Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:7.1.А Қазақстан аумағындағыерте орта ғасыр мемлекеттері Мектеп:
Күні:
Қатысқандар: Қатыспағандар: 0
Сынып: 6 Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақ 3
|
Сабақтың тақырыбы
|
Батыс Түрік (603-704 жж) және Шығыс Түрік (682-744 жж) қағанаттарының алатын орны қандай?
|
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.1.1.2VІІ-VІІІ ғасырлардағы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының даму ерекшеліктерін түсіну, Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау, талдау.
|
Сабақтың мақсаты
(түсіну, талдау)
|
Барлық білім алушылар
|
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының құрылуын, халқын, мемлекеттік құрылымын түсінеді. (талдау)
|
Білім алушылардың басым бөлігі
|
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының саяси жағдайын талқылайды. (түсіну)
|
Кейбір білім алушылар
|
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының сыртқы саясаттары оның ішкі саясатына тәуелді болғандығын зерттейді.(талдау)
|
Бағалау критерийі
|
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының орналасуын картадан анықтайды. (түсіну)
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының шаруашылығының негізгі салаларын салыстырыңыз. (талдау)
Батыс Түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясатына тән белгілерді анықтайды. (түсіну)
|
Тілдік мақсаттар
|
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары тақырыбы бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы)
Мемлекеттердің құрылуының саяси және экономикалық себептерін талқылайды (тыңдалым дағдысы)
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанататындағы ел билеген тұлғалардың алған орнын түсіндіреді (айтылым дағдысы)
Қаған, жабғу, шад, елтебер, тархан, бұйрық, қара бұдын, тат термин сөздері арқылы «Шартты белгілер» тірек-сызбасын құрастырады (жазылым дағдысы)
|
Құндылықтарға баулу
|
Туған жердің тарихына құрметпен қарау
Қазақстанның –Мәңгілік ел, Ұлы Дала Елі болғанына мақтаныш сезімін ояту.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыс
|
География
|
Алдыңғы білім
7 минут
|
7.1.1.1. Түрік қағанаты (552-603 жж)
1-топ: «Пазл құрастыру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береотырып, сурет құрастырады:
«Ашина» терминінің мағынасы? (мейірімді, аспаннан жаратылған)
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарына дипломатиялық жолмен қол жеткізген мемлекет? (Қытай)
Түріктермен тұрақты сауда және дипломатиялық қатынаста болған ел? (Византия)
Түркілер қандай өңірлерді жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын ҰЖЖ тармағына ие болды? (Орта Азияны)
Түркілер ҮІ ғ Қытайдан күшті болуының себептерін ата. (саяси бірлік, озық қару-жарақ, көшпелі ұйым, ұтқырлық)
Түрік қағанаты қандай аймақтарды алып жатты? (Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға дейінгі жерлер)
Қытай билігі күшейген уақыт? (VІ ғ соңы-VІІ ғ басы)
Түрік қағанаты қандай елдермен байланыс жасап отырды? (Қытай, Византия, Иран)
Түріктер VІ ғ с80 жылдары қандай елдермен одақтаса отырып, эфталиттер мемлекетін талқандады? (Парсы)
Эфталит мемлекеті деп қандай өңірді атаймыз? (Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия)
2-топ: «Ер намысы-ел намысы» тақырыбына 50 сөзден тұратын эссе жазады.
3 - топ: «2-2-2» : әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының ішкі саясатына 2 дәйек, көрші елдермен дипломатиялық және сауда қарым-қатынасына 2 дәйек, тәуелсіздік жолындағы күреске 2 дәйек.
4 – топ:«Сәйкестендір»
-
Бумын
|
1-2
|
Қазақстан және Орта Азия аумағын бағындырады
|
Мұқан
|
2-3
|
мемлекет негізін салушы
|
Иштеми
|
3-1
|
Жужандарды талқандауды аяқтайды, Орталық Азияға Оңтүстік Сібірге үстемдігін нығайтады.
| |