топырақ бетіне енген және шағылыскан күн радиациясы мөлшерін радиациялық баланс (кіріс-шығыс) деп атайды (Жб). Радиация балансыныц кіріс бөлігіне тік және шашыранды қысқа толқынды күн радиациясы (қт) мен ұзын толкынды атмосфералық шағылысу (үт) кіреді. Баланстың бөлігін топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды радиация (Шқт) мен төсеніш беттің ұзын толқынды температуралық сәулесі (Шүт) құрайды. сол кәрсеткіштерден радиациялық баланстың тендестігін шығарады. Жб= (қт-гүт) - (Шкт+Шүт),

Радиациялық баланс оң және теріс болады да, топырақ бетінің жылынуы — сууы мен анықталады, Ол тәулік және жылдық кезендік құбылыммен сыпатталады.

Түскі кезде радиациялык, баланс ең жоғары, тунде ен төменгі көрсеткіштерге ие болса, жылдық ауытқуда оның ең жоғары көрсеткіші жаз ең төменгісі қыс айларында байқалады. Топырақ беті қабылдаған күн радиациясы жылуға айналады. Жылу балансын келесі көрсеткіштер түзеді; радиациялық баланс көрсеткіші (Жб), транспирация мен булануға жұмсалған жылу (Тж-радиациялык. баланстың 70-80 проценті); топырақтың беткі және төменгі қабаттары арасында алмасатын жылу (Тқ), ауаны жылытуға кеткен жылу мөлшері (Та).

Куат сақтау жандылығына сәікес, әр уақытта топырақ бетіне түскен жылу мөлшері жылу шығысына тең, сондықтан жылу балансы келесі теңдестірумен белгіленеді; Жб = Тж + Тк + Та = 0

Жылу балансына, сондай-ақ, жылы және суық уакытша жауын, қар суы және т.б. себептер әсерін тигізеді. Жылу балансы географиялык. аймактарға, жер бедеріне, топырақ қасиеттеріне, өсімдіктерге, ауа райының маусымды және тәулікті ауытқуына байланысты өзгереді.

Жылдық орташа температура мөлшеріне және тондану құбылымына карай В. Димо топырақтың тонды, ұзақ мезгілді тонданатын және тонданбайтын типтерін ажыратқан (1972). Тонды тип-топырақ кабаттарындағы орташа жылдық температураның теріс белгісі бар кұрлыққа тән (Евразияның полярлык және Шығыс-Сібірдің тонды-тайгалық аймақтары). Су кұбылысы басым болғандықтан бұл топырақгардағы ылғал көп жылдық тоң шекарасына дейін қатады. Ұзақ тонданатын топырактар кескініңде жылдық орташа оң температура терендігі 1 метрден артық, бірак ол көп жылдык, тондықабатқа жетпейді, кейде тонды қабаты жок,. Топырактың тоңдану кезеңі бес айдан асады. Мезгілді тонданатын типті топырақ, қабаттарының жылдық орташа температурасы оң белгімен сыпатталады және тондану мезгілі; бес айға жетпейді. Тонданбайтын тип құбылымды келеді де топырақ қабаттары жыл бойы тонданбайды және тон кабаты болмайды.

Ауылшарушылық өндірісінде жылу құбылымын қалыптастыру өсімдіктер дамуына өте қажет, ол топырақ бетіне түсетін күн сәулесі қуатын реттеуге негізделген. Жаз айларында ылғалды солтүстік облыстарда күн радиациясы бәсең, сондықтан жылуды реттеу шаралары негізінен топырақ, температурасын жоғарылатуға бағытталады. Ал оңтүстік куан аудандарда агрошалар керісінше топырақ температурасын төмендетуге арналады. Топырақ бетіне түсетін күн сәулесін реттеудің шараларына топырақ бетінде өсімдік жамылғысын сақтау, арнайы өңдеу тәсілдері (топыракты қопсыту, тығыздау және т. б., дестелеп егу, т, б .) жатады.

Өсімдік жамылғысы топырақ температурасын төмендететіні баршаға әйгілі. Сондай-ақ, топырақ бетін шымтезек, сабанмен және басқа заттармен бүркеп (мульча), топырақ температурасын реттеуге болады. Ақшыл мульчамен жапқанда альбедо көбейеді де, топырақ жылынуы төмендейді, керісінше қара заттармен бүркелген топырақта жылу жақсы жыйналады содан барып топырақтын, буландыру қаблеті төмендеп, тәуліктік температура ауытқуы бөсеңдейді.

Топырақты өндеу және беткі қабатын қопсыту шаралары оның жылу алмасуын жылдамдатады. Жыртылған топырақтың беті кедір-бұдыр болса, күндіз күн куаты топыракқа жақсы енеді де, түнде одан, беті тегіс топыраққа қарағанда, жылу жылдам шығып кетеді.

Суару-топырак температурасын реттеудегі ен тиімді шара, сондай-ақ қыста кар тоқтатудың да мағнасы зор. Әсіресе шөлейт аудандарда қар тоқтату, жылулықты реттеумен қатар, топырақта ылғал жыйнаудың көзі болып саналады. Жылу құбылымен реттеу тәсілдері ауа райы ерекшіліктеріне және топырақ типтеріне сәйкес жүртізіледі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың жылулық режимі неге байланысты?

  2. Топырақтың жылулық режиміне әсер ететін факторлар?

  3. Топырақ температурасы неге байланысты болады?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
9 дәріс

Тақырып: Топырақ құнарлығы.

Мақсаты: Студенттерді топырақ құнарлығы, оның түрлері, топырақ құнарлығын арттыру жолдары туралы хабардар ету.

1. Топырақ құнарлығы. Құнарлылық түрлері.

2. Табиғи және жасанды топырақ құнарлығы.

3. Топырақ құнарлығын арттыру жолдары.


Өсімдік өніп-өсуіне қажетті факторлар (ауа, жылу, физика-химиялық орта, су, коректік элементтер мен т.б.жағдайлар) және оларды калыптастыратын топырақ қасиетгері кешенін кұнарлылык деп атайды. Адамзат топырақтың кұнарлығына ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялык негізі бірден салынған жоқ. Д Прянишников келтірген Тэер пікірінше "Топырақ кұнарлығы түгелімен кара шіріндіге байланысты, суды есептемегснде, қара шірінді өсімдік үшін басты қоректік зат". Сондықтан көң төгу, ауыспалы егіс енгізу, тыңайтқыш беру жүмыстары топырактағы қара шірінді мөлшерін қөбейтуге арналғаны керек деген.

Тэердің "қореқтік қарашірінді" теориясын кейін Ю. Либих "Химияны егіншшік пен физиологияға қолдану" (1840 ж.) еңбегінде жокқа шығарып, өзінің "минералдық қорек" туралы теориясын ұсынған. Ю. Либих пікірінше қандай да болмасын өсімдік топырақ құрамынан өзіне керек қоректік заттарды тек минералдық түрінде сіңіріп отырады да, біраз уақыт өткен соң топырақтың осы басты қасиетін тұрақтандыру үшін өсімдіктер сіңірген минералдық заттар мөлшерін топыраққа тыңайтқыштар арқылы қайтару керек деген. Либихтын бұл теориясы кейін қоректік заттарды "кері қайтару заңы" дәлінген. Топырақ құрамында қоректік тек бір элемент тапшы болса, калған элементтер канша мол мөлшерде болмасын, өнім жоғарыламайды, яғни өсімдік өнімі тікелей топырақ ортасындағы тапшы элемент мөлшеріне тәуслді. Бұны "Минимум заңы" деп атады. Топырақ кұнарлығына Либих тек қоректік заттар құбылымы тұрғысынан караған жоқ.. Керісінше, өсімдік өніміне көл жағдайлар әсер ететіні туралы мына: "құрлыктың географиясына, теңіз деңгейінен жогары биіктітіне, жылдық жауын-шашын мөлшеріне, орташа айлық-жылдық жылулыққа, топырақтың физикалық химиялық және геологиялык қасиеттеріне көңіл аудару керек" деген пікір айтқан. Либихтың "кері қайтару заңына" ғылым мен тәжірибе кейін біраз түзетулер еңгізумен, топырақ кұнарлығын сақтауда оның аткарған ролі үлкен болды, К. Тимирязев "кері қайтару" заңының "ілімдік маңызын қанша темендетуге тырысқанымен, ол ғылымдағы ұлы жетістіктердің бірі болып саналады" деген. Либих пікірінше, минералдық қоректік заттар көзі топырақ болғандықтан, құнарлықты зерттеу оның ерітінідісіндегі заттар мөлшерін анықтауға нетізделген. Бұл пікірдің терістігін Я. Линовский мен П. Костычев көрсеткен. Д. Менделесв "кері кайтару заң" теориясын батыл сынаған. Топырақ кұнарлығына Ресей ғалымдары XVIII ғасырдан бастап көңіл аударған (Болотов, Комов, Павлов, Радищев). XIX ғасырдың 40-шы жылдарына дейін Ресей ғылымында кара шірінді, кейін минералды қорек теориясы қолдау тапты.

Агротопырақтану ғылымы негізін салушы профессор П. Костычев топырақтану пәнінің мақсаты-"Топырақ қасиеттерін өсімдіктер тілегіне сай зерттеу" деп тұжырымдаған. Ол өз енбектерінде құнарлылык-топырактың күрделі қасиеті, бірақ оны нақтылы анықтау әдістері жоқ, деген және себептерін керсеткен, яғни;

- Өнім мен топырақтағы қоректік элементтер санды мөлшерінің байланысы жоқтығы;

Топырақ кұнарлылығын химиялық әдістермен нақтылы анықтау қыйын, ол үшін химиялык талдау әдістері жетілмеген;

- Өсімдіктер өніп-есуі мен дамуы топырақтың химиялық құрамы мен қатар физикалык қасиеттеріне тәуелді;

- Өсімдік дамуына ауа райы да үлкен ықпалын титізеді, бірақ оның әсерін есептеу өте қыйын деген.

Осы себептерге байланысты топырақ қунарлылыгғын бағалау "жанамалы" деген ғалым Костычев, өзінің бүкіл ғылыми еңбектерін топырақ қүралудың биологиялық негіздеріне және оның қүнарлылығын көтеру әдістерін Іздеуге арнаған.

Топырақ құнарлылығын, оның қоғамдық табиғатын және түрлерін бірінші К.Маркс (1875) ашқан. Маркс өзінің "Капитал" атты іргелі еңбегінде топырақ кұнарлылығын табиғи (тың топырақ коры), яғни потенциалды, тиімді (эффективті), экономикалық салыстырмалы (дифференциалды) түрлерін бөлген.

Табиғи құнарлылыктың топыракқа тән, ол кескін құрамындағы жалпы қоректік заттар корымен сыпатталады.

Эффективті (тиімді) кұнарлылық жылжымалы және өсімдік (тиімді қоректік заттар мөлшерімен анықталады. Егіншілікте тиімді құнарлылық табиғи (табиғи жағдай) және жасанды (адам еңбегінің нәтижесі) құнарлылықтан құралады, яғни қүнарлылыктың бір бөлігі топырақтың тегіне тән болса, екіншісі жасанды құнарлылыққа жатады. Эффективті құнарлылық топырактануда қоректік заттар мөлшеримең (мг/кг, процент, т/ға) сыпатталса, егіншілікте өсімдік өнімінің көрсеткіші арқылы (ц/ға, теңге) экономикалык құнарлылық айналады. Ол табиғи жағдайлармен қатар, ұйымдастыру-экономикалық себептерге тәуелді; топырақты дүрыс өңцеп, туқым сеуіп, тьщайтса, өсімдікті жақсы күтсе, өнім жинауды механикаландырса, т.б. жұмыстар дер қезінде нақтылы орындалса, мол өнім жыйнауға және жоғары таза пайда табуға болады. Сонымен, Маркс айтқандай "Экономикалық кұнарлық қоғамдық арақатынасқа тығыз байланысты". Екі кұрлық бөлігі топырактарының құнарлылығы негізінде алынған өнімнің мөлшеріне қарай салыстырмалы кұнарлылық аныкталады.

Потенциалды құнарлылыққа топырақ құрамындағы өсімдіктерге кажетті қоректік заттар коры жатады. Ол топырақ құралу процесі барысында қалыптасады және адамның өндірістік әрекетімен де толық ажыратылады. Сондықтан, топырақта бастапқы табиғи және жасанды потенциалды құнарлылық қалыптасады. Кеңес үкіметі тұсында ежелгі топырақ құнарлылыгына арналған ізденістер жалғастырылды. С. Кравков (1926) топырақ, құнарлылығын былай түсіндірген: "Біріншіден топырақта өсімдікке тиімді формада және жеткілікті мөлшерде азот, фосфор, калий, темір, мағний, күкірт, кальций болу керек, екіншіден онда өсімдікке қолайлы физика-мехникалық факторлар (ылғал, ауа, жылу, т. б.) қалыптасканы, үшіншіден- өсімдікке қолайлы және тиімді микробиологиялык процестер жүргені керек. Егер осыларға топырақтағы өсімдіктерге зиян және улы заттар болмауын қоссақ, "құнарлылық" деген сөз өзінен өзі түсінікті болар еді".

Топырақ кұнарлылығын зерттеуге В. Вильямс көп коңіл аударған (1914-1939ж.) Вильямсше топырак және оның құнарлылығы туралы түсініктер біртұтас, өйткені кұнарлылық топыраққұралу процесімен бірге қалыптасады,

Өсімдікке қолайлы жағдайларды Вильямс екі топқа бөлген ғарыштық (жарық, жылу) және жергілік (су, коректік заттар).

Жоғарыда айтылғандай топырақ күнарлылыгыш оиын түрлерінің аттарын аныктауда терминдік келісім жоқ, қүнарлылығы ілімін дамыта келе, Вильямс бұл негізгі қасиетті "топырақтын өсімдікгерге қоректік элементтер мен жағдайларды мезгілді және тиісті мөлшерде жыйнап беру қаблеті" деп түсіндірген. Шынында да құрамында жеткілікті құнарлылық элементтері бар, бірак кұнарлылык жағдайлары нашар топырақтар құнарлы деп саналмайды.

Сонымен, құнарлылық деген түсінікке топырақтың құнарлылық элементтері мен жағдайлары кіреді. Құнарлылық элементтері атмосфералық заттар (азот, отгегі, көмір кышқыл газ) және топырықтық элементтер (макро-азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, кукірт, микро-бор, молибден, мыс, цинк, кобальт т.б.) кіреді. Құнарлылык. жағдайларына атмосферадан келетін күн сәулесінің жарык, жылу, жауын-шашын жатады да, топырақтың құрамы, қасиеттері және заттар құбылымы кіреді. Биологиялық тұрғыдан құнарлылық жағдайларына микробтық және ферменттік белсенділік пен онім беретін сорттар ерекшеліктері жатады.

Топырақ-топыракқұраушы факторлар функциясы (нәтиже) болса, оның кұнарлылығы аталған элменттер мен жағдайлар функциясына жатады.

Топырак кұнарлылығынын маңызды көрсеткіштеріне (параметрлеріне) заттар құбылымы (су, жылу, ғаз. қоректік элементтер т.б.) солар көрсеткіштерінің мезгілді өзгеруІ. заітар мөлшерінің көбеюі, орын алмасуы, т.б. жатады.

Егіншілікте топырақ процестері мен қүбылымына адам әсерлі (антропотекті) өзгерістер ентізеді. Сол үшін топырақты оңдейді, оны тыңайтады, суландыру, күрғату, химиялық мелиорация, түздарды шаю т.б. жүмыстар атқарады. Адам осындай мақсатты агроәрекеттср мен топырақтың бастапқы (табиғи) қасиетгері мен қүбылымдарын арнаулы бағытга өзгерте алады, яғни жасанды қүнарлылық тузеді. Оның да потенииалды және эффективті түрлері болады.

Топырақты дүрыс пайдаланбаса қүнарлылық төмеңдеп, тіпті бүл қасиет қасиет жойылып кетуі мүмкін. Соны далелдеу үшін XVIII ғасырда экономист Тюрто аты шулы "Топырақ құнарлылығының төмендеу заңын" шығарған. Оның мәнін ол мынандай: "Жерге (топыраққа, Т.Т.) сінірген еңбектен алынған қосымша өнім сәл еңбек мөлшеріне сәйкес көбеймейді, керісінше, алынатын қосымша өнім мөлшері бірте-бірте азая береді деп сыпаттаған.

Сонымен, шығын өскенімен, мәселе алынған қосымша өнім мөлшерінің азаюында болып тұр. Бірақ, бүл пікірде өнімге топырақ құнарлығы заттығынын қатысын ескермеген. Топыраккұралу процесінің негізгі-заңы топырақ кұнарлылығының ұлғаюы — оргнизмдер тіршілігінің фуккциясы. Осы түрғыдан талқылағанда топырақтанудың негізгі заңы былай тұжырымдалады. Тірі оргнизмдер қатысуы, күн сәулесінің қуаты және үлкен геологиялық айналым аркылы келетін қоректік заттар топырак кескініндс бірте-бірте шоғырлануы нәтижесіне жасырлар бойы топырақ, құнарлығының артуы өсімдіктерге негізделген. Бұны топырақ, пен оргнизмдер арасында жүретін кіші биологиялық айнальш дейді. Ол неғұрлым екпінді жүрсе, топырак күнырлығы да соғүрлым тез артады. Топырақтың табиғи құнарлығын толығымен іске жарату және онын эффективті түрі көтеру шаралары мен тәсілдеріне органикалық және минералдык тыңайтқыштары тиімді қолдану, кышқыл топыракқа әк, ал кебір топыраққ ғаныш қосу, топырақты өндеу істерін жаксарту, суару мен қурғату және оны жел-су эрозиясынан сақтау, шөп егу, ауыспалы егіс енгізу жоне жоғары өнім беретін дақылдар сорттарын есіру жатады.

Аталған тәсілдер мен шараларды жериеленушілер топырақ құнарлығына және өсімдіктер биологиясы ерекшеліктеріне сай жүргізуге міндетгі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ құнарлығы неге тәуелді?

  2. Топырақ құнарлығына әсер ететін факторлар қандай?

  3. Топырақ құнарлығының түрлері қандай?

Әдебиеттер:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
10 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет