С. В. Кожанова Жалпы иммунология



Pdf көрінісі
бет8/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
Жуқпа.іы емес иммунологияның қазіргі кезеңі
1980 жылдардың екінші 
жартысында, молекулалы иммунологияның каркынды калыптасу 
кезінен бастап, иммундык үдерістердін молекулалы негіздерін айкын 
зерттеулер басталғанда дамыған.
Иммунды жауап даму үшін антигендерді тану үдерісі жеткілікті 
болган жоқ. Бұл үдерісте иммунды хабарлы жасушалар бөлетін моле- 
кулалы факторлардың қызметі манызды болды. Мысалы, макрофагтар 
Т-лимфоциттерді ИЛ-1-мен белсендіреді, ал Т-лимфоциттер ИЛ-2-мен 
Т-лимфоциттерді де, В-лимфоциттерді де стимулдайды. Сонғыжылда- 
ры иммунды жүйе ағзаның басқа да жүйелеріне иммунды жауаптың им- 
мунды хабарлы жасушалары өндіретін медиаторларымен (цитокиндер) 
реттеу кызметін көрсететіні дәлелдене бастады. Эндокринді, жүйке, т.б. 
жүйелеріне, ағзанын кан түзу мүшелерінің кызметіне иммунды жүйенін 
ерігіш өнімдері (цитокиндер) негізгі реттеуші факторлары екені белгілі 
болды. Иммунды жүйенін кызметі каншалықты жұмыс істейтініне 
байланысты организмнін өмірлік деңгейінің кызметі айкындалды. 
Бұл кызмет иммунды жүйемен тығыз байланысты болмауы да мүмкін, 
бірак иммунды жүйесінің өзінде немесе одан басқа жүйелерге иммун- 
ды реттеу барысында өндірілген цитокиндер реттеуші әсер ретінде 
жайылуы мүмкін. Осыған байланысты казіргі кезде иммуноцитокинді- 
нейроэндокринді реттеу ғалымдардың көп қызығушылығын тудырып 
отыр.
Иммунитетті зерттеуде революциялык ашылу болып, 2011 ж. Но- 
бель лауреаттарының — Брюс Бойтлер (США), Ральф Штайнман 
(Канада) және Жюль Хоффман (США) жұмыстары табылған — олар 
иммунитеттің екі — туа біткен және жүре пайда болған (адаптивті) — 
әрекеттестік жүйелерінін маңызын көрсеткен.


26
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
1996 ж. ғалым Ж. Хоффман дрозофилла-шыбында саңыраукұлакка 
карсы иммунды серпіліске жауапты гендерін аныктаған. Бұл Толл-тә- 
різді рецепторларды — микроағзалардын кейбір топтарына сай моле- 
кулалы кұрылымды танитын нәруыздарды кодтаушы гендер. 1998 ж. 
Брюс Бойтлер бактериялы антигендерге карсы тұратын осындай 
гендерді тышкандарда анықтаған. Қазіргі кезде 10-нан аса Толл-тәрізді 
рецепторлар адамда аныкталған.
1973 ж. ғана Р. Штайнман дендритті жасушаларды, — кейбір па- 
тогендерге карсы бірінші корғау тізбегін және олардын екі түрлі 
иммунитетті біріктіріп, адаптивті иммунды жүйенің косылуы кажеттігін 
көрсеткен. Сол себептен дендритті жасушалар негізі сырткы ортамен 
байланысы бар тіндерде орналасады: ішектің шырышты қабатыньщ 
эпителиалды кабығында, респираторлы, аскорыту және урогениталды 
жолдарында. Кдзіргі кезде дендритті жасушалардын көп түрлері зерт- 
телген және олардың шығу тегі мен кызметтері казір де карастырылуда. 
Сол себептен, дендритті жасушалар негізіндегі вакциналар, яғни 
дендритті жасушалар аркылы белсендірілген ісікке карсы вакциналар 
дайындау, маңызды болып тұр.
Сонымен катар, соңғы 10—15 жьшда иммунды жүйе жасушаларының 
жаңа субпопуляцияларының ашылуы: ХКТ-лимфоциттер, реттегіш 
Т-лимфоциттер мен олардың субпопуляциялары; олардың кызмет 
аткарумеханизмдеріниммунологиялыктөзімділікпениммунологиялык 
зерде сияқты иммунологиялык феномендер жаксы көрсетеді. Сонымен 
бірге, едәуір нәтижелер иммунитеттің толык жұмысының және оның 
өзгеше тізбектерінің — туа біткен және жүре пайда болған реттелуін 
зерттеуде көрсетілген.
Қазіргі заманғы медициналық иммунология
Иммунология — медициналык-биологиялык ғылымдардың ең 
маңыздыларының бірі және осы гьшым колданыстағы денсаулык 
сақтау жүйесіне үлкен үлес косты. Көптеген жұқпалар түрлерін ал- 
дын алу үшін вакцина колдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін 
ескере отырып кан кұюды колдану жұкпалы және жұкпалы емес имму- 
нология жетістіктері ғана жер шарында миллиондаған адамнын өмірін 
өткен уакыт аралығында сактап калу үшін жеткілікті болар еді. Қазіргі 
уақытта иммунология — медицина мен биологияның тез дамып жаткан 
перспективті бағыты. Казіргі кездегі иммунология даму сатысынын 
негізгі ерекшелігі — оның жетістіктерін клиникалык тәжірибеге кең 
енгізу болып табьшады.


1-Тарау. Иммунология ғылым ретінде
27
Қазіргі заманғы иммунологияның негізі — иммунды генетика болып 
табылады, ол өз кұрамына иммунды патологияны, трансплантаниялык 
иммунологияны, катерлі ісік иммунологиясы мен жұкпалы иммуно- 
логияны косады. Осыны келесі ғылыми фактілер дәлелдейді: мүшелер 
алмастыру кезінде мүшенін кері кайту серпілісі — генетикалык, кері 
кайту механизмі — иммунды; катерлі ісік жасушаларының пайда болу 
себептері — катерлі, ісіктің өсуі — иммунды, генетикалык механизм- 
дер; жұкпалы микроорганизмдерге сезімталдык денгейінің себептері — 
генетикалык, ал инфекцияны жоятын және резистенттілік тудыратын 
механизмдер — иммунды үдеріс болып табылады.
Иммунологиянын ең маңызды бағыттарының ішінде бірнеше 
мәселелер жатыр — ол арнайы иммунитеттін теориялык негіздері мен 
механизмдерін ашу, иммундык үдерістердің генетикалык детерми- 
нациясы, иммундық-хабарлы жасушалардың, антиденелердің, басқа 
гуморалды факторларының және тағы баска косымша жүйелердің 
күрделі араласуына байланысты иммунитеттің реттелу, аутореттелу 
механизмдерін іздестіру.
Соңғы жылдары иммундык супрессия даму механизмдерін зерт- 
теу қызығушылық танытуда. Қазіргі кезде иммунды супрессорлык 
белсенділік индуцибелді екені аныкталған және ол қызметті 
Т-лимфоциттер субпопуляцияларымен қатар, баска да жасушалар 
атқарады. Бұл нәтижесінде қазіргі кезде табиғи иммунды супрессияның 
гуморалды және жасушалык механизмдерін және олардың әр түрлі 
аурулар патогенезіндегі рөлін аныктауда барлык зерттеушілерге көп 
мүмкіншілік береді.
Иммундық генетиканың қазіргі жетістіктері, соның ішінде моле- 
кулалы-генетикалык іріктеу аркылы НБА жүйесінің жана гендерінің 
кызметтерін зерттеуге, иммунды жауаптың калыпты және патологиялы 
жағдайларында молекулалык бакылау негіздерін анықтауға мүмкіндік 
берді. Бүгін трансплантологияда трансплантат орнына өзінің бағаналы 
жасушаларын колдану және кері кайту серпілісін реттеуші және им- 
мунды депрессиялы әсер көрсететін реттегіш Т-лимфоциттер колдану 
жолдары қарастырылуда.
Иммунологиялык тәжірибеде кең қолданыска ие болған бағыт — 
әр түрлі рецепторларға моноклонды антиденелер және цитокиндер 
негізінде дайындалатын дәрілік препараттарды алу. Сонымен катар, 
қазіргі кезде антицитокиндік белсенді препараттар да зерттеліп, дай- 
ындалып жатыр: цитокиндерге қарсы МКА, интерлейкиндерді кедер- 
гілеуші ерігіш рецепторлар, цитокиндермен алмасушы рецепторлык 
антагонисттер.


28
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
Иммунды биотехнология мен генді инженерия дамуы аркылы 
иммунды жауапты коррекциялау, сонымен катар, фенотиптік және 
генотиптік иммунитетті стимулдау мен модификациялауға кажетті 
табиғи алуан түрлі биологиялык активті заттарды (БАЗ) өндіру мен 
кұрастыруға арналған кұбылыстар пайда болды. Казіргі уакытта им- 
мунология мен иммунопатологияда актуалды сұрактарының шешілуі 
накты, адекватты иммунологиялык әдістерге (радиоизотоптык талдау, 
ИФТ, ПТР-диагностикалау, т.б.) байланысты болуда.
Сонымен катар, глобалды экологиянын иммунологиялык заңды- 
лығы мен адам экологиясын зерттеулер де ерекше орын алады. Оған 
стресс, дистресс және адам мен жануар иммунитеті, аллергиянын да- 
муы мен аныктауы, профессионалдык аллергендерден сактау жолдары 
және гипосенсибилизация сұрактары жатады.
Басты назарды ісіктер мен иммунопролиферативті аурулардын 
иммундык диагностикасы, иммундык профилактикасы және иммун- 
дык емдеуіне арналған зерттеулер алып отыр. Қазіргі кезде ісіктер 
емдеудегі кең жол — антицитокинді емге берілген. Мысалы, катерлі 
ісіктерді емдеуде анти-ИЛ-10-моноклонды антиденелерді, ИЛ-2-ге 
арналған рецепторға моноклонды антиденелерді, ИЛ-5 рецепторының 
антагонисін колданады.
Қазіргі заманғы иммунологияда иммунопрофилактиканы жетілдіру 
проблемалары манызды орын алады. Гендік инженерия мен молеку- 
лалы технология негізінде жана, рекомбинантты вакциналар дайын- 
далуда, сонымен катар ДНҚ-вакциналар, антиидиотиптік вакциналар, 
гистосәйкестік гендерінін өнімдері бар вакциналар, микрокапсулалы 
вакциналар колданылып жатыр. Болашак вакцинологиянын пробле- 
масына ісіктерге карсы вакциналарды өндіру жатады.
Қазіргі вакцинологияның манызды мәселелерінін бірі — ісіктерге 
карсы дендритті жасушаларға негізделген вакциналар даярлау бо- 
лып табылды. Осындай вакциналар даярлау барысында обырды ғана 
емес, өкпе кабынуы, тағы басқа да кауіпті ауруларды емдеуге жаңа 
мүмкіншіліктер ашылады.
Сонымен, қазіргі заманғы иммунологияда теориялык және 
практикалық жетістіктер кең орын тапкан. Иммунологияның әр 
түрлі бағыттағы ғылымға, әсіресе физика-химиялык биология мен 
биотехнологияға енуі — келешекте революциялык жетістіктерге 
жеткізетіні күмәнсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет