С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Л) Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз



бет8/22
Дата05.11.2016
өлшемі7,53 Mb.
#407
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Л) Өкпе сөзіне қатысты фразалық тіркестерді оқып, мағынасын сәйкестендіріңізжәне солармен сөйлем құрастырыңыз.





фразалық тіркестер




Білдіретін мағыналары

а

Өкпесі қара қазандай

1

ренжу, өкпелеу

ә

Өкпе-бауыры елжіреу

2

ентігу, алқыну

б

Қызыл өкпе болу

3

қатты ренжу.

в

Өкпе арту

4

ерекше мейірім білдіру


10. Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 73-77 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 23-24 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 100-106 беттер.


Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

11 тақырыбы: Ас қорыту жүйесі, аурулары



Зат есімнің септелуі

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі, аурулары.

Зат есімнің септелуі.

2. Мақсаты:

- ас қорыту жүйесі туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі аурулары туралы мағлұмат беру;

- ас қорыту жүйесі, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- ас қорыту жүйесі туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

- түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- зат есімнің септелуі туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;


3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясы бойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенция бойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамыту білім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.
4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Ас қорыту жүйесі туралы.

2. Ас қорыту жүйесі аурулары туралы.

3. Ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеудегі тілдік оралымдар.

4. Ас қорыту жүйесінің қызметі туралы.

ә) грамматикалық материал бойынша

Зат есімнің септелуі туралы түсінік.


5. Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-3 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (45- 48 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.


- Мәтін бойынша жұмыс (60 -65 минут). Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, пікірталас, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

- Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (25-30 минут).



- Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут)

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут )
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, пікірталас,салыстыру, аударма жұмысын жасату.


7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, ас қорыту жүйесінің суретін, септік жалғаудың кестесін, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану.
8. Тапсырмалар:

А) Мәтін бойынша кездесетін төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз.

ұйқы безіподжелудочная железа

өзек – проток

он екі елі ішек двенацатиперстная кишка

қоймалжың полужидкий

ыдырау расщепление; распад

тоқ ішек толстая кишка

аш ішек тонкая кишка

тік ішек прямая кишка

кенеулі питательный

қоймалжың – густой, не жидкий

өңез – cлизистый налет

құсу – вырвать; срыгнуть

тырысу – судорога

күдік – подозрение

жүрек айну – тошнота

қыжылдау – изжога

іш қату – запор

іш кебу – вздутие живота


Ә) Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Түссіз, асқазан сөлі, жұтқыншақ арқылы өңешке өту, қорытылу, уақ, сіңірілу, біртіндеп, зарарсыздандыру, сарғыш-жасыл түсті, қоймалжың ас ботқасы, қыл тамырлар арқылы, ағзадағы улы заттар, кенеулі заттар, кенеулі заттардың ерітіндісі, қорытылмаған заттар, қалдық заттар, жүрек соғысы баяулау, науқастың әлсіреуі, терісінің қуқылдануы, ауруына мән бермеу, оқта-текте, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы тағамдарға әуесқойлық, iшкiлiкке салыну, зиянды әдеттерден аулақ болу.


Б) Мәтінді оқыңыз.

Ас қорыту өте күрделі үрдіс. Ол ас қорыту жолынан және бездерден құралады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Ас ауыз қуысынан жұтқыншақ арқылы өңешке өтеді, одан соң асқазанға түседі. Жұтқыншақ ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше, онда ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді. Өңеш ас қорыту жолының бір бөлігі. Ересек адамның өңешінің ұзындығы 25-30 см.

Асқазан сол қабырға астында орналасқан толық бұлшық етті ағза. Оның кардиальды тесігі XI кеуделік омыртқа деңгейінде орналасқан. Кіреберіс тесігі I бел омыртқаның деңгейінде, омыртқа бағанасының оң жағында орналасқан. Асқазан қабылдаған тағам үшін резервуар болып табылады, сонымен қатар сол тағамды химиялық қорытылуына әсер етеді. Осыған қоса, биологиялық белсенді заттардың секрециясы мен сіңіру қызметін атқарады. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 1,5 литрдей. Асқазанның шырышты қабығының бездері асқазан сөлін бөліп шығарады. Адамның асқазан сөлі түссіз болады. Асқазанда ас 4-8 сағаттай болып асқазан сөлінің әсерінен қорытылады. Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі. Бұл қорытылу аш ішектің ұсақ көп бездерінен бөлінетін сөлдің әсерімен болады. Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді, майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп, аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша  duodénum – аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады. Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады. Оның атауы сипатына сәйкес, себебі көлденең өлшемі он екі саусақ өлшеміндей. Он екі елі ішекте бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен без. Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады. Массасы, шамамен, 1500 г. Ол қызыл қоңыр түсті, оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасады. Бауырдан бөлінетін өт сарғыш-жасыл түсті. Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды. Май осындай күйде тез қорытылады.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Аш ішек  адам ағзасындағы асқазан мен тоқ ішек арасында орналасқан ішектің бір бөлігі. Аш ішектің негізгі қызметі – қоректік заттарды сіңіру. Аш ішектің ұзындығы 7- 8 м.

Аш ішекте қорытылмаған заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су ішек қабырғасындағы тамырлар арқылы қанға өтеді. Тоқ ішек адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі, ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.



Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит. Жедел гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Адам бұл ауру ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, стафилококк және басқалар) түскенде пайда болады.

Гастриттің жедел түрінде немесе тамақтан уланғанда (ұшынғанда) науқастың іші, басыауырады, әлсірейді, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе кейде 38-39 градусқа дейін көтеріледі, қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, тілінің үстін ақшыл-сары өңез басады, іші аздап кебеді. Ауыр түрлерінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді, тіпті науқас есінен танып қалады, аяқ-қолы тырысуы мүмкін.

Дұрыс емделгенде науқастың жағдайы тез жақсарады, ауру 5-7 күнге созылады. Жедел гастритті аппендициттен, дизентериядан айыра білу керек.Интоксикация белгілері жойылғанға дейін төсектен тұрғызылмайды, асқазанды натрий гидрокорбанатының ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады. Одан кейінгі күндерде арнайы диета тағайындалады.Жедел гастрит дұрыс емделмесе, диета ұстамаса созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.

Созылмалы гастрит – асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi. Ол ересек жастағы адамдардың 50%-да анықталады және адамның жасы ұлғая келе осы ауруға шалдығу мүмкiндiгi жоғарылай түседi. Бiрақ науқастардың көбi ауруына мән бермеуiнен дәрiгерге қаралатындардың саны 10-15%-дан аспайды.

Бұл аурудың дамуына алып келетін себептер:



  • инфекция түсу(95%) ;

  • ұзақ қолданған кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;

  • уақтылы тамақтанбау, тамақты шайнамай асығыс жұту, өте ащы, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық;

  • зиянды әдеттердің әсері (iшкiлiкке салыну, темекi тарту);

  • жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы (невроз, стресс т.б.).

Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазанда қабыну үрдісі дамиды, сөйтіп асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.

Созылмалы гастриттiң клиникалық көрiнiсiне мынандай жалпы белгiлер тән:



  • тәбеті нашарлау;

  • асқазан тұсының тамақ iшкенге байланысты ауыруы;

  • жүрек айну;

  • асқазан қыжылдау;

  • оқта-текте құсу;

  • ауыздан жағымсыз иіс шығу;

  • іш қату.

В) Мәтінді оқыған адам қандай сұрақтарға жауап ала алады? Сұрақтарыңызды жазыңыз.

Г) Жаныңыздағы студенттен осы сұрақтарға жауап беруін өтініңіз. Кімнің сұрақтары көп және дұрыс құрылғандығынына қорытынды жасаңыз.

Ғ) Төмендегі сызбаға қарап ас қорыту жүйесі туралы әңгімелеңіз.


10. Бақылау жұмыстары:

Коммуникативті компетенция бойынша

Д) Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Ас қорыту қандай үрдіс?

Ас қорыту жолына нелер жатады?

Он екі елі ішекте қандай үрдіс жүреді?

Бауыр қандай қызмет атқарады?

Аш ішекте қорытылмаған заттар қайда барады?

Асқазанда ас қанша сағаттай болады?

Он екі елі ішекте қандай үрдіс жүреді?

Бауыр қандай қызмет атқарады?

Ең соңғы қорытылу қай жерде болады?


Е) Зат есімнің септік жалғауларын және тіркесетін шылауларын еске түсіріңіз.

Атау септік ___________

Ілік септік ____________

Барыс септік __________

Табыс септік ___________

Жатыс септік __________

Шығыс септік __________

Көмектес септік __________


Ж) Көп нүктенің орнына тіркестердің мағынасына қарай септік жалғауларды қойыңыз.



бездер... құралу

ішек түтікшелері... бөлігі

жұтқыншақ... төменгі жағы

бүкіл ағза... тарау

тік ішек... түсу

осындай күй... тез қорытылу

ауыз қуысы... өту

лимфа... сіңірілу

атауы сипаты... сәйкес

аш ішек... біртіндеп өту




З) Мәтіннен төменде берілген қысқа ақпараттарды кеңейтіп, толықтыратын үзінділерді табыңыз.

  • Асқазан ауруларының ішінде ең жиі кездесетін ауру – жедел гастрит.

  • 18-24 сағат бойы су-шай диетасы қолданылады.

  • Созылмалы гастрит – асқазанның барлық ауруларының 85% құрайтын, кең тараған аурулардың бiрi.

  • Созылмалы гастриттiң белгiлерінің бірі – асқазан қыжылдау.

  • Созылмалы гастриттi емдеуге болады.


И) Үлгі бойынша ары қарай жалғастырыңыз.

Төмендегі себептерден

адам қандай зардап шегеді?

Үлгі:Іш қатудан

үлкен дәретке ұзақ уақыт бармаудан ағза уланады.

Тамақты шайнамастан асығыс жұтудан




Тәбеті нашарлаудан




Зиянды әдеттердің әсерінен




Ауыздан жағымсыз иіс шығуынан




Операционалды – дағды компетенциясы бойынша

К) Мағынасына қарай екі бағанды сәйкестендіріңіз.

Қоймалжың ас бұдан кейін ас қорыту жүйесінің келесі бөлімі

аш ішек, тоқ ішек – бұлар ас қорыту жолы болып табылады.

Тоқ ішек адам ағзасындағы ішек түтікшелерінің ең кеңейген бөлігі,

ал майдың ерітінділері негізінен, лимфаға сіңіріледі.

Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан немесе қарын, он екі елі ішек,

аш ішектің бастапқы бөлігі, ол асқазанның кіреберісімен жалғасады.

Аш ішектегі қорытылған кенеулі заттардың ерітіндісі қыл тамырлар арқылы қанға өтеді,

– аш ішекке біртіндеп өтіп отырады да, ең соңғы қорытылуға түседі.

Он екі елі ішек немесе ұлтабар, латынша  duodénum –

ол соқыр ішек пен тік ішектен тұрады, қорытылмаған қалдық заттар тік ішекке түседі.

Ұйқы безі асқазанның астыңғы жағында

екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.



Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

Қ) Берілген тұжырымдардың дұрыс не қате екенін анықтаңыз.

Ас қорыту – өте күрделі үрдіс.

Ол ас қорыту жолынан және бұлшық еттен құралады.

Ас ауыз қуысынан кеңірдек арқылы асқазанға өтеді, одан соң бауырға түседі.

Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 3 литрдей.

Асқазанның басты бөлімі – он екі елі ішек немесе ұлтабар.

Асқазанда бауыр мен ұйқы безінің сөл шығару өзектері ашылады.

Бауырдан бөлінетін өт қоңыр түсті.

Өттің әсерімен май уақ тамшыларға ыдырайды.

Бауыр – ас қорыту бездерінің ішіндегі ең кішкентай без.

Бауыр ағзадағы улы заттарды зарарсыздандырып отырады.

Он екі ішекте астың негізгі қорытылуы аяқталады.



Аш ішекте кенеулі заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға тарайды.
Л) Бауыр мен өкпеге салыстыру жүргізіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет