Тісті берілістің дәлдігі.
Тісті берілістер белгілі бір дәлдікке сәйкес жасалуы керек. Ал ондай дәлдік төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
Кинематикалық дәлдік, яғни өзара ілініскен тісті дөңгелектердің бір айналым жасаған кездегі бұрылу бұрыштарының айырмашылығын көрсетеді.
Берілістің бірқалыптылығы: дөңгелектің бір айналғандағы жылдамдығының өзгеруімен сипатталады. Егер беріліс бірқалыпты болмаса, онда ол зиянды дыбыстың пайда болуына, айнымалы күштердің және тербелістердің көбеюіне әкеп соғады. Бұл шапшаң айналатын берілістердің жұмыс істеу қабілетін азайтады. Осыдан барып беріліс бөлшектері тез істен шығады. Берілістің бірқалыптылығы арнаулы құралдармен өлшенеді.
Тістің бүйір бетіндегі дақ арқылы анықталатын дәлдік. Бұл дәлдікті анықтау үшін тістің бүйір бетін майлайды (бояйды). Содан кейін өзара ілініскен тісті дөңгелектерді айналдырады. Дөңгелектерді айналдырғанда, олардың тістерінің бүйірінде май дақтары пайда болады. Осы дақтардың орналасуына байланысты тісті берілістердің дәлдігін анықтайды. Бұл дәлдік көбінесе жинап, құрастыру кезіндегі қателіктерді көрсетеді.
4.Тістің еркін айналуына жағдай жасау үшін, оның жұмыс істемейтін бүйірінде аздаған саңылау қалдырады. Бұл тістер қызған кезде, олардың қысылып, бір –біріне жабысып қалмауы үшін жасалады.
Тісті дөңгелектерді дайындағанда 6, 7, 8 дәлдік дәрежелері көп қолданылады. Ілінісу кезінде тістердің жұмыс істемейтін бетіндегі саңылаулар стандартталған, МЕСТ 1643-81 бойынша олар саңылау өлшемі өсуіне байланысты төмендегіше орналасқан: Н- нөлдік саңылау; Е- кіші саңылау; С және Д-кішірейтілген саңылау; В-қалыпты саңылау; А-үлкен саңылау. Сондай-ақ, көрсетілген стандарт өсаралық қашықтығының ауытқуын да шектейді. Н, Е және Д саңылаулары дәл дайындауды қажет етеді және екі жаққа бірдей айналатын берілістерде қолданылады.Тісті берілістерде тістердің жұмыс істемейтін беттерінде қалыпты саңылау (В) кеңінен қолданылады. Тісті дөңгелек дәлдік дәрежесі және жұмыс істемейтін бүйірінің саңылауы белгінеді. Мысалы, 6-В МЕСТ 1643-81. Бұл 6-дәрежелі дәлдікті және қалыпты бүйір саңылаулы берілісті көрсетеді.
Жанасу кернеулері және жанасу беріктігі.
Мәшиненің екі бөлшегі бірімен-бірі бетпе-бет жанасып жатса және жанасу ауданы өте аз болса (нүктелі – екі шардың қысылуы, шар мен жазықтықтың жанасуы немесе сызықтық – екі цилиндрдің жанасуы), сол жанасу бетінде едәуір күш кернеуі пайда болады (7 - сурет).
Бұл кернеуді жанасу кернеуі деп атайды және деп белгілейді. Егер жанасу кернеулерінің мәні мүмкіндік жанасу кер-неулерінің мәнінен үлкен болса, бөлшектер бетінде шетінеулер пайда болады. Мысалы. тісті, червякті және т.б. берілістерде, подшип-никтерде осындай бұзылулар байқалады.
Жанасу кернеуінің шамасы
, (10)
Достарыңызбен бөлісу: |