Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет57/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж






«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі


Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут


Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

«Жария

лау» әдісі



«Салыстыру кестесі»

«Ыстық орын

дық» орындық әдісі



«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл














































































































«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.



  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?



Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды



жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3.А ХІІІ-ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан Мектеп:і
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ 42-43

Сабақтың тақырыбы

XIII – XV ғасырлардың бірінші жартысындағы мемлекттердің қоғамдық және саяси құрлымы

Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.2- ХІІІ-ХV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

6.3.1.8-Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;



Сабақтың мақсаты

Барлық оқушыларҰлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерд і айтады.

Басым оқушылар Ұлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерд і анықтады.

Кейбір оқушыларҰлы Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдайды.

Бағалау критерийі

Ұлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерд і айтады. (білу)

Ұлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерді анықтайды (түсіну)


Ұлы Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдайды (талдау)

Тілдікмақсаттар

Жаңа ұғымдар:басқақ, беклербек, жарлық, диуан, уәзір.

Бейнекөрсетілім. (оқылым, тыңдалым, айтылым)

Постермен жұмыс (жазылым)


Құндылықтарға баулу

туған жерге деген құрмет, жерді бағалауға үйрету.

Пəнаралық байланыс

География, дүниежүзі тарихы.

Тақырып бойынша
алдыңғы білім

7 мин

6.3.1.5-Отырарды қорғаудағы қала халқының ерлігін сипаттау.

«Интервью» әдісі




Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин
3 мин

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу.

1-топ. Жошы

2-топҮгедей

3-топШағатай



Шыңғыс ханның балаларының аттары жазылған жазылған қима қағаздар

Микрофон


«Интервью» әдісі

Арнайы дайындап келген сұрақтарды тілші қояды.



Сабақтың ортасы

20 мин

*Шыңғысхан жаулап алған жерлерін өзінің төрт баласына бөліп берді. Бөліп берілген жерлер ұлыс деп аталды. Қазақстан жері Шыңғысханның үш баласының қол астына қарады.

35. Шыңғысханның үлкен балссының ұлысы- Жошы ұлысы Ертістен шығыс Еуропаға дейін, Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал маңы, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі.

36. Шыңғысханның екінші баласының ұлысы- Шағатай ұлысы: оңтүстік және Оңтүсітк Шығыс Қазақстан(Жетісу), Орта Азия, Шығыс Түркістан

37.Шағатай ұлысының орталығы: Алмалық

*Шағатайдың жазғы ордасы орналасқан жер Іле бойындағы Құяш

38.Шыңғысханның үшінші баласының ұлысы- Үгедей ұлысы: Батыс Моңғолия, Алтай- Тарбағатай, Етістің жоғарғы ағысы

*Үгедей ұлысы жойылған жыл: 1251жылы.

39. Ұлы хан атағын алғаннан кейін үгедей тұрған қала: Қарақорым

40.Шыңғысханның кіші баласының ұлысы- Төле ұлысы:  Моңғолия.

41.Шыңғыхан қайтыс болды: 1227 жылы

*1259 жылы ұлы хан Мөңке қайыс болғаннан кейін, Шыңғыс тұқымдарының арасындағы талас шиеленісе бастады.

42.Моңғол империясы бірнеше дербес ұлыстарға бөлінді: 1260 жылы

*Үгедей -1227-1241жж, Мөңке -1251-1259жж – Моңғолдардың хандары

 АЛТЫН ОРДА

ХІІІ ғ.орт- ХҮ ғ. орт

Алтын Орданың құрылуы

1.1235 жылғы бүкілмоңғолдық құрылтайда қабылданған шешім: Батысқа (Еуропаға) жорық

2.Еуропаға жорықты бастаған моңғол ханы: Батый (Бату)

3.Батысқа жасалған жорықтың жылдары: 1236- 1242 жылы.

*-Батысқа жасалған жорық созылды: 7 жылға

4.1236-1242 жылдардағы жорықтар нәтижесінде Солтүстік Кавказ. Кырым бойы, орыс кнәздіктері, Шығыс Еуропа  елдері өздерінің Алтын Ордаға  тәуелділігін мойындап мәжбүрленеді:



 Салық төлеуге

5.Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекет: «Алтын Орда»

6.шығыс деректеріндегі Алтын Орданың атауы: Жошы ұлысы,

7. «Алтын Орда» атауы орыс деректерінде  пайда болды: ХҮІ ғ .аяғы

8.Алтын Орданың астанасы: Сарай Бату (Астрахань, Еділдің төменгі ағысы)

*Содан кейін: Сарай Берке (Волгоград маңы)

9. Алтын Орданың  негізін қалаған: Батый_

10.Батый ханның Алтын Орданы билеген жылдары: 1227- 1255 жж

11.Батый ханның кезіндегі Алтын Орданың аумағы Алтайдан Дунайға дейін

* «Оның ордасында саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты.Олар түрлі тауарлар алып келді. Ол (Батый) тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған»- деп Батый ханның әділдігі туралы жазған парсы тарихшысы: Жувейни

12.Орыс жылнамалары бойынша Батый хан Алтын орданың экономикалық қуатын арттыру үшін ерекше көңіл бөлген Қалалардың дамуына

 Алтын Орданың күшейюі:

13.Батый ханнан кейін Алтын Ордада билік басына келген: Берке (1255-1266жж)(Алғашқы мұсылман Алтын орданың хандардың ішінде)

14.Берке хан кезінде Алтын Орда Тәуелсіздікке қол жеткізді

15.Берке хан ислам дінін қолданды: мұсылман елдерімен қарым- қатынасты күшейті мақсатында.

16.1262 жылы Берке ханмен өзара достық қарым- қатынас орнату үшін өз елшісін жіберген:

 Египет билеушісі сұлтан Бейбарыс

17.1266 жылы Кавказ жеріне жорықта Берке хан қазақ тапқаннан кейін оның орнына  хан тағын отырған: Меңгу –Темір

*Алтын Орда Меңгу Темір хан тұсында : Өз ақшасын шығарды

18.ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда мен Египет арасындағы байланысқа кедергі болуға тырысқан мемлекет:Византия _

19.1271 жылы Меңгу –Темір Византияға қарсы жорыққа шығады. Византия императоры соғыстан бас тартып, бейьіи келісімге келеді. Бұл келісім Алтын Орданың Жерорта теңізі бойындағы қалалармен сауда қатынасын жақсартты.

20.1290-1312 жылдары Алтын Орданың саяси жағынан мемлекеттік беделінің көтерілуіне зор үлес қосқан хан: Тоқты хан (Ноғай ханның көмегімен)

*Ол Иран, Кавказ елдерімен сауда байланысын жанлдандырып, Мысыр мәмлүктерімен тығыз қарым –қатынаста болған.

21.Алтын Орданың гүлденген кезі



Өзбек хан (1312-1342 жж)

* Жәнібек (1342- 1357жж)

22.1312 жылы Алтын Ордада ислам дінін мемлкеттік дін ретінде жариялаған: Өзбек хан

23. Алтын Орда мемлекеті мұсылмандық мемлекетке айнала бастады: ХІҮ ғ.

 

Алтын Орданыңәлсіреуі.

24. Алтын Орда ішінде алауыздық күшейген кезең: 1357-1380 жж(ХІҮ ғ.екінші жартысы)

* 1357-1380 жылдар аралығы Алтын Ордадағы «ұлы дүрбелен» кезеңі.

* 1357-1380 жылдар арасында жиырмадан астам адам хан болды.

25.Куликово шайқасы болған жыл: 1380ж. 8 қыркүйек

26.Куликово даласында Дмитрий донской бастаған орыс әскерінен жеңілген Алтын Орда әскеріне басшылық еткен: Мамай

27.Әмір Темір көмегімен Тоқтамыс  Мамай ордасын басып алды: 1380ж.

28.Алтын орда тағында билігін нығайту үшін Тоқтамыс хан Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеді:1382ж.

