3.6.1 Емдеу-қорғау режимі Емдеу-қорғау режимі – бұлберілген емдеу мекемесінде белгіленген нақты тәртіп. Осы режимнің негізінде бөлімшедегі науқасты күтудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың толық демалуы мен ұйқысының дұрыс болуы, дұрыс тамақтануы,теріс эмоцияның болмауын, физикалық күш түсудің болмау шарты қойылған [7, 30].
Аураханадағы күн тәртібі Осы белгілеудегі бастысы рациональді күн тәртібі, қолайсыз сыртқы факторларды болдырмау (қатты сөйлеу, шу, есікті қатты жабу). Науқасты тітіркендіретін барлық жағдайларды болдырмау, теріс эмоциядан қорғау, медициналық күту құралдары теріс әсер етуі мүмкін (қан тиген мақта қалдықтары, шприц, скальпель қан іздерімен, шара, лас бинттер мен мақталармен толтырылған).
Науқастар хабардар болу үшін күн тәртібі ережелерін ең жақсы көрінетін жерге іледі (кесте 3).
Емдеу–сақтандыру ережелерінің орындалуын мейірбике қадағалайды. Науқастың жазылуы ем қабылдауына ғана байланысты емес, күн тәртібін қатаң орындауына, барлық ауруханаларда қабылданған, осында науқастар туралы ережелер жазылған. Аурухананың емдеу-сақтандыру ережесін бұзса, науқас ауруханадан шығарылады, жарамсыздық парағына бұл туралы белгі қойылады.
Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:
тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;
палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;
жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті тазалау және т.б.;
аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;
ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.
Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері [7, 29].