Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы
Сабақ 56
|
6.1 Қазақ жоңғар соғыстары
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес. Жәңгір хан (1629-1652 жылдар)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін (оқу мақсаттары оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.3.2.1- Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырларды біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін талқылап ашып көрсетеді.
Кейбір оқушылар: Ролін түсіндіріп қорытындылай алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жоңғар шапқыншылығы туралы деректерді картамен көрсетеді, анықтайды.(түсіну, қолдану)
Қолбасшылардың батырлардың ерлігін айтады, талқылайды. (білу түсіну)
|
Тілдік мақсаттар
|
Негізгі сөздер: Жоңғарлар,Империя, отар, құрылтай,сепаратизм, қонтайшы
Талқылауға арналған сұрақтар:
(тыңдалым, оқылым, айтылым)
|
Құндылықтарға баулу
|
Қазақтандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
Өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау.
Достық, және айналадағыларға қамқорлық көрсету
|
Пәнаралық байланыс
|
Жоңғарлардың жаулап алған жерлерін мекендеген жерлерін картадан көрсету арқылы география пәнімен байланыс .
|
Алдыңғы білім
|
7.4.1.1 – жоңғар шапқыншылығының қазақ халқының шаруашылығына тигізген зардаптарын біледі. Ыстық орындық әдісі арқылы жүргізу.
|
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері:
|
Сабақтың жоспарланған түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы:
5 мин
|
Сабаққа ұйымдастыру мақсатында түрлі – түсті стикермен үш топқа бөлемін. Сыныпта 2 оқушы журналист болады.
Қызыл түс – Хандар
Жасыл түс - Батырлар
Сары түс - Билер
|
Түрлі түсті стикер
|
|
Әдісі: «Ой қозғау» әдісі арқылы
суреттерді байланыстыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың не істеу керектігін айтады бағыт- бағдар береді және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
I тапсырма. Кім білгір?
1.Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдай қандай болды?
2.Бұхар хандығы мен Қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?
3.Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы қайшылық неден басталды?
4.Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?
5.«Есім ханның ескі жолының» қандай тарихи маңызы болды?
6.Тақырыптың тарихи-тәрбиелік маңызын неден байқауға болады?
2. «Келісемін, келіспеймін» әдісі
1.Есім хан 1598-1628ж өмір сүрді. (жоқ билік құрған)
2.1598ж Қазақ хандығының билігін өз қолына алған Тәуекел ханның ұлы Есім хан. (жоқ інісі Есім)
3. 1613-1614ж өзін хан деп жариялаған Есім хан.( жоқ Тұрсын)
4. 17ғ Есім ханның кезінде қазақ хандығының астанасы Түркістан болды. (ия)
5.Тұрсын сұлтан өзін Түркістан қаласының ханымын деп 1612ж жариялады. (жоқ Ташкент қаласының 1613ж )
6.1603 ж бірінші қазақ – бұхар шайқасы Ташкентте болды. (Жоқ Айғыржар деген жерде)
7.ХҮІІ ғ Тұрсын ханды қолдағаны үшін Есім хан қатаған руын қатаң жазалады. (Ия)
|
Карта, суреттер
Интер белсенді тақта
|
Сабақтың ортасы:
25 мин
|
1. Тапсырма
«Ойлан- Жұптас- Бөліс»әдісі арқылымәтінмен танысып, топ ішінде талқылап, өзге топтарға түсіндіреді
Қызыл түс – Хандар
Мәтінмен танысып, топ ішінде талқылаңдар, өзге топтарға түсіндіріңдер
Жасыл түс- Батырлар
Картамен жұмыс
Жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған жорықтарын картамен белгілеп көрсетіңдер
Сары түс- Билер
Мәтіндегі 2 суретті пайдаланып Жоңғарлардың соғыс жоспарын қалай жүзеге асқаны туралы әңгіме құрастырыңдар.
|
Карта, суреттер, маркер.
|
|
2-тапсырма
Әдісі: «Желпіншек» әдісі бойынша
3 топқа бөлінген оқушылар бір- біріне сұрақ қою арқылы таратады. Соңында дұрыс жауапты белгілеп отырады. Дұрыс бұрыс жауабы шешіледі. Соңында әр топ әр оқушы қателерін табады.
|
|
|
Әдісі: «Интервью» әдісі бойынша
Журналист: 3 топқа сұрақтар дайындайды. Ақпарат алмасады.
Топтық жұмыс
Берілген тақырыпты топта талдайды.
І топқа - Жәңгір хан
ІІ топқа – Орбұлақ шайқасы
ІІІ топқа - Қазақ- жоңғар шайқасы
|
микрафон
|
Сабақтың соңы
10 мин
|
Кері байланыс: ҚҚҚ кестесі
1.Қызық болған 3 нәрсе
2. Қиын болған 3 нәрсе
3 Құнды болған 3 нәрсе
Рефлексия (кері байланыс)
«Алақан» әдісі арқылы
Бас бармақ – қызықты болған жері
Балан үйрек – ұнаған жері
Ортаңғы бөбек– маған жеткіліксіз
Шылдыр шүмек - түсінбегенім
Кішкене бөбек– тілек
|
|
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау- Сіз оқушылардың
материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Барлық оқушылар: «Ойлан- Жұптас- Бөліс» әдісі арқылы Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырларды білді.
Оқушылардың басым бөлігі: «Желпіншек» әдісі бойынша Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін талқылап ашып көрсетті.
Кейбір оқушылар: «Интервью» әдісі бойынша хандар мен батырлардың тарихтан алатын орнын түсіндірді.
|
«БББ әдісі» арқылы кестені толтырады. Сынып оқушылары өзін-өзі бағалауы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
|
Сынып санитарлық гигиеналық ережелерді сақтау.
интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану
Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Жаңа тақырыпты оқып түсіну барысында уақыттың жетіспеуі және топ басшының өз топтарын бағалауында қиындықтар туындады. Келесі жолы осы тұстарымды ескеруге тырысамын
|