29.Мамайдан кейін Алтын Ордадағы билікті басып алып, 1382 жылы Мәскеуге жорық жасаған Жошы ұрпағы:_ Тоқтамыс

30. ХҮғасырдың ортасында Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекеттер:



Ақ Орда, Ноғай, Қырым, Астрахан, Қазан,Сібір хандықтары

31.1502 жылы қайтыс болған Алтын Орданың соңғы билеушісі: Шейх- Ахмед.

 

Қоғамдық құрылысы:



32.Алтын Ордада атқарушы биліктің орталық органы: Диуан.

33.Алтын Ордада әскери істерге басшылық еткен: Беклербек

34. Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала:_ Азаматық істер.

*Алтын Ордада ислам діні қабылданғаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік жазуымен, дәлірек айтқанда орта ғасырдағы ұйғыр жазуымен жүргізген.

35. Алтын Ордада салық жинаумен, сонымен қатар  халық санағын өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын ұйымдастыру жұмыстарын атқарған: даруға

36. Алтын Ордада жергілікті халықты басқару қызметін атқарумен қатар, әскери бақылау жүргізген , кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысқан: Басқақтар.

37.Алтын Ордада салық жинаумен айналысқандар: Даруға мен басқақтар.

38.Азаматтық басқару билігін атқарған, түрік әулеттерінен шыққан жергілікті әкімдер: мәлік (хатшылар, білікшілер)

 

«Ой қозғау» әдісі. Шыңғыс хан туралы білеміз бе?

«Кемпірқосақ» әдісі

Оқушыларды талқылау үшін (бұл «бастапқы топ») тақырып бойынша (әр топқа бөлек тақырып) топтарға бөліп отырғызыңыз. Талқылаудан кейін оқушыларға түстер беріп, тиісінше қайтадан топқа бөледі. Жаңа топтар «бастапқы топ» қатысушыларынан тұрады. Кейін оқушылар топта не талқылағандарын айту үшін қайта оралады.

Шыңғыс хан енгізген басқару жүйесі Қазақстан өмірі үшін қандай мәнге ие.

1-топ.. саяси

2-топ. экономикалық

3-топ. мәдени



«Ой-түйін»

«Шыңғысхан құрған Ұлы Монғол мемлекеті түркі халықтарының мемлекеттік басқару жүйесін қаншалықты өзгертті?» - деген тақырыпта ой-түйін жазыңыз. __________________________________

__________________________________

__________________________________








портрет


оқулық, постер,маркер.


Сабақтың соңы

10 мин

Сабақты бекітуге арналған тапсырма: «Радиоға қоңырау шалу»

Мұғалім ( немесе оқушы) радио жүргізушісі төрт қонақты (оқушыны) және аудиторияны(қалған оқушылар) қарсы алады

Бұл қалай жұмыс істейді:

Талқылау тақырыбы радио жүргізушісімен таңдалады.Төрт қонақ рольдік карточка алып, сол карточкадағыдай рольдерін ойнауы тиіс. Құрдастар аудиториясы,сұрақтарымен «қайта қайта қоңырау шалады», белгілер жасап және т.б. жазып отырады.



Радио


Саралау – Сіз қандай
тəсілмен көбірек қолдау
көрсетпексіз? Сіз басқаларға
қарағанда қабілетті
оқушыларға қандай
тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз
оқушылардың
материалды игеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлап отырсыз?



Денсаулық жəне
қауіпсіздік техникасын
сақтау



Барлық оқушылар: «Кемпірқосақ» әдісі

Ұлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерд і білді.



Басым оқушылар: «Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы Ұлы Монғол мемлекеті құрылуына қыпшақтар мен монғолдарда орын алған өзгерістерд і анықтады.

Кейбір оқушылар: «Ой-түйін» арқылы Ұлы Монғол мемлекетінің қыпшақтар мен монғолдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдады.




Сыныптың санитарлық-гигиеналық тазалығын, техника қауіпсіздік ережесін сақтау;

АКТ-ны пайдалану ережесін қадағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет