С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау ТУА БІТКЕН ЖӘНЕ АДАПТИВТІ



Pdf көрінісі
бет9/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық
Турғунбаева Дария 6-тапсырма, Тәжірибелік тапсырма Сұлтан Жансая, Анықталған интеграл пр, 6 дәріс. Кәсіпорын экономикасы, 12052023 zhusupbekova, УПАКОВКА ГЛС метода, 784
2-Тарау
ТУА БІТКЕН ЖӘНЕ АДАПТИВТІ 
ИММУНИТЕТТІҢ НЕГІЗГІ 
СИПАТТАМАЛАРЫ. ИММУНДЫ 
ЖАУАП ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Туа біткен және адаптивті иммунитет жүйелері, олардың ерекшеліктері. 
Туа біткен және адаптивті иммунды корғану механизмдерінің эволюциялык 
калыптасу аспектілері. Патогендерді және баска да бөгде агенттерді туа 
біткен және адаптивті иммунитеттің молекулалары және жасушалары- 
мен тану ерекшеліктері. Туа біткен және адаптивті иммунитеттін негізгі 
эффекторлык механизмдері. Иммунды жауап туралы түсінік, оның туа 
біткен және адаптивті күрамдары.
Иммундык жүйе — жүйе ретінде, бірінші кезекте, көп жасушалык 
организмді әр түрлі жұкпалы коздырғыштардан — вирустардан, бак- 
териялардан, саңыраукұлактардан, карапайымдардан және гельминт- 
терден корғау үшін пайда болған және эволюцияға ұшыраған жүйе. 
Онымен коса, иммундык жүйе баска да біркатар кызметтерді аткарады. 
Атап айтсак, иммундык корғану механизмдері әр түрлі «стресстік» 
әсер нәтижесінде апоптозға ұшыраған, өлген, меншікті және ескірген 
жасушаларын организмнен шығаруды камтамасыз етеді. Иммундык 
жүйенің ерекше қабілетінің бірі — кез келген генетикалык бөгде 
объектілерді тану, жою және олармен бірінші рет кездескеннен кейін 
иммунологиялык есте сақтауды калыптастыру. Сонымен катар
организмдегі жасушалык бөліну үдерісін бакылауды жүзеге асырады, 
катерлі ісіктерден корғайды, сондай-ак организмге түсетін басқа да әр 
түрлі жұқпалы және жұкпалы емес антигендерден, генетикалық бөгде 
трансплантаттардан, донорлык кандағы нәруыздар мен жасушалардан, 
тағам өнімдерінен, дәрілік заттардан және т.б. корғайды.
Иммундык жүйенің жұмыс үдерісі кезінде патогендерді және 
генетикалық бөгде жұкпалы емес молекулалар мен жасушаларды тани- 
тын және оларды элиминациялайтын әр түрлі көптеген молекулалар


30
I Бөлім. Иммундық жүйе. Жалпы сипаттамасы
мен жасушаларды түзеді және оларды колданады. Иммундык жүйенің 
корғаныс жауабының негізін өзара байласкан екі типтегі серпілістер 
кұрайды — тану және эффекторлы жауап.
Иммундық тану
— дегеніміз иммунды жүйенің ерекше касиеті. 
Иммундык танудын екі деңгейі ажыратылады: көптеген патогендер то- 
бына тән ірі молекулалык кұрылымдарды тану және молекулалардын 
кұрылысындағы өте әлсіз химиялык және кұрылымдык ерекшеліктерді 
тану, ол аркылы жасушалар мен молекулалардын көптеген түрін 
аныктауға және олардың арасынан «өзінікі» мен «бөгдені» ажыратуға 
мүмкіндік береді.
Әдетте, организм үшін бөгде кұрылымдарды тану үдерісі патогеннін 
немесе бөгде жұкпалы емес агенттің бейтарапталуына, бәсеңдеуіне не- 
месе элиминациясына бағытталған 
эффекторлық жауапты
тудырады.
Омырткалы организмді, сонын ішінде сүт коректілер мен адамды 
корғауды жүзеге асыратын иммундык жүйе 
туа біткен иммунитет
жүйесі
және 
адаптивті иммунитет жүйесіаеп
екі звеноға бөлінеді. Олар 
патогендермен жанасудың әр түрлі кезендерінде, яғни патогендерді та- 
нудан бастап элиминациясына дейінгі кезендерде бір-бірімен байла- 
нысады.
Туа біткен иммунитет
(ағылшын тілінен 
іппаіе іттипііу
) организм- 
ді патогендерден және организмнін закымдалған және ыдыраған 
меншікті жасушалары мен тіндерінен корғайды. Ол көп жасушалы 
организмнің эволюциясынын ерте кезендерінде калыптаскан моле- 
кулалык және жасушалык механизмдер аркылы жүзеге асады және 
ұрық катарындағы гендермен бакыланады. Аталған гендер тұкым 
куалайды және иммундык тану мен эффекторлы жауаптың жүзеге асу 
үдерістері кезінде өзгеріске ұшырамайды.
Туа біткен иммунитет тиімділігі бірініші қатардағы жоғары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет