С. В. Кожанова Жалпы иммунология


АҒЗАНЫҢ АЙРЫҚША ОРЫНДАРЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет187/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

АҒЗАНЫҢ АЙРЫҚША ОРЫНДАРЫНДАҒЫ 
ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ
Ағзада иммунологиялык ерекше орындар бары белгілі, онда туыс 
емес аллотрансплантация болғанда үйлеспеу серпілісі айкын емес 
түрінде байкалған. 
Оларға
— 
көздің алдынғы камерасы, мөлдір қабығы,
жатыр, тестикула жэне ми жатады.
Осы әр мүше кейбіреуінде 
лимфа тамыры, ал кейбіреуінде тіптен кантамыры болмауымен 
өзгешеленеді. Әдетте салынған тіннін аллоантигендері реципиенттін 
лимфоциттерін сезімталдандырмайды және салынған соң, тіпті 
НІА-антиген сәйкестігі болмағанның өзінде, бітісіп кетуі артады.
Мөлдір кабаттың айрықша орналасуы, оны трансплантациялауға 
үлкен жетістіктерге жеткізеді. Мөлдір кабықтың аллотранспланта- 
циясы 80% жағдайда оң нәтиже береді. Бұл салынған тінді салыстыр- 
малы түрде аз НБА-антиген бар және ол кантамырымен камтамасыз 
етілмеген, яғни алмастыру қантамыры жок аймакта жасалынғандыктан, 
трансплантат сезімталданған лимфоциттердің әсерінен корғанады. 
Трансплантаттың кызметі қалпына біртіндеп донор тінін реципиент 
тініне салғаннан кейін жүзеге асады.
Ми — ол да айрықша жаратылған кұрылымның бірі болып табы- 
лады, ондағы орналаскан гематоэнцефалиялык тоскауыл миға молеку- 
ланың енуіне және көптеген молекулалардың шығуына жол бермейді. 
Казіргі кезде адам миының бағаналы эмбриондык жасушаларын салу 
бірнеше Паркинсон аурумен сыркаттанған наукастарға жасалынды.
Осындай жағдайларда, иммунологиялық айрықша жерде иммун-
ды жауап қалыптаспайды, өйткені иммунологиялық айрықша мушелер
иммундық жуйеден шектелген, сондықтан оның жасушаларымен
әрекеттеспейді.


18-Тарау. Трансплантациялық иммунитеттің негіздері
375
АҒЗАЛАР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Клиникалык 
иммунологтардын 
ғылыми 
зерттеуі 
бойынша 
ағзаларды трансплантациялау көп жағдайда оң әсерін көрсеткен. 
1967 ж. бүйректі кондыруда 45% өміршеңдігі сақталған. 1990-шы 
жылдын басында бұл ағзаның өміршендігі 90%-ға жеткен. Қазіргі 
уакытта тек АҚШ-та жыл сайын 10 000-ға жуык бүйрек транспланта- 
циясы жасалады. Бауыр, жүрек, өкпе трансплантациясы да нәтижелі 
болды. Баска да мүшелердін (ұйкы безі және онын сегменттері) транс- 
плантациясы жасалған, бірак олар кен таралған жок. Казіргі кезде 
дүние жүзінде трансплатация саны демографиялык маңызды денгейге 
дейін өсті, бір жылдын ішінде 100 000 операцияға дейін жетті.
Казакстан 
Республикасында 
трансплантация 
және 
жасанды 
мүше салу бөлімшесі 1978-жылы мамыр айында Сызғанов атындағы 
эксперименттік және клиникалық хирургия ауруханасында алғашкы 
рет жұмыс жасай бастады. 1979 ж. сәуірде Казақстанда тұнғыш рет 
өліктен алынған донорлық бүйрек науқас адамға салынған, нәтижесі 
жақсы аяқтады. Содан бері қарай өліктен алынған бүйрек транс- 
плантациясы 2003-жылға дейін орындалды, содан кейін тірі туыстан 
донордын бүйрегін салуда жаксы жетістігін берді (анасынан баласы- 
на) және 7 бүйрек аллотрансплантациясы жасалады. Донорлык бүйрек 
салынған науқаста максималды өмір сүру уакыты 13 жылдан асты.
1996-жылы казан айында КР хирургия ғылыми орталығында СНГ 
бойынша Орта Азиялык аймакта алғаш рет бауыр трансплантация- 
сы жасалды. 1994-жылы үйкы безі сегменті аутотрансплантациясы 
тәжірибеге (клиникалык) енгізілді, ол үшін жаңа туған торай мен коян 
көжегенің безінен алынған аралас жасуша ксенотрансплантациясы 
жүргізілді.
2009-жылы КР-да тірі туыс донорлардан 4 бүйрек ауыстырылып са- 
лынды, ал 2010-жылы оның саны 9-ға жетті. Астанада алғаш рет жедел 
жәрдем Орталығында сүйек кемігінің аутологиялык (өз сүйек кемігінін 
бағаналы жасушалары, не шеткері каны) трансплантациясы жасалды. 
2011-жылы 8 аутологиялык және 1 аллогенді (баска адамнын бағаналы 
жасушалары) сүйек кемігінін және 11 бүйректін трансплантациясы 
колданылды.
2011-жылдың 9-желтоксанында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттык 
ғылыми хирургия орталығында Казакстанда алғаш рет тірі донордан 
бауыр трансплантациясы жасалды. Пациенттің орнывда 33 жастағы


376
III Бөлім. Адаптивті иммунитет
әйел біріншілік билиарлы цирроз диагнозымен, ал донорының орнын- 
да онын 38-жастағы апайы, одан бауырынын оң бөлігі салынған.
Бұрынғы Одактын кезінде, яғни Кенес одағында 1965-жылдан бері 
Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Бакуда және өзге де калаларда 
бүйректі салу жүйелі түрде жүргізіліп келген. Жалпы алғанда 30 000- 
нан астам операция жасалынып, ец көбі 20 жылдан аса өмір сүрген ре- 
ципиенттер бар.
Жер жүзінде XX ғасырдын соңына карай 500 000-нан аса бүйрек 
салынған, 6000-ға жакын жүрекке операция жасалып, салынды (орта- 
ша өмір сүруі 15 жылға ұзарған), ал 70 000-нан астам бауыр салынған 
(өмірі 10 жылдан аса созылған), 4000-нан аса ұйкы безінің аллотран- 
сплантациясы жасалынған (максималды өмірі 4 жылға дейін ұзарған, 
1000 аса өкпе салынған (өмірі 10 жылға дейін үзарған) және де ашішекті 
салу мен мөлдір кабыкты салу өте көп өткізілген. XXI ғасырда дүние 
жүзінде жана технологиялар дамуына байланысты трансплантациялар 
саны көбеюімен бірге, олардын тізімі де кеңейіп, дүние жүзінде транс- 
плантация саны әр жыл бойы он есе рет көбеюде.
Жақындағы он жылдыкта трансплантологиядағы прогресс негізі 
трансплантациялык иммунологиялык төзімділік шакырудын стандарт- 
тары калыптасу аркылы дамиды. Ол үшін жаңа иммунды супрессивті 
ережелер және иммунологиялык төзімділікті практикада аныктауға 
арналған инвазивсіз әдістер колданады. Осынын бәрі иммунолог- 
тар мен клиницист-трансплантологтардын жоғары технологиялык 
жүмыстары аркьшы іске косылуы тиісті.


IV Бөлім
ИММУНДЫ ПАТОЛОГИЯ 
ЖӘНЕИММУНДЫ 
ПРОФИЛАКТИКА





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет