3. Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Лексикалық материал бойынша: адам ағзасына, солардың әсерінен, жұқпалы болады, тыныс жолдары, кілегей қабығы, ауаға тарату, күн сәулесі түспейтін, ылғалды жерлер, үйдегі заттарға қонады, ауру білінісімен, арнайы машиналармен.
грамматикалық бойынша: Етіс, етістік түрлері, етіс жұрнақтары, етіс жұрнақтарының жалғану ерекшеліктері, етіс тұлғасындағы етістіктердің беретінт грамматикалық мағыналары.
5. Сабақты өткізу жоспары:
Ұйымдастыру кезені - 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин
Өткен сабақты қорыту - 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин
Мәтінмен жұмыс – 25 мин
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин
Бақылау жұмыстары – 15 мин
Үй тапсырмасын беру – 7 мин
Студенттің білімін бағалау – 8 мин
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма, жаттығу жұмыстарын жасату, тапсырмалар орындату.
7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Көп нүктенің орына қажетті етіс жұрнақтарын қойыңыздар:
1.Қарағанды қаласындағы досыммен интернет арқылы хабарла..тым. 2.Оқытушы бізге жаттығу жұмысын жаз... ды. 3.Сабақ бүгін сағат екі жарымда аяқта..ды. 4.Сәуле бүгін сағат жетіде тұрды. Жу..ып, ки..іп сағат жеті жарымда үйден шықты. 5.Мұраттың дауысы жақсы болғандықтан, біз оған ән сал...дық. 6.Әсет мамасына дүкеннен кітап ал...ды.
2-тапсырма. Көп нүктелер орнына тиісті қосымшаларды қойыңыздар.
1. Жігіттер де бекер отырмай, жұмыс... кірісіп кетті. 2.Ол дәрігер... амалсыздан барды. 3.Қазір бұл ауру... балалар мүлде ауырмайды. 4.Машина үй... дәл қасына тоқтады. 5.Байкал – дүние жүзіндегі ең терең көл. 5.Туберкулез – аса жұқпалы ауру. 6.Жұмыс... олар өте тез бітірді. 7.Сусамыр ауруы... дүние жүзіндегі мемлекеттер орасан зор қаржы бөледі. 8.Студент уақыты... босқа өткізбеуі керек. 9.Бәріміз жабылып бұл жұмыс... ілезде бітірдік.
Білім құзырлылығы бойынша
1-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар
Тыныс алу мүшелері арқылы адам ағзасына ауру тудырғыш микробтар, шаң-тозаң енеді. Солардың әсерінен әр түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Ауа арқылы таралатын аурулардың көбі жұқпалы болады. Оларға тұмау, туберкулез, баспа, күл т.б. аурулары жатады.
Тұмау – өте жұқпалы ауру. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адамдар аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмаудың вирусы науқас адамның ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы т.б. арқылы да жұғады.
Туберкулездің қоздырғышы – туберкулез таяқшалары. Күн сәулесі түспейтін, ылғалды жерлерде туберкулез таяқшалары ұзақ уақыт өмір сүре алады. Ал құрғақ әрі жарық жақсы түсіп тұрған жерде туберкулез таяқшалары ұзақ болмайды. Туберкулез таяқшалары шаң-тозаңмен бірге еденге, үйдегі заттарға қонады. Олар шаң-тозаңмен бірге сау адам тыныс алғанда жоғарғы тыныс жолдары арқылы өкпесіне енуі мүмкін. Сондықтан дымқыл шүберекпен еденді, үйдегі заттарды күнде сүртіп отыру керек. Сонда шаң шүберекке жабысады да, ауаға ұшпайды. Ең қолайлысы – үйді шаңсорғышпен тазарту.
Ауа арқылы таралатын баспа, күл, қызамық сияқты аурулармен көбінесе жас балалар жиі ауырады. Ауру білінісімен дереу дәрігерге көрінуі қажет. Жеке бастың гигиенасын сақтау – жұқпалы аурулардан сақтанудың бірден-бір кепілі. Сондай-ақ көшелерді арнайы машинамен тазалау, су шашу, ағаштар отырғызу – осының бәрі ауа арқылы тарайтын ауруларды азайтады.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Заражение через воздух. Микроорганизмы и пыль задерживаются слизистой оболочкой верхних дыхательных путей и удаляются из них вместе со слизью. Большинство микроорганизмов при этом обезвреживается. Часть микроорганизмов, проникщих в органы дыхания, может вызывать различные заболевания: грипп, туберкулез, ангину, дифтерию и некоторые другие.
3-тапсырма. Мәтін бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
обезвреживается - зарарсызданады
дифтерия - күл
ангина – баспа
удаляются - сыртқа шығарылады
органы дыхания - тыныс алу мүшелері
ену - проникать
шаң - пыль
ағаш отырғызу - сажать деревья
ылғалды - влажный
ауру тудырады - вызываеть болезнь
тарайды - распространяется
азайтады - уменьшает
туберкулез таяқшалары - туберкулезные палочки
Коммуникативтік құзырлылық бойынша
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Ауа арқылы таралатын қандай жұқпалы ауруларды білесіз?
2. Туберкулез ауруы қалай жұғады?
3. Ауа арқылы тарайтын ауруларды болдырмаудың жолдары қандай?
Когнитивті - білім құзырлылығы бойынша:
1.Ортақ етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бұл туралы ғылыми әдебиеттерде көп жазылған.
ә) Аурудың шығу себебін ол кезде білмеген.
б) Қырқұлақпен теңізде ұзақ сапар шеккендер ауырған.
в) Бүгін досым екеуіміз ұзақ әңгімелестік.
г) Ертең дәрігерге барып тіс салғызамын.
2. Сөйлемді аяқтайтын сөзді көрсетіңіз.
Бүгін түстен кейін дәрігерге барып тісімді ...
а) емделді
ә) емдетемін
б) емдесті
в) емдеген
г) емдесе
3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Кейін қызарған ... бүкіл денеге таралды.
а) қаны
ә) қарақатқа
б) етінде
в) бөртпе
г) тістер
4. Сөйлемді аяқтайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.
Уақытында емделмесе, ауру ұзаққа ....
а) созылған
ә) созылады
б) тарайды
в) айналды
г) созғызды
5. Дұрыс құрылған сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) жағымсыздық иіс
ә) тіске қанау
б) азаяды салмағы
в) тездеп шаршап
г) күнделікті тағам
6.Өзгелік етісті сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) тісімді емдеттім
ә) тез киіндім
б) ұзақ әңгімелесті
в) жиі айтылады
г) тіндер қабынады
7. Сөз тіркесін құрайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.
мақалада ...
а) жазған
ә) көрсетті
б) оқытты
в) айтылды
г) жазғызды
8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіздер.
а) Ауырған адам бұл аурумен тез шаршайды.
ә) Бұл аурумен ауырған адам тез шаршайды.
б) Аурумен бұл адам ауырған тез шаршайды.
в) Тез шаршайды бұл аурумен ауырған адам.
г) Бұл арумен тез шаршайды ауырған адам.
9. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Микробтар … бірге сау адамның ағзасына енеді.
а) шаң-тозаңнан
ә) шаңның
б) шаңдатып
в) шаң-тозаңды
г) шаң-тозаңмен
10. «Могут вызывать болезнь» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) ауру шақырып жатыр
ә) ауру шақыруы мүмкін
б) ауру туып кетті
в) ауру туғызуы мүмкін
г) аурудан тууы мүмкін
11 .Негізгі әдебиеттер:
1. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж., 123-124б.
2. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 92-93 бет
Қосымша әдебиеттер:
1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы: Атамұра, 2008.
2. Ә. Төлеуов. Сөз таптары, Алматы, 1982 ж., 111-112 бб.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№16 тақырып: Лексикалық: Ауа арқылы таралатын аурулар
Грамматикалық: Етіс категориясы
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Ауа арқылы таралатын аурулар
Грамматикалық: Етіс категориясы
2.Мақсаты: Студенттерге ауа арқылы таралатын аурулар туралы мағлұмат беру, мәтінді игеру барысында олардың кәсіби сөздік қорын молайту. Етіс категориясы дегеннің не екенін, қазақ тіліндегі етістердің қандай түрлері болатынын және олардың жасалуын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс, етіс жұрнақтары, сабақты етістік, салт етістік.
Лексикалық тақырып бойынша:
Адам ағзасына, солардың әсерінен, жұқпалы болады, тыныс жолдары, кілегей қабығы, ауаға тарату, күн сәулесі түспейтін, ылғалды жерлер, үйдегі заттарға қонады, ауру білінісімен, арнайы машиналармен.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Ауа арқылы таралытын аурулар туралы туралы, слайдтар, плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: ауру тудырғыш микробтар, шаң-тозаң енеді, сау адам, жоғарғы тыныс жолдары, тыныс алғанда.
2-тапсырма. Мына сөздерден өздік етіс жасаңыздар.
Көр, жу, тара, қос, соз, ойла, қозға, ки, жаз.
3-тапсырма. Мына сөздерден ырықсыз етіс жасаңыздар
Сал, апар, ал, айт, қала, жи, іл, әкел, аш, бөге, байқа.
Жағдаяттқ тапсырма: Бір мекемеде туберкулез ауруының шығу себебі және оның таралуы туралы дәріс оқуыңыз керек. Ол жерде оқитын дәрісіңіздің қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.
1-жаттығу. Көп нүктенің орына қажетті етіс жұрнақтарын қойыңыздар:
1.Қарағанды қаласындағы досыммен интернет арқылы хабарла..тым. 2.Оқытушы бізге жаттығу жұмысын жаз... ды. 3.Сабақ бүгін сағат екі жарымда аяқта..ды. 4.Сәуле бүгін сағат жетіде тұрды. Жу..ып, ки..іп сағат жеті жарымда үйден шықты. 5.Мұраттың дауысы жақсы болғандықтан, біз оған ән сал...дық. 6.Әсет мамасына дүкеннен кітап ал...ды.
10. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша
4-тапсырма. Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар.
Айт, қал, кел, жүр,отыр, ал, же, тыңда, тоқта, арала, оқы.
5-тапсырма. Мына сөздерден ортақ етіс жасаңыздар.
Сөйле, ал, айт, ойла, сана, тазала, бөл, сұра.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратыңыздар.
Дәулет ерте тұрып, жуынды, киінді.Ол інісін жуындырды, киіндірді. Олар тамақ ішті.Үй жиналды, ыдыс жуылды.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
7-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Тұмаудың белгілері қандай?
Туберкулез ауруы қалай жұғады және оның белгілері қандай?
Микробтар ауаға тарамауы үшін не істеу керек?
Жас балалар қандай жұқпалу аурулармен жиі ауырады?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттқ тапсырма: Сізді эпидемиолог маман ретінде теледидардан ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулар туралы хабарға шақырды. Сіз ол жерде қалай сөйлейсіз, соны қысқаша айтып беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:
8-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Заражение через воздух. Микроорганизмы и пыль задерживаются слизистой оболочкой верхних дыхательных путей и удаляются из них вместе со слизью. Большинство микроорганизмов при этом обезвреживается. Часть микроорганизмов, проникщих в органы дыхания, может вызывать различные заболевания: грипп, туберкулез, ангину, дифтерию и некоторые другие.
Сөздік
пыль - шаң
обезвреживается - зарарсызданады
дифтерия - күл
ангина - баспа
|
удаляются - сыртқа шығарылады
органы дыхания - тыныс алу мүшелері
|
9-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді.
Науқас адам жұқпаның көзі мен сақталу қоры болып табылады. Вирус қоршаған ортаға сөйлегенде, жылағанда, жөтелгенде және түшкіргенде сілекей, қақырык арқылы таралады. Сондай-ақ, тұрмыстық жолмен, яғни вирус жұққан күнделікті пайдаланатын заттар арқылы да жұғу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды
1.Ортақ етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Бұл туралы ғылыми әдебиеттерде көп жазылған.
ә) Аурудың шығу себебін ол кезде білмеген.
б) Тұмау қыс мезгілінде өршіп кетеді.
в) Бүгін досым екеуіміз ұзақ әңгімелестік.
г) Ертең дәрігерге барып тіс салғызамын.
2. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Микробтар … бірге сау адамның ағзасына енеді.
а) шаң-тозаңнан
ә) шаңның
б) шаңдатып
в) шаң-тозаңды
г) шаң-тозаңмен
3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
Кейін қызарған ... бүкіл денеге таралды.
а) қаны
ә) бөртіп
б) етінде
в) бөртпе
г) тістер
4. Сөйлемді аяқтайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.
Уақытында емделмесе, ауру ұзаққа ....
а) созылған
ә) созылады
б) тарайды
в) айналды
г) созғызды
5. «Могут вызывать болезнь» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.
а) ауру шақырып жатыр
ә) ауру шақыруы мүмкін
б) ауру туып кетті
в) ауру туғызуы мүмкін
г) аурудан тууы мүмкін
6. Көп нүктенің орнына қойылатын өздік етіс жұрнақтарын көрсетіңіз.
Айгүл тез боя...ып, ки...іп, көшеге шықты.
а) ыл, ік
ә) т, дір
б) н, ін
в) с, іс
г) қыз, кіз
7. Сөйлемді аяқтайтын ырықсыз етіс тұлғасындағы етістікті көрсетіңіз.
Тағам дастарханға ....
а) қойғызды
ә) қойысты
б) қойып
в) қойылды
г) қойыстыр
8. Сөз тіркесін құрайтын ырықсыз етіс жұрнақты етістікті көрсетіңіз.
мақалада ...
а) жазған
ә) көрсетті
б) оқытты
в) айтылды
г) жазғызды
9. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіздер.
а) Ауырған адам бұл аурумен тез шаршайды.
ә) Бұл аурумен ауырған адам тез шаршайды.
б) Аурумен бұл адам ауырған тез шаршайды.
в) Тез шаршайды бұл аурумен ауырған адам.
г) Бұл арумен тез шаршайды ауырған адам.
10. Өздік етіс қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Жұмыс сағат бесте аяқталды
ә) Құмар жуынып, таңғы асын ішті
б) Оқытушы үй тапсырмасын сұрады
в) Қаладан дәрігер шақыртты
г) Мен киініп болғанша, Мұрат та келіп қалды
10. Негізгі әдебиеттер:
1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 92-93 бб.
2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 123-124 бб.
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№17 тақырып: Лексикалық: Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның
тазалығын жақсарту
Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Лексикалық: Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның
тазалығын жақсарту
Грамматикалық: Қимыл есімі. Қажеттілік мәні
2.Мақсаты: Студенттерге тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту туралы мағлұмат беру, мәтін арқылы олардың кәсіби сөздік қорын молайту. Қимыл есімі дегеннің не екенін, қазақ тіліндегі қимыл есімнің қандай грамматикалық қызмет атқаратынын түсіндіру.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Қимыл атауы, тұйық етістіктің жұрнағы, қимыл атауының септелуі, қажеттілікті білдіру тәсілдері, «қажет», «керек», «тиіс», «жөн» сөздерінің қолданылуы.
Лексикалық тақырып бойынша:
Нашар ахуал, кейбір аймақтарда, мұнан да қиын, салдарға әкеп соғуда, ерекше көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, табыс дәрежесіне қарай, зиянын тигізбеу, бұқаралық ақпарат құралдары, түсіндіруден жалықпауы керек.
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.
Өткен сабақты қорыту – 15 мин.
Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин
Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.
Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.
Мәтінмен жұмыс – 15 мин
Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.
Бақылау жұмыстары – 15 мин.
Үйге тапсырма беру – 3 мин
Студенттің білімін бағалау – 7 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, жағдаяттық тапсырма.
7. Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар, слайдтар.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар: баруым керек, болса игі еді, жақсы оқу үшін, білуі тиіс, айтуым қажет.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар.
Бұл күндері адам өлімінің 20 пайызына экологиялық ... ... себеп болып отыр. Қазақстандықтардың ... ... сапасыз ауыз суды пайдаланады. Дұрыс тамақтанбаудың әсері демографиялық жағдайдың ... ... әкеп соғуда. Мемлекетіміз тамақтану мен ауыз суға ерекше ... ... тиіс. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін, табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керектігін, қазіргі заманғы жеке бас тазалығы ережелерін орындауды ... ... құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың жұмыс жүргізуге тиіс.
Көп нүктенің орына қойылатын сөздер: үштен бірі, көңіл бөлуге, нашар ахуал, кері кетуіне, басымдығына сәйкес, бұқаралық ақпарат.
9. Бақылау жұмыстары:
Дағды құзырлылығы бойынша:
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Питание – необходимое условие для нормального роста, развитие и жизнедятельности организма.
В состав разнообразных пищевых продуктов (хлеб, мясо, молоко, яйца, рыба, масло, овощи, фрукты) входят основные питательные вещества: белки, жиры, углеводы, минеральные соли, вода и витамины. Продукты растительного и животного происхождения, дополняя друг друга, обеспечивают клетки организма всеми необходимыми питательными веществами. Вода, минеральные соли и витамины усваиваются в том виде, в каком они содержатся в пище. Крупные молекулы белков, жиров и углеводов не могут пройти через стенку пищеварительного канала. Поэтому эти вещества подвергаются химической обработке – перевариванию. Пища переваривается по мере ее продвижения по органам пищеварения.
Сөздік
необходимое условие - қажетті жағдай
питательные вещества - қоректік заттар
животного происхождения - жануар тектес
химическая обработка - химиялық өңдеу
|
развитие - даму
углеводы - көмірсулар
стенка - қабырға
переваривается - қорытылады
|
Достарыңызбен бөлісу: |