С.Қ. Төлепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жылқайдарова география



бет4/102
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
С. . Т лепбекова А. И. Аманжолов А. М. Жыл айдарова география

Педагогикалық стратегиялар, технологиялар, оқыту әдістері мен
тәсілдері


Педагогикалық стратегия – белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсатқа сай іс-әрекеттердің жиынтығын білдіретін уақыт бойынша өтетін үдеріс.
Стратегияларды іске асыру кезеңдері:

  1. Үдеріс – «Үлгілеу» - «Нақтылау» - «Іске асыру».

  2. Байыту – білім, білік, тәжірибе, құндылықтар, т.б.

  3. Баулу – бірлескен әрекетке қосу, меңгеруге, игеруге тарту, оқу үдерісіне қатысушы болу.

  4. Бағдар – педагогикалық іс-шаралар кешені.

  5. Өзектендіру (жасау) – әдістері, тәсілдері, құралдары.

  6. Үйлестіру – қағидаттар: интеграция, мақсаттылық, сәйкестік, қосымша.

  7. Интенсификация (күшейту) – пайдаланылатын әдіс-тәсіл, құралдардың ең аз жиынтығындағы өнім нәтижесін қамтамасыз етеді.

  8. Мәселені шешу (рефлексия): қарама-қайшылық + рефлексия = педагогикалық шындықты жаңарту.

  9. Оңтайландыру – педагогикалық жағдайлардың, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, оларды жоспарланған мақсатқа жету үшін таңдау және ең аз күш-жігер жұмсай отырып тиісті нәтиже алу.

  10. Белсенді болу–іс-әрекетті жандандыру, қажеттілікті күшейту, белсенділікті ояту.

  11. Бағыттау (сүйемелдеу) – институттандырылған қызмет түрі: қысқамерзімді және ұзартылған түрлері (жоспарлау, кезең-кезеңмен жүзеге асыру, уақтылы өзін-өзі реттеу).

  12. Көмек көрсету – педагогикалық қызметтің ерекше түрі: көмек, қолдау, саналы қызмет, бірлескен қызмет.

  13. Нәтижесі – білім, рухани-шығармашылық әлеует, оқушының даму деңгейі (сапасы).



Педагогикалық технологиялар–қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында әдістер мен тәсілдердің көмегімен алдын ала жобаланған педагогикалық үдерісті жобалау, сипаттау және жүйелі түрде іске асыру.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі арқылы белгілі бір дидактикалық мақсатқа жету жолдары, тәсілдері (мысалы, ұғымды, теорияны меңгеру, ептілікті немесе дағдыны қалыптастыру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет