С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет3/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

Оқулықтың әдістемелік үлгісінің жетекші идеялары:
Көрнекілік қағидасы
Карталар, сызбалар, диаграммалар, т.б. қолданылады.
Қолжетімділік қағидасы
Жеңілден күрделіге, жақыннан алысқа, белгілі деректен белгісізге қарай қозғалу.
Сана және белсенділікқағидасы
Тапсырмаларды орындауда оқушының өзін-өзі бақылауы мен өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру кезеңдері ескеріледі, материалды оқуда сөйлеу, өзін-өзі анықтау мүмкіндігі беріледі. Себеп-салдарды іздеуге ынталандырылады.
Жүйелілік және дәйектілік қағидасы
Оқу материалы логикалық бірізділікпен (логикалық байланысқан бөлімдерге бөлу, блоктар, сызбаларды, кестелерді пайдалану) құрылған.
Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың сөздіктермен, анықтамалықтармен, энциклопедиялармен жұмысы талап етіледі.
Беріктілік қағидасы
Пәнаралық байланыс есепке алынады, тірек сызбалар қолданылады.
Ғылымилық қағидасы
Тек ғылыми терминдер қолданылады. Тапсырмаларды орындау кезінде ғылыми деректерменжұмысты ұйымдастыру,оқушылардың өзіндік зерттеулері ескеріледі.
Теорияның практикамен байланыс қағидасы
Практика – нақтылық өлшемі. Зерттелетін материалдың өмірге байланыстылығын көрсететін нақты мысалдарды келтіру. Тапсырмалардың бір бөлігі оқушылардың жеке тәжірибесіне сүйеніп жасалған сарамандық жұмыстар ұсынылады.
Халықтық қағидасы
Материалдар Қазақстан аумағында, дүниежүзілік кеңістікте қарастырылады және жергілікті қауымдастықтарға бағытталған. Тапсырмаларда оқушыларға алған білімдерін, дағдыларын аумақтың даму ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастық деңгейіне көшіру ұсынылады.
Табиғилық қағидасы
Оқулық пен тапсырманың негізгі мазмұны оқушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келтірілген.
Тәрбиелік бағытта оқыту қағидасы
Материалды оқу оқушылардың қоршаған орта туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыруға, дүниетанымының дамуына, дүниежүзілік құрылымның ғылыми түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқын анықтау балалардың саналы тәртібін, еңбексүйгіштігін, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Оқушыларға тәрбиелік бағыттағы жұмыс барысында түрлі әдістерді қолданып, оқыту
құралдары жас ерекшелігіне қарай дұрыс таңдалған, бірақ таңдау құқығы мұғалімде қалады.
Дамыта оқыту қағидасы
Оқушылар оқулық мәтінімен жұмыс істеу барысында, тапсырмаларды орындау кезінде салыстыру, жинақтау, абстрактілеу, жіктеу, жүйелеу, талдау, синтез тәсілдерін меңгереді. Ұсынылған жағдайдың шынайылығын, тезистерді дәлелдеуді, басты ойды бөліп алуды, маңызды және екінші дәрежелі белгілерді ажыратуды, нақты материалды талдау негізінде қорытынды жасауды талап ететін оқыту әдістеріне ерекше назар аударылады. Ақыл-ой дамуына шығармашылық және репродуктивті әдістерді оңтайлы үйлестіре отырып, білімді, іскерлік пен дағдыларды практикада қолдану көрсетіледі.
Оқушыларға жеке көзқарас
Қолданылған технологиялардың алуантүрлілігі, жаттығу түрлері (зерттеулер, таныстырылымдар, шығармашылық тапсырмалар), жеке және топтық жұмыс нысандары әр оқушының жеке ерекшеліктерін кеңінен ашу үшін маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет