С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет13/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, бастауыш, баяндауыш, бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сұрақтар, тұрлаусыз мүшелер, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.



Лексикалық тақырып бойынша:

Жай көзге көрінбейтін, ішек-қарында да болады, керекті заттар, толып жатқан, адамға зиянды, солар арқылы, сақтану үшін, ыстықтан өледі, заттың сыртындағы бактерия, пайдалы жері бар, ашытқы ретінде.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: үластірмелі карточкалар, бактериялар туралы плакаттар.

8. Тапсырмалар:



1-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, бастауыш пен баяндауышқа сұрақ қойыңыздар. Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтаңыздар.

1.Бүгін сабақ сағат тоғызда басталады. 2.Бұл – өте жұқпалы ауру. 3.Жақсы – ісімен жақсы. 4.Көрмес – түйені де көрмес. 5.Мен әке-шешеммен телефон арқылы сөйлестім. 6.Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 7.Жастар кезектесіп өлең айтты. 8.Ол – барлық пәннен үнемі үздік баға алып жүретін студент. 9.Мен Қазақстанның шығыс өңірінде бұрын болған емеспін. 10.Шешем кіші баласын қатты сағынып жүрген сияқты.


1-жаттығу. Көп нүктенің орнына мына сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыздар: сен, сіздер, біз, Әсет, дәріс, сендер.

1. ... бүгін сабақтан ерте қайттық. 2. ... үй тапсырмасын орындадың ба? ... маған сағат бесте келіңіздер. 3. ... емтиханды жақсы тапсырды. 4. ... кітапханада сабаққа дайындалып отырсыңдар. 5. ... өте қызық болды.


9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:

2-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркестерін қойыңыздар.

Бактерия – жай көзге көрінбейтін ... ... организм. Микроскоппен қарағанда ... ... болып көрінеді. Бактерия су мен ауада, адам мен ... ..., ішек-қарындарында да болады. Бактерия өзінің ... ... арқылы қоректенеді. Бактерияны ... ... мал қиын шірітіп, топырақты жақсартуға пайдаланылады.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

3-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Бактерия деген не, ол қандай жерлерде болады?

  2. Бактерияның қандай түрлері бар?

  3. Бактериядан сақтанудың жолдары қандай?

  4. Бактерияны ауыл шарушалығында қалай пайдаланады?


Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Эпидемиолог дәрігер ретінде ауыл шаруашылығында бактерияны қалай қолдану керек екендігі туралы баяндама жасаңыз.
Білім құзырлылығы бойынша:

1. Сөйлемнің бастауышы қай сөз табынан жасалған?

Бактерия – жай көзге көрінбейтін, бір жасушалы организм

а) зат есім

ә) сын есім

б) сан есім

в) есімдік

г) етістік

2. Сөйлемнің бастауышын көрсетіңіз.

Өткен демалыста мен Асқармен бірге «Медеу» мұз айдынына бардым.

а) өткен

ә) демалыста

б) мен

в) Асқармен



г) бардым

3. Сөйлемнің баяндауышы қай сөз табынан жасалған?

Бактерияның адамға зияндысы да көп. .

а) сын есім

ә) зат есім

б) есімдік

в) етістік

г) үстеу

4.Сөйлемнің бастауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

Жақсы – ісімен жақсы.

а) кімдер?

ә) қайсы?

б) қандай?

в) не?


г) кім?

5. Сөйлемнің толықтауышына қойылатын сұрақты көрсетіңіз

Кеше қаланы толық аралап шықтық.

а) қалай?

ә) немен?

б) кіммен?

в) нені?


г) қашан?

6. Пысықтауышты сөз тіркесін көрсетіңіз

а) науқасты қарады

ә) тез жазылды

б) білікті маман

в) мен көрдім

г) ол айтты



7. Мақалдағы сын есім қандай қызмет атқарып тұр?

Жақсы сөз – жарым ырыс.

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б) анықтауыш

в) толықтауыш

г) пысықтауыш

8. Мекен пысықтауыш болатын сөзді көрсетіңіз.

а) әдейі


ә) жылдам

б) шалқасынан

в) жоғары

г) өте


9. Анықтауышты сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жылдам тарайды

ә) кеңінен қолданылады

б) суды пайдаланады

в) пайдалы бактерия

г) ыстықта өледі

в) өзара жымдасуының

г) жымдаса бітіп



9. Көп нүктенің орнына қойылатын сөз тіркесін көрсетіңіз.

Бактерия … … кеңінен қолданылады

а) тамақ өнеркәсібінде

ә) тамақ пісіргендіктен

б) тамақ өнеркәсібі

в) тамақ ішкенде

г) тағам даярлаумен



10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 104-105 бб.

2.Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 126-127 бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

23 тақырып: Аралық бақылау

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Аралық бақылау

2.Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы студенттердің алған білімдерін бекіту, бағалау және кеткен кемшіліктерді түзету. Лексикалық материалдарды қайталау арқылы олардың сөздік қорларының қаншалықты дәрежеде толыққанан анықтау, ал грамматикалық материалдарды қайталау арқылы өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Етіс категориясы, қимыл есімдері, сын есім, сын есімнің жасалуы, сын есімнің шырайлары, сан есімнің қолданылуы, сан есімнің түрлері, үстеу, үстеудің түрлері және олардың сөйлемдегі қызметтері, есімдіктің түрлері, сөйлем мүшелері.



Лексикалық тақырып бойынша:

Тыныс жолдары, кілегей қабығы, дұрыс тамақтану, табыс дәрежесі, дене еңбегі, ой еңбегі, қызметкерлердің тамақтануы, ағза тіршілігіне қажетті, тағам құрамы, қалыпты тіршілік үшін, пайдалануға жарамды, пайдалануға жарамсыз, су сапасы, аурулардың алдын алу, суды қайнату.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Грамматикалық материалдарды сұрау – 45 мин.

Лексикалық материалдарды сұрау – 50 мин.

Тест тапсырмалары – 40 мин.

Студенттің білімін бағалау –10 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7. Көрнекі құралдар: Жұқпалы аурулар, ауыз су, бактериялар, дәрумендер туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар, грамматикалық тақырыптар бойынша үлестірмелі карточкалар.
8. Тапсырмалар:

I нұсқа
1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Бактерии относятся к прокариотам (предъядерным) клеточным организмам. 
Это самые простые, наиболее мелкие и широко распространенные организмы, 
которые существуют на земле более 2 млрд лет, но вместе с тем постоянно 
развивающиеся. Бактерии настолько отличаются от других живых организмов, что их выделяют в особое царство Monera. Во всем мире не так уж много мест, лишенных бактерий. Они обитают в воде, почве, воздухе, внутри и на поверхности тел животных и растений. 
2-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Ауыз суды табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі. Соңғы кездері суды тазарту үшін ион алмастырғыш шайырлар да кеңінен қолданыла бастады.

Дистильденген су – айдау арқылы тазартылған су. Ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады.




1. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Мен Қарағанды облысында туып-өстім.

ә) Орта мектепті жылы 2001 бітірдім.

б) Қазір медицинада университетінде оқып жүрмін.

в) Университетте ұнайды оқу маған.

г) Менде болашақ дәрігермін.



2. Барыс септігінің шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Біздің үйге дейін 5 аялдама.

ә) Түстен кейін досымның үйіне бардым.

б) Науқастың кешеден бері дене қызуы көтеріліп тұр.

в) Жазда Үсенмен бірге ауылға барамын.

г) Бірінші курста жүз елуден аса студент оқиды.



3. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) науқасқа қабылдады

ә) қаланы аралады

б) мұражайда болды

в) үйден келді

г) баласына берді



4. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) внешняя среда - ішкі орта

ә) здравоохранения - денсаулық сақтау

б) окружающая среда - ортадан жоғары

в) уровень дохада - жүзеге асырмау

г) осуществлять - табыс деңгейлі



5. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауырып қашаннан бері жүрсіз?

ә) Қызуыңызды мен өлшедім қашан ?

б) Дәрігерге кеше қаралдыңыз ме?

в) Жүрегіңіз айнып, көзіңіз қарауыта ма?

г) Дәрілер іштіңіз кімге?



6. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Емдеу-сауықтыру тәсілдері халқымызбен бірге жасап келеді.

ә) Емдеу сауықтыру тәсілдер халқымыздың бірге жасап келеді.

б) Медицинаға ғылымы қарқынды дамуда.

в) Халық медицинасы беті ашылмаған мәселе тың.

г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.



7. Сын есімнің күшейтпелі шырайы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқастың дене қызуы неге жоғары.

ә) Тым ыстық тағам да денсаулыққа зиянды.

б) Тоңазытқышта тамақ ұзағырақ сақталады.

в) Базардан қызыл алма сатып алдым.

г) Ауаның ластануы адамзатқа зиянын тигізеді.



8. Көмектес септік жалғаулы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) дәрілік шөптерден емдеу

ә) жүрек пен өкпе

б) машинамен келді

в) қарындаштан жазды

г) балалар мен жасөспірімдер



9. Етістігі жедел өткен шақтағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кеше маған суық тиіп қалған.

ә) Бүгін үйге ерте қайтамыз.

б) Әсел үйге бара жатыр.

в) Сендер бұл тақырыпты мектепте өткенсіңдер.

г) Сағат сегізде үй тапсырмасын орындадым.



10. “Қандай?” деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсетіңіз.

а) жылқы


ә) дәптер

б) тездет

в) салқын

г) жылдамдат



11. Қимылды білдіретін сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) жақсы маман

ә) үйге жақын

б) қалаға жақын

в) ауруханада жатыр

г) дәрігердің бөлмесі



12. “Не?” деген сұраққа жауап беретін сөздерді көрсетіңіз.

а) қой, сиыр, жылқы

ә) бөл, алаңда, қал

б) дәрігер, емші, сынықшы

в) емде, дәріле, ауру

г) студент, оқушы, оқытушы



13. Септеулік шылау қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Әсем дәрігермен сағат екіде сөйлесті.

ә) Мұрат университетке көлікпен барды.

б) Іш аурулары жазда көбейеді.

в) Күнде дене шынықтыру жасаған жөн.

г) Сондай-ақ науқастың қанын тексеру арқылы да диагноз қояды.



14. Көпше түрде жіктелген етістікті көрсетіңіз.

а) Біз бардық.

ә) Сен жазып отырсың.

б) Сіз оқып отырсыз.

в) Сен сөйлейсің.

г) Ол келді.



15. Нақ осы шақта жіктелген етістікті көрсетіңіз.

а) Мен отырамын.

ә) Сен айтып жүрсің.

б) Ол сөйлеп болды.

в) Сен айтып болдың.

г) Ол жазатын шығар.



II нұсқа
1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1) тірі ағзаларға ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактериявирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын аурулар; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып , тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан.

Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал ағза. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс.: бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам ағзасына әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, битбезгек масасы, кене т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады.

Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, ағзаның жағдайына байланысты болады. Жалпы жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың (көкбауырдың) ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөртпе сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды.
2-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар

Инфекцио́нные заболева́ния — это группа заболеваний, вызываемых проникновением в организм патогенных (болезнетворных) микроорганизмов. Для того чтобы патогенный микроб вызвал инфекционное заболевание, он должен бладать вирулентностью (ядовитостью; лат.. virus — яд), то есть способностью преодолевать сопротивляемость организма и проявлять токсическое действие. Одни патогенные агенты вызывают отравление организма выделяемыми ими в процессе жизнедеятельности экзотоксинами (столбняк, дифтерия), другие — освобождают токсины (эндотоксины) при разрушении своих тел (холера, брюшной тиф).

Одной из особенностей  инфекционных заболеваний  является наличие инкубационного периода, то есть периода от времени заражения до появления первых признаков. Длительность этого периода зависит от способа заражения и вида возбудителя и может длиться от нескольких часов до нескольких лет (последнее бывает редко). Место проникновения микроорганизмов в организм называют входными воротами инфекции. Для каждого вида заболевания имеются свои входные ворота, так, например,холерный вибрион проникает в организм через рот и не способен проникать через кожу.


1. Болымсыз формада жіктелген етістікті көрсетіңіз.

а) Мен барған шығармын.

ә) Сен әкеле жатырсың.

б) Сіз білесіз.

в) Ол кеткен болар.

г) Сен түсінбедің.



2. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Сіздің үйіңізге дейін неше аялдама?

а) Менің үйіме дейін бес аялдама.

ә) Мен жұмыстан бесте сағат шығамын

б) Мен қазір үйге барасыз

в) Иә, дәрігерге қараламын.

г) Жоқ, дәрі ішіп жүрген жоқпын.

3. Өткен шақтағы етістіктерді көрсетіңіз.

а) келеді, түсінеді

ә) болыпты, алыпты

б) тыңдаймын, көремін

в) қалады, тыңдайды

г) біліп қой, айтып таста



4. Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ащы дәрі

ә) су көздері

б) тез жазды

в) қалада тұрады

г) қала емханасы



5. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.

а) көгірек

ә) қаралау

б) ала бастады

в) ақшыл тартқан

г) қызыл күрең



6. Күшейтпелі шырайлы сын есімді көрсетіңіз.

а) күлгін қоңыр

ә) қаралау

б) қызылдау

в) сап-сары

г) мықты емес



7. Қимыл сын үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауру белгісі білінісімен, дереу дәрігерге қаралу керек.

ә) Науқас ерте емделсе, жазылып кетеді.

б) Ол ертең ауруханадан шығады.

в) Ол жаққа кеше бардым.

г) Ол ағылшын тілінен қазақ тіліне жақсы аударады.



8. Күшейтпелі шырайлы сын есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кеше күн өте суық болды.

ә) Дәріхананың іші жылы.

б) Сүт ұзақ сақталмайды.

в) Майлы тамақ тез қорытылмайды.

г) Платиниден жасалған тіс ыстық-суыққа төзімді болады.



9. Туынды зат есімдерді көрсетіңіз.

а) дәрі, қызмет

ә) жұмыстың, әннің

б) сынық, тілік

в) басқару, аялдау

г) бас, көз



10. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

а) құлағы ауырды

ә) суретші болды

б) жазып отыр

в) ауруханаға жатты

г) көңілді отыр



11. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

а) Адам қаңқасының өзіне тән ерекшеліктері бар.

ә) Күзде күн қысқарып, түн ұзарады.

б) Майлы тамақ тез қорытылмайды, сондықтан асқазанға ауыр.

в) Бұлшық еттер сүйектерге бекиді және денені қозғалысқа келтіреді.

г) Демікпе кезінде жүрек жиі соғады, адам ентігеді.



12. Қатыстық сын есім қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ақылды адам

ә) қара тақта

б) ұзақ демалыс

в) ақшыл түс

г) зиян келтіреді



13. Қалау, тілек мағынасындағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Үй тапсырмасын айтсын.

ә) Бәрін жазып бітті.

б) Бұл кітапты оқығымыз келеді.

в) Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

г) Үйге қайта келіп отыр.



14. Етіс жұрнағы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ас – адамның құрылыс материалы.

ә) Оңтүстік өңірде жеміс-жидек көп өседі.

б) Солтүстіктің жазы қысқа болады.

в) Спиртті ішімдіктер асқазан қызметін нашарлатады.

г) Дұрыс тамақтана білу керек.



15. Ортақ етіс жұрнағы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Енді ол жаққа бармаспын.

ә) Оқытушы студенттерге тапсырма берді.

б) Үсен жағдайын әжесіне телефон арқылы айтты.

в) Оқытушымен бұл туралы сөйлестік.

г) Ас – адамның құрылыс материалы.




9. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т.Қ., Канленова Б.Н.. Мемлекеттік тілді меңгереміз (ҚДС факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған оқу құралы) Алматы, 2012 ж. 104-105 бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 126-127 бб.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медициналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж.,147-164 бб.



Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.





ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

24 тақырып: Лексикалық: Иммунитет

Грамматикалық: Жай сөйлемдер.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы:

Лексикалық: Иммунитет

Грамматикалық: Жай сөйлемдер.
2.Мақсаты: Студенттерге иммунитет туралы мағлұмат беру, иммунитетке байланысты қазақша терминдерді, кәсіби сөздерді игерту. Жай сөйлем дегеніміз не екенін және олардың қандай түрлері болатынын түсіндіру.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Жай сөйлем, жай сөйлемнің түрлері, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем, хабарлы сөйлем.



Лексикалық тақырып бойынша:

Улы заттар, жұқпалы ауру, зерттейтін ғылым, жүре пайда болған, жеңіл түрде, жақсы жолға қойылған, маңызы зор, құтылудың жолы, қайталап ауырады, аурудан сақтандыру, дәрігерлердің міндеттері, мыңдап қырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет