4-тапсырма.Мына мақал-мәтелдерден мәтінге лайықтысын табыңыз.
Мезгілі жетсе, мұз да ерір. Жақсы жолдас ерттім дегенше, жарты жолдан өттім де. Өзіңді зор тұтпа, өзгені пір тұтпа. Жақсымен жолдас болсаң,жетерсің мұратқа. Апама жездем сай. Көптен көрген ұлы той. Ережесіз ойын жоқ. Қашпақ болсаң – зымыра.
10. Бақылау(тестілер,ситуациялық тапсырмалар, сұрақтар т.б.)
Тест тапсырмалары:
1. Арыстан Баб кесенесі қай қалада орналасқан?
а) Отырар
ә) Түркістан
б) Қызылорда
в) Ақмола
г) Қарағанды
2. Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы?
а) Арыстан Баб
ә) Абай Құнанбайұлы
б) Айша Бибі
в) А.Байтұрсынұлы
г) Ш.Құдайбердіұлы
3. Айша Бибі кесенесі қай ғасырда салынған?
а) ХІІ ғ
ә) ХІІІ ғ
б) ХІХ ғ
в) ХІ ғ
г) ХХ ғ
4. “Төбе шашы тік тұру” деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.
а) күлу
ә) ойнау
б) шошу
в) күрсіну
г) ойлау
5. Орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіші?
а) Қожа Ахмет Иассауи
ә) Айша Бибі кесенесі
б) Арыстан Баб кесенесі
в) дұрыс жауап жоқ
г) Түркістан кесенесі
6. Арыстан Баб кесенесі нешінші жылдан бастап мемлекет қорғауына алынды?
а) 1348
ә) 1765
б) 1377
в) 1245
г) 1346
7. Айша Бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде...... .
а) 3.4 м
ә) 6.7 м
б)5.6 м
в)8.1 м
г) 6.3 м
8. Фразеологизмдерге нелер жату мүмкін?
а) одағай сөздер
ә) өлеңдер
б) мақалдар
в) мәтелдер
г) шығармалар
9. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қандай кірпіштен жасалған?
а) Күйдірілген кірпіш
ә) Мәрмәр кірпіш
б) Күйдірілмеген кірпіш
в) қызыл кірпіш
г) ақ кірпіш
10. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің салынған жылдары?
а) 1345
ә) 1396 - 1399
б) 1356 - 1498
в) 1396 – 1356
г) 1256 - 1367
11. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды?
а) Әмір Темірдің
ә) Арыстан Баб
б) Айша Бибі
в) Әбілқайыр
г) Кенесары Қасымұлы
12. Айша Бибі кесенесі неше бөліктен тұрады?
а) 2
ә) 3
б) 5
в) 4
г) 7
13. «Архитектура» сөзінің қазақша баламасы.
а) Ескерткіштер
ә) Сәулет
б) Зиярат
в) Күмбез
г) Құрылыс
14 “Алыс” деген сөзге қандай фразеологизм сәйкес келетінін белгіленіз.
а) мандай тер
ә) ит өлген жерде
б) ата жолын қуу
в) табан ақы
г) жел аяқ
15. Түркістан қаласында орналасқан кесене.
а) Арыстан баб
ә) Райымбек ата
б) Айша бибі
в) Ахмет Яссауи
г) Қарахан кесенесі
16. Айша бибі кесенесінің қабырғаларының қалыңдығы қанша?
а) 80 см
ә) 90 см
б) 100 см
в) 150 см
г) 200 см
17. Қожа Ахмет Яссауидің ұстазын көрсетіңіз.
а) Жүсіп Баласағұни
ә) Аристотель
б) Арыстан баб
в) Махмұд Қашқари
г) Әл-Бируни
18. Айша бибі кесенесі нешінші ғасырда салынды?
а) VIIIғ
ә) Xғ
б) IXғ
в) XIғ
г) XIIғ
19. Тұрақты сөз тіркестері неше тіркеске бөлінеді?
а) 3
ә) 5
б) 2
в) 6
г) 4
20. Қайсы кесененің қабырғасында Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған?
а) Арыстан баб
ә) Ахмет Яссауи
б) Айша бибі
в) Райымбек ата
г) Қарахан баба
11.Әдебиет:
1. Исаева Ж.Т., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі. Алматы, 2011 ж.47-48 бб.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі (для начинающих). Алматы, 1994 ж.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырып: Тарихи тұлғалар
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Тарихи тұлғалар
2. Мақсаты:
1. Қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан адамдар туралы мәлімет беру.
2. Мәтін арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту.
3. Студенттердің назарын мәтіндегі басты оқиғаларға аудару.
3. Міндеті:
1. Мәтінде орыс тіліне аударту.
2. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.
3. Мәтінді қысқаша мазмұндай алуға машықтандыру.
4.Негізгі ұғымдар:
Лексикалық тақырып бойынша:
1. Қазақ хандығының ірге тасын кімдер қалады?
2. Қасым хан қазақ хандығына қандай еңбек сіңірді?
3. Тәуекел, Есім хандар туралы не білесіздер?
4. Әз Тәукенің шығарған заңдары қалай аталады және онда қандай мәселелер қарастырылған?
5. Сабақты өткізу жоспары (уақыты, минут): 3 сағат (50-минуттан)
6.Өткізу түрі - тәжірибелік
7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері
Аударма жұмысын жасату, тест тапсырмаларын орындту, тапсырмалар мен жаттығу, жұмыстары, сұрақ-жауап.
8.Көрнекі құралдар. Кестелер, әртүрлі дәрілердің қорапшалары, карточкалар, рөлдік /іскерлік ойын түрлері.
9.Тапсырмалар
Тарихи тұлғалар
Тарихты жеке адамдар жасамаса да, сол тарихи кезеңге олардың ықпалы аз болмайды. Олар әр халықтың қалыптасуына, дамуына айтарлықтай үлес қосады. Қазақ халқының тарихында да ондай тұлғалар көптеп кездеседі. Бұл орайда қазақ хандығының құрылуына себеп болған Жәнібек пен Керей ханды айрықша атап өтуге болады. Олардың жеке хандық құруының себебі туралы дулат руынан шыққан тарихшы Мұхамед Хайдар былай деп жазады: «Дәшті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілхайыр хан еді. Әбілхайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі ─ Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті». Керей мен Жәнібек сұлтандар қоғамдық-әлеуметтік өмірдің бағыт-бағдарын ойластырып, халық, ел тағдырана байланысты шешім қабылдады. Тарихшылар осы оқиға болған XV ғасырдың екінші жартысын (1456 ж.) қазақ хандығының құрылған кезі деп есептейді. Әрине, ешбір халық бір күнде құрыла салмаған. Өйткені, қандай да болмасын жаңа бір халықтың құрылуы ─ аса күрделі үрдіс. Қазақтарға жаңа рулардың қосылуы бұдан соңғы жылдары да жүріп жатты.
Жаңадан құрылған қазақ хандығының іргесінің бекуіне Жәнібек ханның баласы Қасым көп еңбек сіңірді. Ол билік құрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен тұрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы және Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Ол көшпелі қазақ өміріне лайықталған заң шығарды. Халық бұл заңғы «Қасым ханның қасқа жолы» (Светлый путь Касым хана) деген атау берді. Бұл заң қазақ даласында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып, ережелер негізінде жасалды.
Қасым ханның баласы Ақназар қазақ хандығының жағдайын жақсартып, ұлан-байтақ жерге ие болуына мүмкіндік жасады. Ол сыртқы жауларды жеңіп қана қоймай, қазақ халқының ішік саяси өмірінің нығаюына, басқа елдермен бейбіт сауда қатынасының жандануына үлес қосты.
Қазақстанның оңтүстік өңірі үшін күрескен Тәуекел хан Ташкент, Андижан, Ақсу; Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Ол Бұқар қаласын қоршауға алған кезде жараланып, қайтыс болды. Онан кейін билік құрған Есім хан кезінде қазақ елінің ішікі саяси өмірі тұрақсыз болып тұрған еді, сондықтан ол ел басқаруға қажетті заң шығаруға мәжбүр болды. Ол шығарған заңда ханның, билер мен батырлардың құқықтары мен міндеттері көрсетілді. Бұл заң бойынша ханның билігі біраз шектелді, дегенмен ол бас қолбасшы болып қала берді. Басқа мемлекетпен бітім шартын жасау немесе соғыс ашу, сондай-ақ елші жіберу мәселелерін хан енді тек Мәслихаттың келісімі арқылы ғана жүзеге асыратын болды. Бұл заңдар жинағы халық арасында «Есім ханның ескі жолы» (Древний путь Есим хана) деген атқа ие болды. Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жоңғарлармен, Бұқар хандығымен тынбай соғысқан Есім ханды қазақ халқы аса құрметтеп «Еңсегей бойлы ер Есім» (Высокорослый Есим богатырь) деп атады.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап шығыстан көшпелі, жауынгер тайпалар одағы жоңғар хандығы қазақ жеріне шабуыл жасай бастады. Оларға қарсы соғыста Тәуке хан айрықша еңбек сіңірді. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның билігінде 80 мыңдай жауынгердің болуы, оның сыртқы және ішкі жаулармен күресте жеңістерге жетуіне мүмкіндік берді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, елдің ру-руға бөлінуін шектеуге бар күшін салды. Осы мақсатта ол ұлы жүзден Төле биді, орта жүзден Қазыбек биді, кіші жүзден Әйтеке биді шақырып, арнайы заң қабылдады. Бұл қазақ халқының этникалық, шаруашылық ерекшелігіне сай жасалған маңызды құжат болды. «Жеті жарғы» (Семь Установлений) деп аталатын осы заңда негізгі жеті мәселе (жер дау, отбасы заңдары, әскери заң, сот үрдістері, қылмыстық заң, құн төлеу, жесір дауы) қаралды. Әділдігі, көрегендігі және еліне істеген қызметі үшін халық Тәуке ханды «Әз Тәуке» деп құрмет тұтты.
Сөздік
теперіш көрсету - ел тағдыры – судьба страны
күрделі үрдіс – сложный процесс іргесінің бекуі – укрепления границ
жандану - возраждение сыртқы жаулар – внешние враги
тұрақсыз – не стабильный шектелу – ограничиться
билік - власть ынтымақ – солидарность
қарату – подчинить көрегендік – дальнозоркость
құрмет тұту – восславить, почитать маңызды - важный
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойыңыздар.
1.Тарихты жеке адамдар жасамаса да, сол ... ... олардың ықпалы аз болмайды. 2.Қазақ хандығының құрылуына себеп болған Жәнібек пен Керей ханды айрықша ... ... болады. 3.Ол көшпелі ... ... лайықталған заң шығарды. 4.Ақназар хан басқа елдермен бейбіт ... ... жандануына үлес қосты. 5.Тәуекел хан Бұқар қаласын ... ... кезде жараланып, қайтыс болды.. 6. Ол ... ... ханның, билер мен батырлардың құқықтары мен міндеттері көрсетілді. 7.Тәуке ханның билігінде 80 мыңдай жауынгердің болуы, оның ... ... ... жаулармен күресте жеңістерге жетуіне мүмкіндік берді.
Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестері: қоршауға алған, сауда қатынасының, қазақ өміріне, атап өтуге, тарихи кезеңге, сыртқы және ішкі, шығарған заңда
2-тапсырма. Мәтігді қазақ тіліне аударыңыздар.
Удачно складывались отношения Касым хана с могульскими правителями. Основные районы Могулистана ─ Жетісу и Притяньшанье были уже давно для них потеряны, так как входили в состав Казахского ханство. Могульские ханы фактически имели власть только в Юго-Западном Могулистане и постоянно искали союза с казахским ханом.
Число подданных хана Касыма современники определяют миллионом человек. Казахское ханство постепенно втягивалось в международные отношения того времени. Одним из первых государств, вступивших в дипломатические связи с Казахским ханством, было Московское государство. При Касым хане казахи, как самостоятельный этнос, стали известным и в Западной Европе.
правитель – билеуші поданные- бағыныштылар
международные отношения – стали известным - белгілі болды
халықаралық қатынастар
связь – байланыс, қарым-қатынас
10.Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар т.б.):
Сұрақтар:
1. Қазақ хандығының құрылуынап не себеп болды?
2. Тарихшылар қай ғасырды қазақ хандығының құрылған кезі деп есептейді?
3. Қасым хан кезінде қазақ хандығында қандай өзгерістер болды?
4. Қазақстанның оңтүстік шекарасы үшін соғыс қанша уақытқа созылды және оларды кімдер жүргізді?
5. Қазақ халқы үшін Тәуке хан қандай еңбек сіңірді?
Тестілер
1. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Қазақ хандығын кімдер құрды?
а) Тарихи кезеңге жеке тұлғалардың ықпалы аз болмайды.
ә) Қазақ хандығының Жәнібек пен Керей хандар құрды.
б) Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті.
в) Қазақ хандығының іргесінің бекуіне Қасым хан көп еңбек сіңірді.
г) Ешбір халық бір күнде құрылған жоқ.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Жеке адамдардың ... .... ықпалы аз болмайды.
а) тарихи кезеңді
ә) тарихи кезеңмен
б) тарихи кезеңнің
в) тарихи кезеңнен
г) тарихи кезеңге
3. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) жекеше адамдар
ә) тарихи кезең
б) болған себеп
в) құрылып салмаған
г) күрделіге үрдіс
4. «Укрепиться» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) азаю
ә) әлсіреу
б) нығаю
в) босу
г) биікьеу
5. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Қасым ханның баласы Ақназар қазақ хандығының ... жақсартты.
а) шекараға
ә) аумақтан
б) көлемі
в) іргесіне
г) жағдайын
6. Сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
очень сложный процесс
а) өте ұзақ уақыт
ә) өте күрделі үрдіс
б) өте күрделі жағдай
в) өте қиын үрдіс
г) өте көп үрдіс
7. Сөйлемді аяқтаңыз.
Есім хан қазақ халқының тәуелсіздігі үшінжоңғарлармен ...
а) ұзақ соғысып
ә) тынбай соғысты
б) көп шайқастың
в) тынбай шайқастыңыз
г) аянбай шайқас
8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тарихтан жеке адамдар жасамайды.
ә) Әбілхайыр сұлтандармен көп теперіш көрсетті.
б) Қасым хан сібірмен елшілік байланыс жасады
в) Ол қазақ өмірімен лайықталған заң шығарды.
г) Есім хан Ташкентке қазақ хандығына қаратты.
9. « международные отношения» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) халықтармен қатынастартар
ә) халық және қатынастар
б) халықаралыққа қатынастар
в) халықаралықтан қатынастар
г) халықаралық қатынастар
10. Қарамен жазылған сөз тіркесіне қойылатын сұрақты көрсетіңіз.
Ол Бұқар қаласын қоршауға алған кезде қайтыс болды.
а) қандай?
ә) қалай?
б) қайтіп?
в) қанша?
г) қашан?
11. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Қазақ хандығы ... себебі туралы Мұхамед Хайдар дулати жазды.
а) құрылуының
ә) құрылса
б) құрудың
в) құрылғаны
г) құрылып
12. «главные территории» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) шеткі аймақтары
ә) орталық аймақтары
б) бұрынғы аймақтары
в) негізгі аймақтары
г) соңғы аймақтары
13. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Бұл заң ... ... әдет-ғұрып, ережелер негізінде жасалды.
а) бұрынғы бері
ә) бұрыннан қалыптасқан
б) ежелмен қалыптасқан
г) бұрыннан кейін
14. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ақназар хан сауда қатынасымен жандануына үлес қосты.
ә) Ақназар хан сауда қатынасының жандануына үлес қосты.
б) Ақназар хан жандануына сауда қатынасының үлес қосты.
в) Ақназар хан сауда үлес қосты қатынасының жандануына.
г) Ақназар хан сауда қатынасының үлес қосты жандануына.
15. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Қасым хан қандай заң шығарды?
а) Қасым хан тұсында қазақ хандығы нығайды.
ә) Қасым хан орта азиямен сауда байланысын нығайтты.
б) Қасым хан қазақ өміріне лайықталған заң шығарды.
в) Қасым хан тұсында қазақ хандығы күшейді.
г) Қасым хан қазақ жерінің шекарасын кеңейтті.
16. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) оңтүстіктен өңір
ә) қайтыс болды
б) әлсіреді біраз
в) үлеске қосты
г) заңға шығарды
17. Сөйлемді аяқтаңыз.
Бұл заң бойынша ханның билігі біраз ....
а) тоқтап
ә) тоқталса
б) шектелді
в) шектелдің
г) азайғаны
18. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаны көрсетіңіз.
Есім хан сыр бойында.. қалаларды азат етті.
а) да
ә) дың
б) ғы
в) мен
г) ге
19. Қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты көрсетіңіз.
Тарихи деректерде Тәуке ханның 80 мыңдай тұрақты әскері болғаны айтылады.
а) қанша?
ә) неше?
б) неліктен?
в) қалай?
г) қандай?
20. Көп нүктелердің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.
Қазақтарға жаңа рулар... қосылуы бұдан соң.. жылдары да жүріп жатты.
а) дан, қы
ә) мен, гі
б) дың, ғы
в) дан, ғы
г) дің, кі
Әдебиеттер:
1. Тәттібаева А.Е., Хабдин Қ.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.
1. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)
ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: Қазақтың батыр қыздары (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, т.б.).
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
1. Сабақтың тақырыбы: Қазақтың батыр қыздары (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, т.б.).
2. Мақсаты:
- Ұлы отан соғысы батырлары туралы мағлұмат беру.
- Қазақтың батыр қыздары Ә.Молдағұлова, М.Мәметова туралы мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын баяндауға үйрету.
- Ұлы Отан соғысына қатысқан басқа да қазақ қыздары туралы мәлімет жинап, әңгіме, сұхбат құрғызу
- мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру
- Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру
- ілік септік пен тәуелдік жалғауының байланысын ереже мен нақты мысалдар арқылы практикалық жолмен меңгерту
- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру
3. Міндеті:
- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктілігін арттыру
- студентке мемлекеттік тілді оқып үйренуде өз әрекетінің жемісті екендігін сезінуіне жағдай жасау
- мәтінмен еркін аударма жасай отырып, қысқаша мазмұнын айтуға машықтандыру, мәтінді түсініп, соның негізінде, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылымға студенттің жігерін қалыптастыру;
- студенттер арасында ашық, еркін шығармашылық қатынас орнату
- практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, өз ойын қазақша тиянақты жеткізуге, сауатты жазуға дағдыландыру
4. Негізгі ұғымдар:
а) лексикалық тақырып бойынша
1. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанның хал-ахуалы
2. Ұлы Отан соғысына аттанған қазақ жастарының отан сүйгіштік сезімі
3. Ұлы Отан соғысындағы қазақ жастарының Отан үшін жасаған жан қиярлық ерлік істері.
4. Әлия Молдағұлованың өмірі мен соғыс кезіндегі ерліктері.
5. Мәншүк Мәметованың өмірі мен соғыс кезіндегі ерліктері.
6.Қазақ батырларының ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге
ә) грамматикалық тақырып бойынша
1. Тіліміздегі септіктердің атқратын қызметі
2. Тәуелдік жалғауының жасалу жолдары
3. Тәуелдік жалғауы мен ілік септіктің сөйлемде қолдану ерекшеліктері
5. Сабақты өткізу жоспары:
Кіріспе бөлім ( ұйымдастыру кезеңі ) - 5 мин.
Өткен сабақты пысықтау - 25 мин.
Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 мин
Үзіліс - 10 мин.
Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 мин.
Үзіліс - 10 мин.
Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 мин.
Жаттығу жұмыстары, мәтінді аудару, тест - 20 мин.
Қорытындылау, үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 мин.
Аударма жұмысын жасату, сұрақ-жауап, арнайы тапсырмалармен жұмыс жасау, мазмұндау, қайталау сұрақтары.
6. Өткізу түрі: тәжірибелік
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары, жағдаяттық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, салыстыру.
8. Көрнекі қүралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудио диск, үлестірмелі карточкалар.
Тапсырмалар
А) төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру және кейбір сөздердің синонимдерін табу:
батыр, қаһарман, майдан, қаза табу, атақ, мүгедек, жауынгер халық, ерлік.
Ә) Мәнерлеп оқып, мәтінге жоспар құрыңыз
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Әлияның анасы 8 жасында қайтыс болып, ол нағашысының қолында тәрбиеленген. 1935 жылы Әлия нағашысының отбасымен алдымен Мәскеуге, ал соғыстың алдында Ленинградқа көшіп келді.
Елімізге неміс басқыншылары соғыс ашқан кезде, Әлия снайперлерді дайындайтын курста оқып, 1943 жылы Солтүстік Батыс Майданының 5-атқыштар бригадасына аттанады. Онда 4-батальонның снайпері болды. 1944 жылдың қаңтар айында Псков облысының «Казачиха» деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты.
1944 жылы 4-маусымда Әлия Молдағұловаға Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Бүгін де Әлияның атында ескерткіштер, көше, мектеп, мұражайлар бар. Әлияға ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қылқалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалым – зерттеуші С.Синицкий «Белые ночи» деген кітап жазса, Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары», Ж.Жұмақанов «Әлия» атты повестер жазған. Әлияға ескерткіш Новосокольники қаласында (авторы М.Әйнеков), Ақтөбеде (авторы – Л. Рапутов, М.Штамм), Мәскеуде (суретші Б. Әбішев) тағы да басқа қалалардағы мемориалдық мұражайларда бюстары орнатылған. Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазақстанның барлық қалаларында Әлия атындағы мектептер бар. Қазақ - қашанда жауынгер халық, батыр халық. Олардың батырлығы ерлігі ұрпаққа үлгі. «Ер есімі – ел есінде»,-демекші батыр қыздар Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерліктерін кейінгі ұрпақ ешқашан ұмытпақ емес.
Сөздік
Көшіп келді – переехали
Неміс басқыншылары – немецкие захватчики
Майдан – фронт
Совет Одағының Батыры – Герой Советского Союза
Солтүстік-Батыс майдан – Северо-Западный фронт
Мемориалдық мұражай – мемориальный музей
Ұрпақ – поколение
Ешқашан – никогда
Ұмытпақ емес – не забудет
МӘНШҮК МӘМЕТОВА
Мәншүк Мәметова (Мәнсия) Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Орал облысының Орда ауданында туған. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда тұратын апайының қолында өткізеді. Ол Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы медицина институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамыз айында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк соғыста өзінің мергендігімен және табанды батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып,фашистердің қолынан ерлікпен қаза тапты.
1944 жылы аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыс кезінде Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады.
Қазақтың батыр қызының ерлігі туралы көптеген жыр, естелік, повесть, әңгімелер жазылды.
Көрнекті жазушы Шыңғыс Айтматов: «Соғыс жылдары көрсеткен ерлігі және батырлығымен елді таңдандырған ХХ ғасырдың осы бір тұлғасына әйелдер бейнесін жасайтын, бар өмірін соған арнайтын не суретші, не мүсінші болсам ғой»,- деп жазды.
Мәншүк Мәметовамен майдандас болған режиссер Мәжит Бегалин өзінің батыр досы, қаһарман қазақ қызының өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы ән» көркем фильмін түсірді.
Батыр қызды бала кезінен жақсы білетін ақын Мәриям Хәкімжанова «Мәншүк Мәметова» поэмасын жазған. Осы поэма негізінде режиссер Сейілхан Асқаров «Мәншүктің балалық шағы» телефильмінің сценариін жазды. Сондай-ақ М.Мәметованың майдандастары Александр мен Акентай Хамидуллиндер «Мәншүктің жұлдызды» сәті атты кітап жазды.
Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған. Невель Алматы, Орал тағы басқа қалаларда Мәншүк атында көшелер, республикамызда ондаған мектептер, Қызылорда қаласында Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі бар.
2010 жылы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Мәншүк Мәметова атындағы кабинет ашылды. Сонымен қатар университет мұражайында Мәншүк Мәметоваға арналған бөлме бар. Алматы қаласында 1997 жылы Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың құрметіне ескерткіш орнатылды.
Достарыңызбен бөлісу: |