Белсенді қалып — науқас қажеттілігіне қарай ерікті (белсенді) қозғалыстарды еркін және жеңіл орындайды, ешкімнің көмегінсіз төсекте қозғалады, жүреді. Науқастың белсенді қалпы жеңіл ауруларда немесе ауыр аурулардың бастапқы кезеңіне тән.
Пассивті қалып— науқас қозғалыссыз, әлсіздік салдарынан өзінің қалпын өз бетінше өзгерте алмайды, ерікті қозғалыстар жасай алмайды,басы мен аяқ-қолдарын ауырлық күшіне байланысты салбыратып жатады. Науқастың ес-түссіз күйінде немесе әбден әлсіреуі және науқастың арықтауы кезінде кездеседі. Науқасты дұрыс тыныс алу және қан-айналымды жақсартатын қалыпта отырғызу қажет.
Мәжбүрлі қалып — науқас жағдайын жақсарту үшін, өзіне ыңғайлы қалыпта отырады. Бұл қалыпта отыруға аурудың ерекшелігі әсер етеді. Менингитпен ауыратын науқастың төсектегі қалпы «жатқан иттің қалпы» - жамбас- сан және тізе буындары бүгілген және басы артқа қайырылып, бір жақ жанымен жатады (сурет 35).
Сурет 35
Менингит кезінде дененің мәжбүрлі күйі
Ортопноэ – мәжбүрлі отырған қалыпта көбінесе жүрек жеткіліксіздігі бар науқастар отырады: науқас төсегінде алға еңкейіп, аяғын түсіріп отырады (сурет 36).