3)Ландшафттану ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз
Жауап:«Ландшафт» термиині немістің «die Landschaft» пейзаж, өлке, ел, провинция деген сөзінен шыққан. Бұл терминді 1805 ж. Г. Гомейер алғаш қолданған. «Ландшафттану» терминін 1884 жылы О. Опель және И. Виммер ұсынган. Бірақ ландшафттану 3. Пассарг, В. В. Докучаев, Л. С. Берг еңбектерінің нәтижесінде ғылым ретінде дамыды.
Ландшафт туралы ілім В. В. Докучаев және оның шәкірттері (Г. Н. Высоцкий, Г. Ф. Морозов, О. О. Борзов,Л. С. Берг, А. Н. Краснов, Р. И. Аболин жэне т.б.) идеяларының одан
әрі дамуы болып табылады. Орыс тілдес кеңістікте «ландшафт» терминін 1913 жылы Л. С. Берг қолданған, сонымен катар осы жылды ландшафттанудың ғылым ретінде туындауымен байланыстырады. О. О. Борзов географияның негізгі объектісі территориялық кешен деп ойласа, Г. Н. Высоцкий генетикалық бір тұтастылығымен ерекшеленетін жер бетінің жеке территорияларын бөлуді ұсынды.