С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет18/27
Дата07.11.2016
өлшемі7,09 Mb.
#1229
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

Краснуха


  • Краснуха обычно начинается с появления на лице пятнистой розовой сыпи, которая в течение нескольких часов распространяется по всему телу, особенно вокруг суставов, на спине, ягодицах, на руках и ногах. Одновременно у ребенка начинается легкий насморк, кашель.

  • Еще один характерный симптом краснухи – увеличение лимфатических узлов, особенно затылочных и заднешейних.

  • Дети старшего возраста и взрослые переносят это заболевание тяжелее: с высокой температурой, резкой головной болью, значительным увеличением лимфатических узлов.



  • 4-тапсырма.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  • 1912 жылы поляк ғалымы Казимир Функ тағам құрамындағы белок, май көмірсутек және минералды тұздардан басқа тағы бір белгісіз затқа «витамин» деп ат берді. «Вита» латынның «өмір» деген сөзі, ал «мин» - химиялық құрамында азоты бар зат.

  • Казимир Функ күріш құрамынан белок, май көмірсутек және минералды тұздарды бөліп алды, ал кейіннен алған «витамин» деген затында, шынында да азот бар еді. (А.Алдашев)



  • Тестілер:

  • 1. Бағыныңқысы “қайтсе де?” деген сұраққа жауап бермейтін сөйлемді көрсетіңіз.

  • а) Май безінің секрециясы теріні майлап, ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

  • ә) Тері дене жылылығын реттесе де, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды әсерлерден қорғай алмайды.

  • б) Науқас дер кезінде емделсе де, толық жазылып кетпеді.

  • в) Үсіген терінің біртіндеп жаны кете бастаса да, соңынан қараяды.

  • г) Үй тапсырманы жақсы орындаса да, сабақта дұрыс жауап бере алмайды.

  • 2. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

  • ..., бір-бірімен тығыз байланысты.

  • а) Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанмен

  • ә) Тыныс алу жүйесінің мүшелері

  • б) Дене қызуы жоғарылады

  • в) Ауру асқынып, басқа мүшелерді қабындырыпты

  • г) Әр өкпе өкпеқаппен қоршалған

  • 3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

  • Егер науқастың бас сүйегі сынса, жедел дәрігер шақыру керек.

  • а) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • ә) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • б) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • в) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • г) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • 4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

  • Ауыр формалары кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді.

  • а) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • ә) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • б) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • в) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • г) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

  • 5. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.

  • ..., науқастың жағдайы нашарлайды.

  • а) Микробтар болады

  • ә) Ауру басталмаса

  • б) Асқыну болмай

  • в)+ Жұтынғанда тамағы ауырып

  • г) Ауру тудыратын себептері

  • 6. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

  • ..., тепе-теңдік сақтай алмайды.

  • а) Жедел ауырады

  • ә) Жүргенде сенімсіздік байқалып

  • б) Баланың басы айналады

  • в) Баланың есту қабілеті төмендейді

  • г) Көлеміне қарай өзгеріп отырады

  • 7. Сабақтас құрмалас сөйлем емес қатарды көрсетіңіз.

  • а) Балды тыныс жолы зақымданғанда, жүрек қызметі нашарлағанда беруге болады.

  • ә) Зат алмасу процесі жақсарады, жүрек етінің жиырылуы күшейеді.

  • б) Антибиотикті қажет болғанда ғана пайдаланыңыз.

  • в) Ең алдымен дәрігерге көрініп, толық тыныштықта жатып емделген жөн.

  • г) Ауырған адамды дереу жеткізу үшін, жедел жәрдем машинасын шақырды.

  • 8. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

  • Тері газ алмасуын реттейді және ол ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды.

  • а) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

  • ә) Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем

  • б) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

  • в) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

  • г) Сабақтас құрмалас сөйлем

  • 9. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып, салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

  • Бүйрек қызметі нашарлайды ... жүрек ентікпесі пайда болады.

  • а) үшін

  • ә) бірақ

  • б) және

  • в) де

  • г) деді

  • 10.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болатын сыңарды көрсетіңіз.

  • ..., қан қысымы уақытша көтерілді.

  • а) Ағзада өзгеріс байқалып

  • ә) Ауыр ой еңбегімен айналысу үшін

  • б) Қан тамырдың тарылуы болса

  • в) Дәрісін дер кезінде қабылдағанмен

  • г) Жүректің көлемі ұлғайып



  • ІІ нұсқа

  • 1-тапсырма.Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

  • 2-тапсырма.Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.

    1. Қуық түбінен несеп каналы басталады.

    2. Венералық аурулар науқас адамнан сау адамға жұғады.

    3. Аймақтық жүйке жүйесі ішкі мүшелердің жұмысын бір қалыпты реттеп отырады.

    4. Мидың жұмысы қан тамырларының қызметімен тығыз байланысты.

    1. 3-тапсырма.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

    2. 4-тапсырма. Мақсат бағыныңқы, шартты бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышының жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

    3. 5-тапсырма.Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңыз.

    1. Аурудың алдын алсаң, денсаулығыңның дұрыс болуына көмектеседі.

    2. Бүйрекке тас жиналмасын деп, ол емдік шөптер ішті.

    3. Науқастың қуығы созылмалы қабынса да, дәрігердің көмегімен тез жазылып кетті.

    4. Қан қысымы жоғарыламау үшін, қажетті емдерді қолданды.

    1. 6-тапсырма.Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

    1. Біртұтас, дегеніміз, анатомиялық, ауру, құбылыстар, және, физиологиялық.

    2. Бар, ең астыңғы, торлары, терінің, май қабатында.

    3. Болады, толуына, қуық, өзгермелі, пішіні, қарай.

    4. Бүйрек, жатады, үсті, безі, екі, бүйректің, үстінде.



    1. Лексикалық материал бойынша сұрақтар

    2. 1-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

    3. Аспаптарды қолдану, иммунды жасушаларды зақымдау, лентивирустар бөлігіне жату, жүйелі бақылау, медициналық көмек корсету, науқастарды емдеу, халықтың денсаулығы, аурухананың құрамына қабылдау, тұрмыс жағдайын жақсарту.

    4. 2-тапсырма.Берілген сұрақтарды қазақ тіліне аударып, жауап беріңіз.

    5. - Что вас беспокоит?

    6. - У вас давно головные боли?

    7. - Когда чаще болит голова?

    8. - Какая часть головы болит?

    9. - Вы чувствуете пульсирующую боль в голове?

    10. - Когда у вас появилась слабость в ноге (ногах), руке (руках)?

    11. - Головная боль у вас усиливается при повышении кровяного давления?

    12. - Страдаете ли вы бессоницей?

    13. - Вам приходится принимать снотворные лекарства?

    14. 3-тапсырма.Тері аурулары (есекжем, теміреткі, қотыр, т.б.) бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.

    15. 4-тапсырма.Медициналық мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

    1. Аймақтық жүйке жүйесінің қызметі қандай?

    2. Нейрон деген не?

    3. Жүйке аурулары қандай топқа бөлінеді?

    4. Миға қан құйылу қандай ауру?

    5. Тері қандай қабаттардан тұрады?

    6. Тері аурулары кезінде қандай белгілер байқалады?

    7. Мерез ауруының белгілері қандай?

    1. 5-тапсырма.Берілген мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

    2. Иммунитет

    3. Все знают, что нас окружают многочисленные микрооргнаизмы, однако болезни они вызывают не всегда. Дело в том, что в процессе эволюции в организме человека сформировалась система защиты против микробов – иммунитет.

    4. Иммунитет – совокупность защитных приспособлений организма, направленных на уничтожение и удаление паразитов, чужеродных клеток, в том числе опухолевых, и веществ. В реакциях иммунитета участвуют костный мозг, вилочковая железа, селезенка, клетки крови – макрофаги, Т- и В-лимфоциты и др. Регулируется иммунный ответ организма нервной и эндокринной системой с помощью сложных биохимических реакций.

    5. Миллиарды микроорганизмов живут на коже и слизистых оболочках ротовой полости, кишечника, дыхательных путей. Они участвуют в процессе пищеварения и даже защищают наш организм от вторжения в него патогенных, т.е. способных вызывать болезнь, бактерий и вирусов. Но многие из них готовы превратиться в паразитов, использующих ткани человека в качестве питательной среды. Обязательное условие для этого – ослабленность, беззащитность организма. Или, как говорят ученые, должна развиться иммунная недостаточность (иммунодефицит).





    6. Тестілер:

    1. 1. Сабақтас құрмалас сөйлем жасамайтын сыңарды көрсетіңіз.

    2. ..., ауруы күшейіп кетеді.

    3. а) Науқас шалқасынан жатса

    4. ә) Тамақты көп ішкеннен

    5. б) Науқастың жүрегі айнып

    6. в) Сыздап ауырады

    7. г) Ұйқы безінің қызметі бұзылғандықтан

    8. 2. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

    9. ..., жүйке жүйесі зақымданады.

    10. а) Дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырмаса

    11. ә) Темекі көп тартқандықтан

    12. б) Жүрек ауруымен жиі ауырып

    13. в) Қан қысымы артуы салдарынан

    14. г) Тамақты көп жесе де

    15. 3. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.

    16. Ол тазалықты дұрыс ..., іш ауруымен жиі ауырады.

    17. а) сақтамағандықтан

    18. ә) орындаса

    19. б) орындамай

    20. в) сақтаса да

    21. г) білгенмен

    22. 4. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

    23. ..., анасы баласына вакцина ектірді.

    24. а) Қызылша ауруымен ауырмасын деп

    25. ә) Күл жұқпалы ауру болғандықтан

    26. б) Жұқпалы аурумен ауырмаса

    27. в) Аурудың алдын алу

    28. г) Жеміс-жидектерді көп беріп

    29. 5. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетеңіз.

    30. а) Қазақ тілін үйрену үшін, қазақша көбірек сөйлесу керек.

    31. ә) Адам тез жазылсын деп, тағайындаған емді дұрыс қабылдайды.

    32. б) Жақсы дәрігер болсаң, адамдар сені құрметтейді.

    33. в) Жүрек ауруын алдын алу үшін, көп ашуланбау керек.

    34. г) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

    35. 6. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын көрсетіңіз.

    36. а) қалай?

    37. ә) қашан?

    38. б) не үшін?

    39. в) нешеде?

    40. г) қайда?

    41. 7. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    42. а) Мешел ауруынан айығу үшін, сұлы сабанынан ванна жасап ем қабылдау керек.

    43. ә) Аяқ шаршағанда салқын суға салу керек.

    44. б) Құрғақ сұлыны қыздырып басу- өт қабынғанда тастың түсуіне, іш ауруларының жазылуына көмектеседі.

    45. в) Асқа тәбетті арттыратын дәрі ретінде пайдалануға болады.

    46. г) Таңертең ерте тұрып, мен дене шыңықтыру жасаймын.

    47. 8.Сөйлемді аяқтайтын екінші сыңарды көрсетіңіз.

    48. Дәріханаға бармақ болып, ... .

    49. а) далаға шықты

    50. ә) үйде отыр

    51. б) қонаққа келді

    52. в) дүкенге барды

    53. г) үйде демалды

    54. 9. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарын көрсетіңіз.

    55. ... ,науқас дәрі ішті.

    56. а) Тез жазылу үшін

    57. ә) Дене қызуы көтерілмесе

    58. б) Науқас уақытысымен емделсе

    59. в) Қан қысымы бірқалыпты

    60. г) Басын шайқады

    61. 10. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем қандай шылау арқылы жасалады?

    62. а) үшін

    63. ә) сонда да

    64. б) да

    65. в) немесе

    66. г) және

    1. 11.Негізгі әдебиеттер:

    2. 1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 135-136-бб.

    3. 2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 113-115-бб.

    4. 3. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы. «Рауан», 1994. 325-326- бб.

    5. Қосымша әдебиеттер:

    6. 1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

    7. 2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.133-134-бб.

    8. 3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.

























    9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР











    10. 1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.



















































    11. 2012 ж



    12. Кафедра мәжілісінде талқыланды



    13. Хаттама №____, «_____»____________2012ж.







    14. «Бекітемін»

    15. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай



























































    16. 1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.



    17. 2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.



    18. 3. Тапсырмалар:

    19. І. Медицина саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу.

    20. ІІ. Тәжірибеге жаңадан енгізіліп жатқан емдеу тәсілдерін оқып, танысу.

    21. ІІІ. Қазақстандағы медицинаның дамуы жайлы мақалаларды білу.

    22. ІV. Қазақ тіліндегі медициналық газет-журналдарды оқу.



    23. 4. Орындалу тәсілі. Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы



    24. 5. Орындалу талаптары:

    1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

    2. Ақпарат құралдары негізінде өзіне берілген тақырыпқа шолу жасау.

    3. Өздік жұмыс ретінде берілген тақырыпқа реферат немесе конспект жасап, глоссарий жазу.

    4. Ақпарат көздерінен тақырыбына қатысты барынша мол мағлұматтар келтіру.



    1. 6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.



    2. 7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

    3. 1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

    4. 2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.



    5. 8. Әдебиеттер:

    6. 1. Қазақ тіліндегі «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар.

    7. 2. Интернеттегі www.abai.kz, www.newskaz.kz , www.bbc.com сияқты әртүрлі сайттар.



    8. 9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

    1. Қазақ тіліндегі қандай газет-журналдарды білесіз?

    2. Өзіңіз таңдап алған газет немесе журналдағы медицинаға қатысты қандай мақалаларды оқыдыңыз?

    3. Қазақстан медицинасының дамуына зор үлес қосып жүрген дәрігерлерді атаңыз.









    1. Қазақ тіліндегі қандай ақпарат көздерін білесіз?

    2. Өзіңіз таңдап алған ақпарат құралдарын медицинаға қатысты қандай мақалаларды

    1. оқыдыңыз?

    1. Ғылыми мақала дегеніміз не?

    2. Ғылыми стиль туралы не білесіздер?

    3. Ғылыми-көпшілік мақалалардың өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіздер?











































































































    1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР







    2. 2 Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.

























































    3. 2012 ж

    1. Кафедра мәжілісінде талқыланды



    2. Хаттама №____, «_____»____________2012ж.







    3. «Бекітемін»

    4. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай





































































    5. 1. Тақырыбы:Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.



    6. 2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі аурулар бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу. Дұрыс диагноз қойып, аурудың түрін анықтауда дәрігердің қойған сұрақтарына науқастың нақты әрі айқын жауап беруінің маңызды екенін түсіндіру.



    7. 3. Тапсырмалар:

    1. Дәрігер мен науқас арасында белгілі бір ауру бойынша сұхбат ұйымдастыру

    2. Белгілі бір жүйе аурулары бойынша рөлдік ойындар өткізу

    3. Белгілі бір жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.

    4. Белгілі бір жүйе аурулары жайлы мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.



    1. 4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.



    2. 5. Орындалу талаптары:

    1. Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.

    2. Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.

    3. Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.

    4. Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.

    5. Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.

    6. Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.



    1. 6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.



    2. 7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

    3. 1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

    4. 2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.



    5. 8.Әдебиеттер:

    6. 1. Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.

    7. 2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.

    8. 3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.

    9. 4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».



    10. 9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

    11. 1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?

    12. 2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?

    13. 3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?



































    14. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР













    15. 3. Орта ғасыр ойшылдары















































    16. 2012 ж





    17. Кафедра мәжілісінде талқыланды



    18. Хаттама №____, «_____»____________2012ж.







    19. «Бекітемін»

    20. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай





    21. 1. Тақырыбы:Орта ғасыр ойшылдары.



    22. 2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатынОрта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.



    23. 3. Тапсырмалар:

    24. І. Ұлы дала ойшылдарын білу.

    25. Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Баласағұни

    26. ІІ. Олардың өмірі мен еңбектері туралы жақсы білу.

    27. ІІІ.Өзі таңдап алған бір ойшылдың айрықша еңбектеріне тоқталып, айта білуі керек.

    28. ІV. Сол тұлғаның шығармаларын, еңбектерін оқуы керек.



    29. 4. Орындалу тәсілі. Реферат түрінде.



    30. 5. Орындалу талаптары:

    1. Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.

    2. Әдебиеттердің негізінде өзіне берілген ойшылдың қысқаша (1 бет көлемінде) өмірбаянын жазу. Шығармашылық жолына (1 бет көлемінде) шолу жасау.

    3. Өздік жұмыс ретінде берілген ғұламаның бізге жеткен мұрасына тоқталып, қысқаша талдау (аннотация) жасау.

    4. Ол туралы белгілі бір тұлғаның (ғалым, жазушы т.б.) пікірін келтіру.



    1. 6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.



    2. 7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

    3. 1. Жұмыстың сапасы – 100 б.

    4. 2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.



    5. 8.Әдебиеттер:

    1. Мағауин М. «Ғасырлар бедері», Алматы, «Жазушы», 1991ж.

    2. Жарықбаев Қ. «Ақылдың кені», Алматы, «Қазақстан», 1991ж.

    3. Бердібаев Р. «Дәстүр тағылымы», Алматы, «Жазушы», 1973 ж.

    4. «Даналардан шыққан сөз» (Құрас.Ұ.Асылов), Алматы, «Мектеп», 1987.

    5. «Бес ғасыр жырлайды» (Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев), Алматы, «Жазушы», 1989, 1т.

    6. Баласағұн Ж. «Құтты білік» (Ауд. А Егеубай), Алматы, «Жазушы», 1986 ж.

    7. Сүйіншәлиев Х. «VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, «Мектеп», 1989 ж.

    8. Бердібаев Р «Сарқылмас қазына», Алматы, «Мектеп», 1983 ж.

    9. Жолдасбеков М. «Асыл арналар», Алматы, «Жазушы», 1990 ж.



    1. 9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

    2. 1. Орта ғасыр ойшылдары деп кімдерді айтамыз?

    3. 2. Өзіңіз таңдап алған ойшыл тұлға туралы не білесіз?

    4. 3. Ол ойшылдың халық, қоғам алдындағы қандай айрықша еңбектерін айта аласыз?

    5. 4. Сол тұлға өмір сүрген жылдарда қоғамда қандай өзгерістер болып жатқан еді?

    6. 5. Жүсіп Баласағұн толғауларының негізгі тақырыбы?

    7. 6. Махмұд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?

    8. 7. Ахмет Яссауи хикметтерінің идеясы неде?















































































































    9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР





















    10. 4 Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу











































    11. 2012 ж



    12. Кафедра мәжілісінде талқыланды



    13. Хаттама №____, «_____»____________2012ж.







    14. «Бекітемін»

    15. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай







    16. 1. Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.



    17. 2. Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студенттің нақты сұрақтар құрастыра білуі. Әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама жүргізіп, оған талдау жасау.



    18. 3. Тапсырмалар:

    19. 1. Сапасыз дәрі-дәрмек өнімдері бойынша тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу.

    20. 2. Медицина саласына енгізілген соңғы емдеу тәсілдеріне қатысты дәрігерлер арасында сауалнама жүргізу.

    21. 3. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясына байланысты көпшілік арасында сауалнама жүргізу.

    22. 4. Білім сапасы жайлы студенттер арасында сауалнама жүргізу.



    23. 4. Орындалу тәсілі. Сауалнама. Сауалнама нәтижелерін талдау.



    24. 5. Орындалу талаптары:

    25. 1. Сауалнама сұрақтары нақты әрі айқын болуы шарт.

    26. 2. Сауалнамаға қатысқан адамдар санын, жасын көрсету.

    27. 3. Сауалнама нәтижесі бойынша пікірлер келтіру.



    28. 6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.



    29. 7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.

    30. 1. Жұмыстың сапасы – 100б.

    31. 2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.



    32. 8. Әдебиеттер: Әртүрлі тақырыпқа жүргізілген сауалнама үлгілері.



    33. 9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.

    34. 1. Әртүрлі пікір алуандығын туғызатын, сізді толғандырып жүрген қандай мәселелер бар?

    35. 2. Өзіңіз сауалнама жүргізген тақырып бойынша айтар ойыңыз қандай?

    36. 3. Сауалнама жүргізілген мәселе бойынша қандай ұсыныстар айтылды?

    37. 4. Берілген мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай деп ойлайсыз?





















































    38. ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

    39. ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ











    40. Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары

















































    41. 2012 ж.



    42. Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды

    43. №____хаттама

    44. «_____»___________20____ ж.





    45. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай



    46. 1. Тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан. Қазақтың ұлттық мейрамдары.



    47. 2. Мақсаты:

    • Сөздің тура және ауыспалы мағыналары туралы толық мағлұмат беру.

    • «Қазақтың ұлттық мейрамдары» мәтінін пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу.

    • Ұлттық мейрамдардың түрлерімен таныстыру.

    • Эстетикалық тәрбие беру.

    • Отанын, елін, жерін сүюге, сыйлауға тәрбиелеу.

    • еліміздің шекарасы, табиғаты, қалалары туралы баяндай алуы

    • сөйлеу үлгілерін иегере алуы, сөйлеу үлгілерін мақсатты пайдалана алуы

    • Қазақстанның көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет екендігін түсіндіре отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу

    • Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай мемлекет екендігін айту

    • Қазақстан мәдениетті, білімді, саяси тұрақты мемлекет



    1. 3. Міндеті:

    • лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

    • терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;

    • ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

    • қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.

    • болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру

    • студентке мемлекеттік тілді оқып үйренуде өз әрекетінің жемісті екендігін сезінуіне жағдай жасау

    • мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру;



    1. 4. Негізгі ұғымдар:

    2. а) лексикалық тақырып бойынша

    1. Мейрамдар туралы түсінік беру.

    2. Тәуелсіздік алу жолында қандай қиындықтар болғаны туралы мәлімет.

    3. 16 желтоқсанда құрбан болған жастар туралы айтып өту.

    4. 22-наурыз халықаралық наурыз мейрамы туралы.

    5. Наурыз сөзі қазақ тіліне қай тілден енген?

    6. Наурыз мейрамының ерекшелігі.

    7. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні туралы мағлұмат.

    8. Астана күні болып қай күн белгіленді?

    9. Астана бұрын қалай аталған?

    10. Айт мейрамы.

    11. Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығыстағы табиғаты.

    12. Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жерлері, аң-құстары, өсімдіктері.

    13. Қазақстанда кездесетін кен байлықтары

    14. Қазақстанның қалалары.

    15. Қазақстан Президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық республика.

    16. Қазақстан тәуелсіз, егеменді, әр түрлі халық өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан ел.

    1. Сабақты өткізу жоспары:

    1. 1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

    2. 2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

    3. 3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

    4. ҮЗІЛІС

    5. 4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

    6. 5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

    7. ҮЗІЛІС

    8. 6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут

    9. 7. Жаттығу жұмыстары,тестілер - 20 минут

    10. 8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут



    1. Өткізу түрі: тәжірибелік

    2. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

    1. Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, пікірталас, ситуациялық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, топпен жұмыс т.б.

    1. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.



    1. Тапсырмалар:

    1. Менің Отаным – Қазақстан

    2. Қазақстан Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15.000 шақырымнан асады. Батысында және солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Қырғызстанмен, Өзбекстан, Түрікменстан, ал шығысында Қытаймен шектеседі. Қазақстанның жерінің аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым. Халқының саны 16 миллионнан астам. Республикамызда көп ұлттың өкілдері тұрады. Онда жүзден астам ұлттардың өкілдері қазақ халқымен бірге тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Республикамыза 14 облыс, 90-ға жуық қала, 200-ден астам аудан бар.

    3. Елдің солтүстігі орманды, ал оңтүстігі таулы болып келеді. Орталық Қазақстанды жазық дала алып жатыр. Қазақстандағы ең ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле т.б. Ең үлкен көлдері мен теңіздеріне Балқаш пен Зайсан көлдері, Каспий мен Арал теңіздері жатады. Қазақстан қара және түсті металдарға, көмір, газ, бағалы металдарға (алтын, күміс, платина), сирек кездесетін металдарға (тантал, индий, иридум т.б.) бай.

    4. Қазақстан ауыл шаруашылығы, өнеркәсібі дамыған ел. Өнеркәсіптің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, металл өңдеу, отын – энергетика, химия және басқа салалары. ауыл шаруашылығының негізгі салалары – егіншілік пен мал шаруашылығы. Ауыр өнеркәсіптің орталықтары – Қарағанды, Өскемен, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Екібастұз, Шымкент және тағы басқалар.

    5. Сонымен қатар Қазақстан – ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған ел. Қазақстанда Ұлттық Ғылым Академиясы, ғылыми-зерттеу институттары, жолғары оқу орындары, опера және балет тетры, драма театры, кинотеатрлар, мектептер, кітапханалар, мәдениет сарайлары сияқты көптеген ғылым мен мәдениет ошақтары бар.

    6. Бурабай – Көкшетаудағы әдемі көл, суы тұщы және мөлдір. Көлдің ең терең жеріндегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Көлдің айналасы қарағайлы, қайыңды орман. Көкшеде әйгілі «Оқжетпес», «Жұмбақтас» сияқты көрікті жерлері бар. Көлінде әр түрлі балықтар бар. Бурабай көлінің айналасында курорт, демалыс орындары орналасқан. Ол таза ауасымен, қымызбен емдейтін ірі курорт. Бурабай табиғатының көркемдігі жөнінен әлем курорттарының ішінде ерекше орны алады.

    7. Қазақстанның астаналары: Орынбор (1925), Қызылорда (1929), Алматы (1929-1997) және Астана (1997 10-желтоқсан) қалалары.

    8. Сөздік

    1. тату-тәтті – счастливо

    2. жазық дала – степь

    3. өнеркәсіп – промышленость

    4. салалар – раздел

    5. егіншілік – растениеводство

    6. мал шаруашылығы – скотоводство

    7. тұщы – пресный

    8. мөлдір – прозрачный

    9. орталық бөлігі – центральная часть

    10. шаршы шақырым – квадрат километр

    11. батыс – запад

    12. шығыс – восток

    13. даму – развиваться

    14. айнала – вокруг



    1. 1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

    1. Қазақстанның табиғаты қандай?

    2. Қазақстанда қандай кен байлықтар бар?

    3. Қазақстан қандай республика?

    4. Қандай қалалар Қазақстанның астаналары болды?

    5. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?

    6. Қазақстандағы өнеркәсібі дамыған қалаларды атаңыз

    7. Астананың болашағын қалай елестетесіз?



    1. а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:

    1. Ыдырау – раcпад

    2. Ежелгі – древний

    3. Үндеу – листовка

    4. Табалдырық – порок

    5. Қасиетті – благодатный

    6. Теңелу- приравниваться

    7. Ықылас – внимание

    8. Ұйымшылдық-организованность

    9. Татулық-дружба

    10. Бірлік-единство

    11. Жомарттық-щедрость

    12. Ізгілік-добро

    13. Малтығу-тонуть

    14. Дән-зерно

    15. Аяусыз-безжалостно

    16. Жазалау-наказать

    17. Дүмпу-взрыв

    18. Наразылық-протест

    19. Дүр сілкіндіру-потрясти

    20. Дербес-самостоятельный

    21. Оралу-возвратиться

    22. Оқиға-событие

    23. Талап ету-требовать

    24. Бас көтеру-восстать

    25. Үстемдік-господство

    26. Бетпе-бет-лицом к лицу

    27. Айқын-ясный

    28. Әкеп соғу-привести

    29. Құрбан-жертва

    30. Малыну-окунуться

    31. Тегіс-полностью

    32. Қамтылу-охватываться

    33. Тән-характерно

    34. Күллі-все

    35. Құқық-права

    36. Перзент-дитя

    37. Мәре-сәре-радостно

    38. Күннің нұры ерекше төгілетін-осебенное отражение лучей



    1. ә) Мәтінді оқу.

    2. Қазақтың ұлттық мейрамдары (Наурыз, Құрбан айт, Тәуелсіздік күні т.б.)

    3. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеке дербес ел болды. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, ұлттық мейрамдары да қайта оралды. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ресми мейрамдарына:

    • 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні;

    • 1 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі;

    • 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер мейрамы;

    • 22 наурыз – Халықаралық Наурыз мейрамы;

    • 1 мамыр – Ынтымақтастық күні;

    • 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні;

    • 6 шілде – Астана күні;

    • 30 тамыз – Конституция күні жатады.

    1. Тәуелсіздік күні

    2. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда дүниені дүр сілкіндірген оқиға болды. Ол еркіндік пен теңдікті талап еткен жас жігіттер мен қыздардың бас көтеруі еді. Империялық үстемдікке қарсы бетпе-бет келіп, наразылық көрсетудің айқын көрінісі еді. Қазақ жастарының үстемдікке бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава – КСРО-ның ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылы 16 желтоқсанда ғана қазақ елі көптен аңсаған арманына жетті. Өз алдына тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жолында көптеген жастарымыз құрбан болды. Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асанова сияқты көптеген жастарымыз қаза тапты.

    3. Халықаралық Наурыз мейрамы

    4. Наурыз атауы қазақ халқына парсы тілінен келіп сіңген, ноу-«жаңа», руз-«күн» деген сөз. Бұл қазақ ұғымында жыл басы, жыл тойы деген мағына береді. Наурыз мейрамы күн мен түннің теңеліп, көктем күш алып, күн нұры ерекше төгілетін, жер ана жасыл желекке малынып, адам да, табиғат та жаңғырып жаңаратын ғаламат жарқын күн. Наурыз мейрамында ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын-сауығымыздың бәрі тегіс қамтылып, зор ықыласпен тойланып, үлкен мерекелік салтанаттар өткізіледі. Наурыз мейрамында әр адам өзіне, отбасы немесе жақын туыстарына туған-туыстары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілектер тілейді. Наурыз мерекесіне ғана тән көпшілікке арналған тағам - Наурыз көже дайындалады. Оның ішіне 7 түрлі тағам қосылады. Наурыз көже мерекемен құттықтап келгендерге ерекше ықыласпен ұсынылады. Бұл мереке барлық адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа, бірлікке шақырады.

    5. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

    6. 1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алған. Бұл күні әйелдер сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді.

    7. Бұл мереке тарих сахнасына әйелдер құқығы үшін күресу күні ретінде шыққан еді.

    8. Астана күні

    9. Республика Президентінің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Кейін Ақмола қаласы Астана атанды.

    10. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің Перзенті – Астана қаласы күннен –күнге көркейіп, құлпырып келеді. Оны қазір барша жұрт қызыға тамашалауда. Халқымыз бүгінде онымен мақтанатын болды.

    11. Ал еліміздің тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың туған күні 6-шілде – Астана күні аталатын болды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет