Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Жоба, экологиялық таза өндіріс, экологиялық бизнес, экологиялық өнім ұғымдарын біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Экологиялық мәселелерді шешуде инновацияялық технологияның рөлін бағалайды.
Кейбір оқушылар: Тұрғылықты елді мекенде «жасыл технологияны» қолдану мүмкіндіктерін анықтайды.
|
Бағалау өлшемдері
|
«Инновациялық технология» ұғымының мазмұнын ашып көрсетеді.
Экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық технологиялардың рөлін бағалайды.
Тұрғылықты елді мекенде инновациялық технологияны қолдану жолдарын ұсынады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: инновациялық технология, жасыл ақпараттық жүйелер және технологиялар
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Еңбек және шығармашылық (өзінің жұмысын ұйымдастыру, белсенділік, өз еркімен жұмыспен шұғылдану, жаңа нәтижеге қол жеткізу, адалдық дағдысы)
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология, физика, химия, математика, информатика
|
Тақырып бойынша алған білімдері
|
Таза экологиялық өндірісті жобалау
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы 10 мин
|
Сәлемдесу. Психологиялық көңіл күй орнату.
«Ассоциациялар» әдісі: инновациялық технология, жасыл ақпараттық жүйелер және технологиялар. Оқушылармен бірге ассоциацияны талқылайды және қорытынды жасалынады.
|
|
Сабақтың ортасы 25 мин
|
(ТЖ) 1-тапсырма
Оқулық көмегімен анықтау керек (өз бетімен білім алу):
Инновациялық технология дегеніміз не?
Қандай технологияларды «Жасыл ақпараттық жүйелер» деп атайды, неге?
Экологиялық мәселелерді шешуде «жасыл технологиялардың» рөлі?
ҚБ: Тапсырманы бірінші орындаған топ смайлдер алады.
|
|