С. В. Кожанова Жалпы иммунология


КОЛОНИЯ БЕЛСЕНДІРУШІ ФАКТОРЛАР



Pdf көрінісі
бет279/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

КОЛОНИЯ БЕЛСЕНДІРУШІ ФАКТОРЛАР 
(ГЕМОПОЭТИНДЕР)
Бүл цитокиндер колония стимулдайтын факторлар деп атауының 
себебі — олар дакылда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан кан 
жасушаларының белгілі түрінін колонияларынын өсіп-өнуін туды- 
ра алады. Сонымен катар, гемопоэтиндер иммундык жауап және ар-


562
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
найы емес қабыну кезіндегі жергілікті кабыну реакцияларында канның 
жетілген жасушаларынын сакталуы мен кызмет етуіне әсер келтіреді.
Бұл топка сүйек кемігінде 
іп 
у ііг о
миелоидтык және моноцитарлык 
тізбектердің колонияларының калыптасуын сүйемелдейтін 3 фактор 
кіреді: ГМ-КСФ (гранулоцитарлык-макрофагалдык колония сти- 
мулдайтын фактор), Г-КСФ (гранулоцитарлык КСФ) және М-КСФ 
(макрофагалдык КСФ). Сонымен катар бұл топқа тағы да ИЛ-3, 7 
және 11 жату керек еді, осымен цитокиндердің казіргі жіктелуі шартты 
екендігі айкындалады.
КСФ сүйек кемігінің және баска ағзалардын жасушаларымен (фи- 
бробласттармен, эңцотелиалды жасушаларымен), макрофагтармен, 
белсендірілген Т-лимфоциттерімен өндірілетін 
гликопротеиндер. 
Олардың синтезін бактериялык өнімдер, полиэлектролиттер, митоген- 
дер және антигендер коздыра алады.
ГМ-КСФ — алғашкы рекомбинанттык ДНК технологиясымен 
жасалған адамның гемопоэздік гормоны. Негіздейтін тегі адам 
хромосомаларының 
5-жұбында 
орналаскан. 
ГМ-КСФ 
макро- 
фагтардын пісіп-жетілуін белсенді түрде коздырады. ИЛ-3 екеуінің 
рецепторларының (3-тізбектері бірдей болғандықтан әсерлері ұксас. 
Г-КСФ сиякты, ГМ-КСФ әр түрлі цитокиндермен әсерлесіп, 
гемопоэздік жасушалардың көбеюі мен жетілуін реттейді және 
ГМ-КСФ жетілген миелоидты жасушалардың кызметтерін белсендіре 
алады, сонын ішінде, катерлі меланома жасушаларына карасты (А 375 
тізбегі) макрофагтардың цитотоксикалык әсерін күшейтеді. Сонымен 
катар, ГМ-КСФ макрофагтардын тыныстык үдерістерін ұлғайтады. 
ГМ-КСФ белгілі бір деңгейде, әсіресе ІҒІЧ-ү-мен косылып, адам 
моноциттерінің ГІ 937 тізбегінде АИТВ-1 репликациясын тежейді. 
ГМ-КСФ жетілген нейтрофилдер мен эозинофилдердің біркатар 
кызметтерін жоғарьшатады: нейтрофилдердің бактериялар мен ашыт- 
кьшарды фагоцитоздауын белсендіреді; антиденелермен байланыс- 
кан нысана-жасушаларына нейтрофилдер мен эозинофилдердін 
цитоүлағыштығы әсерлеуіне ыкпал етеді. ГМ-КСФ кабынудын 
белсенді медиаторы — лейкотриен В4 синтезіне катысты нейтро- 
филдік 5-липоксигеназаны активтейді. ГМ-КСФ культивациялан- 
ған адамның эндотелиалды жасушаларының миграциясы мен 
көбеюін коздырады. 
ГМ-КСФ рецепторлары біркатар тіндерде 
табылған: 
плацентада, 
олигодендроциттерде 
және 
кейбір 
ісік
жасушаларында 
(меланома, 
өкпенің 
жасушааралық 
карцино- 
масы және куыкасты безі). Сонымен, 
іп 
у ііг о
өткізілген зерттеулер


24-Тарау. Цитокиндердің негізгі топтары, биологиялық әсерлері...
563
нәтижесінде ГМ-КСФ макрофагтар мен нейтрофилдердің физио- 
логиялык белсенділігінде зор маңызы бар деп айта аламыз, сол себептен 
біркатар, соның ішінде макрофагішілік көбейетін микробтармен 
шакырылған індеттер кезінде, емдеу және алдын алу шарасы ретінде 
колданыла алады.
Г-КСФ — тегі адам хромосомаларының 17-жұбында орналасқан, 
классикалык гемопоэздік өсу факторларының бірі. Г-КСФ негізгі 
өндіруші 
жасушалары: 
моноцит/макрофагтар, 
фибробласттар,
тегіс салалы және эндотелиалды жасушалар. Г-КСФ синтезін 
қоздыратындар — ИЛ-1, 
ИЛ-6 және ГМ-КСФ. Ол, көбінесе, 
гранулоциттердін 
бастауыштары 
мен жетілген 
гранулоциттерге 
әсер келтіріп, эритроциттер, тромбоциттер, нейтрофилдер және 
эозинофилдердін дамуын камтамасыз етеді, митогендерге (ЛПС) жауап 
ретінде фагоциттердің белсенділігін және оттегі өнімін жоғарылатады. 
Сонымен катар, Г-КСФ хемотаксикалык белсенділікті көрсетіп, 
лейкоциттердің миграциясын шакырады; гранулоцитопоэзді коздыруда 
ИЛ-3, 6, 11-лермен бірігіп, кызмет етеді; адам эндотелиінде фибрин 
ұйыткыларын ерітетін протеолитикалық фермент — плазминнің 
плазминогеннен 
пайда 
болуына 
әсер 
келтіретін 
плазминоген 
активаторының 
белсенділігін 
жоғарьтатып, 
культивацияланған 
адам эндотелиі жасушаларының миграциясы мен пролиферациясын 
күшейтеді; куық карциномасына аутокринді өсіру фактор ретінде 
әсер келтіреді. Г-КСФ-ды енгізгенде тез арада гранулоциттердің саны 
көбейеді.
М-КСФ — тегі адам хромосомаларының 5-жұбында орналасқан. 
М-КСФ өндірілуінің индукторлары: ИЛ-3, ГМ-КСФ, ІҒКІ-ү. Оны 
фибробласттар, 
эндотелиалды жасушалар, 
моноцит/макрофагтар 
өндіреді. Негізгі биологиялык әсері моноцитопоэзді коздыруымен 
және моноцит/макрофагтарды белсендірумен байланысты. ГМ- және 
Г-КСФ-термен 
салыстырғанда, 
нейтрофилдердің 
хемотаксисінің 
кұшті тежегіші болып келеді. Сонымен, КСФ табиғи жағдайда миело/ 
моноцитопоэзді, белгілі бір сатылары мен тізбектеріне әсер етіп, 
қамтамасыз ететін факторлары болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет