С. Б. Темралиева (қолы ) (аты-жөні) «Топырақтану»


Топырақтың органикалық бөлігі



бет7/16
Дата31.01.2018
өлшемі3,59 Mb.
#36421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Топырақтың органикалық бөлігі. Топыракқа жылма-жыл тусетін өсімдіктер мен өлі жәндіктердің калдыкта-ры екі бағытта өзгеріске ушырайды. Біріншіден, топы-рактағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп жай минералды қосылыстарға айналады. Екіншіден осы организмдердің калдыктары микробтардың әрекетімен күрделі бихимнялық өзгерістерге ұшырап, тұракты органикалық зат — топырақ шіріндісі (гумус) немесе карашірік пайда болады. Қарашірік, негізінен, көмірте-гінен, сутегінен, лигниннен, белокты заттардан, азотты қосылыстардан, май мен смолалардан тұрады. Бұлардан қара шіріктің негізгі қосылыстары — гумин, фульво мен ульмин түзіледі.

Топырак қарашірігі — топырактың негізгі бөлігі. Қарашіріксіз топырақ жок. Әр аймақтын. табиғи жағдайларына карай топырақтағы қарашірік мөлшері шөлді жоне тундра аймактарында топырак көлемінің тек 0,5— I % болса, өсімдік калдыктарына бай, шалғынды, далалы қара топырақты аймақта 10%-ке, тіпті кейбір таулы, шалғынды жерлерде 15—20%-ке жетеді.

Органикалық - зат және оның өзгеру процестері топырақтың негізгі қасиеттері мен белгіеріне және оның қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді, Сонымен қатар, өсімдіктердің қоректенуіне, топырақтың жақсы су-физикалық қасиеттерін дамытуға, әртүрлі элементтердің топырақ пен биосферадағы миграциясына (қозғалысына) катысады. Топырақта жүретін барлық негізгі процестер органикалық заттардың тікелей немесе қосалқы катысу нәтижесінде асады.

Сол себепті органикалық заттардың топырақ қүнарлылығымен байланысын адамзат ерте дәуірден-ақ байқаған (Египетте, Грецияда, т.б.).

Топырақтың органикалық заттарын ғылыми тұрғыдан зерттеу XIX ғасырдың бірінші жартысынан басталды (Германияда-Шпренгель, Швецияда-Берцелиус, Ресейде-Герман, Голландияда-Мульдер және т.б.).

В. Доқучаевтың топырақ туралы ілімі зерттеушілердің зейінін гумуске (қарашіріңдіге) аударды. Бұл тұрғыда микроорганизмдердің гумустық заттарды синтездеудегі рөлі туралы П. Костычев зерттеулерінің маңызы аса зор болды. XX ғасырдың басы гумустық заттардың химиялық табиғатын тереңірек зерттеумен сипатталады (В. Вильямс және т.б.).

Қазіргі кезде орыс және шетел ғалымдары еңбектері арқасында гумустың құрамы мен қасиеті кеңінен талданып зерттелген. Сонымен қатар, топырақ органикалық заттарының гумусқа айналуының, гумустың топырақ пайда болуы мен оның құнарлылығына тигізетін рөлі жөніндегі теориялар жетілдірілуде (Л. Тюрин, М. Кононова, Л. Алсксандрова, В. Пономарева, Д. Орлов, И. Каурычев. 'В. Флейг, Ф. Дюшофур. М. Шанцер және т,б.).

Топырақ және биосфера органикалық заттарының негізгі көзі болып, өз бетімен минералды қосындылардан органикалық заттарды синтездейтін біріншілік продуценттер немесе автотрофтылар саналады, Жер бетінде органикалык заттарды өндіретін негізгі көз - жасыл өсімдіктер екені белгілі.

Топырақка өсімдіктердің ғана калдықтары түсіп қоймай (біріншілік органикалық зат), онымен бірге микробиологиялық өзгеріске түскен продуктілер және жануарлардың қалдықтары да жиналады (екіншілік органикалық зат). Жер беті экожүйесінің өнімділік мөлшері бірдей емес, әртүрлі - тундрада жылына 1 -2 т/ға құрғақ органикалык, заттар жиналса, ылғал тропиктік ормандарда 30-35 т/ға мөлшерінде жиналады. Агроэкожүйедегі жыртылатын егістік топырағында өсімдік қалдықтары 2-3 т/ға болса, көпжылдық шөптерден 7-9 т/ға мөлшерінде калдық түседі. Топырақтың барлық органикалық заттары топырақ фаунасы мен микроорганизмдерді қайта өндеуден өткізеді. Өңдеудің ақырғы продуктісі (азығы) болып, минералдык қосындылар саналады, Бірақ та біріншілік органикалық қосындылардың және әртүрлі тұрақтылығы бар күрделі органикалық продуктілердің топырақта пайда болуына және өсімдіктердің қоректенуіне тигізетін әсерлері әлі толық зерттелмеген.

Қарапайым көзге көрінетін топырақ құрамындағы өсімдік және жануарлар қалдықтары жалпы органикалық заттардың 5-10 %-тін құрайды.

Анатомиялық белгілерінен мүлдем айырылған топырақ органикалық заттарының негізгі бөлігі-гумус (қарашірінді).Ол үлкен екі топтағы заттарға бөлінеді. :

Топырақ құрамынан бөліп, мөлшерін анықтауға болатын спецификалы (тән) емес органикалық қосындылар - қанттар, аминқышқылдары, ақуыздар, органикалық негіздер илі заттар, органикалық қышқылдар және т.б. Көптеген минералды топырақтарда олар жалпы органикалық заттардың ондық проценті мөлшерінде кездеседі.

Жалпы органикалық заттардың 80-90%-ін құрайтын арнайы спецификалық-топырақтың өзіне тән бөлігі гумустық қосындылар.

Гумустық заттар - әртүрлі құрамды және қасиетті, жоғары молекулалы азотты, органикалық қосындылардан тұратын, пайда болудағы кейбір қасиеттерінің, кұрылысының ортақтылығы және органикалык табиғаты бар заттар. Олардың негізгісі келесілер: 1) өзіне тән түсі қара-коңырдан караға, кызғылт-қоңырдан сарғыштауға дейін ауытқуы; 2) карбоксилдер тобы әсерінен туған қышқылдылығы; 3) көміртегінің мөлшері – З6-дан 62 %, азот 2,5-нан 5 %-ке дейін; 4) 3-6 %-тей гетеро-(түрлі) циклді азоты бар; 5) барлық топтарда циклді фрагменттсрдің (қайтарылымды буындардан) болуы; 7) 700-800-ден жүздеген мыңға жететін молекулалық массасы бар әртүрлі заттар.

2) Гумустық заттар ерімталдығы мен экстракииялануы (ыдырауы) бойынша келесі топтарға бөлінсді: фульвоқышқылдар (Фқ), гумин қышқылдары (Гқ) және гумин; кейде ерекше гиматомелан қышқылдар тобы.

Фульвоқышқылдар- гумустық қосындылардың суға ең ерімтал тобы, жылжымалы, жалпы гумустық заттардын молекулалық шамасына қарағанда, молекулалық массасы көп төмен болатын зат, Гумустық заттардың басқа

тобына карағанда, көміртегі мөлшері де аз болуына бейімді келеді. Күлгін, қызыл тропиктік, боз топырақгарда көбірек кездеседі.

Гумин қышқылдары- минералдық және органикалық қышқылдарда ерімейтін гумустық қосындылар тобы. Молекулалық массасы жоғары, көміртегінің мөлшері 62 %-ке дейін, қышқылдылық сипаты басымдау зат. Қара, кара-қоныр, кейде орманды сұр, жақсы өңделген шымды-күлгін топырақтарда көбірек мөлшерде кездеседі.

Г у м и н - гумустың экстракцияланбайтын (ыдырамайтын) бөлігі. Шамамен екі типті қосындылар түрінде кездесуі мүмкін; балшықты минералдармен берік баиланған гумустық заттар (балшық - гумусты гумин); анатомиялық құрылысын жоғалтқан және берік компоненттермен, соның ішінде лигнинмен, байыған жартылай шіріген өсімдік қалдықтары (детритті гумин).

Гиматомелан қышқылдары- фулъво жәнс гумин қышқылдарының орташа қасиеттерімен сипатталған гумустық заттар тобы. Бұрын гумин қьшқылдары тобына біріктіретін. Бірақ олардан полярлы қышқылдарда еруі және басқа қасиеттерімен ерекшеленеді.

Казіргі уақытта фульво және гумин қышкылдарының құрамы мен құрылысы терең зерттелген. Барлық гумустық заттардың топтарында азоттың мөлшері 2,5-нан 5,0 %-ке дейін болады. Гумустық заттар орташа есептегенде, өсімдік қалдықтарына қарағанда, азотқа бай болады. Оның себебі -органикалық қалдықтар минералдану мен гумустену процестер көзінде, азотқа қарағанда, көміртегінің қос тотығы ретінде, құрамындағы көміртегінен айырылады.

Гумустық заттардың қүрылысын зерттеу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады сәл зерттеулердің нөтижесінде гумус қьішқылы молекуласының құрамындағы шартты түрде козғалмалы бөлігі-шеткі (перифериялы) және тұракты -ядролық (өзектік) болып екіге бөлінеді.

Топырақгардың беткі қабатында гумустың 0,5-1 %-тен 10-12 % және одан да көбірек. Төмен мәдениетті егіншілік топырақтағы гумус мөлшерін азайтады.

Гумин қышқылдары мен фульвокышқылдарының ара қатынастық көрсеткіші (Сг/Сф) бойынша гумустың келесі типтері бөлінеді: гуматты (> 1,5). фульватты-гуматты (1-1,5), гуматты-фульватты (1-0,5) және фульватты (< 0,5). Табиғи топыраққүралудың ыңғайлы көзінде гумустың құрамында гумин қышқылдары көп түзілетін зандылықгар байқалады (қара шіріндісі көп топырақтарда). Топырақты игеру мен мәденилендіру әрекеті гумус типтеріне әртүрлі ықпал жасайды. Топырақ кескінінде немесе бөлек кабаттарындағы гумустың қоры мөлшермен топырақ гумусының шамасы тепе-теңді болып келеді.

Топыраққа түскен органикалық қалдықгар әртүрлі физика-химиялык және биохимиялық өзгерістерге шалдығып, олардың көп бөлігі СО2, Н20 және қарапайьш дейін ыдырайды (минералданады), ал аз мөлшері өзгерістерге шалдығып, гумусгену процесі арқылы топырақтың гумустық заттарын құрайды. Гумустену процесінің басты сипаты болып гумустену коэффициент саналады (К^).

3) Ғылымда гумус кұралу процесі әлі толық анықталмаған Ол туралы келесідей концепциялар (көзқарастар) айтылған.

Конденсациялық (полимеризациялық) концепцияны 30 жылдары А. Трусов, М. Кононова, В. Фляй және т.б жетіддірген. М. Кононова гумустену процесінің негізгі жағдайларын келесідей тұжырымдайды: 1) өсімдік қалдықтарының гумусқа айналу процесі оның кұрамына кіретін заттардың СО2, Н20, NН3 және басқа да азықтары ыдырап минералдануымен бірге жүреді; 2) өсімдік денесінің барлық компоненттері ыдырау азықтарының кұрамдык негіз болып саналады; 3) гумустық заттар түзілуінің негізі болып фенолдар-фенолоксидаза типті ферменттермен тотығып конденсацияланған біріншілік құрылымы саналады; 4) гумустық заттардың түзілуінде басты химиялық процес поликонденсация болып есептеледі. Гумусқұралудың конденсациялық концепциясы бойынша фульвоқышқылдар гумин қышқылдарынан бұрын пайда болады деп тұжырымдалады, сондықтан олар күрделену арқылы гумин қышқылын түзеді. Бүл ферментік процесс.

Биохимиялық тотығу концепциясын 30-шы жылдары Тюрин ұсынған, оны ары қарай Л. Александрова дамытқаН Бүл түрғыдан қарағанда гумустену ете күрделі био-физика химиялық жолмен, өсімдіктердің органикалық калдықтары ыдырауы барысында, арадағы органикалық жоғары молекулалы азықтарынан ерекше косындылар-гумус-гумин қышқылдарын түзетін процесс. Гумустену процесінде басты рөлді баяу жүретін биохимиялық тотығу реакциялары атқарады, соның әсерінен жоғары молекулалы органикалыі қыіпқьтлдар түзіледі, Гумустену ұзақ жүретін процесс болғандыктан, гумин қышқылдары молекулаларының хош иістілер конденсациялануы арқылы емес, керісінше жаңа пайда болған гумин қышқьшдарының тұрақсыздана макромолекулаларының бөлінуі арқылы жүреді. Кәдімгі топырақтың (қара) гумин кышқылдарына қарағанда, жаңа түзілген гумиин қышқылдарының молекулалық массасы үлкенірек, ал элементтік құрамы өсімдік қалдықтарының химиялык құрамына тәуелді болады. Түзілген гумустық қышқылдар жүйесі минералдану көзінде бөлініп шыққан өсімдік қалдықтарының күлдік элементтерімен катар, минералдық топырақ бөлшегімен әрекеттесіп, оргаиика-минералдык заттар құрайды. Осының әсерінен түтас жүйе біртіндеп, ерімтал әртүрлі және молекулалық құрылысы өзгеше фракцияларға бөлінеді. Жүйенің дисперсиялық аз бөлігі суда ерімейтін кальцийлі және 1,5 тотықты гумин қьшқылдар тұздары түріңде пайда болады. Ал ерімтал түздар беретін дисперсиялы фракциясы фульвоқышқылдарын түзеді.

Орыс окымыстысы А. К. Тимирязевтің тілімен айтканда, карашірікте күн сәулесінің бір кездегі энергиясы консерзіленген күйінде сақталады. Қарашірікте өсімдік-терге керек болатын негізгі элементтер: азот, фосфор, көміртегі, күкірт т. б. бар. Топырақтағы микробиологиялык процестердің нәтижесінде қарашірік құрамындағы мұндай элементтер ыдырайды да, онымен өсімдіктер коректенеді. Тіпті ыдырамаса да, карашіріктің өзімен әсімдіктер коректенеді. Топырақтың түсі карашірікке тікелей тәуелді. Ол топыракты кара, кара қоңыр түске бояиды. Қарашірігі өте аз топырақтар ашык түсті, бозғылт болып келеді. Қарашірік неғүрлым топырақта мол болса, топырақтың кұнарлылығы да арта түседі.

Қарашірікпен топырактыц баска да физикалық касиеттері байланысты. Мысалы, топырақтағы карашірік мәлшерімен топырактың кұрылымын (структурасы), су сыйымдылығы, жылылық режимі т. б. тікелей байланыс­ты.



Бақылау сұрақтары:

  1. Қарашірік қандай заттардан тұрады?

  2. Қарашірік топырақтың түсіне қалай әсер етеді?

  3. Қарашірік топырақтың физикалық қасиеттеріне қалай әсер етеді?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
8: Тақырып: Топырақтың ұсақдисперсті бөлігі және сіңіру қабілеті.

Дәріс мазмұны: Топырақ көпфазалы түзілім. Топырақтың сіңіру бөлшегінің құрылысы. Топырақтың ұсақдисперсті бөлігі. Топырақтың сіңіру қабілеті. Механикалық, физикалық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық сіңіру қабілеті. К.К.Гедройц еңбектері. Топырақ орта реакциясы. Топырақтың сіңіру сыйымдылығы.

Мақсаты: Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілетіне толықтай тоқталу. Студенттерге топырақ орта реакциясын түсіндіру.

ТОПЫРАҚТЫҢ ЖҮТУ НЕМЕСЕ СІҢІРУ ҚАСИЕТІ

Топырақтың жұту қабілеті — бұл оның әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді заттарды алмаса немесе алмаспай сіңіру немесе топырақтың коллоидты бөлшектерінің бетінде олардың концентрациясын жоғарылату қабілеті. Топырақтың жұту қасиеті деп онын өз ішіндегі кейбір ерітінділердің косылыстарын, майда үнтақталған минералды және органикалық косылыстарды, микроорганизмдер мен баска кейбір заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу касиетін айтады. Топырақтың жұту қабілетін К.К. Гедройц, Г. Вигнер, Е.Н. Гапон, Б.П. Никольский, Н.П. Ремезов, Н.И. Горбунова сияқты ғалымдар зерттеумен айналысты. Соның ішінде К.К. Гедройц топырақтың жұту қабілетін толық сипаттады. Ол жұту қабілетінің бес түрін бөліп көрсетті:



  1. механикалық

  2. химиялық

  3. физикалық

  4. биологиялық

  5. физикалық—химиялық

Механикалық сіңіру касиеті — сумен немесе жел-мен бірге келген әр түрлі заттарды топырақ кеуектерінде ұстап қалуы. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында әр турлі заттар еленген ұннан қалған кебек сияқты ұсталып калады. Топырақтын физикалык сіңіруі дегеніміз — топырак бөлшектерінін беткі кабатының топырақтағы кейбір ерітінді молекулаларды сіңіру (аб­сорбция) қасиеті.

Топырақтың физикалык-химиялық сініруі немесе алмаса сіңіруі деп топырақтың катты фазасындағы иондардың тең мөлшерде алмасуын айтады. Демек, бір иондар алмасу реакциялары аркылы екінші иондармен орын алмастырады. Топырақтың химиялық сініруі — топырақтың кейбір иондарды сіңіруі арқылы суға ерімейтін немесе өте аз еритін тұздарды түзу процесі. Топырақтың биологиялык сіңіруінде топырактың тірі бөлігі аркылы (микроорганизмдер мен тамырлар) әр түрлі заттарды сіңіреді. Бұлардың ішінде физикалык-химиялык немесе алмаса сініруіне академик К. К. Гедроиц баса назар аударғанды. Ғалым алмасу реакцияларына қатысы бар косылыстарды «топырактың сіңіру кешені» деп атаған. Топырактың сініру кешеніндегі катиондар әр уакытта өзіне тең мөлшердегі баска катиондарға ал­маса алады.

Топырактың сіңіру мүмкіндігі әр түрлі болып келеді. Топырақ неғұрлым карашірікке бай, механикалық құ-рамы ауырлау балшыкты болса, оның сіңіруі соғұрлым сапалы әрі мол болады, ал топырак қарашірікке кедей, кұрамы жецілдеу күм, кұмдақ болса, оның сініру мүмкіндігі де шамалы болады.

Топырактын сініру касиетінің маңызы өте зор. Ол әр түрлі заттарды өзіне сіңіріп, әсіресе өсімдікке керекті заттарды үстап калу аркылы өз кұнарын арттыра түседі. Сіңірілген заттардың ішінде өсімдіктерге кажетті азот, фосфор, калий, кальцийлермен катар баска да микроэлементтер кездеседі. Сінірілген заттардың кұрамы-на байланысты топырақтың физикалык және химиялық қасиеттері де әр түрлі болады. Әдетте құрамында каль­ций катионы бар топырактардың қасиеттері жаксы, ал кұрамында натрий катионы мол топырактардың физи­калык касиеттері өте нашар, сортаңданған немесе кебір топыракты болып келеді. Ал топырақ құрамында СО3, Cl , SO4 иондары мол болса, онда өсімдіктер уланып, ештеңе өспейді. Олар сорланған, тұзы мол топырақтарға жатады. Бүл топырактарды егістікке пайдалану үшін оның түзын шайып, мелиорациялау керек.



ТОПЫРАК, ОРТАСЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ

Әр түрлі топырақ ортасынын реакциясында әр түрлі болып келеді. Бұған, негізінен, топыракка сіцірілген, алмасу реакциясы катысатын катиондар күрамы эсер етеді. Топырақтардың сіңірген кұрамына карап, олардың реакциясын кышкыл, бейтарап, сілтіленген екенін ажыратады. Топырактыц кышкыл ортасы, топырактын сіңіру кешені сутегі катионымен толыктырылады. Бүл топырактар — еліміздіц (ТМД) терістік жарында, жа-уын-шашын мол болатын аймакта тараған күлгіп топы­рактар мен тундра топырактары.

Бейтарап орта сіціру кешені, негізінен, кальций ка­тионымен толыктырылған топырактарда болады. Мұн-дай топырактар ТМД елдерініц орталык аймактарында жаткан кара топыракты, қызғылт-кара қоңыр топырак­ты аймактарда тараған. Ал сілті реакциясы мен сіңіру кешені, негізінен, натрий катионымен толыктырылған топырактарда кездеседі. Мүндай топырактар ТМД елдерінің оцтүстік аймақтарындары сортацданған, сор жерлерінде үшырасады. Топырақ ортасының реакциясы топырақ ерітіндісін бос күйінде кездесетін сутегі ион-дарының концентрациясы аркылы аныкталады, оның белгісі — РН. Әр түрлі топырак ерітінділеріндегі РН-нің мөлшері 3—10 сандарыныц аралығында, күшті кышкылды ортадан күшті сілтіленген ортага дейін болады. РН-нің көрсеткіші 3-тен 6,5-ға дейін болса, бұл кышқыл то­пырактар, 6,5—7,5-на дейін болса, бұл бейтарап топы­рактар, ал РН-нің көрсеткіші одан жоғары болса, олар сілтіленген топырактар катарына жатады.

Топырак ортасының реакциясы топырак касиеттеріне, ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін микроор ганизмдерге, жалпы топырақ кұнарлылыгына әсер ететін негізгі бір фактордың бірі. Топырақ ортасынын реакциясы бейтарап түрде өсімдік жаксы өседі. Ал өте қышқыл немесе сілтілі ортада топырактар микрооргаиизмдер үшін де, өсімдік үшін де колайсыз. Сондыктан мүндай топырактарды егістікке тиімді пайдалану үшін колдан әктендіріп, гипстендіріп, топырақ ортасынын реакциясын бейтарап күйге келтіру қажет, бұл—топырак қүнарын арттырудын негізгі шарасы. Қазіргі кезде ТМД елдерінде ауыл шаруашылыры үшін игеріліп жатқаң кара топырақты емес, кен алкапты егістік алкабына айналдыру үшін олардың кышкыл ортасын төмендету қажет. Ол үшін бұл топырактарға әк, гипс қоскан жөн.



Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілеті дегеніміз не?

  2. Топырақтың сіңіру немесе жұту қабілетінің түрлерін атаңыз?

  3. Топырақ орта реакциясына байланысты топырақ түрлері қандай?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)

9: Тақырып: Топырақ ауасы.



Дәріс мазмұны: Топырақ ауасы – топырақтың негізгі құрамдас бөлігі, өсімдік тіршілігінің факторы. Топырақ ауасының құрамы. Топырақтың ауа қасиеттері.

Мақсаты: Студенттерге топырақтың негізгі құрамдас бөлігі- топырақ ауасы, оның құрамы, қасиеттері туралы толық мағлұмат беру.

Ауа режиміне топырақтың түйіртпектілігі зор әсер етеді. Түйіртпектіліктің агрономиялык бағасы топырақты касиеттері мен режимдеріне, яғни физикалық қасиеттеріні (куыстылық, бірігулік), режимдеріне (су, ауа, жылу, тотығу тотықсыздану микробиологиялық және қоректену), физика-механикалық касиеттеріне байланысты болады.

Агрономиялық кұнды түйіртпектілік топырақга қылтүтікшелі және түтікшесіз көлемді қуыстардың ара-қатынасы қолайлы, яғни агрегаттар арасында түтікшесіз, ал агрегатгар іщінде түтікпелі қуыстар басым. Түтікшесіз қуъістар кесектер ішінде де болады. Түйіртпексіз топырақта механикалық элементтер нығыз жатады да, соныд салдарынан түтікшелі қуыстар артады. Түйіртпекті және түйіртпексіз куыстар күрылысы топырақтың тікелей су-ауа және құбылымдарына әсерін тигізеді, Түйіртпекті топырақтар түтікшелі куыстары аркылы суды жақсы сіңіреді де, түйіртпектер ішінде тұракты ұстайды, ал кесектер арасындағы куыстарға ауа толады. Ауа кесектер ішіндегі аэрация (ауа алмасу) қуыстарында да болады. Түйіртпекті топырақга су бетімен ағып кетпейді, дер кезінде оған сіңіп кетеді және оның түйіртпексіз куыстары суды буланудан сақтап калады. Міне сондықтан түйіртпекті топырақта өсімдіктер мен микроорганизмдер үшін қолайлы ауа мен су режимдері калыптасады. Мұндай топырақ далалық ылғалдылық деңгейіне дейін суланса да ауа мен судьщ оң арақатынасын жоғалтпайды және де онда тотығу процесі басым жүреді, сондыктан қоректік режимі де жақсы калыптасады. Азрациясы мен ылғалдануы қолайлы жағдаида топырақта микробиологиялық процестер де жақсы жүреді, денитрификациялық процесс шектеледі, силикат тотықтары жиналмайды да, фосфаттардың ерімейтін түріне алмасуын баяулатады.

Түйіртпексіз топыракка су баяу сінеді, сондықтан оның көп бөлігі жер бетімен ағып кетеді. Топырактағы жалпы түтікше тартымды судың тез булануына көмектеседі. Мұндай топырақта ылғалданудың екі - толық және жеткіліксіз деңгейі кдлыптасады. Толық ылғалдану жағдайында барлық топырақ қуыстары суға толып кетеді де ауаға орын қалмайды. Мүндай жағдайда топырақта анаэробты (О2-сіз) процесс дамиды, яғни денитрификация аркылы азот жоғалып, колайсыз темір мен марганецтің шала тотықтары, силикатсыз 1.5 тотықтар жиьілады, фосфаттар ерімейтін күйіне ауысып, сайып келгеңде осы процестер салдарынан өсімдіктер қорегі нашарлайды. Ылғалдану денгейі төмен жағдайда топырақ ауаға толып, өсімдіктер су тапшылығын тартады.

Агрономиялық құнды түйіртпектілік топыракта борпылдақ құрам туғызып, тұқым өніп-өсуі мен тамырлар дамуын жеңілдетеді және топырақтың технологиялық қасиетін жақсартады - ондай топыракты жыртуға аз куат кетеді. Өте нығыз қүрылымды түйіртпексіз топырақ массасынын байланысы күшейіп, жыртқаи кезде оның сыбағалы қарсыласуы артады да, тамыр жуйесінің өніп-өсуі тежеледі. Түйіртпекті топыракүсті, жоғарыда атап откендей,| суды жақсы сіңіргендіктен, бетінде су ағыны бәсендейді де,і шайынуға шалдыкдайды. 1-2 мм-ден ірі түйіртпектер желмен де ұшырылмайды.

Топырақтың агрономиялык, касиеттеріне кіші түйіртпектер де әсерін тигізеді, бірақ олардың қуысты және суға төзімді болғаны керек, ең қолайлы мөлшер - 0,25-0,051 және 0,05-0,01 мм-ден майда кіші түйіртпектер, оларі топырактың су және ауа сіңіру қасиетін төмендетіп, булануын арттырады. Топырақ түйіртпектерінің қолайлы мөлшерде қалыптасуы аймактар мен егіншілік жағдайына байланысты. Ылғалды аймақ топырағында ірі макротүйіртпектер арқылы су және ауа өткізгіштік қабілет артса, батпақты топырактарда су үстау кабілеті басым болады. Кұрғақ аймақ жағдайында топырақта аэрация күшейетін болғандыктан, булануды азайту керек. Мүндай топырақта кіші туйіртпектердің маңызы зор, яғни жыртылатын қабатта 1-2 мм-лік түйіртпектер мөлшері 50 проценттен аз болса, топырак жел аэрациясына бейім келеді.

Түйіртпектердің агрономиялық маңызын Н. Качинскиі былайша қорытқан: "Бір генетикалык, ерекшелігі бар жәш агротехникалық шаралары ұқсас жағдайда, бір типтегіі түйіртпекті топырақта, түйіртпексіз топыраққа қарағанда, ауылшаруашылық дақылдары өніп-өнуіне қолайлы жағдай) туады".

Бақылау сұрақтары:


  1. Ауа режиміне қандай факторлар әсер етеді?

  2. Ауа режимі қалай өзгереді?

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Биғалиев А.,Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Қазақстан топырағы және оның экологиясы. (Оқу құралы) .-Алматы, Санат ,1995.

2. Жамалбеков Е.,Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы.2000.

3. Качинский.Н.А. Топырақ ,оның қаситтері мен өмірі. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы.1959.

4. Мириманян К.П. Почвоведение. М., «Колос», 1965 г.

5. Добровольский В.В. География почв с основами почвоведения. М., «Просвещение», 1968 г., 1976 г.,

6. Крупеников И.А. История почвоведения. М., изд. «Наука», 1981 г.

7. Виленский Д.Г. Почвоведение. М., «Просвещение», 1957

8. Почвоведение. М., «Колос», 1969., (учебники и учеб. пособия для высш. с/х учебных заведении)
10: Тақырып: Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері.

Дәріс мазмұны: Топырақ сулары мен топырақтың сулы қасиеттері.

Топырақтың су режимі. Топырақтағы су түрлері (гигроскопиялық, гравитациялы, қылтүтік, химиялық байланысқан). Су өткізгіштігі, су көтеруі, су сыйымдылық. Г.П.Высоцкий еңбектері.



Мақсаты: Студенттерді топырақ фазаларымен, ауасы және ылғалымен, олардың түрлерімен кеңінен таныстыру.

Топырақ негізгі үш фазадан тұрады: топыраі. гын катты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалы. Сонғы жылдары көрнекті топырақ зерттеуші профессор А А. Роде төртінші фаза ретінде топырақтың тірі фазасын ұсынды. Бүл әбден дұрыс сияқты, себебі төменгі сатыды жәндіктер мен өсімдіктерсіз, микробтарсыз топырак болмайды

Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болгандықтап, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Бұл ылғал топыраққа ауадан түскен жауын-шашыннан, жер бетіндегі су мен жер астындағы ыза суынан келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр килы. Бір жерлерде топырақтың ылғалдылығы мол болса, екінші жерде тапшылау. Ал топырақтағы ылгал өсімдіктерге турліше сіңеді. Ылгалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті сіңбейді. Жалпы топырактағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет