С ө ж көне түркі әдеби ескерткіштерінің зерттелу тарихы



бет1/5
Дата18.10.2022
өлшемі153,39 Kb.
#153559
  1   2   3   4   5
Байланысты:
сож1


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


С Ө Ж

Көне түркі әдеби ескерткіштерінің зерттелу тарихы

Тексерген: Кошекова А.А
Орындаған: Келжанова П
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Алматы қаласы 2022 ж
Жоспар:

  1. Кіріспе




  1. Негізгі бөлім



    1. Түркі халықтарының жазба ескерткіштері

    2. Орхан. Енисей жазба мұралары

    3. Талас жазу ескерткіштері

    4. Көне түркі халықтарының көне жазба ескерткіштерінің зерттелуі




  1. Қорытынды




  1. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған. Түркі этнонимі қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.
Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»[1,27].
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет