2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Типы лечебно-профилактических учреждений
Станция скорой помощи - лечебное учреждение, оказывающее экстренную и неотложную медицинскую помощью населению путем выезда машины скорой медицинской помощи с бригадой в составе врача, фельдшера, водителя.
Медико-санитарная часть — лечебно-профилактическое учреждение, работающее при промышленных предприятиях для медицинского обслуживания рабочих. В состав медико-санитарной части могут входить поликлиника, стационар, здравпункт и профилакторий.
Травматологический пункт - лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее экстренную помощь пациентам с травмами любого происхождения, а также осуществляющее дальнейшее их наблюдение и лечение.
Поликлиника — лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее медицинскую помощь не нуждающимся в госпитализации пациентам (не требуется постоянный врачебный контроль общего состояния). Для поликлиник характерен принцип территориальности в оказании медицинской помощи (помощь оказывается пациентам, проживающим на закрепленной за поликлиникой территории). В поликлинике имеются врачебные кабинеты по основным специальностям (терапия, хирургия, гинекология, неврология, глазные болезни), диагностические кабинеты (рентгеновский, функциональной диагностики), лечебные кабинеты (физиотерапевтический, лечебной физкультуры, процедурные).
Диспансер — лечебно-профилактические учреждения, осуществляющее систематическое наблюдение и лечение больных с определенным заболеванием, а также профилактику указанного заболевания. По контингенту пациентов диспансеры делятся на туберкулёзные, кожно-венерологические, онкологические, психо-неврологические, эндокринологические,наркологические и кардиологические.
3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Термин (лат. terminus 'граница, предел, конец') – это специальное слово или словосочетание, принятое в определенной профессиональной сфере и употребляемое в особых условиях. Термин представляет собой словесное обозначение понятия, входящего в систему понятий определенной области профессиональных знаний. Терминология (как совокупность терминов) составляет автономный сектор любого национального языка, тесно связанный с профессиональной деятельностью. Термины каждой отрасли науки, техники, производства формируют свои системы, определяемые, в первую очередь, понятийными связями профессионального знания при стремлении выразить эти связи языковыми средствами.
9. Бақылау жұмыстары. Дағды құзырлылығы бойынша: 4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Типы лечебно-профилактических учреждений
Станция скорой помощи - лечебное учреждение, оказывающее экстренную и неотложную медицинскую помощью населению путем выезда машины скорой медицинской помощи с бригадой в составе врача, фельдшера, водителя.
Медико-санитарная часть — лечебно-профилактическое учреждение, работающее при промышленных предприятиях для медицинского обслуживания рабочих. В состав медико-санитарной части могут входить поликлиника, стационар, здравпункт и профилакторий.
Травматологический пункт - лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее экстренную помощь пациентам с травмами любого происхождения, а также осуществляющее дальнейшее их наблюдение и лечение.
Поликлиника — лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее медицинскую помощь не нуждающимся в госпитализации пациентам (не требуется постоянный врачебный контроль общего состояния). Для поликлиник характерен принцип территориальности в оказании медицинской помощи (помощь оказывается пациентам, проживающим на закрепленной за поликлиникой территории). В поликлинике имеются врачебные кабинеты по основным специальностям (терапия, хирургия, гинекология, неврология, глазные болезни), диагностические кабинеты (рентгеновский, функциональной диагностики), лечебные кабинеты (физиотерапевтический, лечебной физкультуры, процедурные).
Диспансер — лечебно-профилактические учреждения, осуществляющее систематическое наблюдение и лечение больных с определенным заболеванием, а также профилактику указанного заболевания. По контингенту пациентов диспансеры делятся на туберкулёзные, кожно-венерологические, онкологические, психо-неврологические, эндокринологические,наркологические и кардиологические.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
5-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Қандай терминологиялық сөздіктерді білесіздер?
«Түсіндірме сөздік» деген не?
«Аударма сөздіктер» қалай жасалады?
Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:
Жағдаяттық тапсырма: Буын ауыруымен (тұз жиналу, артроз, артрит т.б) ауыратын адамдарға шипажайға баруға кеңес беріңіз. Қазақстанда мұндай ауруларды емдейтін қандай шипажайлар бар және олар қай жерлерде орналасқанын нуқастарға түсіндіріңіз.
Жағдаяттық тапсырма: Асқазан-ішек жолдарының ауыруымен келген науқасты қабылдап отырсыз. Оған диагноз (нақтама) қойып, ауруханаға жіберіңіз. Өзіңіздің қандай іс-әрекеттер жасайтыныңзды түсіндіріп беріңіз.
Білім құзырлылығы бойынша:
6-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Термин (лат. terminus 'граница, предел, конец') – это специальное слово или словосочетание, принятое в определенной профессиональной сфере и употребляемое в особых условиях. Термин представляет собой словесное обозначение понятия, входящего в систему понятий определенной области профессиональных знаний. Терминология (как совокупность терминов) составляет автономный сектор любого национального языка, тесно связанный с профессиональной деятельностью. Термины каждой отрасли науки, техники, производства формируют свои системы, определяемые, в первую очередь, понятийными связями профессионального знания при стремлении выразить эти связи языковыми средствами.
7-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар:
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? деген ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады. Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.
10. Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:
1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.
2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.
3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№30 тақырып: Аралық бақылау
2012 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1.Тақырыбы:
Аралық бақылау
2.Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы студенттердің алған білімдерін бекіту, бағалау және кеткен кемшіліктерді түзету. Лексикалық материалдарды қайталау арқылы олардың сөздік қорларының қаншалықты дәрежеде толыққанан анықтау, ал грамматикалық материалдарды қайталау арқылы өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Студенттердің оқы жылының басындағы және аяғындағы білім деңгейлері қандай деңгейге көтерілгенін бағалау.
3.Міндеті:
1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.
2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.
3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылыми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.
4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:
Грамматикалық тақырып бойынша:
Жай сөйлем, жай сөйлемнің түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуы, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері, тиянақты және тиянақсыз баяндауыштар, сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы сыңары, сөздік және термин жасау ұстанымдары.
Лексикалық тақырып бойынша:
Улы заттар, жұқпалы ауру, микробтардың өсіп-өнуі, өсіп-өнуін тежеу, кеңінен қолданылады, тірі ағза, табиғатты қорғау, тиімді пайдалану,
5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):
Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.
Грамматикалық материалдарды сұрау – 45 мин.
Лексикалық материалдарды сұрау – 50 мин.
Тест тапсырмалары – 40 мин.
Студенттің білімін бағалау –10 мин.
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7 Көрнекі құралдар: Тіс протездері, тіс аурулары туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар. Жай және құрмалас сөйлемдер туралы кестелер
8. Тапсырмалар:
I нұсқа
1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлемнің түріне байланысты керекті тыныс белгілерін қойыңыздар.
1. Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз. 2. Сізді біз ұстазымыз деп санаймыз. 3. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 4. Бұлбұлсыз бау-бақша мен саябақтардың сәні бола ма. 5. Бирмада жаңа жылды қарсы алу өте қызық. 6. Сендерге кітапты кім берді. 7.Маған бұл роман керемет ұнады. 8.Ойпырмай, мынау бір керемет қой. 9.Бүгін сағат екіде өзімнің отбасылық дәрігеріме барамын. 10.Қап, ұят болды-ау.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Олардың түрлерін анықтаңыздар.
1.Адам ағзасында жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер болып тұрады. 2.Қазір сабақ қайсы дәрісханада болады? 3.Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! 4.Көп білгілерің келсе, көп оқыңдар. 5.Мектепті қай жылы бітірдіңіздер? 6.Ертең сағат екіде келіңіз. 7.Кеше Сәулені көрдің бе? 8.Бәрекелді, өте дұрыс айттың! 9.Сағат неше болды? 10.Орталық кітапхана сабаққа дайындалуға өте қолайлы. 11.Біздің елімізге қош келдіңіздер!
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Сабақ аяқталды да, ... . 2.Биыл күн суық болды және ... . 3.Мен үйге екі рет хат жаздым, бірақ ... . 4.Қаңтар айында біресе қар жауды, біресе ... . 5.Сүт тағамдары тез бұзылады, сондықтан ... .
3-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар
Өзіңізді нашар сезініп, ауыз қуысында аппақ түсті кішкентай жаралардың пайда болғанын байқасаңыз, сіз стоматит ауруына шалдықтыңыз. Стоматит ауруы біртіндеп пайда болып, алдын алмаса, жедел қарқынмен асқынып кетеді. Алдымен ауыз қуысы, тіл, таңдай, еріндердің үстіне аппақ жаралар шыға бастайды. Кейін аузы ашылып, ауа, су, тағам тиген сайын аши түседі.
4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Темекі тарту ағзаға зор зиян келтіреді. Никотин – қан тамырларын күрт тарылтатын және қан қысымын арттыратын (гиертония) өте күшті у. Ол жүрек-қан тамырлару ауруларының, созылмалы бронхиттің және өкпе обырының (рак) дамуына әсер етеді, зат алмасу мен ас қорытудың бұзылуына апарып соғады. Никотин миға зиянды әсер етеді жад пен зейінді нашарлатады, адамның жасына жетпей қартаюына себепші болады. Темекі тарту, әсіресе жас кезде өте қауіпті.
Темекі тарту – жаман әдет. Мұндай әдеттен арылу қажет. Темекі тартуды бірден қою керек. Бұл – ерік күшін қатты сынау. Темекі тартуды қойған адамның көңіл-күйі, жады, тәбеті жақсы болады.
Сөздік
жад - память
күрт тарылтады - резко снижает
себепші болады - станет причиной
|
зейін - разум, рассудок
әдет - привычка
арылу - избавится
|
1. Сөйлемді аяқтайтын сөз тіркесін көрсетіңіз.
Өкпенің үздіксіз қабынуы ... ... төмендетеді .
а) қорғаныстан қабілетін
ә) қорғаныс қабілетін
б) қорғанысқа қабілетін
в) қорғаныстың қабілетін
г) қорғаныс пен қабілетін
2. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлем екенін анықтаңыз.
Кешігіп қалсақ та, жиналысқа бардық.
а) қарсылықты бағыныңқылы
ә) сын-қимыл бағыныңқылы
б) шартты бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
3. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Никотин вреден не только для курящего.
а) Никотин темекішінің денсаулығына тамаша нәрсе.
ә) Никотиннің зияны темекі тартушыға.
б) Никотин темекі тартушыға ғана зиянды емес.
в) Никотиннің пайдасы өте көп.
г) Адам никотинсіз өмір сүре алмайды.
4. Қимыл сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Ол үйдегі заттарды дымқыл шүберекпен сүртті.
ә) Ауруханада жатқан досымның көңілін сұрадым.
б) Сабынмен жиі жуынса, тері майсызданады.
в) Науқастың ұйқысы бұзылады, түнде терлейді.
г) Бөлменің терезесін ашып, ауасын тазарттым.
5. Қарсылықты бағыныңқылы құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Денсаулығы нашар бола тұра, Мәлік темекі тартады.
ә) Тамақтану рационын сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
б) Никотин оттегі алмасуын қиындатып, жүректі әлсіретеді.
в) Дәрумен жеткіліксіз болғанда, адам тез шаршайды.
г) Дәрі аурудың тікелей өзіне әсер етіп, оның дамуын тежейді.
6. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Қасым кешігіп келгендіктен, есік жаққа отырды.
а) мақсат бағыныңқылы
ә) шартты бағыныңқылы
б) сын-қимыл бағыныңқылы
в) мезгіл бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
7. Сөйлемнің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
Алкоголь нарушает работу органов пищеварение.
а) Алкаголь тамақ пісіруші ағзалардың қызметін бұзады.
ә) Алкаголь тамақ қорытқыш ағзалардың бұзады қызметін.
б) Ас қорыту ағзалардың алкаголь қызметін бұзады.
в) Алкаголь ас қорыту ағзаларының қызметін бұзады.
г) Алкаголь тамақ қорытқан ағзалардың қызметін бұзады.
8. Сөйлемнің екінші сыңарын көрсетіңіз.
Темекінің зиян екенін біле тұра, ... ... ...
а) адамдар онымен тартады
ә) кейбіреулер оған құмартады
б) оны жақсы көрсе
в) темекі жиі тартып
г) темекіге кетеді құмартып
9. Берілген сөйлемнің қандай құрмалас сөйлем екенін анықтаңыз.
Осы тақырыпта мақала жазайын деп, ғылыми жұрналдарды қарадым.
а) қарсылықты бағыныңқылы
ә) сын-қимыл бағыныңқылы
б) шартты бағыныңқылы
в) мақсат бағыныңқылы
г) себеп бағыныңқылы
10. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Микробтар ылғалды жерде тез көбейіп, ауа арқылы талады.
ә) Никотин қан қысымын жоғарылататындықтан, жүректің соғуын жиілетеді.
б) Тұрғындардың денсаулығы жақсы болуы үшін, қалаланың ауасы таза болуы керек.
в) Темекі денсаулықты нашарлатады, әрі тыныс алу мүшелерін ауруға шалдықтырады.
г) Тазалық ережелері сақталса, көптеген ауруларды болдырмауға болады.
II нұсқа
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.
1.Уақытым аз болғандықтан, ... . 2.Оны кеше көре алмай қалғандықтан, ... . 3.Ертең қандай сабақтар болатынын білмеген соң, ... .4.Жұмысты уақытында бітіре алмағандықтан, ... 5.Ертең қолым босаса, ... . 6.Енді біраз кешіккенде, ... . 7.Егер ертең бітіре алмасам, ... . 8.Бұл ауру қауіпті болғанымен, ... . 9.Қайратты бұрын көрмесем де, ... .10.Күннің қатты суық болатынын сезінсек те, ... . 11.Уақыты бола тұра, ... . 12.Бұл мәселе туралы көп жазылғанмен, ... .
1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыздар.
1.Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады. (Мақал) 2.Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді. 3.Өзеннің суы тайыз болғанымен, жағасы тік. 4.Наурыз туса да, қыстың ызғары әлі кете қойған жоқ. 5.Жарық түсе бастағанымен, әзірге алыстағы заттар анық көрінбейді. 6.Дәурен далаға шықса, таң ағарып атып қалған екен. 8.Жұрт түгел жиналып біткенше, үй иесі қонақтармен әңгімелесіп отырды. 9.Әсеттің ауылға баруға ақшасы болмағандықтан, қысқы демалыста ол жатақханада болды. 10.Ол жауап қатпаған соң, бұған не болды деп бетіне қарадым. 11.Таңертеңнен бері түк көрмегендей, Асқар болған оқиғаны қайталап сұрады. 12.Егін жақсы өнім беруі үшін, егіс алқаптарына минералды тыңайтқыштармен өңдеген дұрыс. 13.Қазақ халқы азаттық алсын деп, Кенесары хан көтеріліс бастады.
2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.
Действие курения на органы дыхания. Табачный дым помимо никотина, содержит около 200 веществ, чрезвычайно вредных для организма, в том числе угарный газ, синильную кислоту, бензопирен, сажу и др. При курении эти вещества проникают в ротовую полость, верхние дыхательные пути, оседают на их слизистых оболочках и пленке легочных пузырьков, заглатываются со слюной и поподают в желудок.
Никотин вреден не только для курящего. Значительная часть его выделяется в воздух, отравляя окружающих людей.
Табачный дым вызывает раздражение слизистых оболочек ротовой, носовой полости, дыхательных путей и глаз. Почти у всех курильщиков развивается воспаление дыхательных путей, с которым связан мучительный кашель. Постоянное воспаление снижает защитные свойства слизистых оболочек, так как фагоциты не могут очистить легкие от болезнотворных микробов и вредных веществ, поступающих вместе с табачным дымом. Поэтому курильщики часто болеют простудными и инфекционными заболеваниями. Частицы дыма и дегтя оседают на стенках бронхов и легочных пузырьков. Защитные свойства пленки, выстилающей легочные пузырьки, снижаются. Легкие курильщика теряют эластичность, становятся малорастяжимым, что уменьшает их жизненную емкость и вентиляцию. В результате этого снабжение организма кислородом уменьшается.
Сөздік
табачный дым - темекі түтіні
сажа - ыс
оседают- шөгіп қалады
болезнотворные микробы - ауру тудырғыш микробтар
|
угарный газ - иіс газы
ротовая полость - ауыз қуысы
слизистая оболочка - шырышты қабық
|
1. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Дүйсенбек денсаулығы нашар бола тұра, темекі тартады.
ә) Тамақтану рационын сақтап, зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
б) Никотин оттегі алмасуын қиындатып, қан тамырларының жұмысын әлсіретеді.
в) Дәрумен жеткіліксіз болады, сонда адам тез шаршайды.
г) Дәрі аурудың тікелей өзіне әсер етіп, оның дамуын тежейді.
2. “Здоровый образ жизни ” дегеннің аудармасын көрсетіңіз.
а) сауықтыру орны
ә) қалыптастыру кезеңі
б) салауатты өмір салты
в) насихат айту
г) көңілді өмір сүру
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін көрсетіңіз.
Әрбір адам өзін-өзі күтіп, ... білуі керек.
а) денсаулық туралы
ә) денсаулығын сақтай
б) дені сау адам
в) денсаулықтың арқылы
г) денсаулықтың арқасында
4. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарларды табыңыз.
..., адам уланады.
а) Тістерді астың қалдығынан тазартып
ә) Микроорганизммен уланған тағамды қабылдағанда
б) Ас тағамдары әр түрлі болғандықтан
в) Дұрыс тамақтану арқылы қажетті заттарды алып отырады
г) Жылы жерде ұзақ тұрып қалған тағамды ішпе
5. Қалау рай қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Оның емделетін уақыты келеді.
ә) Жұқпалы аурулар ауыз судан пайда болады.
б) Тірі организм сусыз тіршілік ете алмайды.
в) Ол – маңызды табиғи ресурс.
г) Үйге қайтқым келіп отыр.
6. Есімдік қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.
а) Заттың сыртындағы бактерияны өлтіру үшін оны йод немесе спиртпен сүртеді.
ә) Бактерияның толып жатқан түрлері бар.
б) Адамның ағзасын нығайтып, ауруға жол бермейді.
в) Жараларды ультракүлгін сәулемен де емдейді.
г) Ол жақта неше күн боласың?
7. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.
..., өйткені оның кейбіреуі адам ағзасына зиянды.
а) Дәрілерді өте жиі қабылдағандықтан
ә) Антибиотиктердің барлығын қолдануға болмайды
б) Ағзада өсіп-өніп иммунитет пайда болса да
в) Ол уақытысымен емделіп еді
г) Көк пиязды майдалап турап болып
8. Зат есім баяндауышты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Екеуі қаланы ұзақ аралады.
ә) Адам тағам арқылы дәрумендер алып отыруы қажет.
б) Тағам түрлерін бірнеше топқа бөледі.
в) «С» дәруменіне мол өсімдіктердің бірі – көк пияз.
г) Дұрыс тамақтану ауруға қарсы қабілетті арттырады.
9. Қимыл-сын пысықтауышты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Кешкі тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек.
ә) Тамаққа түсіп, адамды уландыратын микробтар табиғатта жиі кездеседі.
б) Ересек адамдар үш мезгіл тамақтанады.
в) Ол дене салмағының артуына әкеліп соғады.
г) Маған түстен кейін кітапханаға бару керек.
10. Тура толықтауышты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Халықтың денсаулығына зияны болмайды.
ә) Жер бетінде ауасыз тіршілік жоқ.
б) Экология қандай ғылым?
в) Ауаның тазалығын сақтау туралы заң қашан қабылданды?
г) Жеке адам гигиенасы - гигиена ғылымының бір саласы.
11. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тағамның сапасы төмен болса, денсаулыққа зиянкелтіреді.
ә) Әсет ертең сағат үште келетін болсын.
б) Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі ретсіз тамақтанады.
в) Жүз градустық ыстықта қайнаған суда микробтар өледі.
г) Мәтіннің мазмұнын қысқаша айтты.
12. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Тағамды бірнеше күнге арнап дайындаған дұрыс емес.
ә) Темекіні көп тартсаңыз, өкпеңізді ауруға шалдықтырады.
б) Өзен, көлдердің суын қайнатпай ішуге болмайды.
в) Мекемелерде санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау керек.
г) Қалалардағы ауаның ластануы қала тұрғындарының денсалықтарын нашарлатуда.
Достарыңызбен бөлісу: |