Таныстырылым. Бұл кім?
Миға шабуыл. ( Сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады)
Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады. Мақсатын топтар айтады.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу.
ХVІ ғасырдың ортасында Батыр қонтайшының билікке келуіне байланысты жоңғар мемлекетінің күш-қуаты артты. Батыр қонтайшы тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында 1635, 1643,1652 жылдары үш рет қарулы шайқастар болды. Осы кезде қазақтың хан тағына 1628-1652 жылдары Есім ханның баласы Жәңгір отырды. Оның ғұмыры жоңғарларға қарсы күреспен өтті. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады.
Таққа отырмай тұрып-ақ оның ерлік істері жалпақ қазақ арасы былай тұрсын, көрші елдерге аңыз болып тарады. Жәңгір хан болған уақыт жоңғарлардың күшейген кезі еді.
Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жеріне 1643 жылы баса-көктеп кірді. Жәңгір асығыс, көп қол жинауға үлгермей, 600 жауынгермен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты.
Жоңғар әскерлері 1680 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қайта баса-көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.
Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715 (1718 ж.ж.).
Тәуке жас кезінен-ақ билікке араласқан. Хан тағына отырған соң, Қазақ хандығының асқынған ішкі феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жоюға тырысты.
Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды. Ол хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізді, Тәуке хан өзінің билігін күшейту мақсатын көздеп, билерге арқа сүйеуге, сонымен қатарсұлтандардың билігін шектеуге тырысты. Билерден құрылған «хандық кеңестің» рөлін арттырды. Ханның қарсаңындағы кеңесте билер негізгі рөл атқара бастады. Билер хандықтың ішкі өмірі мен сыртқы саяси өмірінің аса маңызды мәселелерін шешіп отырды.
«Билер кеңесі» Түркістан қаласының жанында Битөбеде, Сайрам қаласының маңында Мартөбеде және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілетін.
Хан дауы мәселелерді шешуде билер сотының беделін арттырып, оларды келісімді үкім шығаратын ерекше органға айналдырды. Сонымен бірге «Билер кеңесі» бірте-бірте жергілікті атқарушы өкіметке айналды.
«Билер кеңесінің» құрылтайын сәтті ұйымдастырып отырды. Үш жүздің басын қосып Қазақ хандығын нығайтуда «Билер кеңесінің» рөлі өте зор болды. Өзінің билігін нығайтуда Тәуке хан «би-батырлар» кеңесіне де сүйенген.
2. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
Хандық таққа Тәуке хан отырғанда, елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды. Ақсүйектер арасы да қайшылыққа толы еді. Ру-тайпаларға билік жүргізген үстем тап өкілдерінің арасында өзара ішкі талас-тартыс пен алауыздық өршіп, ұлғая түсті.
Тәуке ханның алдында қойған басты – мақсаты ыдырай бастаған хандықтағы саяси жағдайды реттеуге күш салды.
1681-1685 жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті.
1967 жылы Тәуке хан І Петрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын күшейту туралы келісім жасады. Тәуке хан жоңғарларға қарсы күреске көршілес жатқан қырғыздар мен қарақалпақтарды да тартты.
3. «Жеті жарғы».
Тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы «Жеті жарғы» еді. Ел аузында сақталған «Күлтөбенің басына күнде жиын» деген сөз осы кезден қалса керек. Міне, осы Күлтөбенің бассында күнде кеңес болған кезде «Жеті жарғы» заңдары (ережелері) жасалған. «Жеті жарғы» қазақтардың бұрыннан келе жатқан әдеттегі құқық нормалары. Жарғының негізі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. «Жеті жарғыны» жасауға Тәуке ханның ұсынысымен қазақ елінің жеті биі қатысқан. Солардың қатарында өз заманының үш данасы атанған, үш кемеңгердеп танылған қазақ халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билер заң жобаларын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне сәйкестендіре жаңартып, қайта жасаған. Қазақша «жарғы» деген сөз «әділдік» деген ұғымды білдіреді. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.
«Жеті жарғыда» мына мәселелер қарастырылды:
1. Жер дауы.
2. Үй іші мен бала тәрбиелеу.
3. Ұрлық-қарлық, барымта.
4. Бір халық пен басқа ру арасындағы дау.
5. Ұлтын жаудан қорғау.
6. Құн дауы.
7. Жесір дауы.
«Жеті жарғы» рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықтар мен үш жүздің арасындағы қайшылықтарды бәсеңдетті. Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.
1-топ. Тәуке ханның орынында болсаң «Жеті жарғыға» қандай өзгеріс енгізер едің?
2-топ.Билер болсаңдар қандай ақыл кеңес берер едің?
Постер қорғау.
Мазмұны
|
Толық
3 балл
|
Жетілдіру керек
2 балл
|
Өте аз
1 балл
|
Мақал мәтел
|
Үш мақал
3 балл
|
Екі мақалға
2 балл
|
Бір мақалға
1 балл
|
Түстер
қолдану.
|
Үш түс
3 балл
|
Екі түс
2 балл
|
Бір түс
1 балл
|
|