5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: «Жасанды тістер» туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлемнің түріне байланысты керекті тыныс белгілерін қойыңыздар.
1.Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз. 2. Сізді біз ұстазымыз деп санаймыз. 3. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 4. Бұлбұлсыз бау-бақша мен саябақтардың сәні бола ма. 5. Бирмада жаңа жылды қарсы алу өте қызық. 6. Сендерге кітапты кім берді. 7.Маған бұл роман керемет ұнады. 8.Ойпырмай, мынау бір керемет қой. 9.Бүгін сағат екіде өзімнің отбасылық дәрігеріме барамын. 10.Қап, ұят болды-ау.
2-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Туберкулез. Возбудитель туберкулеза – туберкулезная палочка чаще всего поражает легкие. Она может находиться во вдыхаемом воздухе, в капельках мокроты, на посуде, одежде, полотенце и других предметах, котороми пользовался больной. Туберкулез – не только капельная, но и пылевая инфекция.
В сырых местах, не освещаемых солнечным светом, возбудители туберкулеза долго сохраняют жизнеспособность. В сухих и хорошо освещенных местах они быстро погибают.
Предупреждению заболеваний способствует поддержание чистоты в жилых домах, на улицах городов, в общественных помещениях. Очищение воздуха в городах, поселках, на территориях промышленных предприятий, во дворах жилых домов связаны с их озеленением.
Сөздік
байқалған - замеченный
жизнеспособность - тіршілік қабілеті
общественное помещение - қоғамдық орындар
|
предупреждение - алдын алу
способствует - ықпал етеді
очищение - тазалау
|
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Олардың түрлерін анықтаңыздар.
1.Адам ағзасында жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер болып тұрады. 2.Қазір сабақ қайсы дәрісханада болады? 3.Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! 4.Көп білгілерің келсе, көп оқыңдар. 5.Мектепті қай жылы бітірдіңіздер? 6.Ертең сағат екіде келіңіз. 7.Кеше Сәулені көрдің бе? 8.Бәрекелді, өте дұрыс айттың! 9.Сағат неше болды? 10.Орталық кітапхана сабаққа дайындалуға өте қолайлы. 11.Біздің елімізге қош келдіңіздер!
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
4-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бүкіл қоғамды алаңдатып отырған не нәрсе?
Туберкулезбен ауырған адам қандай мәселеларді мұқият орындауы керек?
Санитарлық және емдік алу алдын шараларына не жатады?
Емдік алдын алу шаралары қандай?
Иммунопрофилактика деген не?
Химпрофилактика кімдерге қолданылады?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Мәтіннен көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Туберкулезбен ауырған адам ... орындауы керек. Онымен ауырған адамның ... басқалардыкімен араласпауы керек. Күшті тамақ ... ауруға қарап тұруға бейімдейді. Науқас адаммен қарым-қатынаста болғандарды ... өткізеді.
Білім құзырлылығы бойынша:
5-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Иммунитет делится на врождённый и приобретенный.
Врождённый (неспецифический, конституционный) иммунитет обусловлен анатомическими, физиологическими, клеточными или молекулярными особенностями, закрепленными наследственно. Как правило, не имеет строгой специфичности к антигенам, и не обладает памятью о первичном контакте с чужеродным агентом[4]. Например:
Все люди невосприимчивы к чуме собак.
Некоторые люди невосприимчивы к туберкулёзу.
Показано, что некоторые люди невосприимчивы к ВИЧ.
Приобретенный иммунитет делится на активный и пассивный.
Приобретенный активный иммунитет возникает после перенесенного заболевания или после введения вакцины.
Приобретенный пассивный иммунитет развивается при введении в организм готовых антител в виде сыворотки или передаче их новорожденному с молозивом матери или внутриутробным способом.
Также иммунитет делится на естественный и искусственный.
Естественный иммунитет включает врожденный иммунитет и приобретенный активный (после перенесенного заболевания). А также пассивный при передаче антител ребёнку от матери.
Искусственный иммунитет включает приобретенный активный после прививки (введение вакцины) и приобретенный пассивный (введение сыворотки).
1. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Кейбір жұқпалы аурулар қайталауы мүмкін
ә) Дәрігерге қаралыңыз
б) Аурухана қалай баруға болады
в) Ертең сағат екіде барамын.
г) Мерекелеріңіз құтты болсын
2. Сұрау есімдігі арқылы жасалған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Дене қызуың бар ма?
ә) Бұл туралы естідіңіздер ғой?
б) Жұқпалы аурулар дегеніміз не?
в) Қаладан алыс тұрасыз ба?
г) Әселге ескертіп пе едің?
3. «Слизистая обочка» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) шырынды қабық
ә) сілейкейлі қабық
б) шырынның қабығы
в) шырышты қабық
г) шырыш пен қабық
4. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Сілекейден ауызда көп бөлінеді.
ә) Ауызда сілекей көп бөлінеді.
б) Ауыздағы сілекейдің көп бөлінеді.
в) Ауыз бен сілекей көп бөлінеді.
г) Ауыздың сілекей көп бөлінеді.
5. Көп нүктенің орнына қойылатын қосымшаларды көрсетіңіз.
Туберкулез... кең таралуы еліміз.. қатты алаңдатып отыр.
а) ге, ден
ә) бен, де
б) дің, ді
в) мен, дің
г) де, ді
6. Дұрыс аударылған сөзді көрсетіңіз.
а) алаңдату - тревожить
ә) мұқият - наволочка
б) төсек - пододяльник
в) сауығу - воздух
г) пісіру - кипятить
7. «жилые дома» сөз тіркесінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) тұратын үйлер
ә) тұрғын үй
б) тұрақты үй
в) тұрғын үйлер
г) тұрғындардың үйлері
8. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Туберкулезбен ауыратын адам қалай тамақтануы керек?
а) Құнарлы, дәрумендерге бай азық-түліктер денсаулыққа пайдалы.
ә) Науқас құнарлы, дәрумендерге бай азық-түліктерді пайдалануы керек
б) Тамақты аз мөлшерде, жиі-жиі ішіп тұрған жөн.
в) Дәрумендерге бай азық-түліктер ағзаға тез сіңеді.
г) Науқас зиянды әдеттер – ішімдік пен темекіге үйір болмағаны дұрыс.
9. Көп нүктенің орнына қажетті сұрау есімдігін қойыңыз.
Науқастың бөлмесін ... ұстау керек?
а) немен
ә) қашан
б) кімге
в) неден
г) қалай
10. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қандай тамаша
ә) Қап, әттегене-ай
б) Тез кел
в) Бүгін келдім
г) Жұмыс аяқталды ма
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 108-109 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 122-123 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№25 тақырып: Лексикалық: Антисептикалық әдістер
Грамматикалық: Құрмалас сөйлемдер.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Антисептикалық әдістер
Грамматикалық: Құрмалас сөйлемдер.
2.Мақсаты: Студенттерге антисептикалық әдістер туралы мағлұмат беру, тақырыпқа қатысты қазақша терминдерді, кәсіби сөздерді игерту. Құрмалас сөйлемдер дегеніміз не екенін және олардың қандай түрлері болатынын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мен мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, бастауыш, баяндауыш, бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сұрақтар, тұрлаусыз мүшелер, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
Лексикалық тақырып бойынша:
Микробтардың жараға енуі, жою жолдары, жүзеге асады, 5-6 сағаттың ішінде, жара орны, өлген жасушалар, микробтардың өсіп-өнуі, өсіп-өнуін тежеу, кеңінен қолданылады, сорып алу, сәулемен емдеу, жойып жібереді.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Күн жылынды. Қар ери бастады. Бүгін сабақ ерте аяқталды. Мен сағат екіде үйге келіп қойдым. Кейбір адамдар тамақтану режимін сақтамайды. Олардың асқазандары ауырады. Медицина ауырғандарды емдейді. Ол жұқпалы індеттердің таралмауына көмектеседі. Соңғы жылдары аурулардың түрлері көбейіп кетті. Халықтың денсаулығы күннен-күнге нашарлап барады.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтінде қандай құрмалас сөйлемдер қолданылғанын және олардың қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
Данышпан композитордың қайырымдылығы
Вена көшелерінің бірінде Моцартты тоқтатқан бір қайыршы одан садақа беруді өтінеді, бірақ қас қылғандай, қалтасында ақшасы болмай қалады да, Моцарт оны жақын маңдағы кофеханаға ертіп барады. Столдан композитор қолына қағаз, қалам алып, бірнеше минуттың ішінде менуэт жазады. Шығармасын қайыршыға ұстатып тұрып, баспагерлердің біріне ұсынуын өтінеді. Әлгі қайыршы бір жапырақ қағаздың қарын тойдыратынына онша сенбейді, әйтсе де Моцарт сілтеген баспагерге келеді. Ал менуэтті алған баспагер қуанышы қойнына сыймай, қайыршыға бес алтын теңге ұстатыпты.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Сабақ аяқталды да, ... . 2.Биыл күн суық болды және ... . 3.Мен үйге екі рет хат жаздым, бірақ ... . 4.Қаңтар айында біресе қар жауды, біресе ... . 5.Сүт тағамдары тез бұзылады, сондықтан ... .
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтаңыздар.
1.Кейбір жұқпалы ауруларға адам ағзасы қарсы тұра алмайды, сондықтан оларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру керек. 2.Бұл аурудың неден пайда болатынын білмегендіктен, адамдар оның алдын ала алмаған. 3.Бүгін сабақ ерте аяқталған соң, біз тобымызбен барып суретке түстік. 4.Досыңа сырыңды айтпа, өйткені досыңның да сыр айтатын досы бар. 5.Туберкулезбен ауырған адам шаршағыш болады, үнемі терлей береді. 6.Мейірбике науқастың құжаттарын толтырып болғанша, дәрігер оны қарап үлгерді. 7.Бұндай науқастарды не ауруханаға жатқызу керек, не болмаса оңаша бөлмеде емдеген дұрыс.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
4-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Антисептикалық әдіс дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
Механикалық антисептика қалай жүзеге асады?
Химиялық антисептиканың қандай пайдасы бар?
Физикалық антисептика қайда қолданылады?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма:
Өндірісте жарақат алып қалған адамға қандай антисептикалық әдіс қолдану туралы кеңес бересіз? Өз ойыңызды жазбаша түрде беріңіз.
1. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Обыр (рак) ауруы аз зерттелген жоқ, бірақ емі әлі табылмай жатыр.
ә) Бүгін күн бұлтты болды, әрі салқын жел соғып тұрды.
б) Жедел жәрдем тез жетті, бірақ науқастың өмірін құтқарып қала алмады.
в) Уақытында ішілсе, ас дұрыс қорытылады.
г) Мерез ауруы жиі кездеседі, сондықтан ол туралы білудің маңызы зор.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Күн ұзарып, түн қысқара бастады.
ә) Ауру тез жазылады, әрі асқыну болмайды.
б) Қоңырау соғылды, оқытушы дәрісханаға кірді.
в) Бүгін ерте тұрдым, үй тапсырмасын қайталадым.
г) Жұмысты тез бітірдік, әрі сапалы істедік.
3. Көп нүктенің орнына қажетті баяндауышты қойыңыз.
Бала бұл аурудың жеңіл түрімен ..., оның ағзасында ауруға қарсы иммунитет пайда болады.
а) ауырды
ә) ауырдым
б) ауыратындықтан
в) ауырғанымен
г) ауырса да
4. Сөйлемді аяқтайтын сыңарын көрсетіңіз.
Үй тапсырмасын орындап болған соң, ..... ... ... .
а) әңгіме кітап оқимын.
ә) қалаға дейін елу шақырымдай бар.
б) біраз уақыттан теледидар көремін.
в) кеше кітапханамен кешке дейін отырдым.
г) көшеден біраз серуендеген келемін.
5. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз
Сүт тағамдары тез бұзылады, сондықтан ... .
а) оларды ұзақ сақтаумен болмайды
ә) оларды ұзақ сақтаудың болмайды
б) оларды ұзақ сақтағаннан болмайды
в) оларды ұзақ сақтауға болмайды
г) оларды ұзақ сақтаудан болмайды
6. Көп нүктенің орнына қойылатын жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін, .... ол жерді иодпен сүрту керек.
а) бірақ
ә) алайда
б) сондықтан
в) не болмаса
г) себебі
7. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.
..., сондықтан тез жазылып кетті.
а) Ол ауыра салысымен дәрігерге көрінді
ә) Қандай ем қолдану керек екенін біліп
б) Иммуниті бар болса да
в) Ол уақытысымен емделсе
г) Өз бетінше ем қолданмын деп
8. Баяндауышы жат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тұмау – өте жиі кездесетін ауру.
ә) Баспамен көбінесе балалар ауырады.
б) Қырқұлақпен көбінесе теңізшілер ауырған
в) Тері аурлары жеке бас тазалығы сақталмағандықтан болады.
г) Жұлын ми мен аймақтық жүйке жүйелерін байланыстырады.
9. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Механикалық антисептика хирургиялық жолмен ... ... .
а) жоя алмайды
ә) жүзеге асады
б) асады дейді
в) жасала алмаса
г) сорса алады
10. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Кейбір адамдар спиртті ішімдікті көп ішетіндіктен, олардың ішкі ағзалары ауруға ұшырайды.
а) мақсат бағыныңқылы
ә) сын-қимыл бағыныңқылы
б) шартты бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 112-113 бб.
2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 125 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№26 тақырып: Лексикалық: Бүгінгі экологиялық проблемалар
Грамматикалық: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Бүгінгі экологиялық проблемалар
Грамматикалық: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.
2.Мақсаты: Студенттерге экологиялық проблемалар туралы мағлұмат беру, науқаспен сөйлесуге қажетті мәдени лексиканы меңгерту. Салалас құрмалас сөйлемдер дегеніміз не екені және олардың қандай түрлері болатынын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Салалас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары, жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер.
Лексикалық тақырып бойынша:
Тірі ағза, табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, жер асты сулары, жел арқылы, үлкен зиян келтіруде, бүкіл әлемге белгілі, мемлекет қайраткерлер, мемлекет тарапынан, атап өту, арнайы тазартқыштар, жоспарлар жасалуда.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Бүгінгі экология туралы бейнефильдер, фотосуреттер, слайдтар, плакаттар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар Себеп және қимыл-сын бағыныңқылы құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1.Әсіресе жасөспірімдер күн сайын сүт ішіп, көкөніс жеп тұруы керек. 2.Ауырып қалғандықтан, Сәния сабақтан көп қалып қойды. 3.Жиналыс аяқталып, жұрт үйлеріне тарай бастады. 4.Мәтінді аудара алмаған соң, Ғабит оқытушыдан көмек сұрады. 5.Баяндамашы сөзін аяқтамастан, тыңдаушылар қол шапалақтай бастады. 6.Сабақ тоғызда басталатынын білмегендей, Нұрбол университетке асықпай келді. 7.Дер кезінде ем жасалмаған соң, науқастың жағдайы қиындап кетіпті. 8.Аурудың неден пайда болатындығы анықталмағандықтан, әзірге емі табылған жоқ.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратыңыз.
Тісін емдесе де, сыздап ауырады. Медицина университетінде оқу ауыр болса да, студенттер жақсы оқиды. Сабақтан қалмау үшін, ерте тұрдым. Денсаулығым жақсы болсын деп, дене шынықтыру жасаймын. Қазақ тілін үйрену үшін, көбірек оқу керек. Жақсы дәрігер болу үшін, жақсы оқу керек.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Уақытым аз болғандықтан, ... . 2.Оны кеше көре алмай қалғандықтан, ... . 3.Ертең қандай сабақтар болатынын білмеген соң, ... .4.Жұмысты уақытында бітіре алмағандықтан, ... .
Комуникативтік құзырлылық бойынша:
3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Экология деген не?
Экология терминін кім, қашан енгізді?
Экологиялық зерттеу қандай мәселелерді шешуге көмектеседі?
Біздің елімізде экологиясы нашар қандай аудандар бар?
Осы мәселелермен айналысатын қандай қоғам қайраткерлерін білесіз?
Ауа тазалығын сақтауда болашақта қандай шаралар іске аспақ?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Экологияға зиян келтіріп жатқан мекемені тексеруге бардыңыз. Қандай іс-әрекеттер жасайтыныңызды айтып беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:
4-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Зеленые насаждения являются частью планировочной структуры современного города или поселка, жилых районов и микрорайонов. Они оказывают существенное влияние на условия жизни населения, выполняя многообразные санитарно-гигиенические и декоративно-планировочные функции.
К санитарно-гигиеническим функциям зеленых насаждений относятся следующие:
- снижение запыленности воздуха и уменьшение содержания в нем неблагоприятных химическихвеществ;
- улучшение микроклимата территорий и помещений;
- обогощение воздуха кислородом и фитонцидное действие.
Декоротивно-планировочные функции зеленых насаждений используются для создания привлекательных и разнообразных ландшафтов жилых районов, способствующих организации полноценного отдыха в приближенных к природным условиям, улучшающим настроение и повышающих жизненный тонус человека.
Сөздік
зеленые насаждения - жасыл желектер
полноценный отдых - дұрыс демалу
неблагоприятный - қолайсыз
|
населения - тұрғындар
настроение - көңіл-күй
пыль - шаң
жизненный тонус - өмірге құштарлық
|
1. Қарсылықты жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
а) себебі
ә) сондықтан
б) алайда
в) әрі
г) және
2. Көп нүктенің орнына қойылатын шылауды көрсетіңіз.
Үсен қатты ауырды, ... тез жазылып кетті
а) сондықтан
ә) әрі
б) себебі
в) алайда
г) да
3. «Отвлекаться» сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) алаңсыз
ә) алақтау
б) алаңдап
в) алаңқай
г) алаңдау
4. Құрмала сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.
Сәуле жақсы оқиды, әрі ... ... ...
а) ғылыми жұмыстармен де айналысады.
ә) ғылыми жұмыстарға қатыспайды.
б) уиверситетке былтыр түседі.
в) ғылыми жұмыстармен айналысса.
г) ғылыми мақалалар туралы.
5. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Дәрігердің өз ісін жақсы білетіндігіне науқас ... ...
а) сенім білдіремін
ә) қатты сенгендіктен
б) сенімді түрде
в) сеніп болса
г) сенуі керек
6. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қызыл иекті сипап байқағанда, ісік бар текені байқалады.
ә) Ауру алғашында сезілмейді, бірақ бір аптадан соң қатты ауырады.
б) Тісі ауырып мазасын алғандықтан, Мұрат бүгін тіс дәрігеріне барды
в) Ауру жедел басталып, бірте-бірте бүкіл денеге таралады
г) Егер уақытында емделмесе, науқастың жағдай бұрынғыдан да ауырлап кетеді.
7. Салалас құрмалас сөйлем жасайтын сөзді көрсетіңіз.
Қызыл иек ..., ауыздан жағымсыз иіс шыңғады.
а) қызарып
ә) ісінеді
б) ауырып
в) жараланғандықтан
г) жарақаттанса
8. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.
Науқастың психикасы қандай болады?
а) Науқас психикалық жарақат алған кезде.
ә) Психикалық жарақат әсерінен болады.
б) Психикалық тұрғыдан қиын болады.
в) Науқастың психикасы сезімтал болады
г) Науқастің психикасында өзгерістер болды.
9. Себеп-салдар жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
а) өйткені
ә) және
б) бірақ
в) кейде
г) болмаса
10. Көп нүктенің онына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Дәрігердің ... ... мен сыпайы күлкісі науқасқа жақсы әсер етеді
а) жылдам сөйледі
ә) жылы сөйледі
б) жылытқыш сөзі
в) жылы сөзі
г) жылдам сөзі
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 116-119 бб.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 228-230 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№27 тақырып: Лексикалық: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі
Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі
Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
2.Мақсаты: Студенттерге салуатты өмір салты туралы мағлұмат беру, мәтінді оқытып, аударту және мәтін бойынша сұрақтар қою арқылы олардың сөздік қорын молайту. Сабақтас құрмалас сөйлемдер дегеніміз не екенін және олардың қандай түрлері болатынын түсіндіру.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Салалас құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлемнің түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары, жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер.
Лексикалық тақырып бойынша:
Тірі ағза, табиғатты қорғау, тиімді пайдалану, жер асты сулары, жел арқылы, үлкен зиян келтіруде, бүкіл әлемге белгілі, мемлекет қайраткерлер, мемлекет тарапынан, атап өту, арнайы тазартқыштар, жоспарлар жасалуда.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
8. Көрнекі құралдар: Салауатты өмір салтын насихаттайтын плакаттар, бейнефильмдер, қанатты сөздер.
9. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтаңыздар.
1.Кейбір жұқпалы ауруларға адам ағзасы қарсы тұра алмайды, сондықтан оларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру керек. 2.Бұл аурудың неден пайда болатынын білмегендіктен, адамдар оның алдын ала алмаған. 3.Бүгін сабақ ерте аяқталған соң, біз тобымызбен барып суретке түстік. 4.Досыңа сырыңды айтпа, өйткені досыңның да сыр айтатын досы бар. 5.Туберкулезбен ауырған адам шаршағыш болады, үнемі терлей береді. 6.Мейірбике науқастың құжаттарын толтырып болғанша, дәрігер оны қарап үлгерді. 7.Бұндай науқастарды не ауруханаға жатқызу керек, не болмаса оңаша бөлмеде емдеген дұрыс.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер.
1.Жазғы демалыс біткенше, Серік қалаға келген жоқ. 2.Қазақ тілінен өздік жұмыс жазбақ болып, орталық кітапханаға бардым. 3.Әсіресе жасөспірімдер күн сайын сүт ішіп, көкөніс жеп тұруы керек. 4.Ауырып қалғандықтан, Сәния сабақтан көп қалып қойды. 5.Бала екі жасқа толғанда, оған күлге қарсы вакцина егіледі. 6.Ағзасында иод тапшы болса, ол адам жемсау ауыруымен ауырады.
10. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Ертең қолым босаса, ... . 2.Енді біраз кешіккенде, ... . 3.Егер ертең бітіре алмасам, ... . 4.Бұл ауру қауіпті болғанымен, ... . 5.Қайратты бұрын көрмесем де, ... . 6.Күннің қатты суық болатынын сезінсек те, ... . 7.Уақыты бола тұра, ... . 8.Бұл мәселе туралы көп жазылғанмен, ... .
3-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы компоненттеріне сұрақ қойыңыздар.
1.Жиналыс аяқталып, жұрт үйлеріне тарай бастады. 2.Мәтінді аудара алмаған соң, Ғабит оқытушыдан көмек сұрады. 3.Баяндамашы сөзін аяқтамастан, тыңдаушылар қол шапалақтай бастады. 4.Бұл аурудың қауіпті екенін білсе де, Мұрат дәрігерге уақытында қаралмады. 5.Жедел жәрдем келген кезде, науқастың жағдайы нашарлап кеткен еді. 6.Науқастың жағдайы әбден жақсармайынша, дәрінің мөлшерін азайтуға болмайды.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
4-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіздер?
Мпиртті ішімдіктер ағзаға қандай зиян тигізеді?
Темекінің құрамында қандай улы заттар бар және олар қандай мүшелерді зақымдайды?
Спорттың денсаулыққа қандай пайдасы бар?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма. Сіздің алдыңызда шылым шегіп, ішмдік ішкендіктен денсаулығын бұзып алған адам отыр. Сіз оған темекі мен ішімдіктің денсаулыққа зияны туралы айтып беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:
5-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар:
Понятие «здоровый образ жизни» однозначно пока ещё не определено. Представители философско-социологического направления рассматривают здоровый образ жизни как глобальную социальную проблему, составную часть жизни общества в целом.
В психолого-педагогическом направлении здоровый образ жизни рассматривается с точки зрения сознания, психологии человека, мотивации. Имеются и другие точки зрения (например, медико-биологическая), однако резкой грани между ними нет, так как они нацелены на решение одной проблемы — укрепление здоровья индивидуума.
Занятия физкультурой — одна из основных составляющих здорового образа жизни
Здоровый образ жизни является предпосылкой для развития разных сторон жизнедеятельности человека, достижения им активного долголетия и полноценного выполнения социальных функций, для активного участия в трудовой, общественной, семейно-бытовой, досуговой формах жизнедеятельности.
Актуальность здорового образа жизни вызвана возрастанием и изменением характера нагрузок на организм человека в связи с усложнением общественной жизни, увеличением рисков техногенного, экологического, психологического, политического и военного характера, провоцирующих негативные сдвиги в состоянии здоровья.
6-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Действие курения на органы дыхания. Табачный дым помимо никотина, содержит около 200 веществ, чрезвычайно вредных для организма, в том числе угарный газ, синильную кислоту, бензопирен, сажу и др. При курении эти вещества проникают в ротовую полость, верхние дыхательные пути, оседают на их слизистых оболочках и пленке легочных пузырьков, заглатываются со слюной и поподают в желудок.
Никотин вреден не только для курящего. Значительная часть его выделяется в воздух, отравляя окружающих людей. Табачный дым вызывает раздражение слизистых оболочек ротовой, носовой полости, дыхательных путей и глаз. Почти у всех курильщиков развивается воспаление дыхательных путей, с которым связан мучительный кашель. Постоянное воспаление снижает защитные свойства слизистых оболочек, так как фагоциты не могут очистить легкие от болезнотворных микробов и вредных веществ, поступающих вместе с табачным дымом. Поэтому курильщики часто болеют простудными и инфекционными заболеваниями.
1. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлем екенін анықтаңыз.
Кешігіп қалсақ та, жиналысқа бардық.
а) қарсылықты бағыныңқылы
ә) сын-қимыл бағыныңқылы
б) шартты бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
2. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Никотин вреден не только для курящего.
а) Никотин темекішінің денсаулығына тамаша нәрсе.
ә) Никотиннің зияны темекі тартушыға.
б) Никотин темекі тартушыға ғана зиянды емес.
в) Никотиннің пайдасы өте көп.
г) Адам никотинсіз өмір сүре алмайды.
3. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Қуаты мол тағамдарды көп қолдану ағзаға зиянды.
ә) Қымыз – көптеген аурулардың емі, әрі тамаша сусын.
б) Бұл мәселе туралы көп жазылды, сондай-ақ теледидарда да сөз болды.
в) Әсет үйден ерте шыққандықтан, бүгін сабаққа ерте келді.
г) Адам дұрыс тамақтанбаса, оның ағзасы ауруға ұшырайды.
4. Сөйлемнің басыңқы сыңарын көрсетіңіз.
Берілген тапсырманы толық орындамай, ... ... ... .
а) оқытушы іш аурулары туралы дәріс оқыды
ә) дәрігердің қабылдауында болды
б) бірде-бір студент емтиханға жіберілмейді
в) ертең сағат екіде келіңіз
г) студенттер дәрісті қызыға тыңдады
5. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Алкоголь нарушает работу органов пищеварение.
а) Алкаголь тамақ пісіруші ағзалардың қызметін бұзады.
ә) Алкаголь тамақ қорытқыш ағзалардың бұзады қызметін.
б) Ас қорыту ағзалардың алкаголь қызметін бұзады.
в) Алкаголь ас қорыту ағзаларының қызметін бұзады.
г) Алкаголь тамақ қорытқан ағзалардың қызметін бұзады.
6. Берілген сөйлем құрмаластың қандай түріне жатады?
Тамақ ішіп отырғанда, кітап немесе газет оқу дұрыс емес.
а) мақсат бағыныңқылы
ә) шартты бағыныңқылы
б) сын-қимыл бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
7. Көп нүктенің орнына қойылатын жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін, .... ол жерді иодпен сүрту керек.
а) бірақ
ә) алайда
б) сондықтан
в) не болмаса
г) себебі
8. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.
..., сондықтан тез жазылып кетті.
а) Ол ауыра салысымен дәрігерге көрінді
ә) Қандай ем қолдану керек екенін біліп
б) Иммуниті бар болса да
в) Ол уақытысымен емделсе
г) Өз бетінше ем қолданмын деп
9. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
Нашақорлық туралы мақала ... ...., ол туралы ғылыми еңбектерді қарадым.
а) жазып болдым
ә) жазайын деп
б) білгім келді
в) дайындамақ бол
г) жаза алсам
10. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Обыр (рак) ауруы аз зерттелген жоқ, бірақ емі әлі табылмай жатыр.
ә) Бүгін күн бұлтты болды, әрі салқын жел соғып тұрды.
б) Жедел жәрдем тез жетті, бірақ науқастың өмірін құтқарып қала алмады.
в) Уақытында ішілсе, ас дұрыс қорытылады.
г) Мерез ауруы жиі кездеседі, сондықтан ол туралы білудің маңызы зор.
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 129-130 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№28 тақырып: Лексикалық: Базардағы санитарлық нормалар
Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Базардағы санитарлық нормалар
Грамматикалық: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.
2.Мақсаты: Студенттерге «Базардағы сынитарлық нормалар» мәтінін пайдалана отырып санитарлық нормалар туралы мағлұмат беру, мәтінді оқытып, аударту, сондай-ақ мәтін бойынша сұрақтар қою арқылы олардың сөздік қорын молайту. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін, олардың жасалу жолдарын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Мезгіл бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы, қарсылықты, шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарларының жасалуы.
Лексикалық тақырып бойынша:
Азық-түлік тауарлары, азық-түлік тауарларын сатуда, сату процесінде, азық-түліктің зиянсыздығы, базарларды жоспарлау, жабық баспаналар, түрлері бойынша, қатар орналасқан, автомашинадан сату, тоңазытқыш қоймалар, санитарлық шарттар, шарттар орындалу керек, сабынды сумен жуу, шаңын сүрту, бақылау лабораториясы, лабораторияда тыйым салу, қазіргі кездегі технология, қазіргі кездегі технологиямен қамтамасыз ету.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс, тест тапсырмалары.
7. Көрнекі құралдар: Дәрумендер туралы плакаттар, суреттер.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін аықтаңыздар.
1.Кешкі сағат төрт болғанда, ауылдың қарасы көрінді.2.Астанаға дейін ұшақ билеті қанша тұратынын білейін деп, анықтама бөліміне телефон соқтым. 3.Жұмыс тез бітсін деп, бастық екінші бригаданы алып келді. 4.Екеуміз әңгімелесіп тұрғанда, автобус кетіп қалыпты.5.Күн ұзарған сайын, суық та азая түсті. 6.Жиналыс аяқталып, жұрт үйлеріне тарай бастады. 7.Мәтінді аудара алмаған соң, Ғабит оқытушыдан көмек сұрады. 8.Баяндамашы сөзін аяқтамастан, тыңдаушылар қол шапалақтай бастады. 9.Сабақ тоғызда басталатынын білмегендей, Нұрбол университетке асықпай келді. 10.Дер кезінде ем жасалмаған соң, науқастың жағдайы қиындап кетіпті. 11.Аурудың неден пайда болатындығы анықталмағандықтан, әзірге емі табылған жоқ.
2-тапсырма. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңыздар.
1.Бала екі жасқа толғанда, оған күлге қарсы вакцина егіледі. 2.Ағзасында иод тапшы болса, ол адам жемсау ауыруымен ауырады. 3.Бұл аурудың қауіпті екенін білсе де, Мұрат дәрігерге уақытында қаралмады. 4.Жедел жәрдем келген кезде, науқастың жағдайы нашарлап кеткен еді. 5.Науқастың жағдайы әбден жақсармайынша, дәрінің мөлшерін азайтуға болмайды. 6.Ол мектепте оқып жүргенде, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын. 7.Дәрі ағзаңызға жағымсыз әсер етсе, ол туралы емдеуші дәрігеріңізге ескертіңіз. 8.Сабақ сағат сегізде басталатынын білсе де, Қасым үйден кеш шықты.
10. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына бағыныңқы сыңарының баяндауыштарын қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1.Сіз жуық арада дәрігерге ..., сырқатыңыз асқынып кетуі мүмкін. 2.Жедел жәрдем дер кезінде ..., науқасты құтқарып қала алмас едік. 3.Емдеу курсын толық ... ..., сізді ауруханадан шығара алмаймыз. 4.Науқасқа нақтаманы (диагнозды) дұрыс ... ..., оны емдеуді бастамаңыз. 5.Біз жұмысымызды ерте ..., орталық мұражайда жұмыс істейтін досымызға барамыз.
Көп нүктенің орнына қойылатын баяндауыштар: қойып алмай, көрінбесеңіз, бітірсек, алып бітпейінше, келмегенде.
Комуникативтік құзырлылық бойынша:
3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Базарларда қандай жекелеген учаскелер болу керек?
Базарлардағы санитарлық шарттар қандай?
Базар территориясының көлемі неге байланысты болады?
Тұтынушы жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін не істеу керек?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Сіз эпидемиолог дәрігер ретінде бір базарды тексердіңіз. Базарда санитарлық нормалар бойынша кемшіліктер таптыңыз. Осыған байланысты мәлімдеме жаып, базар басшысына ескерту жасадыңыз. Мәлімдемені қалай жазасыз?
Білім құзырлылығы бойынша:
1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
Нашақорлық туралы мақала ... ...., ол туралы ғылыми еңбектерді қарадым.
а) жазып болдым
ә) жазайын деп
б) білгім келді
в) дайындамақ бол
г) жаза алсам
2. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Жұмысты түгел аяқтамайынша, ешқайда бармаймыз.
ә) Оқуды бітірген соң, жолдамамен Жезқазан қаласына барды.
б) Сәкен осында келсе, бәріміз бірігіп Абзалдың үйіне барамыз.
в) Науқас ауруханаға бармаса, оның жағдайы қиындап кетеді.
г) Ол кісіні көрмесем де, сырттай білетінмін.
3. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
Жиналыс аяқтал..., жұрт үйді-үйіне тарай бастады.
а) ды
ә) ған
б) са
в) ып
г) ар
4. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Уақыты бола тұра, ол ата-аналар жиналысына барған жоқ.
ә) Іш ауруынан сақтану үшін, тағам тұратын жер үнемі таза болуы тиіс.
б) Ауруы жазыла қоймаған соң, ақыры ауруханаға жатуына тура келді..
в) Ағзада дәрумендер жеткіліксіз болса, адам тез шаршайды.
г) Жаңбыр басылғанша, біз дәрісханада отырдық.
5. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бұл өте жұқпалы ауру, сондықтан сақтық шараларын сақтау керек.
ә) Сауда аяқталғаннан кейін, сатушылар өз орындарын ретке келтіреді.
б) Әкімшілік тиым салғанына қарамастан, жабайы сауда тоқталмай тұр.
в) Ол сұрақтың жауабын білмегендіктен, дұрыс жауап бере алмады.
г) Тағамдардың сапасы сақталуы үшін, базарларда барлық жағдай жасалған.
6. Берілген сөйлем құрмаластың қандай түріне жатады?
Тамақ ішіп отырғанда, кітап немесе газет оқу дұрыс емес.
а) мақсат бағыныңқылы
ә) шартты бағыныңқылы
б) сын-қимыл бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
7. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлем екенін анықтаңыз.
Осы тақырыпта мақала жазайын деп, ғылыми жұрналдарды қарадым.
а) қарсылықты бағыныңқылы
ә) сын-қимыл бағыныңқылы
б) шартты бағыныңқылы
в) мақсат бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
8. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Витамины – биологические активные вещества, необходимые для жизнедеятельности организма.
а) Дәрумендер - биологиялық белсенді заттар, ағзаның өмір сүруі үшін қажетті.
ә) Дәрумендер – ағзаның өмір сүруі үшін қажетті биологиялық белсенді заттар.
б) Дәрумендер - өмір сүруі үшін ағзаның қажетті биологиялық белсенді заттар.
в) Дәрумендер – биологиялық белсенді заттар ағзаның өмір сүруі үшін.
г) Дәрумендер – қажетті өмір сүруі үшін ағзаның биологиялық белсенді заттар.
9. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) содержиться в шиповника – қалақайда да бар
ә) возникают боли – қатты ауырады
б) при его недостаток - ол көп болса
в) могут возникнут - болған емес
г) повреждаются слизистые оболочки - шырышты қабықтары жарақаттанады
10. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Витаминдер ... құрамында болады.
а) өсімдіктермен
ә) өсімдіктерге
б) жануарларда
в) тағамдардың
г) өсімдіктерін
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 120-123 бб.
2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 198-200 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№29 тақырып: Лексикалық: Емдеу – сақтандыру мекемелерінің түрлері
Грамматикалық: Сөздіктану. Терминтану.
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Емдеу – сақтандыру мекемелерінің түрлері
Грамматикалық: Сөздіктану. Терминтану.
2.Мақсаты: Студенттерге емдеу-сауықтыру мекемелерінің қандай түрлері бар екенін айтып беру, мәтінді оқыту, аударту және мәтін бойынша сұрақ қою арқылы олардың сөздік қорын молайту. Сөздік дегеннің не екені, олардың қандай түрлері болатыны және терминдер туралы түсінік беру
Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Сөздік және олардың түрлері, сөздік жасаудағы ұстанымдар, термин және олардың жасалауы, терминдер және кәсіби сөздер.
Лексикалық тақырып бойынша:
Емдеу-сақтандыру мекемелері, емдеу-сақтандыру мекемелерінің ауруханалар мен емханалардан айырмашылығы, емдеу сақтандыру мекемелеріне жасалатын емдер, азық-түліктің зиянсыздығы, базарларды жоспарлау, жабық баспаналар.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Емдеу-сауықтыру мекемелері туралы суреттер, плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Курорттарда санаторлық-курорттық ұйымдар – курорттардың, емдік-сауықтыру орындарының территорияларында да, олардан тыс жерлерде де орналасуы мүмкін, емдік және сауықтыру жұмыстарын табиғи емдік факторларды пайдалану арқылы жүргізетін әр түрлі меншік және ведомстволық қатыстылық формасындағы кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлар – санаторийлар, емдеу пансионаттары, курорттық емханалар, емдік жағажайлар, минерал сулардың галереялары мен бюветтері, ванналық ғимараттар, радонмен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, солярийлер, аэрарийлер және емдік жүзуге арналған бассейндер. Климаттық емдеу курорттарында сауықтыру демалысына арналған демалыс үйлері, пансионаттар, турбазалар бар. Оларда ағзаның функционалдық жағдайын түзету, жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру және шынықтыру үшін климаттың әр түрлі элементтерін қолданады.
Барлық санаторлық-курорттық мекемелердің емдік-профилактикалық жұмыстарын ұйымдық-әдістемілік тұрғыдан қамтамасыз етуді, олардың меншік формасына қарамастан, санаторлық-курорттық көмек көрсету құқығына лицензия беретін Мемлекеттік денсаулық бақылау жүзеге асырады.
Курорттағы (шипажайдағы) емдік-профилактикалық мекемелердің негізгі типі - санаторий (лат. sanare - «айықтыру, сауықтыру») – табиғи емдік физикалық факторларды жасанды факторлармен, емдік дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен және басқа жолдармен үйлестіре отырып қолдану арқылы арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында емдеуге, алдын алуға және медициналық сауықтыруға арналған емдік-профилактикалық мекеме. Аурулар асқынып кеткен кезде, сондай-ақ физикалық факторлардың әсерін күшейту және науқастарға контрасттық табиғи зонаға көшудің әсер етуінің алдын алу үшін санаторийдегі дәрі-дәрмекпен емдеу және төсекте жату режимі қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |