С. В. Кожанова Жалпы иммунология


-Тарау ЦИТОКИНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫ



Pdf көрінісі
бет265/314
Дата16.10.2023
өлшемі19,87 Mb.
#185815
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   314
Байланысты:
Жалпы иммунология оқулық

24-Тарау
ЦИТОКИНДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОПТАРЫ, 
БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ 
ЖӘНЕ КЛИНИКАДА ҚОЛДАНУ 
МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Интерлейкиндер. Ісік некроздаушы факторлар. Колония белсендіруші
факторлар. Интерферондар. Өсу факторлары. Хемокиндер. Цитокиндердің
биологиялык әсерлері. К.іиникада цитокиндерді колдану (цитокиндік және
антици'токинлік терапия).
ИНТЕРЛЕЙКИНДЕР
1979 ж. Швейцарияда өткен лимфокиндер жөніндегі сарапшылар 
комитетінің Халықаралык симпозиумында сол уакытқа дейін белгілі 
болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіріліп, 
интерлейкиндердің (ИЛ) — лейкоцитарлык медиаторлардың тұжырым- 
дамасы негізделді. Сол кезде алғашкы зерттелеген екі интерлейкинге — 
ИЛ-1 және ИЛ-2 деген кезекті сандары берілді. Казіргі танда 37 интер- 
лейкин сипатталған. Олардын біріншілік кұрылымдары аныкталып, 
барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген.
ИНТЕРЛЕЙКИН-1
(адам хромосомаларының 2-жұбымен негіз- 
деледі). ИЛ — 1972 ж. төменгі концентрациядағы митогендермен 
әсерлесіп, тимоциттердің көбеюін коздыруға кабілетті фактор ретінде 
табылған.
ИЛ-1-дің тектерін клондау — біртекті белсенділігі бар екі түрлі 
нәруыз бар екенін көрсетті: ИЛ- 1а және И Л -1(3. Олардын молекулалык 
салмактары 15—17 кД, сапалык көрсеткіштері ұксас және екеуі де 
туа біткен және адаптивті иммундык жауап пен қабынудын орталык 
питокиндері болып келеді.


540
IV Бөлім. Иммунды патология және иммунды профилактика
ИЛ-1-дің негізгі өндіруиіілері
— 
моноңиттер мен макрофагтар.
Со-
нымен катар, ИЛ-1 В-лимфониттер, дендриттік жасушалар, нейтро- 
филдер, Лангерганс жасушалары, глиалдык, эндотелиалдык және 
синовиалдык жасушалар, фибробласттар, тері мен тимус эпителиі
жасушалык дакылда — Т-лимфоциттердің кейбір клондары өндіреді. 
Моноциттер мен макрофагтардың ИЛ-1-ді өндірулерінің шарты
— 
Толл-тэрізді және ЫОй-рецепторлары арқылы бактериялық және басқа
өнімдермен ынталануы болып келеді
(24.1-кесте).
24.1-кесте. ИЛ-1-дін өнімінің ынталандырушылары
Топтары
Заттектері
Жасуша кабырғасынын 
компоненттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет