Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет78/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж




Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4В ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы экономика мен мәдениет.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Сабақ 66

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

XV – XVII ғасырлардағы қазақтың тұрмысы мен дәстүрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау.



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Көшпелілердің материалдық мәдениетімен танысып біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Көшпелілердің материалдық мәдениетін талдайды.

Кейбір оқушылар:

  • көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі киіз үй екендігін сипаттайды.

Бағалау критерийі

Білім алушы

- Орта ғасырлардағы материалдық мәдениеттің даму деңгейін көрсетеді,

талдайды (талдау, қолдану)

- Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін анықтайды, саралайды

(түсіну, талдау)


Тілдік мақсаттар

Талқылау бойынша:

  • «ДЖИГСО» әдісі арқылы көшпелілердің материалдық мәдениеті туралы оқып, топпен, жұппен талқылайды. (Оқылым, тыңдалым, айтылым)

  • «Постер қорғау» (жазылым, айтылым, тыңдалым)

  • «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты суреттердің мағынасын ашады. (айтылым, тыңдалым)

Жазылым бойынша:

  1. Постер қорғау (жазылым, айтылым, тыңдалым)

Құндылықтарға баулу

  • Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,

  • қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру

  • Қазақ халқының материалдық мәдениетіне құрметпен қарау.

  • Eл тарихы мен мәдени мұраларға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері


Алдыңғы білім


«Ішкі ауқым және сыртқы ауқым» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар екі ауқым болып тұрады: ішкі және сыртқы, бір-біріне қарама-қарсы тұрады және бір-біріне сұрақтар қояды. Ішкі ауқымдағы оқушылар жылжып отырып жаңа пар түзеді, сұрақ беру жұмысы одан әрі жалғаса береді.



Оқушылардың қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі. Оқушылар: - Толықтай түсінсе, сенімді болса, жасыл түсті;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын орнату. Балалар екі топқа бөлініп, бірінің артына екіншісі тұрып сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады. Соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, қағазда жазылғанымен салыстырады. (Қағаздағы жазу – Киіз үй)

«Ой қоғау» әдісі. Мұғалім оқушылармен біріге отыра сабақтың тақырыбын анықтауға ықпал етіп, сабақта не үйренетіндерін айтады және бағалау критерийлерімен таныстырады. Топқа бөлу (түрлі-түсті асықтар арқылы)

1-топ «Тапқырлар»

2-топ «Білімділер»

3-топ «Алғырлар»






Сабақтың ортасы

30 мин


«Джигсо» әдісімен жаңа тақырыпты жеке, жұппен, шағын топта талқылайды. Электронды оқулық бойынша тыңдалым. Оқулықтағы мәтінді оқып танысады, топ арасында талқылайды

1 Тапсырма.

«Постер қорғау» әдісін пайдалану арқылы әр топқа арнайы тапсырма беріп, оқушылар өз тапсырмаларын флипчартқа түсіреді, постер арқылы қорғайды .

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топты бағалайды. Екі жұлдыз оларға жұмыстың ерекше ұнаған екі тұсы, тілек – жақсартуды қажет ететін тұсына берілген сындарлы ұсыныс.

2 тапсырма.

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты суреттердің мағынасын ашады

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі:

-Толықтай түсінсе,сенімді болса бас бармағын жоғары көтереді;

-Түсінуге жақын болса, аздап білсе,

бас бармағын ортада ұстайды;

-Егер түсінбесе, сенімсіз болса, бас бармағын төмен түсіреді.



3 тапсырма.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы көшпелілердің материалдық мәдениетін қорытындылау.

Қалыптастырушы бағалау: «Күлегештер» әдісі

Электронды оқулық


Флипчарт


Маркер, стикер












Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет